• 10233
  • 1
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Түрік мемлекеттері одағын құру ақиқат па, аңыз ба?

1991 жылы КСРО  ыдырағаннан кейін тәуелсіздігін алған түрік тілдес мемлекеттерді ең алғаш болып таныған мемлекет Түркия Республикасы еді. Осыдан кейін жаңа тәуелсіз мемлекеттер мен Түркия арасындағы байланыс нығайып, халықтар арсындағы барыс-келіс артты. Бұл қарым-қатынастың тереңдеуі түрік инвестициясының көптеп құйылуына, Орталық Азиялық жастардың Түркияда білім алуына, мәдени байланыстардың артуына жағдай туғызды. Түрік халықтары арасындағы тамырластықтың тереңдеуіне Н. Назарбаев, Т. Өзал, Г. Әлиев, А. Ақаев, С. Демирел сияқты президенттер мен олардың премьер-министрлерінің сіңірген еңбегі зор. Осы кезеңде түрік тілдес халықтардың бірлігі туралы сөз қозғалды, тіпті бұл мемлекеттердің арасындағы саяси және экономикалық ықпалдастықты арттыратын одақ құру да күн тәртібіне қойылды. Сол кезеңдегі Түркия Республикасының президенті пантүркизм идеяларын жақтаушы Т. Өзалдың Байкалдан Жерорта теңізі мен Дунайға дейін созылып жатқан Ұлы Түркия құруды ұсынғаны да жасырын емес [1]. Осы бағытта жұмыстар атқарылды, мемлекет басшыларының, түрлі деңгейдегі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кездесулері ұйымдастырылып, олар болашақ одақтың алғышартын талқылауда деп күтілген болатын. Бірақ 2000 жылдарға дейін өзекті болып келген бұл тақырып соңғы жылдары маңызын жоғалта бастады. Мұның негізгі себептері:

  • Тәуелсіздік алған мемлекеттердің кейбір мәселелерде Түркиямен келісе алмауы;
  • Әр мемлекет басшысының мүдделерінің бір-біріне қайшы келуі;
  • Түркияда биліктің өзгеруімен мемлекет саясатының бағытының өзгеруі;
  • Мемлекеттер арасында туындаған шекара даулары;
  • Сыртқы күштердің әсері;
  • Географиялық алшақтық.

Жоғарыда аталған қайшылықтар түрік тілдес халықтардың өзара бірлігіне кері әсерін тигізуде.

Түрік тілдес халықтардың арасындағы алғашқы үлкен қайшылық  1990 жылдардың ортасында басталды. Өзбекстан президенті И. Каримовқа қарсы оппозиция өкілдерінің бірнешеуі өздеріне қарсы қозғалған сот процесінен қашып Түркияға барып бассауғалаған болатын. Түркияның оларды қабылдап, заңға сәйкес саяси баспана сұрағандарды кері қайтара алмаймыз деуі ресми Ташкент пен ресми Анкара арасында қарым-қатынастың бұзылуына алып келді [2]. Сонымен бірге осы жылдары Түркіменстандағы этникалық өзбектердің қысымға ұшырауы Өзбекстан мен Түркменстан арсында да дипломатиялық қайшылық тудырды. Осыдан кейін Өзбекстан түрік тілдес халықтардың форумдарының көбіне қатыспайтын болды. Өзбекстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас сол 90-шы жылдардағы деңгейде қалды. Негізі ресми Ташкенттің қандай да бір одақ түрлерне мүше болудан алыс тұруға тырысатыны да белгілі.

Екінші бір келіспеушілік Каспий теңізіндегі шекара белгілеуде шықты. Мұнай мен газға бай теңізден көбірек үлес алғысы келген мемлекеттер шекара мәселесіне келісе алмады. Бұл жерде Түркіменстан мен Иран жағы теңізді тең бөлуді ұсынса үлесі көп Қазақстан мен Ресей бұл ұсыныспен келіспеді. Нәтижеде бауырлас елдердің арасы суымаса да арадағы қатынастардың дамуына сызат түсірді. Келесі бір кикілжің Әзербайжан мен Түркіменстан арасында туындады. Каспийдегі даулы аймақтан табылған газ кенішіне таласқан қос мемлекет арасындағы келіспеушілік арағайындықпен қақтығысқа ұласпағанымен түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Осындай кикілжіңдер Ашхабадтың да түрік халықтары бірігіп ұйымдастырған жиындардан алысырақ тұруына әсер етті.

