место в рейтинге
  • 134984
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Sunna.kz» ақпараттық-танымдық порталы. ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директоры Айдар Әбуовтің сұхбаты

Айдар Парқұлұлы, әңгімемізді қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуалдан бастасақ. Көктемнің келуімен дін саласына қатысты конференциялар көбейді. Алматы қаласында «Дін және әйел» атты халықаралық форум, Астанада «Қазақстандағы діни сенім бостандығы» халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш конференциялар қаншалықты қажет?

Дін рухани құндылықтар мен өнегелік қағидаларының негізі. Ол адамзатпен бірге пайда болып, бірге жасасып келе жатқан жанды құбылыс. Сол себепті, дін саласында қатысты оқиғалар мен өзгерістер әрдайым орын алып тұрады. Әсіресе, қоғамның дінге көзқарасы өзгеріп, рухани қайнарларына бет бұра бастаған қазіргі кезде дінге қатысты оқиғалар көбейе түсуі орынды құбылыс, бұл уақыт талабы.

Өзіңіз атап өткен «Дін және әйел» атты халықаралық форум ҚР Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілді. 2012 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІV Съезінің секциялық отырысы осы әйелдер тақырыбына арналған еді. Өткізілген Форум Съезде көтерілген әйелдер мәселесіне арналған тақырыптың лайықты жалғасы болып табылады. Онда діндегі әйел орны, келбеті мен міндеті, бейнесі туралы мәселелер қозғалып, қазақ қыздары арасында белең алып отырған хиджап тағу секілді ұлттық дүниетанымға кереғар мәселелер қоғамның әр саласында қызмет атқарып жүрген әйелдер тарапынан талқыланды.

Сондай ақ, 19-наурызда «Қазақстандағы діни сенім бостандығы» атты халықаралық конференция өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде дінаралық келісім мен тұрақтылық сақталуда. Осы уақыт ішінде еліміз БҰҰ жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңес құрамына кірді, Дін істері агенттігі құрылып, дін саласын реттеуге арналған жаңа заң қабылданды, діни бірлестіктер мемлекеттік тіркеуден өтіп, өз мәртебелерін заң жүзінде белгіледі. Мұның бәрі Қазақстан тұрғындарының дін ұстану бостандығын қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылған қызметтер еді. Бүгінде мемлекетіміз дін ұстану бостандығын қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесімен бөлісе алатын деңгейде. Аталмыш конференция осы мақсатта өткізіліп, діни сенімді еркін таңдауды қамтамасыз ету жолдары мен оған кедергі болатын діни экстремизм, діни төзімсіздік секілді мәселелерді көтеруді көздеді.

Жақында жаңадан Мүфти сайланды. Сіздіңше, Діни басқарма жұмысы қалай жүзеге асуы тиіс? Дін мамандарының қызметін қалай бағалар едіңіз?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс VII Құрылтайы өтіп, онда жаңа мүфти сайланды. Мүфти алдында үлкен міндеттер мен жұмыстар тұрғандығы белгілі. Діни басқарма басшылығы өз жұмысын ешкімге жалтақтамай дін атын жамылған ағымдарға ашық түрде, дұрыс-бұрыс деген нақты баға беріп, ел арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, иісі мұсылман жамағатын біріктіру секілді нәзік те күрделі бағытта құрғаны жөн.

Халықтың діни сауатын арттыру мен дінаралық келісімді нығайту мәселесінде дін өкілдердің атқарар қызметі ерекше. Егер Қазақстан халықының 70 пайыздан астамы ислам дінін рухани бағдар ететіндігін ескерсек, имамдардың халық арасында және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттық-насихаттық қызметке араласу қажеттілігі туындауда.

Имамдар халыққа қазақ халқы исламның сунниттік жолын, Мәтруди ақидасын, Ханафи мазхабында екендігін құр айтып қоймай, оның тарихи таңдау болғанын түсіндірулері қажет. Өйткені, Ауғаныстан, Пәкістан секлді мемлекеттер де Ханафи мазхабын ұстанады, осы елдерден таралатын кейбір радикалды ағымдар өздерін ханафишілдерміз деп атап, жастарды өз қатарларына тарутда.

