• 14248
  • 56
  • 1502
Нравится блог?
Подписывайтесь!

KazNET-тің бүгінгі хал-жағдайы

Соңғы кезде KazNET-те әр түрлі шаралар, стартап жобалар үшін байқаулар жиі ұйымдастырылып, жаңа сайттар ашылып жатыр. Бұл да KazNET-тің дамуының, бизнеске бет бұруының көрінісі боп табылады. Бұл сараптамада KazNET-тегі статистикаға, сайттардың бет аласы жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Бүгінгі таңда KazNET-те 9 миллионнан аса қолданушы бар және 80 мыңнан аса домен атаулары тіркелген. Қолданушылардың нақты саны 2012 жылы соңына қарай 9.7 млн. адамға жеткен.

Alexa.com сайтының мәліметі бойынша Қазақстандықтар ең көп кіретін сайттар мен салыстырмалы түрде әлемде ең көп кіретін сайттар тізімін төмендегі кестеден көре аласыз.

Осы кестеден-ақ KazNET-тегі аудиторияның қайда жүргенін көруге болады. Google, Yandex сияқты іздеуіш жүйелерді есепке алмағанда, жұрттың көп бөлігі mail.ru, vk.com, odnoklassniki.ru сияқты Ресейлік әлеуметтік желіден бас алмайтынын, аз да болса 700 000 мыңдай қолданушы Facebook-ке тіркеліп қойған екен. Оның қанша пайызы белсенді екендігі жайлы мәлімет әзірге жоқ.

Ал енді KazNET-тегі сайттардың рейтингіне тоқталсақ (Zero.kz мәліметі бойынша). Бұл соңғы бір айдағы статистика.

Бұл рейтингте nur.kz, kiwi.kz, zakon.kz, namba.kz, gismeteo.kz, tengrinews.kz сияқты сайттар ақпарат таратушы, ойын-сауық сайттар болса, ал koleso.kz, slando.kz, satu.kz, krisha.kz, olimp.kz жарнамалық сайттарға жатады. Сондай-ақ, форум, блогтұғырнамаларға vse.kz, yvision.kz, kazakh.ru сайттары кіреді. Ең қызығы және өкініштісі білім саласында бұл тізімге екі-ақ сайт кірген, олар sozdik.kz пен бұл тізімдегі жалғыз қазақша surak-zhauap.kz сайттары.

Zero.kz-те соңғы бір айда алдыңғы қатарда тұрған 100 сайтты 4 санатқа бөліп көрейік:

  1. Ақпараттық, ойын-сауық сайттар – газет-журналдардың сайттары, жаңалық таратушы, ауа райы жайлы ақпарат беретін және видео, музыкаға толы сайттар кіреді.
  2. Жарнамалық сайттар – тегін жарнама орналастыратын және сауда орындарының сайттары жатады.
  3. Блогтұғырнама, форумдар
  4. Білімге қатысты сайттар – бұл санатқа рефераттар, ашық сабақтар қоры жиналған сайттар кіреді.

KazNET-тегі аудиторияның көп бөлігі 16-30 жас аралығында екенін ескеретін болсақ, ақпаратқа қызығушылық пен ойын-сауықтың алдыңғы қатарда екенін түсінуге болады. Ал жарнамалық сайттарға сұраныстың пайда болуы кез келген адам қандай да бір тауар сатып алу, дем алу үшін демалыс, сауда орындарын табу мақсатында интернеттен қарайтыны белгілі. Одан кейін студенттер мен ұстаз-мұғалімдер өздерінің реферат, курстық жұмыстарын, ашық сабақтарын, сөздердің аудармаларын білімге қатысты сайттардан іздейді. Ал блогтұғырнама, форумдар ешкімнің бақылауынсыз ерікті қолданушылар мен блогылардың жасайтын сайттары болып есептеледі.

Ал енді Zero.kz-тегі алдыңғы 100 сайттың тілінің қолданылуына тоқталатын болсақ.

