место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мәзхаб және мемлекет

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! 

Мемлекет пен дін ажыратылғанмен мемлекет қашанда дінге деген мұқтаждықтан құтыла алмайды. Өйткені, мемлекет уақытша тәннің қажеттіліктерін басшылыққа алып, дүниелік істермен ғана шұғылданса, дін мәңгілік рухтың қажеттіліктерін басшылыққа алып, ақирет пен дүниенің істерін де бірдей назарда ұстайды. Сол себепті де діни құндылықтардан ажырап қалған мемлекет дұрыс бағыт-бағдардан жаңылып, рухани дағдарысқа ұшырап, тұйыққа тірелетін болады.

Діннің толыққанды, қуатты мемлекет құрудағы маңызын түсінбеуден қоғамымызда дінге қатысты дұрыс көзқарас қалыптаспауда. Соның ішінде Ислам дініне қатысты белгілі бір сақтық, тіпті белгілі бір шамада үрей де орын алып, соның салдарынан хақ дініміз ақпарат көздері мен басылым беттерінен тиісінше насихатталмауда. Мұнан зардап шегіп, зиянда қалып жатқан ең әуелі өзіміздің төл мәзхабымыз болып табылады. Өйткені, келімсек мұсылман топтары ондай насихатқа мұқтаж емес. Олардың өз насихаттары мен таратылу жолдары бар. Олар мемлекетке алақан жайып, тәуелді болып отырған жоқ. Олар қаражатты шет елдерден алады, және ол қаражат өз қажеттіліктерінен артылып кетпесе кемімейді. Мұндай жағдайда мәзхаб тарапынан жүргізілетін діни насихат кенже қалып, мәзхабымыз еңсе тіктей алмай жатса, бұл ондай топтар үшін өте пайдалы болатыны сөзсіз.

Ал, өзге діндер жайында айтудың да қажеті жоқ. Ондай діндер мен секталар үшін елімізде Ислам дінінің мүлде жойылып кеткені жақсы. Олардың көпшілігі елімізге осы мақсатпен де келіп, оны жүзеге асыру үшін барларын салуда. Олар да мемлекеттен қаражат сұрап жатқан жоқ. Оларда да бұл жағынан бәрі ойдағыдай шешілген. Олар үшін тек мемлекет тарапынан ешқандай кедергінің болмағаны ғана қажет. Және бұл жағынан да оларда ешқандай қиындық жоқ. Тек ши шығармай өз ісіңді атқара бер.

Былай қарағанда елімізде діндердің дамуына тең мүмкіндік берілген тәрізді көрінуі мүмкін. Бәрі де заң алдында бірдей, ешқайсысының да мемлекет тарапынан артықшылықтары жоқ. Мұндай жағдайда есеңді жіберіп алсаң өзіңнен көр деуге болады. Бірақ, шет елдерден келіп жатқан топтардың қай –қайсысын алсаң да олардың арттарында тірек болып тұрған мықты да бай қолдаушылары бар. Ал, ел мүддесі үшін тырысып жүрген мәзхабтың ондай арқа сүйері жоқ. Қысқаша айтқанда бәрінің де «әкесі» бар да, тек еліміздегі төл мәзхабымыз ғана «жетім баланың» кебін киюде. Сондықтан да ол «иттің иесі болса, бөрінің тәңірі бар» дегендей Алладан ғана үміт күтуде. Бұл жерде тең мүмкіндік жөнінде айту орынсыз.

Жалпы, қазақ өзгенің көңіліне қарап, әркімнің ығына жығылумен жүргенде өз қамын ойлай алмай пайдасынан қағылып жатады. Бірақ, дін мәселесінде есені жіберу тек пайдадан ғана қағылу емес, бұл арылмас бейнетке басыңды шырмау болып табылады. Діни ахуал осы бетімен кете берсе белгілі бір уақыт өткен соң әр дін, әр топ халықты ту-талақай етіп бөліп алатын болады. Мұндай жағдайда бұрын да басы бірікпей келген ала қазақтар енді әркімнің жетегінде жүрген шала қазақтарға айналып ұлт ретінде құрып бітуге бет бұрады.