Дін мамандары қазақ халқы ұстанған Ханафи мазхабы мен Матруди ақидасының, яғни, еліміз үшін дәстүрлі исламның «қолданбалы қағидасының» үлгісін Қожа Ахмет Яссауи мұрасы арқылы көрсетулері керек.

Яссауи іліміндегі адамгершілік, халыққа адал қызмет ету, төзімділік, қарапайымдылық, сабырлылық идеялары – ұлттық дүниетанымымыздан терең орын алған ұстанымдар. Яссауи нәпсіні тізгіндеу, адалдық, тазалық арқылы адамның алдымен исламды, Хақты, өзін тануын талап етеді.

Яссауи хикметтерінде айтылатын: «Сүннет екен, кәпір де болса берме азар» деген қағида нағыз дінаралық төзімділіктің кемел қағидасы болса, «Адамды ақиқатқа жетелейтін бірден-бір жол – білім жолы» деген пікрі білім-ілім жинауға үндеу болып табылады. Қазіргі таңда жастарға дін аясында берілуі тиіс діни құндылықтар Яссауи мұрасында жатыр, біз өзімізіге лайық дүниені осы жерден жинақтауымыз керек.

Сондай-ақ, мешіттердегі уағыздарда адал еңбек, еңбекқорлықтың мұсылмандықтың бір шарты екендігі, тазалыққа баулитын, ынтымаққа шақыратын насихат сөздер көбірек айтылуы тиіс. Мұсылман адамға отбасын асырау, адал кәсіппен айналысып, отанын сүю, мемлекет заңдарын сақтау міндет деген ойлар жеткізіліуі тиіс.

Осы орайда, жан-жақты білімді имамдар дайындау мәселесі де жоқ емес. Бүгінгі күні имамға діни қағидалар мен шариғат шарттарын жақсы меңгеру аздық етеді, ол шешен, психолог әрі педагог болуымен қатар, зайырлы мамандық иесі болу тиіс. Мысал келтірер болсақ, тұрғындары аз шағын ауылдық жерлерде имам күні бойы мешітте отырмай қызмет атқарғаны жөн. Имам-ұстаз, имам-ұста, имам-фермер болса несі айып? Бұл қайта халық арасында исламдағы адал еңбекке қатынас қағидаларының жарқын үлгісі болары сөзсіз.

Жастардың діни сауатын арттыру бойынша имамдардың міндетіне тоқталдыңыз. Ал зайырлы дінтанушылар мен ҚР Дін істері агенттігінің қызметіне тоқталып өтсеңіз?

Қазіргі таңда ҚР Дін істері агенттігінен бастап, оның аймақтық департаменттеріне дейін осы бағытта, яғни халықтың діни сауаттылығын арттыру мен дінаралық келісімді нығайту жұмыстарын жүзеге асыруға көңіл бөлінуде. Осы орайда, Агенттік жоспарында Қазақстанның әр аймағында дін мен мемлекет қатынасын, дін саласын заң жүзінде реттеу, діни экстремизмнің алдын алу секілді мәселелерге арналған ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және жастардың діни, құқықтық сауатын көтеруді көздейтін кездесулер өткізу бекітіліген.

Сонымен қатар, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің он жылдығын атап өтуге арналған халықаралық деңгейдегі іс-шаралар бар. Төртінші съез секциясында талқыланған жастар мәселесін одан әрі жалғасытру мақсатында алдағы сәуір айында Атырау қаласында ҚР Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Дін және жастар» атты ауқымды форум өткізу жоспарлануда. Мұнда отандық, шет елдік белгілі дінтанушылар, қоғам қайраткерлері жастар алдында діни экстремизмнен сақтану, діни сауаттылық, діни толеранттылық мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөліседі.

Агенттіктің және оның құзырындағы ғылыми орталықтардағы дінтанушы-сарапшылар жоғарыда аталған шараларға толықтай қатысуда.