Кез келген министрліктің, сауда орындарының, әкімшіліктің сайттарында орыс тілі міндетті түрде болады, ал қазақ тілі “галочка” үшін тұратын сияқты. Көп жағдайда екі тілді сайттарға кіргенде алдымен орыс тілі ашылады, одан кейін жоғарыдағы “қаз” деген жазуды таңдап қазақша контентке өтуге болады. Zero.kz рейтингіндегі алдыңғы 100 сайттың ішінде ағылшын тілі 8% ғана қолданыста екен, яғни 8 сайтта ағылшын тілі қолданылған. Бұл жерде сайттарды тілдер бойынша бөлгенде қазақ, орыс, ағылшын тілді сайттарды үш сайт ретінде қарастырдық, яғни қазақ тілді, орыс тілді, ағылшын тілді сайтқа да жатқыздық. Орыс тілінің алдыңғы 100 сайтта көп қолдануының себебі бізде ақпараттық, ойын-сауық, жарнамалық сайттардың 80-90% орыс тілінде жүреді.

 

2012-13 жж. KazNET-те болған іс-шаралар мен стартап байқаулар

Соңғы жыл мен осы жылдың басында KazNET-те көптеген шаралар, оның ішінде конференциялар, форумдар, стартап байқаулар өтті. Соларға қысқаша шолу жасап өтуді жөн санадық.

StartUp School

Өткізілген уақты: 10.01.2012-29.02.2012

Орны: Алматы қаласы

Стараптар мектебі – таңдалған командаларды интенсивті түрде оқытатын 2 айлық бағдарлама болып, командалар алған білімдерін іс жүзінде амалға асырады. Қазақстандық және басқа шет елдік білікті мамандар оқытады. Толығырақ http://businesslabs.co/

 

BlogCamp: БлогҚұрылтай 2012

Өткізілген уақты: 23.03.2012

Орны: Астана қаласы, Назарбаев университеті

БлогҚұрылтай 2012қазақ тілді интернеттің дамуына үлес қосу, өзaрa пiкiр және тәжiрибе aлмaсу мақсатында ұйымдастырылған  шара. Қaзaқшa контентті дамыту, технологиялық ақпараттарды таныстыру, білім толықтыруды – аталған жиын басты назарда ұстап отыр. Толығырақ http://www.blogcamp.kz/

 

Investor Day

Өткізілген уақты: 04.04.2012

Орны: Алматы қаласы

Investor Day – интернет-кәсіпкерлік саласындағы инвестицияларға арналған Қазақстанда және Орталық Азияда өтетін конференция. Негізгі функциясы – саладағы негізгі венчурлық қорлар, жеке инвесторлар, стартаптар мен  мықты интернет-компаниялар, кәсіби консультанттар және эксперттердің басын қосу. Толығырақ http://investorday.kz/

 

Turkic Wikimedia Conference

Өткізілген уақты: 20.04.2012-21.04.2012

Орны: Алматы қаласы, ҚазҰУ

«Turkic Wikimedia Conference» — халықаралық түркі тілдес Уикипедиялардың конференциясы, «Wikimedia Foundation» қорының ұсынысымен және қолдауымен Қазақша Уикипедияның даму үлгісін өзге түркі тілдес Уикипедиялармен бөлісу мақсатында өткізілмек шара. Конференцияның мақсаты уики-қауымдастықтардың арасында байланыс нығайту, ашық білім беру ресурстарын дамыту болмақ. Толығырақ...

Imagine Cup 2012

Өткізілген уақты: 26.04.2012

Орны: Алматы қаласы, Халықаралық IT университеті (ХАТУ)

Imagine Cup – Microsoft корпорациясының басқа да hi-tech компаниялармен бірігіп өткізетін дүниедегі ең ірі студенттік жарыстардың бірі. Толығырақ http://tech-club.kz/imagine-cup-2012

 

HackDay Almaty 2012

Өткізілген уақты: 28.04.2012-29.04.2012

Орны: Алматы қаласы, Халықаралық IT университеті (ХАТУ)

HackDay – интернет жобаларды жасау мен дамытуға арналған алаң. Толығырақ http://hackday.ru/events/hackday-22/home.html

 

TEDxAlFarabiU

Өткізілген уақты: 06.05.2012

Орны: Алматы қаласы, ҚазҰУ

Тек қана бірегей идеялар. Таңдаулы ойлар. Шабыттандырушы әңгімелер. Креативті спикерлер. Соңғы мәліметтер мен авторлардың ұстанымдары. Бұл TEDxAlFarabiU!

