Тікелей эфир

Иллюзия әлемінде жүрген Жеңіс

Менің есімім Жеңіс. Мен иллюзионистпін. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кішігірім Кентау қаласында дүниеге келгенмін. 15 жылдай отбасыммен Алматы қаласында тұрып келеміз. Иллюзия жанрына кішкентайымнан қызығамын. Әрине, оның оянуына бірден-бір әсер еткен тұлға — иллюзионист Дэвид Копперфильд. Кішкентайымда оның өнеріне қызығып, бірнеше фокусты үйрендім. Оның бірін біреу үйретсе, біреуін бір жерден көріп алдым. Барлығын бірден жаттап алып, отбасыма, достарыма қайта-қайта көрсете беретіндігім әлі есімде.


Негізгі мамандығым қаржыгер. Қазір магистратурада оқимын. «Мен не үшін иллюзиямен айналысамын?» дейсіз бе. Шынымды айтсам, бұл мамандық па, жоқ па, онысын әлі шешкен жоқпын. Бірақ қазіргі уақытта басымнан өтіп, айналамда болып жатқан магия, сиқыр маған өте ұнайды. Қазіргі уақытта бұл ісімді тастап кетуді ойламаймын.

2010 жылдан бастап промо акциялар, қайырымдылық кештер сынды түрлі іс-шараларда өз өнерімді көрсетіп келемін.

Бәрі жай ғана қызығушылықтан басталған. Алайда алғаш рет қолыма тиынды алып, кинодағыдай айналдыра бастағанда осы иллюзия өнерімен «ауырып» қалдым. Университетте, сабақта қолыма тиынды алып, айналдырып отыратынмын. Әрине, басында қиын болды. Тиын қолымнан қайта-қайта түсіп кетіп жатады. Көрген адамдар менің не істеп отырғандығымды түсінбей біртүрлі қарап кете баратын. Бірақ мен алдыма нақты мақсат қойып, фокус жасауды қалай болса да үйренемін деп шештім. Сөйтіп мен сиқыр мен иллюзия әлеміне еніп кеттім.

Мен көрермендерге сиқыр көрсеткенде оларға эмоция, кішкентай сәбидің пәк күлкісін сыйлағым келеді. Өйткені үлкен адамда күлкі пайда болғанда, ол миллисекундқа кішкентай сәбиге айналады. Сол кезде оның жан дүниесінен шынайы бір сезім шығады. Мен сиқырды, шыны керек, сол бір сәт үшін ғана жасаймын. Біреуге осындай сезім сыйлай алатындығынды көргенде, ол адамның сені, сенің оған сыйлаған эмоцияларыңды есінде сақтап қалады.

Былай қарап тұрсаңыз, иллюзия өнерін оқытатын арнайы танымал оқу орындары жоқ. Алайда, жабық кәсіби оқу орындары, цирк колледждері, жеке иллюзионист, фокусниктер өздері ашқан оқу орындары бар. Фокусниктер, иллюзионистер, манипуляторларды дайындайтын ТМД елдерінің арасында мен білетін жалғыз оқу орны — Киев училищесі. Оны бітіргендер осы мамандық бойынша диплом алады. Бірақ оның өзі орта білім болып саналады. Өйткені әрі қарай жоғарғы білім алу үшін режиссер, актер, постановщиктің оқуын оқу қажет. Бірақ иллюзия өнерінің әлем жұлдыздары Дэвид Копперфильд, Penn & Teller, Лэнд Бартон, Крис Энджел, Динамо — сиқыр жасауды өздері үйренгендер. Жалпы алғанда осы өнермен айналысатындардың 99 пайызы сиқыр жасауды өздері үйренгендер деп айтсам қателеспеспін.

Иллюзия өзіне актерлік шеберлік, риторика, сахна тілі, қол, дене моторикасы, пластикасы сынды бағыттарды қамтитын бірден-бір жанр болып табылады. Тіпті иллюзион жанрының қамту аймағын санап айтып беру мүмкін емес. Өйткені психология, сурет өнері тағы басқа көптеген бағыттардың барлығын осы иллюзион қамтиды. Осылардың әрқайсысын дамыту арқылы сен халыққа нағыз ғажап сыйлай алатын дәрежеге жетесің.

Менің ең сүйікті реквизитім — тиын. Бірақ өзің нағыз шебермін деп есептейтін иллюзионист барлық сиқырды көрсете алуы қажет екендігін ұмытпауымыз керек.
Менің негізінен көрсететінім микромагия. Өйткені сиқырға қарап тұрған көрерменмен тікелей қарым-қатынаста болу әлдеқайда әсерлі. Әрине, алдағы уақытта сахналық магияны да көрсете жатармын. Бірақ қазіргі уақытта мен әлі үйрену үстіндемін.
Дайын сиқырды көрерменге көрсету үшін өте көп уақыт, жаттығу қажет. Сен бір сиқырды білесің, оны тіпті өте жақсы көрсетуің де мүмкін. Бірақ оны жақсы біледі екенмін деп көрермендерге дәл солай көрсете берсең, халықты жалықтырып аласың. Сол үшін кез келген сиқырды қайта-қайта жасап, оған өзгертулер енгізіп, қажет емес деген жерлерін алып тастап отырған абзал. Өйткені әрбір сиқыр ол көрерменге сенің ішкі жандүниеңді көрсетудің бірден-бір тәсілі.

