место в рейтинге
  • 11886
  • 40
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Мәзһабты қорғау тек мәзһабты қорғау ма?

Аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын! 

Сонау Ислам дінінің бастауында имам Әбу Ханифа, Имам Малик, имам Шафиғи, және имам Ахмад ибн Ханбал тәрізді сәлаф ғұламалар негіздерін қалаған, содан бері талай ғасырлар Исламның ақыл-ойы да, қаруы да болып дінді осы кезге аман жеткізген, көпті көрген төрт мазхабтың да тағдыры талқыға түсе бастаған күндер туды. Өздері жақын арада пайда болса да мазхабтарды сынауда шеберлік таныта білген, сол арқылы мазхабтардың беделдерін түсіріп, олардың жамағатын өз қатарларына көптеп тартып жатқан кейбір фитнашы топтардың өсу қарқыны алаңдатпай қоймайды.

Олардың әрекеттерінен шамалары жетсе мазхабтарды жойып, олардың орнын басу мақсаты анық байқалады. Бұл несімен қауіпті? Егер осы кезге дейін мұсылмандардың басым көпшілігі өзара тату төрт мазхабқа бірігіп, үмметтің тұтастығын сақтап келсе, мазхабтар жойылған жағдайда мұсылмандар жаппай ыдырап, бірін-бірі мойындамайтын, бір-біріне өте төзімсіз ұсақ топтар бірінен соң бірі пайда бола бастайды. Мұндай жағдайда діннің, мұсылман қауымының халі не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты.

Өз діндес бауырларының кемшіліктерін теріп, өзара дауды қоздырумен ғана әуре болып жүрген мұндай даукес ұсақ топтардың мұсылмандарды біріктірушілік әлеуеттері өте аз. Сондықтан да ондай топтардың пайда болып, тарала бастауынан жақсылық күтудің қажеті жоқ. Таласып –тартысып белгілі бір шамаға дейін жамағат жинап алған соң ондай топтардың әлеуеті сарқылып, олар тоқырауға ұшырайтын болады. Соның нәтижесінде олар өзара дауға ұрынып, өз іштерінен бөлініп мұсылман қауымын жіктеген үстіне жіктей береді.

Сондықтан да Құранмен, сүннетпен жүретін бүткіл мұсылмандардың төрт мазхабқа ғана бірігіп, өз тұтастықтарын сақтаулары Исламның мүддесіне толық жауап береді. Сондықтан да бүгінгі күні дініміздің ең өзекті мәселелерінің бірі мазхабтарды қорғау болып табылады. Егер түрлі фитнашы топтарға бой бермей, оларды еңсеріп отыратын болсақ мұндай жағдайда мұсылман қауымы ақирет күніне де төрт мазхабқа біріккен біртұтас жамағат болып жететін болады. Дін болып қалыптасқаннан бері Исламды берік ұстап, оны осы күнге аман жеткізген, сол үшін талай рет талқыға түсіп, талай сыннан сүрінбей өткен төрт мазхабтың ғана Исламның туын ақирет күніне дейін биік ұстап жүруге толық құқығы бар. Оған олардың әлеуеттері де толық жетеді!

Өз мазхабтарын тастап даукес топтарға қосылып жатқан мұсылмандардың діни сауаттары өте аз болып келеді, сондықтан да олар мәселеге терең бойлай алмай қарапайым да ұғынықты дәлелдермен қаруланған фитнашылардың ықпалдарына оңай түседі. Сонан соң олар маңызы шамалы мәселелермен жандарын сала айналысып, өздерінің ұсақ, топтық мүдделері үшін ғана қызмет ете бастайды.

Мұндай жікшілдер мешіт ішіндегі дайын намазхандармен жұмыс жасауды жақсы жолға қойған. Олар адамның дін ұстанып, мешітке келіп құлшылық етіп жүргенін мүлде қанағат тұтпайды. Олар үшін басты мақсат ондай жанды өз топтарына қосып алу. Сондықтан да олар ондай намазханға өз дәлелдерін тықпалап үгіт айтумен болады. Осындай істері арқылы олар мешіт намазхандарын «өзіміз», немесе «бөтен» деп бөліп алып, өздері «бөтен» санайтындармен салқын қарым- қатынас орнатып, оларға тіпті төзімсіздік те танытып отырады. Мұны жамағатты жіктеп фитна салу деп бағалағаннан басқа амал жоқ.

Шынайы түрде сендердің достарың Алла және, оның Елшісі, және де намазды толық орындайтын, зекет беретін, әрі рүкүғ қылушы мүміндер. Кім Алланы, оның Елшісін, және мүміндерді дос тұтса, шынайы түрде Алланы жақтаған топ. Солар жеңіске ие болады. Құран Кәрім 5:55,56. 

Фитнашылардың досы болу үшін осы аятта айтылғандай намазды толық орындау, зекет беру, және рүкүғ етуші мүмін болу мүлде аздық етеді. Олардың досы болу үшін жоғарыдағы талаптардан да өзге көптеген қосымша талаптарды орындау, және олардың дәлелдерін толық қабылдап, міндетті түрде олардың топтарына қосылу қажет. Мұндай ұстаным олардың дінге енгізген өзіндік бір жаңалықтары, бидғат ұстаным болып табылады. Өйткені, олардың бұл ұстанымдары Алланың бірлігіне иман келтіріп, намазды толық орындап, зекетін беріп жүрген, және Алла мен Оның Пайғамбарын (с.ғ.с.) өзіне дос санайтын әрбір мұсылманның бір-бірін де дос тұтулары жөнінде нұсқау етілген жоғарыдағы аятқа қайшы келіп тұр. Олай болса, жікшілдерді Құранмен, сүннетпен жүретін топ деп айтуға бола ма?

