• 99903
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Гүлшара Әбдіқалықова: Некеде тұрған адамдар­дың жасы ұзағырақ болатыны — аксиома

ҚР Президентінің кеңесшісі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы  Гүлшара Әбдіқалықовамен сұхбат.

– Гүлшара Наушақызы, көктем туа келетін мейрамдардың ең алғашқысы – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер ме­ре­кесіне елімізде мемлекеттік дәр­гей берілгендіктен, халық бұл күні де­ма­лып, бір жадырап қалады. Оңтүстікті қайдам, қасат қары әлі кетпеген, аяз­ды ызғары мен өкпек желі соғып тұр­ған солтүстіктегі жұртқа көктемнің ал­ғашқы көңіл күйін сыйлай келетін де осы мейрам екені рас. Сіз осы мерекені көктемнің басталуы деп қабылдайсыз ба, әлде бұл сіз үшін саяси мереке ме?

– 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні барша адамдар үшін сүйікті мейрам деп ойлаймын. Себебі әйел ең алдымен – Ана, ал әлемде анадан ардақты, анадан аяу­лы, анадан қымбат ешкім жоқ. Мейірім де, жүректің жылуы да, жақсылықтың бар­лығы да әйелден, анадан басталады. Сон­дықтан да бұл тамаша мерекені әрі көгіл­дір көктемнің басталуы, әрі аналар мере­кесі деп қабылдаймын. 

– Осыдан екі жыл бұрын өткен келелі жиынның бірінде мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлес салмағын арттыру туралы мәселе көтерілгені мә­лім. Елбасының өзі әйел затының та­би­ғаты әу бастан жамандыққа жат екенін айта отырып, мемлекет мүдде­сіне, ел игілігіне қатысты шешім қа­был­дау мәселелерінде әйелдердің рө­лі артуы тиістігін меңзегенін, тіпті тиісті тапсырма да бергенін білеміз. Бұл ор­ай­дағы нәтиже қалай болып жатыр екен?

– Нәтиже жаман емес. Қазақстан Рес­публикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясында қойылған билік органдарында шешім қа­был­дау деңгейінде мүмкіндігінше әйел­дер­дің көп болуын қамтамасыз ету мәсе­лесін жеделдету үшін 2011 жылы Қазақ­стан әйелдерінің съезінде Елбасы саяси мемлекеттік қызметтегі әйелдер өкілдігін 30 пайыздан кем емес деңгейге жоғары­лату туралы арнайы тапсырма берген бо­ла­тын.

Елбасының осы тапсырмасын ор­ын­дау мақсатында арнайы іс-қимыл жос­пары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргі­зілді. 

Елдің қоғамдық-саяси өміріне әйел­дердің белсене қатысуына қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қызмет кадрла­ры­ның мониторингі әзірленді. Саяси лауа­зымдарға өсіруге болатын, мемлекеттік қызметтің әр саласында істеп жүрген үміт­кер әйелдердің ведомстволық тізімі әзір­ленді. Әйелдерді партиялық тізімге енгізу туралы ұсынымдар жасалып, барлық пар­тия­ларға жіберілді. Нәтижесінде өткен сай­лауда Парламент Мәжілісі депутатта­ры­ның ішінде әйелдер саны алғаш рет 26-ға жетті. Ал мәслихаттардағы әйелдердің үле­сі Қостанай облысында – 31 пайыз, Ақтө­бе облысында – 28, Павлодар облыс­тарында 23 пайызға жоғары болды.

Сонымен қатар таяуда ғана Алматы қа­ласы мен Қызылорда облысы әкімдері­нің орынбасарлығы қызметтеріне, Алматы об­лысы Талғар ауданының әкімі лауазы­мы­на әйелдер тағайындалғанын да атап өткім келеді. Әрине, мұның бәрін Елбасы­ның тапсырмасын орындау жолындағы үлкен жетістік деп санаймын. 

– Еліміздегі гендерлік теңдік сая­сатының жүзеге асырылуына шетел­дік мамандар қандай баға береді?

– 2012 жылы әйелдер мен ерлерге тең жағдай жасау тұрғысынан Қазақстан Дү­ние­жүзілік экономикалық форум сарап­шы­лары мониторинг жасаған 135 елдің ішінде 31-орынды иеленді. Егер мұның алдындағы жылы 49-орында болғаны­мызды ескерсек, бұл көрсеткішті осы ба­ғыт­тағы үлкен табыс деп айтуға әбден болады. Мұндай табысқа Елбасы басшы­лы­ғымен отбасылық-демографиялық, ген­дерлік саясатты қолдау бойынша жүр­гі­зіліп отырған жүйелі жұмыстардың арқасында қол жеткізілді. 

