Жиынның бір күні жылға азық

МО РК 2013 M03 6
338
0
0
0

  Жиынның бір күні жылға азық Гвардейскі гарнизонындағы оқу орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану әскери бөлімдері...


Гвардейскі гарнизонындағы оқу орталығы базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану әскери бөлімдері командирлерінің жиыны аяқталды.

Жиын негізгі пәндер бойынша білімді жетілдіру және кәсіби дайындықтың деңгейін тексеру мақсатында өткізілді. Он күн бойы бөлім командирлері мен Құрлық әскерлері бригадаларының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану қызметі бастықтары арнайы, арнайы-тактикалық, дене тәрбиесі сабақтарына тартылды.

Осы және басқа да сабақтар қазіргі замандағы радиациялық, химиялық және биологиялық ұрыста қорғануды жоспарлау және  ұйымдастырудың  негізгі сұрақтарын қамтыды.    Жиын барысында офицерлерге қазіргі заманғы қару-жарақтар мен қазақстан армиясында бар радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың үлгілері көрсетілді.

– Қарулы Күштер басшылғы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныстың материалдық базасының дамуы мен жетілдірілуіне баса назар аударады,- деп атап өтті Құрлық әскерлері радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану  басқармасының бастығы полковник Тәттібек Самаев.

– Біздің құрамалар мен бөлімдер заман талабына  жауап бере алатын қару-жарақ пен радиациялық, химиялық және биологиялық құралдардың жаңа үлгілерімен қамтамасыз етілген.

Офицерлер шара соңында кешенді сынақты жақсы деген бағаға тапсырды. Жиында оқылған лекциялар мен өткізілген практикалық сабақтар командирлердің  күнделікті жұмыстарына үлкен көмек болары анық.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0