Дінтанушы ғалымдардың әлемдік деңгейде алаңдатушылықтар туындатып отырған діни лаңкестік пен экстремизмнің Қазақстандағы мүмкін көрінісін, ерекшелігін, олардың адамдарды тартудағы айла-амалдарын зерттеуде, олардың алдын-алу жұмыстарын жүргізуде, ғылыми-әдістемелік негіздеме дайындауда және аталмыш мәселемен күресуде халықаралық тәжірибелерді зерделеуде, қоғамның әр саласында діни ағарту жұмыстарын жүргізуде атқарар қызметі зор.

Сол себепті, дінтанушы-мамандар даярлайтын республикадағы жоғарғы оқу орындарының санын көбейту мен оларға бөлінетін мемлекеттік грант көлемін көтеру, мамандардың алыс-жақын шет елдерде біліктілігін көтеру бағдарламалары дайындау жұмыстарын қолға алуымыз керек.

Айдар Парқұлұлы, өзіңіз басқарып отырған Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы Елбасының Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезіндегі бастамасымен құрылғандығы белгілі. Орталық қазіргі таңда қандай қызметтер атқаруда?

Иә, Елбасы Орталық құру туралы бастама көтергенде оның басты мақсаты дінаралық келісімді нығайту мен дамыту болады деп арнайы тоқталған еді. Бүгінде Орталық сол мақсатта қызмет атқаруда. Қызметкерлеріміз Съезге қатысшы дін жетекшілерімен үнемі хат алмасып, олар ұйымдастырған конфессияаралық келісім тақырыптарындағы конференцияларға қатысып тұрады.

Үстіміздегі жылы өтетін Съездің он жылдығына арналған іс-шаралардың барлығына дерлік Орталық қызметкерлері ат салысады.

Елімізде дінаралық келісім мен татулық халықаралық дәрежеде мойындалған. Алайда, күнделікті өмірде іске асып жатқан діни қатынастарға  лайықты көңіл бөлінбеуде. Мысалға ол, пірәдар мен имамның өзара қызметтестігі болуы мүмкін. Осы орайда, Орталық дін өкілдерінің басын қосып, пікір алмасу, ой бөлісу шараларын жүйелі жүргізіп келеді. Атап өтер, болсам, жыл сайын көктем мерекесіне орай түрлі діндердің әйел өкілдерінің басын қосып кездесу өткізіледі, Орталық жанында қызмет атақаратын «БАҚ-та діни тақырыптарды жариялау бойынша Әдістемелік Кеңестің» мүше-сарапашылары ретінде діни қызметкерлер тартылады. Олар Кеңес аясында діни ұғымдар мен терминдердің дұрыс жазылуы, дін тарихы бойынша журналисттер қауымына дәріс оқиды.

Орталық дінтану мамандығы бойынша білім алатын жастармен де жұмыс жасайды. Жыл сайын 1-2 курс студенттерімен кездесулер өткізіліп, оларға елдегі діни ахуал, діни сауаттылық, дінаралық келісімді нығайту секілді тақырыптарда дәрістер оқылады.

Аталған жұмыстармен қатар, Орталық қызметкерлері діни сараптама, діни ахуалды зерттеу, әлеуметтік зерттеулер, мақалалар жариялау секілді ғылыми-талдаулық қызметтермен айналысады.

Жастардың діни сауаттылығы туралы көп айтамыз. Діни сауаттылық деген не және жастарды кімдерден қорғауымыз керек?

Иә, көпшілік арасында діни сауаттылықтың өзін діни сенімді таңу ретінде түсінетіндер жоқ емес. Діни сауаттылық дегеніміз барлық әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін білу. Ал әр діннің тарихын танып-білу мен оны жалған діндерден ажырата алу дағдысы қалыптасқан жас буын бойында діни толеранттылық сезімі мен радикалды идеяларға қарсы «ақпараттық иммунитет» қалыптасады.