 

IT&M 2012

Өткізілген уақты: 10.05.2012-11.05.2012

Орны: Алматы қаласы, Халықаралық IT университеті (ХАТУ)

10th International Conference Information Technologies and Management 2012. Толығырақ http://www.iitu.kz/events/36.html

 

Startup Lounge

Өткізілген уақты: 17.05.2012

Орны: Алматы қаласы, Cafeteria

Startup lounge – жобалар бір-бірімен байланысқа шығуы үшін стартаперлердің бейресми кездесуі. Сондай-ақ, iStartUp.kz жобаларына эксперттер мен инвесторларды тарту. Толығырақ http://istartup.kz/article/show/id/89

 

Connect 2012

Өткізілген уақты: 21.05.2012-22.05.2012

Орны: Астана қаласы, Пекин Палас Solux Hotel

IT нарықтағы оқиғалар және олардың мемлекетке, бизнеске һәм ғылымға әсері жайлы конференция. Толығырақ http://www.connect2012.kz/

 

Алғашқы қыздар арасындағы ICT чемпионат

Өткізілген уақты: 25.05.2012-27.05.2012

Орны: Астана қаласы, Пекин Палас Solux Hotel

Тегін және ашық бағдарламалық қамсыздандыру негізінде сайт жасаудан мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында өтетін чемпионат. Толығырақ http://fsf.kz/ru

 

I’MIX 2012

Өткізілген уақты: 30.05.2012

II Қазақстандық интернет конференция. Толығырақ http://i-mix.kz

 

TFCA 2012

Өткізілген уақты: 14.06.2012

Орны: Алматы қаласы, KIMEP

TFCA 2012 – қоғамдық қор өкілдері, IT жасақтаушылар, кәсіпкерлер, digital агенттіктер мен жаңа медиа мамандары, стартаперлер, блогерлер мен мемлекеттік ұйым қызметкерлері қатысатын форум. Толығырақ http://tfca.kz/?lang=ru

 

#mediablogkz блог-конференциясы

Өткізілген уақты: 08.12.2012-09.12.2012

Орны: Алматы қаласы, A-Club

"Онлайн-журналистика және блогинг" атты Орта Азиялық алғашқы блог-конференция. Толығырақ http://yvision.kz/post/306181

 

Astana Internet Forum

Өткізілген уақты: 22.12.2012-23.12.2012

Орны: Астана қаласы, Назарбаев Зияткерлік Мектебі

Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты – қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету. Толығырақ http://aif2012.kz/

 

Қазақ сайттары редакторларының конференциясы

Өткізілген уақты: 22.01.2013

Орны: Астана қаласы

Конференцияда интернет кеңістігіндегі қазақ сайттарын, бағдарламалары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ, интернеттегі контенттің сапасы мен ІТ саласындағы терминдердің жай-күйі және латын әліпбиінің қолданылу аясы тәріздес мәселелер қарастырылады. Толығырақ http://kaz.pressclub.kz/2013/01/14/%D2%9Baza%D2%9B-sajttary-redaktorlaryny%D2%A3-konferenciyasy/

 

Сондай-ақ, Atameken Startup атты жас кәсіпкерлікті қолдау жобасы мен АҚТ (ақпараттық-коммуникациялық технология) дамыту қоры жас стартаперлерге қолдау көрсетеді.

 

2012-13 жылғы ашылған тақырыптық қазақ сайттары

Кейінгі уақытта қазақша сайттар арасында тақырыптық сайттар көбейе бастады. Бұл да деңгейдің өскенін білдіреді. Сондай сайттардың кейбіреулерін атап өтейік.

