Қорғаныс министрі НАТО өкілдерін қабылдады

МО РК 2013 M03 26
313
0
0
0

Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков НАТО Бас хатшысының Кавказ бен Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатура мен Орталық Азиямен өзара іс-қимыл жөніндегі НАТО-ның...

Бүгін Астанада Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков НАТО Бас хатшысының Кавказ бен Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатура мен Орталық Азиямен өзара іс-қимыл жөніндегі НАТО-ның жаңа офицері Александр Винниковті қабылдады.

– Қорғаныс министрлігі аймақтағы өзара іс-қимыл жөніндегі офицердің жаңаруын қолдайды. Бұл біздің Альянспен ынтымақтастығымызды тиімді үйлестіруге мүмкіндік жасайтындығына сенемін,-деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков. – НАТО мен ынтымақтастықта Қазақстан үшін өзара байланыста басымдылық бітімгерлік бөлімшелерді жедел сыйысымдылықты қамтамасыз ету мақсатында оқытып-үйретуге негізделген. Практикалық тұрғыда ұлттық бітімгерлік әлеуеттің дамуына, біріккен жаттығударға қатысып оны жоспарлауда тәжірибе алмасуға, бейбітшілікті қолдау операцияларын жүргізуді жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған,-деді  Қорғаныс министрі.
Қазақстан НАТО-ның аймақтағы ең белсенді серіктесі болып табылады. Солтүстік атлантикалық Альянс Қазақстан Қарулы Күштерінің дайындық деңгейін жоғары бағалайды. Біз екіжақты әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз, әрі өз тарапымыздан мейілінше  қолдау көрсетуге әзірміз,- деді кездесу кезінде Джеймс Аппатура.
Жыл сайын Қазақстан аумағында қазақстандық әскери қызметшілердің және шетелдік мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны» бітімгерлік жаттығуы өткізіліп келеді. 2012 жылдың қыркүйегінде бірінші рет «Бейбітшілік үшін серіктестік» рухында Қазақстан Қарулы Күштерінің, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжікстан бөлімшелерінің, сондай-ақ Германия, Италия, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Франция, Украина және Швейцария өкілдері қатысқан жаттығу өткізілді.
- Біз, НАТО елдері мен оның серіктестері бөлімшелерінің жаттығуларға қатысуының кеңеюіне мүдделіміз және бұл мәселеде НАТО қолдау көрсетеді деп есептейміз,-деді  Қорғаныс министрі.
Қазақстандық әскери қызметшілерді НАТО әдістемелері мен стандарты бойынша оқытып үйрету үшін Құрлық әскерлерінің Әскери институтында (КАЗЦЕНТ) «Бейбітшілік үшін серіктестік» Оқу орталығы құрылды. КАЗЦЕНТ базасында Қазақстан әскери қызметшілерінің және НАТО елдері мен оның серіктестерінің қатысуымен «Көпұлтты операциялардағы ағылшын тілінің әскери терминологиясы» және «НАТО-ның штабтық рәсімі» атты 30-дан астам курс пен семинарлар өткізілді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0