Мазхаб ұстанушы жамағат болса осындай фитнашылардың да имандарына тиіспейді. Олардың да өздері тәрізді Аллаға иман келтіргендіктеріне сеніп, намазды толық орындап, зекет беріп жүргендеріне қарап оларды да мұсылман санайды. Сондықтан да олар мұндай фитнашыларды да өздеріне дос тұтудан бас тартпайды. Осындай ұстанымдары арқылы мазхаб жамағаты өздерінің жоғарыдағы аятқа амал етіп жүрген, шынайы түрде Алланы жақтаушы топ екендіктерін істерімен дәлелдеуде.

Жалпы, Алланың бірлігін мойындап, намазын да толық орындап, зекетін де беріп жүрген, өзін Алла мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) досы санайтын әрбір мүмінді басқа топтан болғандығы үшін ғана адасқан санау ақидадағы қателіктен туындайды. Олай болса, мазхаб ұстанушы мүміндерді тұтастай адасқандар санатына енгізіп жіберетін кейбір топтардың ұстанып жүрген ақидаларының дұрыстығы өте күманды. Ал, ақида мәселесіндегі қателік өте зор қателік болып табылады.

Әй, Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар! Құран Кәрім 5:77.

Бұл аятта жалпы дін істерінде шектен шығуға тиым бар. Және фитнашы мұсылмандардың дін істерінде өрескел қателіктерге ұрынып шектен шығып кетіп жүргендері де рас. Олардың өз топтарына қосылмаған мұсылмандарды адасқандар деп негізсіз айыптауларының өзі дінде шектен шығу болса, осы пікірлерін дәлелдеу үшін дау-дамай туғызып жамағат арасына фитна салулары да өз алдына бір шектен шығу болып табылады. Және, олардың өз мешіттеріндегі имамдарына бой ұсынбаулары да дінде шектен шығудың тағы бір үлкен көрінісі екені анық.

Фитнашылар тарапынан дінде шектен шығудың осындай үлкен үш түрі нақты түрде көрініс табуда. Олар ақиқатты бір өздері ғана иемденіп жұмақтан орын алып қойған мінсіз мұсылмандар ретінде астамсып, мазхаб жамағатын мазхаб ұстанғандықтары үшін де қатаң айыптауда. Олар өзара дауға ешқандай ықыластары жоқ, оған тіпті арнайы дайындықтары да жоқ мазхаб ұстанушы мұсылмандардың мазаларын алып өзара араздықты қоздыруда. Олар өздері ұйып намаз оқып жүрген мешіт имамдарын да мойындамай, оларға ашықтан- ашық бой ұсынбай, оларды жөнсіз ызаландырып күнаға батыруда. Шындығына келгенде, имамды іштей мойындамай, оған ашықтан-ашық қарсылықта тұрып намаз оқитын мұндай мұсылманның намазын Алла Тағаланың қабыл етіп жатқанына сену өте қиын.

Дінде шектен шығудың осындай зор түрлерімен айналысып жүрсе де, тек өздерін ғана ақиқатты ұстанатын, тек өздерін ғана Құранмен, сүннетпен жүретін мұсылмандар ретінде қызу жарнамалайтын мұндай фитнашылардың сөздеріне біз қаншалықты сенуге тиіспіз.

«...түзетілгеннен кейін жер бетінде бүліншілік қылмаңдар. Егер мүмін болсаңдар сендерге осы істерің жақсы»-де. Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап, қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Құран Кәрім 7:85,86. 

Бұл Шұғайып пайғамбардың (с.ғ.с.) өз еліне айтқан үгіті. Егер осы аятқа ден қойсақ, елімізде жаңа мешіттер ашылып, оларға арнайы оқып келген имамдар тағайындалып, халық мешіттерге жиі бас сұғып, және азды-көпті жамағат қалыптасып жағдай түзеліп келе жатқанда Алланың жолына бастаушы имамдар мен жамағаттың арасына отырып алып «мазхаб ұстану дұрыс емес»-деген іріткі үгіт жүргізіп мүміндердің ықыластарын бұзатын, «Сендер мүшіріксіңдер, сендер бидғатшысыңдар, сендер сүннетпен жүрмейсіңдер!»-деп оларды қорқытып, ұстанып жүрген жолдарынан айнытуға тырысатын жымысқы әрекеттер иман келтірген жандарға лайықты іс емес. Сондықтанда олар үшін «иман келтірген болсаңдар түзетілгеннен кейін бүліншілік қылмаңдар, сендер үшін сол жақсы»- деген ескертуге ден қойған жөн болар еді.

«Кітап иелері! Өздерің туралығына куә бола тұра не үшін қисықтық іздеп мүміндерді Алланың жолынан тиясыңдар. Алла сендердің не істегендеріңнен ғапыл емес.» Құран Кәрім 3:99.

