Әскери-үйретілген резерв ақылы негізде әзірленеді

МО РК 2013 M03 19
482
0
0
0

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде азаматтарды ақылы негізде әскери-үйретілген резервке әзірлеу басталып кетті. Бұл 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі»...

Қазақстан Қорғаныс министрлігінде азаматтарды ақылы негізде әскери-үйретілген резервке әзірлеу басталып кетті. Бұл 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» Заңына сәйкес жүзеге асырылуда.

Дайындық «Әскери-техникаплық мектеп» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары филиалдарының базасында өткізіледі.
Аталған дайындық түрі дәстүрлі мерзімді қызметке өзіндік балама болмақ. Азаматтарды оқуға іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады. Екі кезең бойынша оқыту белгіленді: наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айлары.
2013 жылы ақылы негізде 3000 азаматты оқыту жоспарланған. Бір ай оқыған мерзім ішінде азаматтар теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастырады. Ол үшін Қарулы Күштер әскери бөлімдерінің полигондары мен тирлерінде жаттығудан өтіп, қару-жарақ, әскери техника және әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысатын болады.
Оқу қорытындысы бойынша оқушыға емтихан тапсырғаннан кейін, санат беріледі ант қабылданады. Ақылы негізде әскери-үйретілген резервті тәмамдағаны жөніндегі сертификаты бойынша әскери билет алып, әскери міндеттілер ретінде есепке қойылады.
Азаматтардың оқығандары үшін төлеген қаржылары олардың толық әскери киім жиынтығын алуына, тамақтануларын ұйымдастыруға жұмсалады. Оқу аяқталған соң далалық киім-кешек пен басқа да бұйымдар мен мүліктер түлектердің өздеріне сақтауға беріледі.
Әскери үйретілген резервті төлеп оқыту-үйрету бағдарламасы бойынша 210 мың теңге қаржы белгіленген.
Әскери істі үйреніп, Отан қорғауға әзір болуды қалайтын әскерге шақырылушылар аз емес, олар сонымен бірге атыс қаруынан атуды оқып  үйренуге, оны қолдануды меңгеруге де мүдделі. Филиалдарда оқып жатқан құрамның негізі орта-арнаулы және жоғары білімі барлар. Мектепте әскерге шақырылушылар болашақ мерген, пулеметші, гранатаметші мамандығы бойынша танысу курсынан өтеді.
Әскерге шақырылушыларды дайындау аясында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеудің маңызы артады, себебі ол ысылған әрі күшті Отан қорғаушыларды даярлауға шешуші үлес қосады.
Анықтама: «Азаматтарды әскери қызметке әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы ереже» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпанда № 118 қаулысымен бекітілген.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0