• 23813
  • 6
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Министрлер мемлекеттік рәміздерге қатысты шағымға жауап берді

“Рух пен тіл” жастары бұған дейін 4 ақпан күні Үкіметке “Мемлекеттік рәміздер туралы” Заңның орындалуына байланысты хат жолдаған еді.  Арасына бір ай уақыт өтіп, біз жолдаған шағымға Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев пен Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жауап берді. Жауап әрине әдеттегідей болды. Министрлер  бізді мемлекеттік рәміздердің веб-сайттарда талапқа сай орналастырғанын айтып, тұрақты тексерістер жүргізетіндеріне сендірді. Алайда, министрлер Ішкі істер министрлігінің, Статистика агенттігінің, Денешынықтыру агенттігінің, Жол полициясы комитетінің сайттарындағы мемлекеттік рәміздердің бар-жоғына, орналасуына бір шолып қарап, бағаларын беруді сұраймыз.

Ал төменде министрлердің жауабын ұсынып отырмыз.

   

13 ақпан 2013 ж.Жумагалиев А.К.

Сәлеметсіздер ме!
Көтеріп отырған  мәселеңіз  өзекті.  Себебі, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеп, патриоттық  көзқараспен қарап,  рәміздерімізді  масқаралаушылықтарға жол бермей, кіршіксіз таза ұстауға, заңнамалық тәртіптерді сақтауға міндетті.
Министрлік құзыретіне қарасты, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ақпараттық материалдарды дайындауға, беруге және орналастыруға негізгі талаптарды, сондай-ақ оларды жаңғыртудың мерзімдерін анықтайтын, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын жүргізу және ақпараттық  толтыру  ережесі (бұдан әрі – Ереже) әзірленіп, мемлекеттік органдарға келісуге жолданғанын хабарлаймыз. Осы Ережеде  988-2008 ҚР СТ сәйкес мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібі анықталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қаулысының 27 тармағына сәйкес:
– Осы Ереженің 22-тармағының 1) тармақшасында және 26-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген веб-сайттарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін орналастыру кезінде мемлекеттік рәміздері бейнелерінің бірдей деңгейде орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат жоғарыда көрсетілгенге сәйкес реттілікпен «электрондық үкімет» веб-порталының «Азамат және мемлекет» бөлімінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» бөлімшесінде, «Шағым-хатта» көрсетілген және басқа да мемлекеттік органдардың ведомстволық веб-сайтының бас парағында «Мемлекеттік рәміздер» бөлімінде орналастырылғанын хабарлаймын.
Сондай-ақ,  Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №937 бұйрығымен бекітілген міндетті орындалу тармағы болып табылатын, мемлекеттік органның интернет-ресурсында әрбір мемлекеттік рәміз бойынша толық ақпараты орналастырылған мемлекеттік рәміздері туралы бөлім бар, Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау тоқсан сайын жүргізілуде.
Жоғарыда аталған әдістемеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылатын ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау барысында мемлекеттік орган бойынша  бағалау деңгейіне әсер ететіндігі қарастырылған.

   

Кул-Мухаммед М.А.

Сәлеметсіз бе!

Сіздердің мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша белсенді азаматтық ұстаным танытып отырғандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз.
Ұсынылған хаттарыңызда бірқатар мемлекеттік органдардың ресми сайттарында мемлекеттік рәміздер толық орналастырылмағандығы көтеріліп отыр.
Дегенмен, Сіздер атап отырған Үкіметтің, ішкі істер, мәдениет және ақпарат, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің ресми сайттарында рәміздер туралы толық ақпарат үздіксіз беріліп келеді. Ол үшін жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың ресми сайттарының бастапқы беттерінде орналасқан «Мемлекеттік рәміздер» блогына енуді ұсынамыз.
Бұдан басқа, мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнаманы жетілдіру және заң бұзушылықтарға жауапкершілікті күшейту жұмыстары тұрақты жүріп отыр. Мәселен, 2012 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану бөлігіне өзгерістер енгізілді.
Яғни, Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны және олардың бейнелерін заңсыз орналастыру мен пайдалану, Мемлекеттік Гимнді заңнама талаптарын бұза отырып орындау үшін айыппұл мөлшері 50-ден 250 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.
Мемлекеттік рәміздерді қорлауға салынатын айыппұл көлемі 200-ден 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті.
Сонымен қатар, рәміздерді насихаттау мен азаматтарды патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар да өз жалғасын тауып отыр. Яғни, тек 2012 жылдың өзінде осы бағытта республика көлемінде 6 000-ға жуық түрлі форматтағы іс-шара ұйымдастырылып, оларға 2 000 000-нан астам адам тартылды. БАҚ-та мемлекеттік рәміздер тақырыбына арналған 12 000-нан астам материал жария етілді.
Тәуелсіз сарапшылардың зерттеу қорытындыларына сәйкес, 2012 жылы халықтың 71,9 % мемлекеттік рәміздер әрбір азаматтың патриоттық, отаншылдық сезімін қалыптастыруға оң ықпал етіп отырдығын атап көрсеткен.
Мемлекеттік рәміздер саласындағы жұмыстар Республикалық комиссияның және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы арнайы комиссиялардың тұрақты бақылауында.
 
Қазақ Ұлтшылы kaznationalist
9 марта 2013, 23:33
1011

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8769
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3122
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3282
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3074
  • 51
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2815
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2883
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2339
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2162
  • 18