Бұл аят Кітап иелері еврейлер мен христиандарға қарата айтылғанмен, мұнда дау жоқ жерден дау іздейтін, мұсылманнан жау іздейтін біздің кейбір бауырларымызға да қатаң ескерту бар. Имам Әбу Ханифаның табиғин екеніне, және оның туралығына, тақуалығына да куә бола тұра, және, оның салған жолының шайтанның жолы емес Алланың жолы екенін мойындай тұра одан қисықтық іздеп қыңырайып, мүміндерді ол жолдан тайдыруға тырысатын жандардың істерін Алла Тағала жақсы біледі.

Намазхандарды өз мазхабын тастап, өздерінің заңды басшыларына бойұсынбауға итермелеулері, сол арқылы жамағат арасына фитна салып, мешіттердегі жалпы ахуалды ушықтырулары мұндай жікшілдерді жақсы жақтарынан көрсетпейді. Және, олардың жасап жүрген әрекеттері жақсы әрекет болып табылмайды.

Ал, сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері босқа кетеді. Құран Кәрім 35:10. 

Алла Тағала мұсылмандарды қандай себептермен болса да өзара жанжалдасудан тиған. 
Аллаға, әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар. Онда үрейленесіңдер де құттарың қашады. Және сабырлы болыңдар. Расында Алла сабырлылармен бірге. Құран Кәрім 8:46.

Бұл аят бойынша Аллаға, және Оның елшісіне (с.ғ.с.) бой ұсынған әрбір мұсылман өзге мұсылманға соқтығып, жанжал шығаруға тиісті емес. Бұл оның Аллаға, және Оның Елшісіне (с.ғ.с.) бой ұсынған, Құранмен және сүннетпен жүретін сабырлы мұсылман екендігінің нақты дәлелі болып табылады. Алла Тағала міне, осындай сабырлы мұсылмандармен бірге.

Өзара дау-дамай туған кезде араға араздық түсіп, соның салдарынан ауызбіршілік әлсіреп мұсылмандардан күш-қуат кетеді. Егер мұсылмандардан күш-қуат кетсе, жалпы Ислам діні әлсіреп, оның мүддесіне нұқсан келе бастайды. Сондықтанда Алла Тағала мұсылмандарды өзара төзіділікке, ұстамдылыққа, сабырға шақырады. Сондықтанда Алла Тағала мұсылмандардан бөлінбеуді талап етеді.

Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Құран Кәрім 3:103.

Белгілі бір жердің тұрғылықты халқы бір мазхабты ұстанып, өз имамдарының басшылығымен құлшылықтарын атқарып, бір жамағат болып ұйысып тұрған кезде сырттан келген, немесе, іштен шыққан біреулер жамағатты бөлмек болып араға іріткі сала бастаса, олардың бұл әрекеттері шариғат бойынша фитна болып бағаланады. Ал, фитна дініміздегі өте үлкен күналардың біріне жатады.

Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай (топтарға) бөлініп қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне, соларға зор азап бар. Құран Кәрім 3:105.

Бұл аятта бөлініп алып өзгелермен қайшылыққа түсетіндерге зор азап бар екені қатаң ескертілген. Бұл азап ақиреттегі тозақ азабы. Демек, өзара дауды қоздырып, жамағатты жіктеп, мұсылмандар арасына фитна салып жүрген кейбір бауыларымыздың тозаққа кетіп бара жатқандарына ешқандай да күман жоқ.

Мазхаб жамағатын адасқандар деп санайтын мұндай бауыларымыздың өздерінің адасып жүргендері соншалықты, олар фитна күнасынан қорықпақ түгел, жамағат арасына фитна салуды өздеріне міндет етіп алған. Олар мазхаб ұстанудың адасу екенін қайтсе де дәлелдеуді мақсат етіп шындықты бүгіп те, бұрмалап та үгіт жүргізуде. Сол арқылы мұсылмандар арасына араздық салып, өзара өшпенділікті қоздыруда. Осындай нағыз фитна болып табылатын істері оларды тозаққа, зор азапқа апара жатса, онда бұдан артық қандай адасу керек?

Олар бірін- бірі бидғатпен, сүннетті ұстанбаумен қорқытып фитнаға итермелейді. Сонда олардың білімділері бидғаттың да жақсысы мен жаманы бар екенін, және сүннет істерді орындасаң сауап, ал, орындамасаң ешқандай да күна болмайтынын білмей ме екен, әлде оны әдейі айтпай бүгіп қалып жүр ме екен?

"...біле тұра шындықты жасырмаңдар" Құран Кәрім 2:42

Шындығына келгенде мазхабқа қарсы шығып жүрген мұндай жікшілдердің бидғат деп жүргендерінің түгелдей дерлігі жақсы бидғаттар, және сүннет деп жабысып жүргендері орындамасаң да ешқандай күна болмайтын сүннет істер. Олай болса, мұндай жікшілдердің мазхабқа қарсы шығып фитна күнасын жасайтындай себептері жоқ. Сондықтан да олардың фитна істерінде ешқандай да қайыр жоқ. Олай болса, олар егер шын қорқатын болса онда бидғаттан да, сүннетті орындамаудан да емес, тозаққа тура апаратын фитна істерден қаттырақ қорқулары тиіс.