 

Ekpin.kz – мәдени-танымдық журнал

Aitaber.kz – блогтұғырнама

Aikarakoz.kz – қыз-келіншектерге арналған сайт

Zhanaoi.kz – IT, бизнес, мотивациялық сайт

Qamshy.kz – ақпараттық портал

IT-tirlik.kz IT саласындағы ”IT-tirlikонлайн-журналының сайты

Shyn.kz – ақпараттық портал

Bilimpaz.kz – ақпараттық портал

Muslim.kz – діни портал, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты

El.kz – әлеуметтік желі

Kazbash.kz – қазақша әзілдер сайты

Sportsarap.kz – спорт портал

Aikap.kz – ақпараттық портал

Wifi25.kz – Wi-Fi25 шығармашылық тобының сайты

Kereknews.kz – латын қарпіндегі ақпараттық портал

Maqam.kz – IT саласындағы сайт

Blogsport.kz – спорт тақырыбындағы блогтұғырнама

Inspiremedia.kz – “Inspire Media” продюсерлік орталығының сайты

Kokbori.kzХалықаралық IT университеті студенттерінің ақпараттық порталы

Naqyl.kzқазақша мотиваторлар сайты

 

KazNET-те орысша сайттар өз жолын тауып, бизнес саласына жақсы сіңісіп кеткен. Ал қазақ сайттарын көбінесе энтуазист жастар жасайтын болғандықтан жарнама тарту, қаржы табу мәселесі шешімін таба алмай жатыр. Дегенмен кейінгі уақытта қазақ тіліне сұраныс артты, сондықтан қазақ сайттары қаржы көзіне айналады деген үміт бар.

 

(с) Nurlan Janai, SmartShow үшін

Nurlan Janai nurlanjanai
11 марта 2013, 0:19
8956

Loading...