Қазіргі таңда діни сауаттылық мектептерде 2009 жылдан бері оқытылып келе жатқан «Дінтану негіздері» пәні арқылы жүзеге асуда. Аталған пәнді оқыту көптеген ата-аналардың өздері дін туралы ақпараттан бейхабар болғандықтан, жастарды түрлі деструктивті жалған діни ағымдардан сақтандыру мен өзге дін өкілдеріне толеранттылық сезімін қалыптастыру мақсатында іске асырылды.

Осы тұста толеранттылық ұғымына да тоқталған жөн болар. Толеранттылық – біреудің дін ұстану, ұлттық, тілдік ерекшелігіне шыдамдылық таныту, төзімділік көрсету емес, толеранттылық – бұл ерікті түрдегі сыйластық, құрметпен қарау. Бұл ерекшелікті ажырата білу де діни сауаттылықтың белгісі болып табылады.

Жастарды қорғау мәселесіне тоқталар болсақ, жастарды жат пиғылды радикалды топтардың ықпалынан сақтауымызы керек.

Өздерін Ханафи мазхабын ұстанып, сүннет жолындамыз деп таныстыратын топтар жастарды мешіттерде, ғаламтор сайттары арқылы да торуылдауда. Діни сауаты төмен жастар санасына түрлі әдістер арқылы сына қағып, арбауда. Мұндай өкінішті оқиғалардың алдын-алу діни сауаттылық деңгейін көтеру арқылы ғана мүмкін болуда.

Қазіргі таңда Агенттік бастамасымен ғаламтордағы қаптаған радикалды сайттарға мониторинг, дінтанулық сараптама жасау арқылы заң жүзінде жабу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен арнайы оқу орындарында дінтану курсын енгізу де жастардың діни сауаттылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге және өз раухани бағдарын таңдауға оң ықпал етері сөзсіз.

Ел болып Наурыз мерекесін атап өттік. Осы мерекеге қатысты «Наурыз ислам дініне жат мейрам» деген пікірлер естіп қаламыз...

Наурыз, исламға дейін пайда болған барша түркі халқының ортақ мерекесі. Наурыз көктем мейрамы, жаңару, жандану, теңелу, достасу мейрамы. Ұлыстың Ұлы күні алыстағы туыстар бір-біріне қонаққа барады, араздасқандар татуласады, дастархан жайылып, қыстан шыққан жұрт мерейі көтеріліп мәре-сәре болады. Жас тал егіліп, арық, бұлақ көздері тазартылады.

Байқағаныңыздай, Наурыз мейрамынан ислам, жалпы кез-келген діннің қағидаларына қайшы келетін дүние жоқ. Барлық дін достықты, татулықты, тазалықты, табиғатты аялауды өсиет етеді. Ендеше, Наурыз мейрамын барлық ұлттар мен діндердің мейрамы деуге толық негіз бар.

Наурызды ешкім жоққа шығара алмайды, керісінше Ұлыстың Ұлы күнін барлық дін өкілдерін біріктіре отырып тойланатын толеранттылық, достық, бірлік мерекесіне айналдыруымыз керек.

Айдар Әбуов

ҚР Дін істері агенттігі Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, филос.ғ.д., профессор

http://www.sunna.kz/kz/conference/view?id=45

 
АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
28 марта 2013, 14:23
1057

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Маргулан Сейсембаев: Об идеальных учителях, финской модели обучения и дисциплине

Крупнейшая частная школа осознала, что внедрять финскую модель в чистом виде в Казахстане, не имеет смысла. Нельзя давать детям свободу без "идеальных" учителей.
Zhumanova
вчера / 8:18
  • 4978
  • 7
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2625
  • 41
Как и где найти дешевые авиабилеты?

Как и где найти дешевые авиабилеты?

Дешевые авиабилеты и не только. Какими сайтами воспользоваться лучше всего? Байки о том, что чем раньше вы покупаете билет, тем дешевле, не всегда верны и точны.
dianaobyrne
вчера / 9:25
  • 2161
  • 15
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 2031
  • 20
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1964
  • 36