Фитнашылар өздерінің Құранмен, сүннетпен жүретін жалғыз ғана топ екендіктерін қызу дәлелдеп, соны кәдімгідей мақтан етеді. Егер олар шынымен де Құранмен, сүннетпен жүретін мұсылмандар болса, онда олар ең әуелі фитнадан қатты сақтанған болар еді. Өйткені, жамағатты жіктеп фитна салудан сақтандыратын аяттар мен хадистер өте көп. Олай болса, өз басшыларына қарсы шығып жамағатты жіктеп жүрген фитнашылардың Құранмен, сүннетпен жүретіндіктерін қалай түсінуге болады. Сонда олар қайда адасып барады?

Шариғат бойынша имамға бағыну, және фитнадан сақтану әрбір мұсылманға парыз және уәжіп. Парыз бен уәжіпті орындамаған мұсылман міндетті түрде өзіне күна табады. Сондықтан да парыз бен уәжіпті тиісінше орындау Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Олай болса, «сүннетті орындау керек» деп имамға бағыну, фитнадан сақтану тәрізді парыз бен уәжіпті ысырып тастап жүрген, сол арқылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) парыз бен уәжіпті орындауға қатысты сүннетін ұстанбай жүрген фитнашылардың Құранмен, сүннетпен жүретіндерін қалай түсінуге болады? Сонда олар қайда адасып барады?

Дінімізде ірілі-уақты көптеген мәселелер бойынша пікір алуандығы бар екендігі жасырын емес. Осындай жағдайда да Құранмен және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетімен жүретін жамағат Ханафи, Мәлики, Шафиғи және Ханбали мазхабтары арасында уақыт сынынан өткен, өзгелерге өнеге боларлықтай жақсы бір түсіністік, силастық, татулық орын алған.

Және, өкінішке орай, өз топтарына қосылмаған өзге мұсылмандарға төзімсіздік танытып, оларды тіпті мұсылман санатынан шығарып тастайтын топтар да бар. Осындай ұшқары көзқарас ұстанатын топтардың кесірінен мұсылмандар арасындағы пікір алуандығы бітіспес дау деңгейіне дейін ушығуда. Мұндай жағдайда мұсылмандардың өзара қақтығысып, олардың бірін-бірі өлтіру қауіпі де ұлғаяды. Ал, иман келтірген жандардың бірін-бірі өлтіруі өте зор күна екенін білген жөн.

Кім бір мүмінді әдейі өлтірсе, оның жазасы ішінде мүлде қалатын тозақ болады. Сондай-ақ оған Алланың ашуы, қарғысы болып, және оған зор қинау әзірлеп қойған. Құран Кәрім 4:93.

Үммет арасында фитна өршіп, өзара қақтығыстар басталған кезде мүміндердің бірін-бірі өлтіруден сақтанулары жөнінде мынадай хадис те бар. 
(Сол кезде) садақтарыңды сындырып, адырналарын үзіңдер, қылыштарыңды тасқа ұрыңдар. Егер біреулеріңе басып кіріп келсе, Адамның (ғаләйхи сәлам) екі ұлының жақсысы сияқты болыңдар. (Ахмад, Әбу Дәуд, Ибн Мәжаһ)

Осы хадисте аталған Адам пайғамбардың (с.ғ.с.) ұлдарының хикаясында екі ұлдың жақсысы Абыл өзін өлтірмек болған бауыры Қабылға былай деген:

«Сен мені шын өлтіруге қол созсаң, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын. Күдіксіз, мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын! Сөзсіз мен өз күнәңмен менің күнамді жүктеп тозақтық болуыңды қалаймын. Осы залымдардың жазасы.» Құран Кәрім 5:28.29. 

Жоғарыдағы аяттар мен хадистен белгілі болып тұрғандай мүмінді әдейі өлтіру бұл өте зор күна болып табылады. Бұл залым болып тозаққа түсудің анық бір жолы. Сондықтан да мүміндер өздерінің иман келтірген бауырларын өлтіріп алудан қатты қорқып, одан мейлінше сақтанып жүруге тиісті. Ал, сақтанудың ең дұрыс жолдарының бірі бұл жамағаттан бөлініп, өзара дау-жанжалға түсуден бой тарту. Өйткені, мұндай әрекеттер мұсылмандардың өзара қақтығысып қалуларына жол ашады.

Қандай болмасын қақтығыс кезінде бір-біріне дұшпанға айналып шыға келген мұсылмандар бірін-бірі жеңуді мақсат етіп, сол үшін де шектен шығып бірін-бірі аяусыз өлтіре бастайды. Бұл әдейі өлтіруге жатады. Осылайша мойнына иман келтірген бауырының қанын жүктеп алған әрбір мұсылман жоғарыдағы аяттар бойынша Алла Тағаланың ашуы мен қарғысына ұшыраған залымға айналып, мәңгілік азапқа душар болады. 
Және, өз қолдарымен ешкімді де өлтірмесе де осындай қақтығыстың бастауында тұрып, істің осы бағытта өріс алуына себепші болған, өздерінің соңдарына ілескен мұсылмандарды қантөгіске киліктіріп, оларды зор күнаға батырған басшылардың да өте зиянда қалатындықтары күмансыз. Және, осындай бүлікшіл басшылардың фитна істеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың жетелеген жақтарына көзсіз еріп жүре берген әрбір мұсылманның да өзіне белгілі бір жауапкершілік алары сөзсіз.

Бізді тура жолыңа сала көр! Нығметіңе бөлендіргендеріңнің жолына. Адасқандар мен ашуға ұшырағандардың жолына емес! (Әмин!) Құран Кәрім 1:5-7.