Басқа бір текетірес Каспий газын Еуропаға жеткізу төңірегінде туындады. Газ жеткізудің екі бағыты жоспарда болатын. Біріншісі Түркіменстан-Иран-Түркия арқылы өтетін «Набукко» жобасы, екіншісі Түркіменстан-Қазақстан-Ресей арқылы тасымалдау. Газ құбырының стратегиялық маңызы бар екендігін және қазынаға орасан қаржы түсіретіндігін ескерген жоғарыдағы мемлекеттер арасында тартыс туындады. Баррикаданың екі жағында қалған Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің басшылары құбырды өз территориясынан өткізуге күш салды. Бұл мемлекеттер арасында саяси салқындықтың туындауына себеп болды.

Түркияның Армения шекарасын ашуға тырысуы да Әзербайжанмен арада дипломатиялық және саяси текетірестің шығуына әсер етті. Сондай-ақ Әзербайжанның бұрынғы президенті Г. Әлиевтің елде төңкеріске ұмтылған әскери күштерді Түркия жағы қолдады деп айыптағаны да есімізде [3].

Қырғызстандағы ішкі тұрақсыздықтардан кейін Қазақстанның шекараны жауып тастауы, бұған жауап ретінде Қырғызстанның Қазақстанға келетін суларды бекітуі де арадағы байланысқа әсер етті. Егер тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі Орталық Азияның бес елінің қарым-қатынастар тарихындағы кикілжіңді тұстарға қарайтын болсақ, онда бұл кикілжіңдердің көпшілігі су мәселесінде туындағанын аңғарамыз. Бұл проблеманың әсіресе 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында өткір болғандығы соншалықты қақтығыс шығу ықтималы да қылтиып қалған болатын. Жалпы Орталық Азия елдерінде жылда туындайтын су мәселесі, бұл елдерде су туралы ортақ келісімнің болмауы аймақта белгілі бір деңгейде қайшылықтың барының көрінісі саналады.

Сондай-ақ КСРО ыдырағаннан кейінгі жылдары Түркиялық кейбір сарапшылардың, саясаткерлердің өз елін үстемірек көруі немесе  Анадолыны түрік халықтарының көшбасшысы санауы да арадағы ынтымақтастықтың тереңдеуіне кедергі жасады. Бұл туралы Қазақстан президенті Н. Назарбаевтың «бізге бір үлкен ағаның орнына екінші үлкен аға керек емес» деп кесіп айтуы да көп нәрсені аңғартса керек [4]. Өздері кеше ғана бодандықтың қамытынан құтылған, жоғарыдан айтылған нұсқаулармен жүріп-тұрған елдер, тәулсіздігін алған ендігі жерде басқа бір мемлекеттің айдауымен жүрмейтіні анық еді.

КСРО құрамында болып келген түрік елдері тәуелсіздігін жариялағаннан кейін батыстық сарапшылар Түркияның саяси-экономикалық құрылымын осы елдерге үлгі ретінде ұсынды. Дәл осы Түркиялық модельді қабылдау керектігін түрік саясаткерлері де тілге тиек ететін. Әрине жоғарыда айтқанымыздай өзінің моделін таңатын амбиция басқа түрік елдерінің қытығына тиді. Осы бір кезеңде, анығырақ айтсақ 2002 жылы Түркиядағы парламент сайлауының нәтижесінде билікке келген АК партия (Әділет және Даму) түрікшілдіккке қарағанда исламшылдыққа көбірек бет бұрды. Түрік мемлекеттерімен арадағы қарым-қатынастарды жандандыру мәселесі кейінгі орынға ысырылып бірінші орынға «бұрынғы Осман империясының құрамында болған елдермен байланысты жандандыру» тұжырымы шықты [5]. Тәуелсіздігін жаңа алған түрік тілдес елдерге Түркиялық модельді жая алмаған бауырларымыз, ендігі жерде араб елдеріне осы модельді экспорттауды көздеуде. Барлық сыртқы саясатын осы мәселемен байланыстыра жүргізуде. Кейбір түрік ғалымдары бұл тұжырымның да соңы сәтсіз аяқталуы мүмкін деп дабыл қағуда [6], алайда ресми Анкара әзірге бағытынан тайған жоқ.

Анадолыдағы түріктер бетін араб әлеміне бұрса, Орталық Азияның солтүстігіндегі Қазақстанның саясаткерлері Ресеймен ынтымақтастықты жандандыруға тырысып жатыр. Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары сыртқы саясатта көпвекторлық бағыт ұстап Ресейден біршама ұзақ тұруға тырысқан Қазақстан соңғы жылдары аймақтағы өзгеріп жатқан геосаяси өзгерістерді ескеріп Ресеймен қарым-қатынасқа көбірек мән беруде. Алдымен Ресей мен Белоруссиямен бірігіп Кедендік одаққа, артынан Біртұтас экономикалық одаққа бірігуді көздеуде. Яғни қазіргі таңда Қазақстанның сыртқы саясатындағы интеграцияда түрік тілдес мемлекеттер емес Ресей алдыңғы орынға шықты. Осыған қарап-ақ тәуелсіз түрік халықтарының ең батысы мен ең шығысында жатқан қос мемлекет бір-біріне «теріс қарап тұр» деп айтуға болатын шығар...