Жоғары білімі, біліктілігі жағынан әй­ел­дер ерлерден еш кем түспейді. Оның үс­тіне, сезімталдық, сұңғылалық, жаңа ин­но­ва­цияларға бейімділік те әйел затына көбірек тән. Әйел ең бірінші ана болған­дықтан, отбасының берекесін, балалары­ның аман-саулығын, игілігін ойлауы оның түйсігіне жазылған. Сондықтан ел ішіндегі барлық әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне де ең алдымен қыз-келіншек­тер, аналар мүдделірек болатыны да түсі­нікті. 

Елбасының өткен жылдың соңында ғана жариялаған «Қазақстан-2050» стра­тегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біз бұ­дан әрі де елімізде әйелдердің рө­лі артуы үшін барлық жағдайды жа­сайтын бола­мыз» деп айтқанын баршамыз естідік. Енді сол тапсырманы іске асыру – бізге міндет. 

– Сіз басқарып отырған комиссияда «отбасы», «демография» сөздері қа­тар айтылады. Бұл бағытта бұған дейін қандай жұмыстар атқарылды және сіздің алдыңызда қандай міндеттер күтіп тұр?

– Ұлттық комиссия Президентіміздің Жарлығымен әуелі Отбасы, әйелдер проб­лемалары және демографиялық саясат жөніндегі кеңес болып құрылған, кейіннен ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жө­ніндегі ұлттық комиссия болып қайта ұй­ымдастырылды. Құрылған кезде алды­мызға әйелдер мен олардың отбасы мү­ше­лерінің денсаулығын жақсарту, елдің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің бел­сене араласуы және оларды шешім қа­былдау деңгейіне жоғарылату, әйелдерді экономикалық ілгерілету және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бағы­тын­да жұмыс істеу міндеті қойылды. Міне, біз елімізде осы саясаттың іске асырылуын, барлық өңірлерде осы бағыттарда жұмыс жүргізілуін үйлестіреміз. 

Биылғы жылдан бастап Елбасының арнайы Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілен­гені де мемлекет тарапынан отбасына жа­са­лып отырған үлкен қамқорлықты көр­сетеді. Осындай қамқорлықтың арқасында Аллаға шүкір, елімізде отбасын нығайту, ата-ана тәрбиесінің рөлін арттыру ісі ай­тарлықтай алға басты.

– Осы орайда отбасының анамен қатар тұрған ұстыны – әкелер мәселе­сіне де тоқтала кетсеңіз. Отбасы, демо­графия, гендерлік саясат дегенде біз әй­елдер мәселесіне қатысты көбірек сөз қозғап, әкелерді қалыс қалдырып жүр­гендейміз...

– Ұлттық комиссияның атауында «от­басы» сөзі болғандықтан, оның назары­нан әкелер мәселесі де тыс қалған емес. Бұл бағытта да көптеген жұмыстар атқары­лып жатыр. Әкелердің мәртебесін арттыру мақсатында 2010 жылы бастау алған әке­лер слеті жылма-жыл жалғасын тауып, бүкіл елді қамтыған ауқымды іс-шараға айналды. Өңірлерде «Ең үздік әке», «Өне­гелі әке» байқаулары өткізілсе, Астанада былтыр «Әкелер аллеясы» ашылды.

Жалпы, Ұлттық комиссия өз жұмысын­да отбасылық құндылықтарымыздың сақ­талуына басты мән беріп, ауқымды іс-ша­ра­лар өткізеді. Мысалы, өткен жылы өңір­лерде ата-ананы ардақтау, үлкенді құр­мет­теу, отбасылық үйлесімді сақтау, жас­тар­ға патриоттық тәрбие беріп, рухани дамыту бағытында көптеген іс-шаралар өткізілді. Қорытындысы ретінде Астанада «Мақтаным, тірегім – отбасым» деген тақы­рыпта өнегелі ұл-қыз өсіріп отырған ата-аналардың республикалық кездесуін ұйымдастырдық. Бұлар – балалары жақсы азамат болып ер жетіп, түрлі салаларда танылып жүрген көпбалалы отбасылар; бала асырап алған ата-аналар; көп баланы жалғыз өзі тәрбиелеп өсірген өнегелі, қай­сар, жалғызбасты әке немесе жалғызбасты ана. Олармен кездесу жастарға ой салға­ны анық. 

– Қазақ ешқашан жесірін қаңғыт­паған, жетімін жылатпаған халық. Себебі ислам дініне берік едік. Ал шы­найы ислам адам тағдырына селқос қарауды құптамайтыны белгілі. Содан да болар, қазақ келіндерінің санасын­да қазіргідей киім-кешек, көрпе-төсе­гін жинап, төркініне кетіп қала салу де­ген ой мүлдем болмаған. Босаға атта­ған күннен бастап өмірінің соңына де­йін сол шаңырақтың түтінін түтетіп, отын өшірмейтін. Ал қазір мүлдем бас­қаша. Статистикалық деректер ажы­расушылар саны жыл сайын артып отырғанын мәлімдейді. Неке институ­ты мықты дамыған қазақтай халықта ажырасу неге жиілеп кетті деп ойлай­сыз?