Әрбір мұсылман күн сайын осылай деп Раббысына жалбарынады. Егер өзінің иман келтірген бауырын өлтіру Алланың ашуы мен қарғысына ұшыраудың бір себебі болса, онда өзара дауды қоздырып, иман келтірген жандарды өзара қақтығысқа бейімдеп жүрген фитнашылардың жолдарын неге адасу мен ашуға ұшыраудың жолдары деп білмеске? Олай болса, Алланың ашуы мен қарғысына ұшырап тозаққа түскісі келмейтін әрбір мұсылман осындай адасу мен ашуға ұшыраудың жолдарынан мейлінше аулақ жүруге тиісті.

«Раббымыз! Жыннан да, адамдардан да бізді адастырғандарды көрсет, оларды табандарымыздың астына салайық. Ең төмендегілерден болсын.» Құран Кәрім 41:29. 

Егер мұсылмандар осы кезден бастап фитнашылардың қатарына қосылып, олардың бүлік істеріне қолдау көрсетуден сақтанса, онда олар ақирет күні осы аяттағы күнаһарлар тәрізді өз араларынан кіналілерді іздеп тозақ ішінде дауласудан құтылған болар еді.

Мұндай ұсақ мүдделер қақтығысы кезінде қай тарап жеңсе де түпкі нәтижеде Ислам діні жеңіліп, бұған себепші болған адамдар сол үшін де кіналы болып Алла Тағала алдында жауап береді. Ал, ондай кінәліні іздеген кезде айналып келіп бөлінушілерді табатынымыз анық. Өйткені, бөлектенуді бастап араға араздық салған, тыныш жүрген діндес бауырларын қақтығысқа тартып, күнаға мәжбүрлеген осындай фитнашылар болмаса, мұндай сұмдықтар да бастау алмаған болар еді. Олай болса, өзі де мазхабтан шығып, өзгелерді де үгіттеп жүрген кейбір бауырларымыз парасатқа жүгінсе, онда біз өте зор күналардан сақтанған болар едік.

Осындай жікшілдік арқылы фитна күнасын жасап жүрген намазхан «Фитнадан да зор күналардан сақтанып едім» дейтіндей бір дәлел таба алар ма екен? Мүмкін, ол «Мен ақиқатты тауып, тура жолға түстім» дер. Мұндай жағдайда оның тастап шыққан мазхабында ақиқаттың болмағаны, ол мазхабтың тура жол емес адасу жолы болғаны жөнінде бір нақты пікір туындайды. 
Жалпы, мазхаб жөнінде түпкілікті шешімге келу үшін сол мазхабтың ақида және фиқһ ілімдерін жеткілікті шамада игеріп, оның сүйенетін дәлелдерімен де жете таныс болу қажет. Және, сол мазхабтың негізін қалаған ғұлама имам жөнінде де жеткілікті мәліметтеріңнің болғаны дұрыс. Қандай болмасын мазхабтың, немесе топтың артында оның негізін қалаған, сондықтан да өз мойнына тікелей жауапкершілік алатын нақты бір имам болады. Осы имам жөнінде біле отырып оның мазхабы, немесе тобы жөнінде де біраз ой түйіп, белгілі бір қортындыға келуге болады. Өйткені, имамның жеке басының қасиеттері мен оның беделі көп нәрсені анықтайды.

Әркімнің ғамалы бойынша дәрежелері бар. Құран Кәрім 46:19.

Әрбір имамның да өзінің ішкі тақуалығына, біліктілік өресіне, және атқарған амалдарына қарай дәрежесі болады. Осы тұрғыдан алғанда Ханафи мазхабының негізін қалаған имам Әбу Ханифа Ислам ғұламалары арасында сөзсіз мойындалып, зор құрметке ие болған өте беделді имам. Бұл оның жеке басының қасиеттері мен жасаған амалдары бойынша көтерілген дәрежесінің айғағы болса, оның мұнан өзге Алла Тағаланың нығметі болып табылатын салафтық дәрежесінің де бар екенін білген жөн.

Ислам дінімізде Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) жүздескен мұсылмандар сахабалар деп аталады. Осы сахабалармен жүздескендер табиғин дәрежесін иеленеді. Ал, табиғиндерді көрген мұсылмандар табаға табиғиндер деп аталады. Осы алдыңғы үш толқын өкілдері тұтастай алғанда салафтар деп аталып, олардың дәрежелерінің өзге мұсылмандардан жоғарылығы дінімізде сөзсіз мойындалады. Осы алдыңғы үш толқын салафтардың тұсында дініміз өзінің таза қалыпын сақтаған деп есептелінеді. Сондықтан да салафтардың ізбасарлары саналып «салафилер» атауын иемдену мұсылмандар үшін бедел жинаудың оңай да ұтымды жолы болып табылады. Өйткені, ол ақиқатты ұстанып, тура жолда болудың бір кепілі болып бағаланады.

