ТЕЛЕКӨПІР

МҰРАТ НАСИМОВ March 27, 2013
389
0
0
0

Кеше «Қазақстан-Қызылорда», «Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан-Тараз» телеарналары өткізген телекөпір жұмысына қатыстым. «... мәслихат депутаттарының ғана өкілетті болуы белгілі бір дәрежеде...

Кеше «Қазақстан-Қызылорда», «Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан-Тараз» телеарналары өткізген телекөпір жұмысына қатыстым. «... мәслихат депутаттарының ғана өкілетті болуы белгілі бір дәрежеде демократияға шектеу болып табылмай ма?» деген сауалға жауабым төмендегідей болды: «Демократиялық құндылықтарға ешқандай шектеулер жоқ. Өйткені демократияның негізгі белгісі және құндылығы – ол сайлау.


Жалпы демократия ұғымында, оның түрлері жөнінде көптеген түсініктер қалыптасқан. Әлемде демократияның таралу тенденциясының жоғарылығына қарамастан, оның пәні әлі де пікірталасқа толы.


Саяси ғылымдар теориясында оның бірнеше түрлері атап көрсетіледі. Дегенмен, классикалық демократияның негізгі екі түрі бар: тікелей демократия және өкілдік демократия. Осы екі түрі өзара бірін-бірі толықтырып отырады. Біздің елімізде өкілдік демократия принциптері өз жемісін беріп келеді. Яғни, азаматтар кандидат көзқарастары, мақсаттары мен бағдарламаларына қарап депутаттарды сайлайды, оларды өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.


Бұл тұста мына мәселеге тереңірек мән берген дұрыс сияқты. Біз өкілеттік берген депутаттар дауысты кімге және қалай береді??? Мәселен мен де электоратпын, десек те жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау кезінде кімге дауыс бергенім есімде жоқ. Демек, бұл депутаттардың халықпен кері байланысының кемшілігін көрсетеді. Сондықтан бұл саяси науқан халық пен депутаттар арасындағы кері байланысты арттырады деп ойлаймын».

Оцените пост

0