Комментарии

Жақсы сарап амиго :) Көкбөрі кейзет мен үшін жаңалық енді :)
Өзім де соны естіп, таң қалдым :)
Өзім де соны естіп, таң қалдым :)
Жақсы сарап амиго :) Көкбөрі кейзет мен үшін жаңалық енді :)
sabaq.kz бізді де қосыпқой)
sabaq.kz бізді де қосып қой тізіміңнің чоңына)))
Жарайсың Нұрлан! Осылай талдап, жіліктеп тастағаныңа.Біз секілді бейбақтарға таңсық қой бұл)))
Жақсы талап! Үдете түс сараптарыңды!
Гугл мне Яндекстерді бәрін неге бөліп тастадыңдар? Ол бәрі бір емес пе
cray
0
0
Қазақша локализацияға көңіл бөлейік
cray
0
0
Кстати, новостных сайтов больше чем новостей
:))) Дұрыс, айтасыз!!! Бір жаңалықты бірнеше сайттан қарауға болады :)
Жақсы сараптама. Өткенде блог жазбайсың деген сөзім өтіп кетті-ау деймін))) Жазып тұр!
сары кагазды нур.кз 1ши орында тур, Челах, Шымкент, оралман, тил проблемасын арнайы шукылатып, турткилетип. Мусабеков сиякты отирик эксперттер базардагы зазывала сиякты
Жасалган енбек жаксы-ак кой, бирак жаксы сыншы бола да билу керек. Жаксы деп коя салсан дурыс болмас. Ендеше сын:
Бириншиден, озибары жогы 16 ак миллион халык болсак. Оздериниз жаналыктардан естип билип жургендей халкымыздын копшилиги осы жылдары су таскыны, катты жел согу сиякты апаттардан зиян шегип муктаждар катарында. Жане де копшилик баспана маселесин шешпеген, патер жалдап ар жерде жур. Демек, Казакстанда 9,7 миллион адамнын уйинде копьютери бар, жане де ол интернет желисине косылган да, онын айма ай акысын удайы толеп туруга шамасы жетерлик дегенге сене аламыз ба?
Екиншиден: mail.ru, vkontakte.ru деген сайттарда колданушылардын копшилиги уакытын откизетинине сенемин. Бирак, накты сол маселе окиниш туындатады. Ойткени, ол копшиликтин боска уакыт откизетиндигин корсетеди. Статистикалык малиметтер бойынша алеуметтик желиде отыратындар спорттан алшак, козгалыссыз омир суруде жане ден саулыктары жаксы емес немесе алдагы уакытта ден саулыктары жаксы болмайтыны анык.
9.7 млн. дегенге агентке тіркелген адам да бір қолданушы ретінде есептеле беретін сияқты. Соткамен кіретін қолданушылар да интернет қолданушыға жатады бәрібір. Осыны ескергеніңіз жөн!
mail.ru, vkontakte.ru сайттарында басым коп колданушылар журетини окиништи. Алеуметтик желиде журетиндер спортан алшак, асиресе егер ол жасоспирим балалар болса, козгалыссыз омир олардын ден саулык жагдайына кери асер етеди.
Жаналык жайындагы сайттардын жаналыктардын озинен коп екенимен келисемин
16 млн халыктын 9,7 млн интернет колданушысы дегенге сену киын. Ойткени халкымыздын басым копшилиги патер маселесин шепеген, жалдамалы патерлерде амалдап жур. Сонгы кездерде табигат апаттарынан бираз тургылыкты жерлер халкы зардап шегуде. Ягни ол, копшиликтин уйинде компьютери болып, ол интернет желисине косылган, жане де айма ай интернет акысын толеп туруга шамасы жететин жагдайда емес екендигин корсетеди. 60 пайыз халыктын компютер сауаты айтарлыктай жогарылап кеткендигине де сену киын. Бизде колданушылар саны 5 млннан асады дегенге де сени киын.
Кейбир адамдарда 5-6 логиннен. Кол бостыктан ар кайсысына кирип уакытын боска откизип журе береди. Кейбиреулердин уйинде 4-5 компьютерден. Калаганынан шыга салады. Ол дегенимиз хост аркылы колданушы санын аныктау мумкин емес. Жане де ар аданын уйине кирип компьютери бар ма жок па сауалнама жургизип шыга алмайтын болгандыктан, Казактандагы колданушылар санын аныктау да мумкин емес.
Енді бұл жерде тек компьютер емес, сонымен қоса телефон интернетін де санайды. Жеке мен өзім 5 адам шығармын;)
Сонгы жылдары телефон аркылы интернетке шыгу аркасында колданушыладын айтарлыктай оскенимен келисемин!
9,7 млн деген санга алде де кудигим бар. 16 млн халыктын ишинен интернетке кызыгушылыгы жок немесе руксаты жок тым жас (10 жаска дейинги) жане кариялар (60 жастан аскан) жане де тым инфраструктурасы дамымаган ауыл тургындарын шыгарып тастаганда, шамамен 4 млн, 12 млн калады. Осыдан 80 пайызы 9,7 млн. 80 пайыз дегенге онша сене алмаймын. Оны мен 12 млн-нан жуыктап есептей салдым. Бирак расында нагыз интернет колданушылары 14 пен 45 жас аралыгындагылар болса, шамасы 8-9 млн болу керек. Оган, жасына карамай интернетке кызыгушылыгы жогары азаматтарымызды шамамен 1 млн коссак. 10 млн. Онда, колданушы саны 97 пайыз болады екен. Кешириниз, бирак мен оган сене алар емеспин. Менимше, колданушылар саны емес, тиркелген аккаунт саны деген дурыс шыгар. Ойткени, 1 адамда 5-6 аккаунт бар болса оны 5-6 колданушы деп айта алмайтын сияктымыз.
Агент құрымай Мусор точка рудан кұтылмаймыз!
Агент пен mail.ru екеуін қажетсіз деп санай алмаймын. Мысалы агент болмаса ChatOn, WhatsUp сиақты программаларды қолдану әрбіреуге ыңғайлы болмайды. Ал басқа альтернатива ойластырылмаған. Сонымен қатар, агенттің веб түрі теледидарларда немесе Windows операциялық жүйе жерлерде жақсы қолданыста.

Mail.ru бірінші ретте өзінің почталық сервисімен танымал. Адамдардың gmail, yahoo көшуіне күмәнім бар.

P.S. Бір затты құртар алдында бірнеше рет ойлану керек.
Жақсы сараптама, қазір инетті білім алу мақсатына пайдаланғанған дұрыс.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 31501
  • 194
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15183
  • 3
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 16357
  • 372
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12001
  • 3
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 11747
  • 59
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 8218
  • 57
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 7556
  • 87
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
вчера / 18:36
Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Система госинститутов Казахстана напоминает очень дорогое казино

Сегодня в прессу просочились детали скандальной сделки ЕНПФ с «мусорными» облигациями ТОО «Бузгул Аурум», о которой уже подробно рассказывалось в начале года.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 16:13
  • 3504
  • 21