Ұлт ретінде құрып бітумен ғана іс біте қойса жақсы, әбден жайғасып алған соң көптеген топтар билікке таласа бастайды. Өйткені, олардың арттарында тұрған күштер ел байлығына қол созып, өз тобын осы мақсат үшін пайдаланып, оны билікке отырғызуға тырысады. Және олардың ешқайсысы да оңайлықпен майлы шөміштен қағылғысы келмейді. Сондықтан да түрлі топтарға бөлініп өзара қырылысатын жергілікті «аборигендер» бірін-бірі қырып тастаса да олардың қатты қайғыра қоймасы анық.

Екі дінге бөлінген талай ұлттардың «бастары бір қазанға симай» жатқанда жүз дінге бөлінген жағдайда қазақтардың басының «он қазанға» да сиюы неғайбіл екенін де ескерген жөн. Жалпы, қай жағынан алып қарасаң да жүз дінге ие болу қазаққа «демократияшыл ұлтпыз» деген құр мақтаннан басқа түк те жақсылық әкелмейді.

Шын мәнінде ешқандай мемлекет өз азаматтарының түрлі сенімді ұстанатын сансыз топтарға бөлініп, қырық құрау болуына мүдделі емес. Бірақ, көптеген елдер сенім бостандығы деген демократия құндылығын ұстанамыз деп кім көрінгенге есіктерін ашып қойып, енді өздері осы бір қателіктерінің құрбандарына айналуда. Мысалға, мемлекетті мойындамайтын, мемлекеттік, қоғамдық істерден қол үзіп, елді қорғаудан да бас тартатын, адамгершілік құндылықтарды бұрмалап, халықты бұзумен ғана айналысатын түрлі секталарға қандай мемлекет мұқтаж. Бірақ, қоғамдары іштей іріп, халқы бірліктен айрылып жатса да ондай мемлекеттер өздері насихаттайтын басты құндылықтарынан бас тарта алмауда. Олар шын мәнінде «өз қолдарын өздері кесе алмауда».

Діндегі ала-құлалық ешбір мемлекетке де тиімді емес. Сол себепті де мемлекет діни топтарды көбейту емес, оларды азайту бағытында жүйелі түрде жұмыс жасауы қажет. Халықтың санасын улап, бірлігін бұзып, іштей ірітетін жүз топтан көрі, рухани тазалықты, биік мақсат-мұратты ұстанып, халықты ұйыстыратын өміршең екі-үш дін артық екені еш күмәнсіз.

Өміршең дін қашанда халықтың, ұлттың өміршеңдігін қамтамассыз етеді. Сондықтан да өзінің болашағын қамтамассыз еткісі келетін ұлттық мемлекет үшін толыққанды, өміршең бір дінге басымдық беріп, өз бағыт- бағдарын сол дін арқылы түзеп, сол дін арқылы ұлт азаматтарының бірлігіне қол жеткізу тиімді. Біздің жағдайымызда мұндай діннің қызметін Ислам діні атқарса, Ислам ішінде де түрлі топтар көбейіп жатқан қазіргі кезеңде неше ғасырдан бері ұлттық ділімізге сіңісті болып кеткен Ханафи мәзхабына ешқандай да балама жоқ.

Ханафи мәзхабы қазіргі кезеңде мемлекетіміздің ең басты одақтасы болып табылады. Өйткені, мемлекет халықтың, соның ішінде де ұлтымыздың мүддесін басшылыққа алып, өз саясатын осы тұрғыдан анықтаса, мәзхабтың да мақсаты осы бағытта мемлекет мүддесімен толық ұштасады. Әрине, мәзхаб ең әуелі діннің мүддесін, Ислам құндылықтарын басшылыққа алады. Және оған осы негізде мемлекеттің де, ұлттың да мүдделерін ескеріп, осы бағытта неғұрлым тиімді шешім табу қажет болады. Осы тұрғыдан алғанда мәзхаб басшылығының мойнына алған жүгі де ауыр, жауапкершілігі де үлкен.