Сиқырда ең қиыны - манипуляция. Өйткені ол көп уақытты талап етеді. Мысалы, иллюзионистер туралы киноны көре отырып, сақинаны манипулировать етуді үйренгенмін. Алайда оны сәтті жасап шығу үшін оған жарты жылдай уақытымды бөлдім. Сондай-ақ Гарри Гудини сынды жеңдері байланған, әрі сыртынан шыңжыр байланған көйлектен шығу сиқырын жасауды үйренгенде де көп уақытымды жұмсадым. Шындығына келгенде ол сиқырда айтарлықтай құпия жоқ. Өйткені ол жерде бәрі шынайы, көрермендер өздері байлап, өздері тексеріп көреді. Бір көрермен шыңжырды мойныма байлап қойған кездер де болған. Тұңшығып бара жатсаң да бастаған ісіңді соңына жеткізу қажет. Нөмірдің соңында босанып шықтым. Бірақ өте қиын болды. Сол үшін тәжірибе жасап жатқанда да осындай оқиғалардың болатындығын ескеру қажет.

Копперфильд айтқандай, «Әр сиқыр өзіне жан дүниеңді, уақытыңды сала отырып, оның тірілуіне күш салатын балаң тәрізді. Ең бастысы, сиқырдың құпиясын ашып қоймау керек».

Кез келген сиқыршы, иллюзионистің жазылмаған кодексі бар.

1. Сиқырдың құпиясын ашуға болмайды.

2. Бір сиқырды бір көрерменге бірнеше рет көрсетуге болмайды. (Өйткені сиқырды бір рет көрген адам екінші рет оған емес, санасынан тыс оның құпиясын іздей бастайды).

3. Ең бастысы, сиқырды көрсетуден бұрын оны мінсіз етіп жасап шығу. (Айна алдында, туысқандар алдында көрсету арқылы қолын қалт ете қалса соны жасай беруің қажет).

Мен адам ретінде жан-жақты болуға тырысамын, магиядан басқа бонистикамен айналысамын, бүгінгі күні кітапшамда 60-тан астам елдің валютасы жинақталған. Сондай-ақ тауға шыққанды ұнатамын. Алматының таулары керемет қой. Түрлі кино көргенді, кітаптар оқығанды жақсы көремін, соның ішінде психология, экономика, маркетингке байланысты. Адам бәріне үлгеруі керек деп ойлаймын.

Қарап тұрсаңыз, ежелгі, орта ғасырларда атақты ғалымдар, жалпы сол заманның адамдары тек қана бір саланы ғана қамтып қоймаған. Олар тіл үйрену, астрономия, математика, физика, анотомия сынды ғылымдарды үйрену арқылы көп нәрсені қамтып алуға тырысқан. Әл-Фараби, не Леонарда Давинчиді мысалға алатын болсақ, олар ойлап тапқыш, суретші, лингвист болған. Қашанда соларға қарап отырып қатты қызығатынмын. Соларға қарап адам қалаған нәрсесін кез келген уақытта үйрене алатындығына сенемін. Бірақ кез келген нәрсе құрбандықты талап ететіндігін де түсінемін. Әрине, ол бірінші кезекте уақыт, күш-қуат, эмоция және өзге де ресурстардың жұмсауын талап етеді.

Кезінде АҚШ-та біраз тәжірибе жинап қайтқан болатынмын. Сол уақытта танысқан, қазіргі америкалық атам — Джими Браун. Джими маған сиқыршы ретінде емес, тұлға ретінде өте үлкен әсер етті. Қытайлық Лу Чен, америкалық Penn & Teller, жапондық Ponta The Smith , Гарри Гудини сынды әлемдік жұлдыздардың барлығына ұқсауға тұрарлық, иллюзия жанрының тарихын оқи отырсаңыз үлгі аларлық тұлғалар.

Мен өзім Қазақстандағы иллюзия жанрының тарихына байланысты мәліметтерді жинап жүрмін. Өзім көрмесемде 70-ші жылдары иллюзия жанры бойынша әлемдік чемпионатқа қатысып, жеңіске жеткен Қазақ КСРО-сының азаматтары, алматылық жұп ерлі-зайыпты Сұлтанғали Шүкіров пен Сара Кабигужина туралы шетелдік достарымнан естігенде таңқалдым. Әрі қазіргі уақытта оларды мақтан тұтамын.

