место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әйел-отбасының ұйытқысы

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! 

Әрбір әйелдің бұл дүниедегі басты міндеттерінің бірі аналық міндетін тиісінше атқару. Ол оның қасиетті борышы. Түрлі сылтаулар айта отырып баладан бас тартып, өз баласын өлтіретін әйел мен Алладан қорқа отырып дүниеге сәби әкеліп, оған аналық мейрімін төгіп аялап өсіретін әйелдің айырмашылығы жер мен көктей.

Дүниеге сәби әкелуден қашқан әйел дүниеге өзімшіл такаппарлық әкеліп, соны аялап өсіреді. Өзі түгел жақын-жуықтарының да сорына айналатын осынау менмендігінің құлы болған әйелге өз кінасын іскерлік және саяси жетістіктерімен ақтауы қиын. Шындығына келгенде өзінің аналық парызына адал бола алмаған әйелдің қоғамды қарық қылуы екіталай.

Алла Тағаланың алдында адамның құны оның іскерлігімен, саяси белсенділігімен емес, оның адамшылығымен бағаланады. Сондықтан да саналы түрде адамшылықтан аттап кеткен жанның іскерлігінің де, саяси жетістіктерінің де Алла Тағаланың алдындағы құны көк тиын. Осы тұрғыдан алғанда әйел адамның қоғамға тигізетін басты пайдасы оның от-басының жылулығын сақтап, қайрымды балаларды тәрбиелеп өсіру. Себебі, өз анасынан мейрім көрмей қатігез болып өскен баланың қоғамды көктете қоюы неғайбіл.

Осынау өткінші дүниеде Алладан қорқып абыройлы қыз, адал жар, мейрімді ана болып өткен әйел қасиетті әйел болып табылады. Жалпы, адам баласы үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, ненің пайдалы, ненің зиян екенін Алла Тағала анықтайды. Сондықтан да Алланың емес адамдардың пікірлеріне тәуелді болып, күнаға батып жүрген жандарға қызығып, солардың көрген қызықтарын көрмедім деп қайғырып, оларға еліктеудің ешқандай да жөні жоқ. Мұндай көңіл-күй шын мәнінде, адамның иманын, оның адамшылығын сынайтын көңіл-күй. Сондықтан да мұндай сынақтан сүрінбей өткен адам қандай зор құрметке болса да лайық.

Мұндай әйел қызығынан тауқіметі мол елеусіз ғана ғұмыр кешсе де оның Алланың Тағаланың жанындағы дәрежесі жоғары болады. Өйткені, қызмет қуып, атақ-даңқ іздеп отбасынан, баладан бас тартқан өзімшіл өркөкірек әйел адамзат үшін сор болса, Алланың ризалығы үшін бар өмірін отбасына, балаларына арнаған сабырлы ана адамзаттың болашағын қамтамасыз етеді.

Әйелдің бақыты ең әуелі аналық бақыт болып табылады. Өзін ана ретінде танып, аналық сезімнің құдіретін сезінбеген әйел өмірдің бар қызығын көрсе де көңілі құлазитын болады. Өзінің аналық қасиеті арқылы ғана әйел адам тек өз баласының ғана анасы емес, бүткіл елдің анасына да айнала алады. Жұдырықтай ғана жүрегіне бүткіл елді, тіпті, бүткіл адамзатты сиғызып, аналық мейрімімен бүткіл елді, адамзатты әлдилеу тек аналық махаббаттың ғана қолынан келетін құдірет. Бұл әйелдің еншісіне ғана бөлінген бақыт.

Ананың алдында жас пен кәрінің бәрі де бала, бәрі де аналық махаббатқа сусап, бәрі де ананың жылы құшағын аңсайды. Ал, қасында жүрген анасының мейрімін сезінбей, аналық махаббаттың не екенін білмей өскен бала нағыз сормаңдай емес пе? Анасы өлген жетімек анасын аңсап, балалық тәтті қиялымен, дидарына іңкәр жүрегімен ана ұғымын қастерлеп өседі. Ал, қасында жүрген анасынан мейрім көрмей, қиялын да, жүрегін де қырау басқан баланың жетімдігін қалай айтып, немен теңеп жеткізуге болады?

Әйел аналық қасиетімен де әйел болады. Оны осы аналық қасиетінен айырып кеудесінде жаны бар әдемі қуыршаққа айналдыруға тырысатын қараниет жандар да бар. Әйелді отбасынан, баласынан айырып қызық қуған жезөкшелерге айналдыру үшін қандай мақсат көздеу керек? Жүрегінде мейрім, жанарында жылу жоқ, жақындасаң жүрегіңді ызғар шалатын әйел кейіпіндегі қуыршақтарды өркениеттілік, озықтық, ретінде насихаттап, үлгі етіп ұсыну үшін қандай зымиян болу қажет? Мұндай тозықтықты озық деп қабылдап, ессіз еліктеу үшін қандай көрсоқыр болу қажет?

Қыздары ана болудан қашып, жезөкше болуға асығатын ел қандай сорлы еді? Абайсызда туылып, анасы да қажет етпейтін бала қандай сорлы еді? Сырттан тоңып келіп үйінде үсік шалатын еркек қандай сорлы еді! Іштен шыққан баласының да іші жылымайтын әйел қандай сорлы еді?

СалНұр журналы 02.12.10.  http://galym.jimdo.com

gbaqytkereiuly
20 марта 2013, 23:25
808

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
вчера / 12:12
  • 9091
  • 85
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 8985
  • 31
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4662
  • 32
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 4366
  • 38
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
вчера / 16:41
  • 3047
  • 9
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
вчера / 17:20
  • 3078
  • 12
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3244
  • 0
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

Выйду замуж по расчету. Брак обесценился, пора вновь возвращать ему ценность

После череды неудачных романов, статусов "все сложно", ножей в спину, идея "выйти замуж по расчету" посещает все чаще. И мне не стыдно про это говорить.
energo_ulzhan
22 мая 2017 / 17:39
  • 2622
  • 55