Өзінің осы бір қиын міндетін атқару барысында мазхаб басшылығы мемлекеттің жәрдеміне өте мұқтаж. Өйткені, оның қолда бар мүмкіндіктері, оның атқаруға тиісті міндеттеріне толық сай емес. Осындай жағдайда мемлекет те оған өз тарапынан белгілі бір тапсырмалар жүктеп, діни ахуалға байланысты туындап жатқан қиындықтарды шешкенін қалайды. Бірақ, шындығына келгенде, барынша қолдау көрсетіп жатпаған жағдайда мемлекеттің мазхабтан көп нәрсе талап етуі орынсыз болып табылады. «Аласы қолым бересі» дегендей кім де болса алғанына қарай беруге тырысады. Сол себепті де мемлекеттің «асатпай жатып құлдық дегізуге» тырысуы әділдік емес.

Мемлекет дін мәселелерінде өзіне мазхабтан артық сенімді одақтас таба алмайды. Өйткені, мазхабтан басқа топтардың түгелдей дерлігі келімсектер болып табылады. Және олардың негізгі орталықтары шетелдерде орналасқан. Сондықтан да олардың арттарында өз мүдделерін көздеген белгілі бір күштердің тұрғанын жоққа шығаруға болмайды. Олай болса келімсек топтардың мемлекеттің мүддесін қорғап, ел үшін, ұлт үшін қызмет етпейтіні анық. Олардың бар іс-әрекеттері сыртқы күштердің қолжаулықтары қызметін атқарудан артылмайды. Сондықтан да мемлекет үшін ондай топтар үшін қам жеп, бәйек болудың қажеті шамалы.

Мұндай келімсек топтар күшейген сайын мәзхабтың әлсірей беретінін ескерген жөн. Өйткені, халықтың дінге бейім бөлігі өздеріне адам тартудың айла тәсілдерін жетік меңгерген, қалталары да қалың сондай топтардың ықпалдарына түсіп, солардың пайдасына таңдау жасайды. Тіпті, мазхаб ұстанатын намазхандардың да жікшілдер тарапынан жүргізіліп жатқан күшті насихатқа саналары уланып, мазхабты тастап жатқандары белгілі. Олай болса келімсек топтардың көбеюі мәзхаб жамағатын азайтатыны, сол себепті де олардың күшеюі мәзхабтың әлсіреуі есебінен жүзеге асатыны ешқандай да күмәнсіз.

Мұндай жағдайда мәзхабтың артынан тірек болуға тиісті мемлекет өз орнынан табыла алмаса, мазхабтың хәлі өте мүшкілге айналуы мүмкін. Ал, өзінің ең сенімді одақтасы болып табылатын мазхаб әлсіресе, мемлекеттің де күшті болуы неғайбіл. Өйткені, мазхаб дегеніміз өз елі үшін, өз ұлты үшін уайым жеген отаншыл мұсылмандардың бірлестігі. Сол себепті де мұндай мұсылмандар азайған сайын мемлекет те өзіне тірек болар сенімді азаматтарға деген мұқтаждықты қатты сезінетін болады.

Мемлекетіміз зайырлы, демократиялық ел ретінде діндерге есігін айқара ашып, олардың таралуына қолайлы жағдай жасап жатыр. Бұл оның әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін қажетті қадамдардың бірі екеніне келісуге болар. Өйткені, қалтарысы көп саясаттың қыр-сыры билік басындағы басшыларға жақсырақ аян.

Солай десек те, еліміздегі діни бостандық ел мүддесі үшін қызмет етіп жатқан Ханафи мазхабын өркендетумен ұштастырылып отырылғаны жөн болар еді. Бұл мемлекет үшін «қасқырды да тоқ қылып, қойды да аман сақтайтын» бірден-бір оңтайлы шешім болып табылады. Бар мүмкіндігі толық ашылып, насихатталуы да жақсы жолға қойылған жағдайда Ханафи мазхабы келімсектерге қарсы жақсы бәсекелестік танытып, мемлекетті сенімді тылмен қамтамассыз ететін болады. Өйткені, өте өміршең Ислам дінінің бір мәзхабы болып табылатын Ханафи мәзхабы келімсектерге өз есесін жібере қоймайтын зор әлеуетке ие.