– Статистикалық деректер бойынша ажырасу фактілері елімізде жиілеп кеткені рас. Бұған, бір жағынан, заманның өз­геруі, жаһандану үдерістері ықпал етіп отыр деуге де болады. Бүкіл әлемдегі секілді, отбасы ин­ституты қа­зіргі таңда дағ­да­рысты ке­зең­ді бастан кешуде. Толық емес от­ба­сылар мен неке­сіз туған ба­ла­лардың саны азая­тын емес, өйткені азамат­тар­дың, әсі­ресе жас­тар­дың елеу­лі бөлігі шетел тәжі­рибесі бо­йынша тіркел­меген не­кемен өмір сүреді. Бұл үрдістер зор­лық-зомбы­лық­тың, қылмыс­тың, ауру­дың өсуі сияқты көп­теген әлеумет­тік пробле­ма­ларға әкеліп со­ға­ды. 

Ұлттық комиссия жас­тарға ой сал­сын деген мақсатпен тұрақты түрде өнегелі от­ба­сыларын үлгі етіп, наси­хат­тап келе­ді. Отбасы мен неке инсти­тутын наси­хат­тау мақсатында Ұлттық комиссия­ның ұйым­дастырған «Отба­сым» жур­налы мен «Шал­қар» қазақ радиосынан апта сайын берілетін «Біз екеуміз» бағ­дарламасы бүгінгі күні оқыр­ман­дар мен тыңдау­шы­лардың сүйіктісіне айналды.

Жүргізілген зерттеулер шын мәнісінде, ер-азамат үшін де, әйел мен бала үшін де ең қолайлы жағдай отбасында ғана бола­тынын анықтады. Некеде тұрған адамдар­дың жасы ұзағырақ болатыны, жарасымды отбасында өскен балалар жетістікке тез жететіні – қазір бүкіл әлемге белгілі болып отырған аксиома. Қоғамда осыны наси­хат­тау, қажет болса жарнамалау жеткілік­сіз екендігі де отбасы құндылықтарының құлдырауына әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан жоғарыда айтып өткен келең­сіз жайттардың, ұлт болашағына кері әсе­рін тигізетін құбылыстардың алдын алуға тиіспіз. Және бұл істе жалғыз Әйелдер іс­те­рі және отбасылық-демогра­фиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия ғана емес, бүкіл қоғам болып жұмылғанымыз жөн. Әр отбасы бала тәрбиесіне бесіктен көңіл бөліп, ата-бабаларымыздың өзек­тілі­гін әлі күнге дейін жоймаған дәстүрлі өнеге-тәлімдерін бойына сіңіруіміз қажет. 

– Газетімізге берген қолтаңбаңызда отбасы құндылықтарын насихаттауды және арнайы отбасы күнін атап өтуді құптайтыныңызды айтып едіңіз. Осы мереке төңірегінде қандай да бір ұсы­ныс-тілегіңіз бар ма?

– Ғасырлар бойы қалыптасқан отбасы­лық дәстүрлер мен құндылықтарға негіз­делген қазақстандық отбасы мәртебесін нығайтып және қолдап шешуге болатынын түсінетін уақыт келді. Ал отбасы арқылы оның әлеуетін пайдалана отырып, бала туу, отбасы мүшелерінің денсаулығын ны­ғай­ту және ұлттың болашағы – жаңа буын­ды тәрбиелеу мәселелерін шешуге болады.

– Сұхбатыңызға рақмет! Сізді және сіз арқылы еліміздің барша қыз-келін­шектері мен ардақты аналарымызды көктемнің алғашқы лебін жеткізіп, жан шуағын сыйлайтын мерекемен құт­тық­таймыз. Істеріңіз алға баса берсін!

 


Алашқа айтар тілек...

Ана мен бала – ажырамайтын егіз ұғым. «Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген керемет сөздер бар. Осы терең ұғымдарға сай әрбір қазақстандық отбасы бақытты, бай, қуатты болып, әрдайым биіктен көрінсе екен деймін!


Автор: Әсел ЕРГЕШҚЫЗЫ

 
nazgulnaz
10 марта 2013, 11:11
599

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 9945
  • 98
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9313
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
вчера / 22:56
  • 6436
  • 17
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 5797
  • 12
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4840
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
сегодня / 13:45
  • 3655
  • 26
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3352
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3372
  • 0