Бұл тұрғыдан алғанда да Ханафи мазхабында ақиқат, туралық жоқ деп дауласу ешкімге де абырой бермеуі тиіс. Өйткені, имам Әбу Ханифаның өзі табиғин, ал, оның мазхабты дамытуға көп еңбек сіңірген шәкірттері Жүсіп пен Мұхаммед, және басқа да тікелей шәкірттері табаға табиғиндер болып табылады. Осындай салаф ұстаздар мен оларға сенім артып, олардың соңдарына ілескен мазхаб ұстанушыларды қаралап, оларды ақиқаттан адасқандар деп айыптау өзіңе зор жауапкершілік алу болып табылады. Мұндай пікір өте қауіпті пікір. Мұндай пікірде болуы ол адамның өзінің тура жолдан адасушы, немесе екіжүзді арандатушы екеніне дәлел болып кетуі мүмкін.

Бөлінуші өзінің мазхабты мойындамауын «Аллаға серік қосудан сақтанып едім» деп ақтауы да мүмкін. Мұндай жағдайда ұстазымыз Әбу Ханифа бізге Аллаға серік қосуды нұсқаған тәрізді болып шығады. Және, мешіт имамдары жамағатты Аллаға серік қосуға зорлап, еріксіз мәжбүрлеп жүр екен деген жалған пікір де туындайды.

Бүткіл қорлаушы, өсекшілерге нендей өкініш! Құран Кәрім 104:1

Жалпы, мәселеге терең бойламай, үстірт пікірге ден қойып, өзіңді де, өзгелерді де алжастырудың қажеті не?

Әй, мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар өте анықтаңдар! Сәлем бергенді дүние мүлкіне қызығып «мүмін емессің» демеңдер. Құран Кәрім 4:94.

Бұл аят бойынша тіпті соғыс кезінде де дұшпан саналатын бір адам өзінің мұсылман екендігін сездіріп сәлем берсе, оған «Сен мүмін емессің» деп үкім айтуға асықпау керек. Ал, күнделікті кездесіп, сәлемдесіп жүрген, тіпті бес уақыт намазды бір имамға ұйып, бір сапта қатар тұрып оқитын, Аллаға серік қоспай адал құлшылық ететін жандардың бір-бірінің мүмін екендіктеріне күмандануларына қандай себеп бар? Егер мазхаб ұстанушылар арасында мүшіріктер болса да, бұл жағдай сол мазхабты толықтай мүшіріктердің мазхабы деп, ал, ондағы мұсылмандарды түгелдей мүшіріктер деп айыптауға сылтау бола алмайды. Шындығына келгенде ешқандай мүшіріктері жоқ мұсылман қауымы бар дегенге сену қиын.

Араларыңдағы бәдеуилерден екіжүзді кісілер бар. Сондай-ақ, Мединеліктерден де екіжүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед ғ.с.) Оларды білмейсіңдер, оларды Біз білеміз. Құран Кәрім 9:101.

Бұл аяттан біз мұсылман қауымын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі басқарып, мұсылмандардың көпшілігін сахабалар құрап, дініміз өрлеп тұрған кезде де мұсылмандардың арасында екіжүзді мүшіріктердің бар болғанын аңғарамыз. Егер сол кездің өзінде де мұсылман қауымы мүшіріктерден толық арыла алмаса, онда қазіргі уақытта мүшіріктерден толық тазарған, бірыңғай тақуалардан тұратын таза мұсылман топтары бар дегенге кім сенеді? Ал, қайсібір топтар өздерінің мүшіріктерден таза екендіктеріне сеніп, өздерін өзгелерге үлгі етіп ұсына бастаса, онда бұл олардың астамшылыққа бой алдырғандарының нақты бір дәлелі болып табылады. Сыртқы көрініске қарап түпкілікті қортынды түю асығыстық, және ол тайыздықты да көрсетеді.

Аллаға серік қосуға бейім жандар қай жерде де бар, және олар ондай істермен ашық түрде айналыса алмаған жағдайда бәрібір іштей серік қосып екіжүзділік танытумен болады. Олай болса, «біздің арамызда мүшіріктер жоқ!» деп астамсып жүрген кейбір топтардың мұндай сенімдері бар болғаны өздерін-өздері алдау, және өзгелерді де алдау болып табылады. Кімнің Аллаға серік қосып екіжүзділік жасап жүргенін кезінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де біле алмаған. Оған жоғарыдағы аят дәлел бола алады.

Егер кімнің мүшірік, ал, кімнің нағыз мүмін екеніндігін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі де нақты ажырата алмаған болса, онда біреуге «сен мүшіріксің» деп үзілді- кесілді үкім шығарып, қатаң айыптауға Алладан өзге кімнің құқығы бар. Ал, біздің кейбір мұсылман бауырларымыз болса нақты бір адам түгел тұтас мазхабтарды да мүшіріктер деп қатаң түрде айыптай отырып, өздерінің ешқандай да қателеспегендіктеріне кәміл сенеді. Бұл не деген көзсіздік, бұл не деген астамшылық!

Расында Ол (Алла) өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді. Құран Кәрім 16:23.

