Баян-Өлгейдегі қандастарымыз Наурыз мерекесін тойлады (ФОТО)

nazgulnaz March 25, 2013
652
0
1
0

Моңғолия. 25 наурыз. Baq.kz – Ұлыстың ұлы күні –  Наурыз мейрамын Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қандастарымыз да тойланды. Әз Наурыз диаспора өкілдері жиі қоныстанған аймақта биыл тұңғыш...

Моңғолия. 25 наурыз. Baq.kz – Ұлыстың ұлы күні –  Наурыз мейрамын Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қандастарымыз да тойланды. Әз Наурыз диаспора өкілдері жиі қоныстанған аймақта биыл тұңғыш рет кең көлемді тойланып отыр.

 

Баян-Өлгейде Наурызға арналған мерекелік шара аймақтық «Орталық» алаңда ұйымдастырылды. Наурыз мерекесіне орай Моңғол елінің министрі Ч.Сайханбилэг және Жол-тасымал тете министрі Ержан Қабышайұлы Баян-Өлгейліктерді құттықтап, мерекелік іс-шараға қатысты. 
Дүбірлі той кең көлемді шерумен басталды. Қазақ көшін бейнелейтін ұлттық шеруге қатысқан аймақ тұрғындары қыран ұстап, атқа қонса немерелерін жетектеген ақ сақалды аталар мен ақ самайлы әжелер шерудің шырайын тіпті де аша түсті. Жастар жағы халық биі «Қаражорғаны» мың бұрала билесе, теңге ілу, қыз қуу және тағы басқа ат спорты түрлерінен өткен сайыс ұлық мерекенің мәртебесін одан сайын асқақтатты. 
Айта кетейік, бұл күнде Моңғол елінде 140 мыңға жуық қандасымыз өмір сүруде. Соның көпшілігі Баян-Өлгей аймағына қоныстанған. Ұғысуға қарағанда, биылғы жылы Наурыздың думанды тойлануы үкіметті басқарып отырған партияның ауысуымен де байланысты көрінеді.

 

Майгүл СҰЛТАН

Суреттер Кaznews.mn сайтынан алынды.

 

Оцените пост

1