Менің қазақстандық барлық сиқыршылар мен иллюзионистердің басын қоссам деген арманым болатын. Сол арманым қазіргі уақытта Қазақстандық сиқыршылар клубынның ашылуына ұласты. Осы идеямды жүзеге асыруға дәл бір жыл уақытым кетті. Барлығын кезең-кезең бойынша зерттеп, барлық сиқыршы, иллюзионистерді тауып, олармен кездесу үшін. Жалпы елімізде өзім танитын қырыққа жуық сиқыршылар мен иллюзионистер бар. Қазір солардың 15 шақтысы ғана біздің клубтың мүшесі. Өйткені жабық клуб болғандықтан өзінің ережелері бар. Клубты ұйымдастыру барасында Қазақстанда сиқырмен айналысатындардың жасы минимум 14 жастан басталып, максимум 60 жасқа дейін баратындығын білдім Бұл клубты өткен жылы ресми түрде тіркедік.

Әрине, бұл өнер шетелде өте жақсы дамыған. Бірақ біз де олардан қалыспай, барымызша иллюзия өнерін өз елімізде дамытуымыз қажет деп есептеймін.
Алдағы уақытта Алматы қаласында ресми түрде Қазақстан Республикасының сиқыршылары мен иллюзионистерінің конференциясын өткізу жоспарда бар. Алла сәтін салса алдағы уақытта бізде 70-ші жылдардағы отандастарымыз Шүкіровтер жұбының жеңісіне жетеміз деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта мен адамды арамен екіге бөліп көрмедім. Бірақ ісіміз осыған келе жатыр. Әрине, бұл сиқырдың құпиясын білемін. Алайда алдында айтқанымдай сиқырды жасау үшін тек құпияны білу аздық етеді. Оған көп уақыт бөліп, қажетті реквизиттерді алу үшін қаражат және ең бастысы шеберлік қажет.

Әрбір сиқыршының өзі ойлап тапқан сиқыры болады. Менің жеке нөмірім
«Өмір философиясы» деп аталынатын сиқыр.

Сиқыршы боламын деген адамға қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған. Түрлі кітаптар, кинолар, интернеттен шеберлік сыныптары бәрі-бәрі бар. Сондай-ақ фокусниктерді тіпті мультфильмдерде де кездестіруге болады. Осы көктемде басты тақырыбы сиқыршылар, иллюзионистерге арналған «ОЗ: Великий и Ужасный», «Невероятный Берт Уандерстоун» және «Теперь меня видно» атты үш фильм прокатқа шыққалы жатыр.

Негізі иллюзиға қызығатын адамдарға көбінесе көркем әдебиетті оқуға кеңес беремін. Ол сенің қиялыңның, ойлау қабілетіңнің дамуына көмек береді. Сондай-ақ өзге де әртістердің сиқыр жасағандарын көріп, солардан үлгі алу қажет. Иллюзия ол жан-жақты өнер, сондықтанда иллюзионист боламын десең, психология, шешендік өнер, актерлік шеберлік, пластика, қолдың моторикасын дамыту керек және ең бастысы күле білу керек.

Иллюзионизм, бір сөзбен айтқанда, көрерменді жоқ нәрсеге сендіру, яғни өтірік алдау десе болады. Не үшін адамзат бұл өнерге қызығады деп ойлайсыз? Адамдардың барлығы бірдей және олар қашанда тылсым күшке сенеді. Иллюзия, әрине, бұл өнер, көрерменге бір сәтке ұмытылмас әдемі сезімдер сыйлау. Бірақ бұл тылсым күштің барын дәлелдеу емес. Әрине, экстрасенстер, көріпкелдер арасында психологияны, гипнозды, сиқырды қолдана отырып адамдарды өздерінің тылсым күшке ие екендіктерін дәлелдегісі келетіндер бар. Бірақ ол дұрыс емес. Өзім Аллаға сенетін адам ретінде мен істеген ісіммен тылсым күшке ешкімді сендірмеймін. Тек көрсетемін, ал оған сену-сенбеу әр адамның өзіне байланысты.

Жеңістің сайты

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

 

Алия Arsik
18 наурыз 2013, 11:31
4450

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

А я ничего не понял. Где смысл казач онли?

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 37921
  • 18
Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 8426
  • 5
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 6070
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 6213
  • 63
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 4014
  • 28
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 2705
  • 10
Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Инструкции по сопроводительному письму и собеседованию, которые подойдут всем

Наткнулась на статью Ассоциации юристов Новой Зеландии, в которой они дают советы выпускникам юрфака по поиску работы. Статья меня поразила, поскольку там описано все до мелочей, а их советы подойдут абсолютно всем.
asselsabekova
20 июня 2017 / 16:10
  • 2407
  • 6
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2220
  • 14