Ежелгі жазба

nazgulnaz 2013 M03 11
472
0
0
0

Астана. 12 наурыз. Baq.kz- Ортағасыр тарихшыларының, жағрапияшыларының шығармалары мен саяхатшыларының жолжазбаларында Сырдария өзені төменгі сағасының археологиялық ескерткіштерін, IX – XII...

Астана. 12 наурыз. Baq.kz- Ортағасыр тарихшыларының, жағрапияшыларының шығармалары мен саяхатшыларының жолжазбаларында Сырдария өзені төменгі сағасының археологиялық ескерткіштерін, IX – XII ғасырларда осы өңірде өткен тарихи-этникалық процестерді суреттейтін мәліметтер жақсы сақталған. Сондай-ақ Шығыс Арал бойы көшпенділерінің сол уақыттағы әлеуметтік тұрмысы, саяси құрылымы және шаруашылық жағдайы тәптіштеп баяндалады. Осы дереккөздер негізінде Төменгі Сырдарияның этникалық және саяси тарихын, сондай-ақ археологиялық ескерткіштерін жан-жақты зерттеу мүмкіндігі пайда болды.


IX – X ғғ Шығыс мұсылман мемлекеттерінде ғылым мен мәдениеттің сан-салалы түрлері қарқынды өріс алды. Әсіресе тарих пен жағрапия ғылымындағы жетістіктер адам айтқысыз. Аталған салаларда көптеген ірі ғылыми еңбектер жазылды. Жергілікті тарих мектептері дамыды. Ирактың, Мысырдың, Иранның, Орталық Азияның экономикалық тұрғыдан жақсы дамыған қалалары ғылым мен білімнің ірі орталықтарына айналды. Араб халифаты құлағаннан кейін де көп жылдар бойы аталған елдер өзара араб тілінде қарым-қатынас жасады.
Араб жаугершілік жорықтарының және құрылық пен теңіз сауда жолдарының дамуына байланысты IX - X ғ. араб жағрапия ғылымы барша әлемге таралды. Сонымен бірге араб жазба тілінің таралу аймағы да кеңіді. Сыртқы қауіпсіздік, басқа мемлекеттерге өз ықпалын жүргізу, саяси-экономикалық басымдықтарға ие болу мақсатымен гүлденген араб мемлекеттері көрші елдер туралы мәліметтер жинап, оны қағазға хаттап қоятын болған.
IX ғасырда арабтардың Орталық Азияға аңсары ерекше ауды. Оның ішінде Ислам дініндегі түркітілдес халықтар араб зерттеу негізгі зерттеу нысанасына айналды. Түркітілдестердің тарихы, жағрапиясы, салт-дәстүр, өнер-білімі, т.б ерекшеліктері ең алғаш араб жазумен осылай таңбаланған болатын. Араб дереккөздерінде көшпелі халық туралы жазбалар молынан кездеседі. Олардың қай-қайсында да осынау ұлан-ғайыр Дешті Қыпшақ даласын мекендеген біздің бабаларымыздың батырлық тұлғасы, азаматтық болмысы, ауызбіршілігі жоғары бағаланады. 
Дәулетқали Асауов

 

Оцените пост

0