Егер иман келтірген жандардың осыншама қателікке ұрынып, осыншама астамшылыққа бой алдырулары, олардың өзге мүміндерге өте салқын қарап, оларға төзімсіздік танытулары ақиданың шикілігінен туындап жатса, онда мұндай ақиданы ұстанудың түбі жақсылыққа апармасы анық. 
Осындай мұсылмандар тарапынан мазхаб жамағатын ширк күнасымен қорқыта отырып, оларды фитна күнасына итермелеу әрекеттері орын алуда. Шындығына келгенде бұл ешқандай да жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тию амалына жатпайтын өте орынсыз әрекет. Өйткені, Аллаға серік қосу мазхабтың ақидасында жоқ. Сондықтан да бұл мазхабтың өз ішінде жүргізілетін түсінік жұмыстары арқылы арылуға болатын уақытша кемшілік. Ал, егер мазхаб жамағатының арасына фитна түссе, онда бұл қиындықты мазхабтың өз күшімен еңсеру өте қиын болады. Өйткені, фитна ісіне өзге мұсылман топтары қатысады, және олар намазхандар арасындағы өз ықпалдарынан оңайлықпен айрылғысы келмейді. Сондықтан да бұл фитна шешуі қиын шиленіске айналып, намазхандар арасында қауіпті текетірес орын алады.

Олай болса, қазіргі кезеңде біз ширктен емес фитнадан көбірек қауіптеніп, оған ешқандай да жол бермеуге тиіспіз. Ширктен сақтанамын деп фитнаға бой ұру біз үшін уақытша сырқаттан қашамын деп жүріп, ем қонбайтын дертке шалдығу тәрізді ақымақтық болар еді. Ширктен сақтану үшін мазхабтан шығып асыра сілтеудің ешқандай да қажеті жоқ. Бар болғаны ширктің не екенін біліп, сондай істерден аулақ жүру керек. Егер біреулер бізді ширкпен қорқыту арқылы мазхабымыздан шығарып, өз топтарына қосып алуды көздеп жүрсе, біз неге олардың жетегіне ере беруге тиіспіз?

Негізінде Аллаға серік қосып жүрген жандардың көпшілігі тек білместіктен ғана осындай зор күнаға барып жүр. Олардың бұлай адасуларына шындықты жеткізбей жүрген, немесе жеткізе алмай жүрген біздердің де белгілі бір кінәмыз бар. Егер біз осындай серік қосушы жандардан басымызды ала қашатын болсақ, сонда кім олардың қателіктерін түсіндіріп, оларды күнадан сақтандырады?

Бұрын сендер де сондай едіңдер, Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Құран Кәрім 16:23.

Біздің кейбіреулеріміздің білместікпен Аллаға серік қосып, сол бағытта нақты істермен де айналысқанымыз рас. Олай болса, бір кездердегі өзіміз тәрізді адасып жүрген қандастарымызға жауығып, оларды кеуделерінен итеріп, астамшылық жасағанымыз жөн бола ма? Мүмкін, Алла Тағала оларға да қамқорлық етер? Егер біз оларға мүшірік деп өшігіп, өшпенділік танытсақ, олардың тарапынан да өзімізге деген өшпенділіктен басқа не күте аламыз? Ал, өшпенділік арқылы дін тарату Құранда нұсқау етілмеген, және ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінде де жоқ.

Адамдарды Раббыңның жолына даналық, және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Әрі Ол тура жол тапқандарды да жақсы біледі. Құран Кәрім 16:125.

Біз көбі білместікпен ғана Аллаға серік қосып жүрген жандарға олардың бұл істерінің кешірілмес күна екенін Құран аяттары арқылы жан-жақты ескертіп, оларға даналықпен, сабырмен үгіт айтуымыз қажет. Бұл бірінші кезекте өзіміздің тура жол тапқандығымызды, Құранмен, және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетімен жүретін мұсылман екендігімізді көрсетер еді. Міне, осылай амал еткенде ғана уақыт өте келе ақ пен қара толық ажыратылып, нағыз қыңыр мүшіріктерден бойымызды аулақ салып, біз өз мазхабымызды осы бір негізсіз айыптан аршып алатын боламыз.

Мазхабтан бас тартушы «Бұл мазхабтың ақида және фиқһ ілімдерінде қателіктер бар. Сол себепті де намаздарымның, және басқа да құлшылық амалдарымның қабыл болмауынан қорқамын» деп те күман айтуы да мүмкін. Олай болған жағдайда осы ақиданы ұстанып, осы фиқһ бойынша намаз оқып, құлшылықтарын атқарған ұстазымыз Әбу Ханифаның намаздары мен құлшылықтарының қабыл болмағандығы жөнінде бір жаман пікір туындайды. Және басқаларды айтпағанда нақты түрде халифтер Омар ибн Хаттаб пен Әли ибн Әбу Талибтың, сахабалар Абдулла ибн Масғуд пен Абдулла ибн Аббастың (Алла бәріне де риза болсын) және табиғиндер Ибрахим мен Хаммадтың да намаздары мен құлшылықтары қабыл болмаған деп ойлауға тура келеді. Өйткені, бұл кісілердің бәрі де Әбу Ханифаның ұстаздары болып табылады. Ол жөнінде Әбу Ханифаның өзі былай дейді:

«Әмирул – мүминин Әбу Жағфар менен: «Ей, Әбу Ханифа, білімді кімнен үйрендің» - деп сұрады. Мен: «Хаммадтан (үйрендім), ол Ибрахимнен, ал, ол Омар ибн Хаттабтан, Әли ибн Әбу Талибтен, Абдулла ибн Масғудтан, Абдулла ибн Аббастан (Алла бәріне де риза болсын) үйренген» - дедім» 

Осындай ұстаздарынан дін ілімін еш қоспасыз таза күйінде қабылдап алған имам Әбу Ханифаның мазхабы шынайы Исламға ең жақын мазхабтардың бірі десек соншалықты қателесе қоймаспыз. «Мың естігеннен бір көрген артық» дегендей Әбу Ханифа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ең жақын серіктерінен тікелей ілім үйренген Ибрахим мен Хаммадтың намазды қалай оқып, басқа да құлшылық амалдарды қалай атқарғандарын өз көзімен көрді. Сенім тұрғысынан алғанда бұл өте мықты дәлел болып табылады.