Соңғы жылдары тұрақсыздықты басынан өткерген Қырғызстан да Қазақстанның ізімен Ресеймен байланысты қайта тереңдетуде жоспарлауда. Жаңа сайланған қырғыз билігі өздерінің экономикалық мақсаттарының бірі Біртұтас экономикалық одаққа кіру екенін жариялады [7]. Бұл мәселе алдағы уақытта қалай дамитынын уақыт көрсетер, дегенмен нақты геосаяси жағдай Бішкекті де Ресеймен жақындасуға итермелеуде. Ал Өзбекстан мен Түркіменстан билігі әлі де оқшаулық танытып келеді. Әзербайжан болса Түркиямен арасы біршама жақын болғанымен басқа түрік елдерімен байланысы айтарлықтай терең емес. Мүмкін Әзербайжанның географиялық орналасуы кедергі келтіріп тұрған болар.

Жалпы географиялық жағдай түрік халықтарынң алдында тұрған ең үлкен кедергілердің бірі. Егер әлемнің саяси картасына қарасақ Түркия мен Әзербайжанды Орталық Азиядағы бауырларынан Иран мен Каспий теңізінің бөліп жатқанын көреміз. 1990 жылдары Түрік  халықтарының экономикалық одағын құруға (тіпті бұл одақ сөз жүзінде құрылды да) да осы географиялық алшақтық кедергі жасады. Иранның Каспий жағалауында әзербайжандар мен басқа да түрік халықтары тұрады (ресми емес мәліметтер бойынша Иранда 20-30 миллион көлемінде түрік халқы бар), алайда мемлекет парсылардың идеологиясына негізделгендіктен, бұл ел түрік халықтарының одағына қарсы, реті келсе одан аулақ тұруға тырысады.

Түрік халықтары одағының құрылуына басқа сырт мемлекеттер де оң қабақ танытады деп айта алмаймыз. Әрине аймақтық держава боларлық қуатқа ие жаңа бір күштің пайда болғанын статус квоны сақтауды қалаушы супердержавалардың қаламайтыны анық. Мүдделері бір арнадан шығатын, ислам халықтары болғандықтан араб әлеміне де сөзі өтетін, сөйтіп Таяу Шығыста өзімен санасуға мәжбүр ететін одақтың  АҚШ үшін теріс келері сөзсіз. Қайта бір-бірімен басы қосылмайтын, арасында саяси-экономикалық бәсекелестік пен мүдде қақтығысы бар елдер өз саясатын жүргізуге тиімді. Құрамында татар, саха, башқұрт сияқты ірі халықтар бастаған 30-ға жуық түрік тілдес халық тұратын Ресейдің де бұл одақты қолдамайтыны ашық нәрсе. Сондықтан Ресей үшін кеше ғана қолтығының астынан шыққан тәуелсіз түрік халықтарының Анкараға емес Москваға қарай іштартқаны пайдалы. Мұндай жағдайда құрамындағы түріктер де тыныш жатады, ал жаһандық державалық амбициясы КСРО ыдыраған соң әлсіреген Кремльдің күші ең болмаса аймақтық көршілеріне жүретін болады.  Дәл Ресейдегідей жағдай мыңжылдан бері түріктердің шығыс көршісі болып келе жатқан аспан асты елінде де бар. Шығыс Түркістан - Қытайдың жарылуы мүмкін жарасы... Мұндағы ұйғырларға Анкара үнемі «сөз жәрдемін» беріп келеді. Егер түрік халықтары  одақтасып кетсе онда олардың басқа да жәрдем беру ықтималдылығынан қорқады Пекин... Шығыстағы аждаһаның да түрік одағына қарсы болу себебі осы мәселеде жатыр.

 

