Апа! Мерейтойың құтты болсын!

Асель Атыбекова 2013 M03 15
800
0
0
0

"Алпыста алты жасар баладай бол, Жетпісте қанжығасы – жағадай бол. Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай, Жүз жаста көпті көрген данадай бол". Менің апам-Көкенова Тұрсынхан Наурыздың 14 күні,Аллаға...

"Алпыста алты жасар баладай бол,

Жетпісте қанжығасы – жағадай бол.

Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай,

Жүз жаста көпті көрген данадай бол".

Менің апам-Көкенова Тұрсынхан Наурыздың 14 күні,Аллаға тәуба,80 ге келді!

Апа!  Мерейтойың құтты болсын!

Біздің апамыз-дүниедегі ең асыл және дарынды философтардан да асып түсер ме еді? Әрине,асып түседі!

Ұл-қызын өсіріп-тәрбиелеп,бүгінгі күнде біздің отбасымызда  ӘЖЕ- атағына  ие болып отыр./Ішінара біз апамызды «Генерал» деп атаймыз/.

Былтырғы жылдың қазанына дейін апам Ақши ауылы,бұрыңғы Күрті ауданы,қазіргі Іле  ауданында тұрды. Көршілерінің арасында да,үлкен-кішісі бар, апамызды «БУХГАЛТЕР-АПА» деп атап кеткен,себебі атам, Үсенов Ақан- ұзақ жылдар бойы бас есепші болған. Қазір апам Алматының жанында,Тұрар деген ауылда турады.

Апам, барлық қыздарының, менің де,  немерелерінің де жасауымызды жасап, бармағынан бал тамған шебер.

Апамның жасаған  көрпелері дүниеде ең жұмсақ,ең әдемі!

Дүниежүзінің атақты  мұражайларына қоюға болады.

Ешқашан да төр көрпелердің  оюлары мен түстері бір-бірімен  қайталанбайды!

Жақсы адам-  барлық жағынан да жақсы болады емес па,ал біздің апамыз КЕРЕМЕТ!

Көрпелері өз алдына,тамақ жасау шеберлігін айтсаңшы!

Нан  ашытып,табаға пісірген  наны мен бауырсақтары тіл үйіреді,ашытқынын құрамын келіндерінің бірі білсе, бірі біле бермейді.

Апамның ашытқан айраны мен құрт-ірімшігі ше? Шіркін-ай,десеңші!

Мектепте оқып жүргенімде  әр демалыс атам мен апамның қасында болатынмын.Сол кезде көргенім бар,сонда да құрамын  білу керек екен.

Жарайды,осы демалыста құттықтауға барғанда,сұрап көрейін. Айтар ма екен?

Бүгін Алматының радиокеңістігінде апамды құттықтауға тырыстым, барлық ғаламторда «Апамның 80 жылдық мерейтойы» деп жар салдым!

Иә,барлығы білетін болсын- «Менің апам-Керемет»!

Біз сені сүйеміз!

Болашақ апаларға айтарым-менің апамдай болыңыз, ал болашақ немере мен шөберелерге дәл менікіндей АПА тілеймін.

Оцените пост

0
Дальше