Дін ісінде насихаттың маңызы өте зор екенін ескеру қажет. Күшті және уақтылы насихат жүргізген топ неғұрлым қабілетті, неғұрлым жігерлі жандарды өз туының астына топтастырып алады. Ал, мұндай жандар істің барысын сол топтың пайдасына шешіп беретін болады. Өйткені, қабілетті де жігерлі көшбасылардың соңына халық ойланбастан ереді.

«Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» дегендей насихаттың күшті болуын қаражат шешеді. Қаражат өз ұстанымдарын кеңінен ұсынып, оның қолжетімділігін қамтамасыз етіп, сол арқылы оны халықтың санасына сіңіруге мүмкіндік береді. Осындай жолмен тамыры тереңге жіберіліп, әбден бекіген діни көзқарасты кейін қайта өзгерту оңайға соқпайды. Сондықтан да елімізде дініміздің дамуын бетімен жібермей, оны мемлекет тарапынан жіті қадағалап, оның шешімін күткен мәселелерін кешіктірмей қолға алып, оған қажетті бағытта барынша қолдау жасап отыру қажет. 
Егер мемлекет мәзхабқа тиісінше көңіл бөлмей, оны нығайтуға немқұрайлылық танытатын болса, онда бұл зор ағаттық болар еді. Өйткені, халықтың дінге деген рухани сұранысы айтарлықтай жоғары. Сондықтан да олар өздеріне жол тауып өз сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылады. Және оларға осы бағытта өз жәрдемін ұсынушылар да жетерлік. Сол себепті де еліміз қазіргі кезеңде шешімі қиын зор мәселеге айналып бара жатқан жікшілдік мәселесімен бетпе-бет келіп отыр.

Өзі дінге көп мән бермесе, өзгелер де солай деп ойлап бейқамдыққа салыну да мемлекет үшін үлкен аңғырттық болып табылады. Шындығына келгенде өзіміз игеруге асықпай жүрген рухани кеңістігімізді өзгелер басып қалуға тырысып, жанталасуда. Олар бар мүмкіндікті мейлінше пайдаланып, қаржыларын да аямай шашып жатыр. Сондықтан да олар өз істерінің нәтижесін көруде.

Мұндай жағдайда өз елімізде, төл мазхабымызды өркендетуге тырысып, ел игілігі үшін іс жасап жатқан Діни басшылық пен мазхаби ұйымдарға мемлекет тарапынан тиісінше қаржы бөлініп тұрғаны дұрыс болар еді. Мұнсыз дін ілімін терең зеріттеп, ізденістерді қажетті бағыттарда өрістету, және сол негізде насихат ісін жолға қойып, халықтың діни сауатын көтеру қиынға соғады. Осындай қолдың қысқалығының салдарынан да мазхабымызды тану, және оны насихаттау кемшін болып, қалталары қалың өзгелер алдымызды орап кетуде.

Егер мемлекетіміз осы дін мәселесінде ұтылатын болса, онда мол қаржы салып жатқан басқа салалардың игіліктерін көре алмай қалуы да әбден мүмкін. Өйткені, рухани дағдарыс пен діни алауыздық көптеген мемлекеттердің бар жетістіктерін жоққа шығарып, алға басқан қадамдарын кері кетіруде. Сондықтан да мемлекетімізге осы кезден бастап дінге көбірек көңіл бөліп, оған дұрыс бағыт беріп, оны бір арнаға салып жіберу бағытында ауқымды шараларды атқарған жөн болар еді. Сонда еліміз осы күштің арынымен алға қарыштай басып, ешкімге де дес бермей кететін болады. Өйткені, діні берік елдің ісі де берекелі, қауіпсіздігі де мығым болатыны сөзсіз!

Abai.kz. 31.01.2011. Источник: http://galym.jimdo.com

 
gbaqytkereiuly
23 марта 2013, 13:30
307

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8926
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3218
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3395
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3357
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3147
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2959
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2547
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2253
  • 18