Және Әбу Ханифаның Әнас ибн Малик, Абдулла ибн Әбу Әуфа, Саһл ибн Сағд жене Әбу Туфайл сынды төрт сахабаның көздері тірісінде ілім игергенін де ескерген жөн. Ал, бұл кезеңде дініміз әлі де өзінің тазалығын жоғалта қоймаған болатын. Осындай берік те, таза тұғырға орныққан ұстазымыз Әбу Ханифаның ақида және фиқһ ілімдерін соншалықты іске алғысыз етіп тастауға бола ма? Жоғарыдағы аттары аталған кісілердің бәрі де тиісінше халиф, сахаба, табиғин дәрежелерін иеленген, сондықтан да олар ең көрнекті салафтардың қатарына жатады. Егер олардың намаздары, және басқа да құлшылықтары қабыл болмаса, онда басқа кімдердің намаздары мен құлшылықтарының қабыл болуы мүмкін?

Жалпы, имам Әбу Ханифадан өзге үш мазхабтың негіздерін қалаған имамдар имам Малик, имам Шафиғи, және имам Ахмад ибн Ханбалдың да табаға табиғин дәрежелерін иеленген салаф ғұламалар екенін біліп жүрген жөн. Олай болса, осы салаф ұстаздардың соңдарына ілескен төрт мазхабтың мұсылмандары өздерін нағыз «салафилер» санауларына толық құқықтары бар. Бұл оларға өздерінің ұстанып жүрген ақида және фиқһ ілімдерінің дұрыстығына күмандануларына жол бермеуі тиіс. Егер біз осындай салаф ғұламалардың тақуалықтары мен біліктіліктеріне сенбесек, және олар құлшылық қабыл болмайтындай өрескел қателіктер жіберді деп соншалықты күмандансақ, онда басқа кімдерге сеніп, кімдердің соңдарына еруге болады?

Сонымен, егер мазхаб ұстанушы мұсылмандар адасушылардан, немесе мүшіріктерден болмаса, және олардың ұстанып жүрген ақида, фиқһ ілімдері де дұрыс болса, онда олардан бөлініп фитна деп аталатын өте зор күна жасаудың қандай қажеттілігі бар деген сұрақ туындайды. Егер мазхаб ісінде біліміміздің аздығынан туындап жатқан кейбір келеңсіздіктерді байқап жүрсең, онда жамағатты жіктеп күнаға батпай сабырмен, ақылмен іс жасауға болмас па?

Жалпы мазхаб мәселесіне жеңіл қарауға болмайды. Ол қажетсіз санап оп-оңай ғана тастай салатын бір сәттік көңіл күйдің ойыншығы емес. Егер Исламның тарихына көз жүгіртетін болсақ Құранмен, сүннетпен жүретін, дін ілімін терең меңгерген бұрынғы өткен ғұламалардың барлығы дерлік төрт мазхабтың бірін ұстанып өткен. Бірақ бір таңғаларлығы, мазхаб ұстанудың қажеті жоқ деп өздерінше жаңалық ашып жүрген фитнашылар еш шімірікпестен осындай мазхаб ұстанып өткен ғұламаларды да өздерінің фитна істеріне пайдалануда.

Шын мәнінде, мазхаб ұстанып өткен ғұламалардың еңбектері мен беделдерін мазхабқа қарсы пайдаланып, оларды өздерінің фитна істеріне ортақ етуге олардың қандай құқықтары бар? Егер фитнашылар айтатындай мазхаб ұстану қате, немесе, адасу болса, онда сол ғұламалар бірінші кезекте мазхабтан шығып, мазхаб ұстанбауды барынша насихаттаған болар еді. Бірақ, олар мұндай фитна күнасынан өздерін аулақ ұстады. Олардың мұндай өнегелері кімге болса да ой салуға тиісті.

Әрине, мазхаб ұстану дін ұстанудың кемел жолы емес, бірақ, одан кемел жол да жоқ. Бұған бұрынғы өткен білікті, шыншыл, тақуа ғұламалардың түгелдей дерлігінің мазхаб ұстанып өтулері жақсы дәлел. Ол ғұламаларды біз турашылдардың, тақуалардың тізімінен сызып тастай алмаймыз. Сондықтан да бізге солармен бірге болудан басқа жол жоқ! Сондықтан да бізге мазхаб ұстанудан басқа таңдау жоқ!

Ислам және өркениет газеті. 20.11.2010. http://galym.jimdo.com

 
gbaqytkereiuly
20 марта 2013, 23:20
470

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38127
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2712
  • 64
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1999
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2278
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1245
  • 0
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1236
  • 6
Как бы ни был красив Шираз, он не лучше казахских раздолий

Как бы ни был красив Шираз, он не лучше казахских раздолий

Посетить далёкий иранский город Шираз мне хотелось лет с девяти. Историю в 5-6 классах у нас преподавал учитель музыки, было очень весело, но самой истории на уроках не было.
theYakov
12 авг. 2017 / 12:17
  • 1143
  • 6