Жоғарыдағыдай кедергілерге байланысты бұрын жиі ауызға алынатын Түрік одағын құру мәселесі соңғы бірнеше жылда бәсеңсіп қалды. Бұл одақтың құрылуы сыртқы және ішкі факторларға байланысты әл әзір мүмкін емес деп болжам жасауға болады және оған негіз де бар.  Өйткені түрік тілдес мемлекеттердің билігіңнің қазіргі беталысы мен саясатына  үңілсек ешқайсысының ойында Түрік одағын құру жоспарының жоқ екенін көреміз, өйткені реалистік жағдайдың оған мүмкіндік бермейтіні барлығына айдын анық. Әрине бүртұтас түрік мемлекетін құру немесе түрік тілдес халықтардың одағын құру мәселесі 1990 жылдардың басындағы өткір болып тұрған кезде ішкі және сыртқы факторлардың әсері мен бұл мемлекеттердегі шынайы жағдай ескерілмей, тек жалаңсөзге сүйенген тұжырым болатын. Осы тұжырымға сенетін көптеген адамдар бұл кезеңде осы жолда еңбек етіп тер төкті. Төгілген тер текке кетпей халықтардың арасында да жақындық сезімін қайта оятуға, жаңғыртуға себепші болды. Тіпті «бір халықпыз бөлек мемлекетпіз» ұраны кең жайылды (әсіресе Әзербайжан мен Түркия арасында). Алайда жоғарыда атап өткеніміздей 2000 жылдардан бастап бұл одаққа сенетіндердің саны азайып, оның болашағына күмәнмен қарайтындардың қатары артты. Өйткені «үйдегі бағаны базардағы нарық бұзыпты» деген ескі қағиданы ұмытып, тәуелсіздіктен кейін теория жүзінде оп-оңай одақ құруды ойлағандар, іс-жүзінде бұл шаруаның қиындығын ескермегенді. Одақ құру жалаң сөздермен емес нақты істермен әрекет еткенде ғана мүмкін болатынын, ол үшін халық арасында оның идеологиялық негізі қалану керектігін бүгінде сол адамдардың көпшілігі мойындап үлгерді.

Қорыта келе түрік одағын құруға халықтың да  саясаткерлердің де дайын еместігін өткен жиырма жыл көрсетіп берді. Ендігі жерде ғалымдардың барлығы байланыстарды жалаң сөздерге негіздеп емес, атқарылатын істерге қарап өлшеу керектігін айтуда. Олай болса романтикалық немесе сағыныш кезеңі деп бағаланған жиырма жылды артқа тастадық. Бұдан кейінгі қатынастарды экономикалық, ғылыми негізде қалыптастыру қажеттілігі, ғалымдар, зиялылар арасындағы байланысты тереңдетуге күш салуға мән беру керектігі мінберлерден айтылуда. Айтылған ұсыныстың дұрыс екендігі һақ, тек бұл мәселе де сөз жүзінде қалмаса...

 

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ

 
  1. Назарбаев, Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы: 1996.190 б.
  2. «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» түркітанушыларда қонақта. // Қазақстан-Zaman. 30 қараша 2009
  3. Çiller, darbecilerle irtibat halindeydi (Чиллер - төңкерісшілермен байланыса еді). // Хурриет. 27 ақпан 1998. http://hurarsiv.hurriyet.com.tr/goster/ShowNew.aspx?id=-7897
  4. Назарбаев, Н. Аталған еңбегі. 190 б.
  5. Stratejik Araştırmalar Enstitüsü. Türk Diş Politikasinda Eksen Kaymasi (Стратегиялық зерттеулер институты. Түркияның сырты саясатындағы бетбұрыс)  10-02-2010
  6. Mehmet Seyfettin Erol. Dış politikada ABD gazı... (Сыртқы саясаттағы АҚШ-тың көпшігі...). // Milli gazete. 23 сәуір 2012.  http://www.milligazete.com.tr/makale/dis-politikada-abd-gazi-236776.htm
  7. Киргизия хочет вступить в ЕЭП http://www.rosbalt.ru/exussr/2012/02/25/950049.html
 
26 марта 2013, 18:36
1237

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 14018
  • 30
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 12343
  • 18
Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 11022
  • 102
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
26 мая 2017 / 13:45
  • 8628
  • 34
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 4107
  • 9
Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

Начинаю понимать, почему большинство разводов приходится на время беременности

У него нет растяжек на теле, его не тошнит и не рвет, у него не расходятся кости таза, нет тяжести при ходьбе, его по органам никто изнутри не пинает. Как тяжело выдержать 9 месяцев мужику, бедные...
idol_true
26 мая 2017 / 16:52
  • 3602
  • 95
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 3410
  • 85
«114» на связи: актуальные вопросы о Рамадане

«114» на связи: актуальные вопросы о Рамадане

Можно ли держать Оразу только три дня? Необходимо ли удалиться из социальных сетей во время поста? - на эти и другие вопросы отвечает исламовед Шерзод Пулатов.
lyalusha
27 мая 2017 / 8:30
  • 3238
  • 4
Я могла простить Америке ее неидеальность, но никак не фальшь

Я могла простить Америке ее неидеальность, но никак не фальшь

Прошло 8 лет, с тех пор как я живу в этой стране, но всего лишь год, как я увидела ее во всей красе. Моя жизнь тоже стала похожей на эту страну, с виду идеальная, успешная, но внутри пустая.
stervastyle
26 мая 2017 / 6:38