место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Күнәнің зияны

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! 
 

Күнәға беріліп жүрген әрбір адам тек қана күна жасаушы ғана емес, сонымен қатар оны елге таратып, насихаттаушы болып та табылады. Небір ел жағасын ұстайтын сұмдықтар әуелі бір адамнан бастау алып, бірте-бірте елге індет болып таралып кетеді. мұндай індетке бой алдырған әрбір адам «жалғыз мен ғана емес, өзгелер де солай істеп жүр ғой» деп өзін-өзі ақтай отырып бірте-бірте қысылуды қойып еркінси бастайды.

Мұндай жандар әдетте жұрттың бәрінің де осындай азғындық жағдайға жетіп, өзі тәрізді күнаһар болғанын тілеп жаман пиғылда жүреді. Және шамалары келгенінше өзгелерді де жолдан тайдырып, азғындатуға тырысып бағады. Соның нәтижесінде адамдар жаппай бұзылып, халық, тіпті, бір-бірімен жарыса азғындайтын болады.

Бір адамның діннен, адалдықтан тайып күнаға бас қоюы дегеніміз ел арасындағы адамшылықтың бір тірегі құлады деген сөз. Ол тірек құлады дегенше ол адам тозаққа құлады дей бер. Ал, ішінде имандылықтың, адамшылықтың тірегі азайған халық іштей іріп, азып-тозып, өсімі тоқтап, ұлт ретінде құрып бітуге бет бұрады.

Сондықтан да жалпы халықтың азбауына әрбір адам Алла Тағаланың алдында тікелей жауапты. Оған тек өз басы үшін ғана емес, өзіне еліктеп, немесе алданып күнаға бас қойған өзгелер үшін де жауап беруге тура келеді. Сол себепті де бір күнаға берілмес бұрын әрбір адам оның артынан ілесе келер небір сұмдық айыптар мен ауыр азаптардың да болатынын ескеріп, «осы бір уақытша қызығым соншама азапқа тұра ма» деп ойлағаны жөн болады. Өйткені, адамның бұл өміpде жасаған әрбір іс-әpекетінің есебі ақыpет күні сөзсіз сұpалмақ. Бұл туpалы Алла Тағала қасиетті Құpанда ашық түpде баян еткен:

«Қиямет күні әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелген іс бір хардал дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз» Құран Кәрім. Әнбия 21:47

Адамның күналы қызықтың артында тек қана ақирет азабы ғана тұрмайды. Әрбір күнәлі қызықтың артында оның бұл дүниелік азабы мен қорлығы да қоса жүреді. Сондықтан да күнадан сақтанған адам шын мәнінде бейнеттен де сақтанған болып табылады. Өйткені, күнаның алдамшы қызығы адамды аз уақыт қана шат қылады да, артынан арылмастай болып төзімді сарқитын бейнетпен басын шырмап қояды. Сол кезде ол адам «Соншалықты не жазып қойып едім» деп зар илеп, көзінен қанды жасын ағызса да бар күнасы толық өтелмей жарық көре алмас.

Шындығында, күнәлардың адамның жүрегі мен тәніне, осы дүниесі мен ақыретіне тигізетін зияны, зоp қасірет пен өзекті өртейтін өкініші тым үлкен. Күнә ақылды бұзады, жүpекті қаpайтып, сол адамды ізгі амалдаpдан алшақтатады, ұятын өлтіреді. Ондай адамның pизық-несібесі кемиді, және күнделікті істеpінде қиындықтаp туындап, қыpсық шала бастайды.

Жасаған күнәләрі адамның ақиқат ілімін тануына кедеpгі жасайды, иманын әлсіpетіп, ғибадаттаpдан, ізгі амалдаpдан тосады. Күнәлар дұға тілектердің қабыл болуына, Алладан келер жеңіс пен жәрдемге тосқауыл болады. Сондай-ақ күнә жасаушы жан Алла Тағаладан алшақтап, Оның назаpынан тыс қалады. Себебі, өзін ұмытқан адамды Алла Тағала да ұмытады.

«Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Аллаһ не істегендеріңді толық біледі. Және сон¬дай Алланы ұмытқан, Алла оларға өздерін ұмыттырған пенделер тәрізді болмаңдар. Міне солар – пасықтар» Құран Кәрім. Хашр 59:18-19

«Бұл өмірде өзгелер тәрізді жарқырап жүре алмадым, жарытып қызық та көре алмадым» деген ой кейбір жанды налытып, оны үнемі күнаға қарай айдаумен болады. Өзгелердің бәрі де шат-шадыман тірлік кешіп тек бір өзі ғана бар қызықтан құр қалғандай болатын ондай адам кейбір кездерде тіпті қатты торығып, іштей өзін жаңсақ қадамдарға дайындаумен жүреді.

Шын мәнінде, біле-білген адамға оның көрмеген барлық күналы қызықтары оның көрмеген азаптары болып толығымен өтеледі. Ал, егер ол «азғындаушы болмайын, елге азғындық таратушы болмайын» деген ниетпен «көрмедім-ау» дейтін бар қызықтарын Алла Тағалаға құрбандық етіп ұсынса, онда ол сол көрмеген бір сәттік алдамшы қызықтарын мәңгілік бақытына айырбастап алған болар еді.

Кейбір жандар күналы небір азғын істерге қатты құмартып, сондай жаман, лас істерді жан-тәнімен қалайды. Және, сондай тілектерін қанағаттандыруды күндіз де, түнде де аңсап, тіпті қолайлы сәттерді іштей күтумен жүреді. Мұндай күнаны аңсап есі кеткен жандарды Алла Тағала күнаға қарай айдап, жолын ашып, бәрін де алдынан дайындап, рет-ретімен ұсынып отыратын болады. Өйткені, соншалықты қалап, соншалықты тілеген жанның сұрағанын бермесе Алла Тағала тәңір болмас еді. Сондықтан да ондай адам өз қалауын артығымен алатын болады. 
Ол өзінің тілегіне орай азғын адамдармен табысып, сондай жандардың ортасына түседі де өз тілектерінің қанағатын қалауынша ала бастайды. Сондықтан да ол белгілі бір уақыт «бақыттан басы айналып», тіпті қызығы мен пайдасын да ұштастырып өз істерінен мол табыс та түсіруге қол жеткізеді.

Бірақ, оның бұл «бақыты» ұзаққа созыла қоймайды. Өйткені, ол шын мәнінде қатаң да қайрымсыз заңдары бар қатыгез ортаға түседі. Ал мұндай орта болса оны үнемі жаман істерге тартып, лас тірліктің ауқымынан шығармай басын шырғалаңға сала бастайды. Мұндай жаман ортадан қол үзіп, сытылып шығу ешкімге де оңайға соқпайды. Өйткені, олар күнкөріс көзіне айналатын харам табыстары мен өміріне «шырай берген» лас қызықтарын қия алмайды. Оның үстіне түрлі зиянды әдеттерінен арылып, түрлі қарыздарынан басын аршып қалыпты өмір аясына қайтып оралу да ондай адамға оңай емес.

Әрине, Алла қаласа ол да мүмкін, өйткені Оның кеңшілігі мол. Бірақ, көбінесе  жағалай арсыздық пен опасыздықтан көзі тұнып, сенерге де сүйенерге де лайық бір жан таппай, осыншама берекесіз тірліктен әбден қажитын ондай жан күндердің күнінде өмірден де түңіле бастайды. Өйткені, қоқысты жерлерге үйір болып, сондай жерлерден қызық пен пайда іздейтін адамның өзі де бірте-бірте ешкімге қажетсіз қоқысқа айналып тынады. Және, ақиретте қоқыс ретінде отқа жағылатын болады.

СалНұр журналы 02.12.10.  http://galym.jimdo.com

 
gbaqytkereiuly
23 марта 2013, 13:16
640

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8678
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3061
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3207
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2697
  • 9
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2668
  • 50
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2741
  • 31
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2091
  • 17
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2195
  • 2