место в рейтинге
  • 127013
  • 96
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жеңілгіштер

Қазақ әңгімелері

Төртінші әңгіме: Жеңілгіштер

Біздің ұлттың әлемге деген көзқарасын қалыптастырып отырған адамдар жайындағы әңгімені жалғастыра отырып, мылжыңдардың келесі бір түрі туралы сөз қозғайық. Біздің қоғамымыздағы екінші топ «жалқаулар мен сандыбайлар одағы» секілді біздің ұлтты өздігінше сипаттап, өздерінің әлемге деген көзқарастарын бізге тықпалауда. Олар ұлт санасына жеңілісті енгізетіндер немесе жеңілгіштер.

Олардың ауыздарынан өте көп ұрандарды естуге болады. Алайда «Қайран халқым-ау, қайран қазағым-ай, байқұс, бақытсыз қазағым-ай! Бізді бәрі қор етеді» деген ұрандар ең жиі кездеседі. Жеңілгіштердің осындай сыңсуларының себептері өте көп, алайда ең танымалы келесідей болып келеді.

Бұл адамдар бұрыннан бері, күрделі түрдегі жеңілгіш дертімен ауырған және олар осы дертті одан әрі тарата бермек. Біздің ұлтқа деген жанашырлығы мен қамқорлығының артында өздерінің шынайы мәнін жасыра отырып, жеңілгіштер сау ағзаға рак жасушалары секілді жұғады.

Ағза рак жасушаларынан өзіне тән арнайы белгілерді байқап, оны өз мүшем деп қабылдайды да, зиянды дертті анықтай алмайды. Иммунды жүйе де кейбір жағдайда оларды ағзаға зиянын тигізетін немесе оны жойып жіберетін дұшпан ретінде санамайды. Сонымен қатар, қатерлі жасушалар иммунды жүйенің жұмыс істемеуі үшін кейбір тәсілдерді ойлап тапқан. Осылайша олар қалыпты ақуыздардың қабыршықтары арқылы жасырына алады. Енді міне, ағзадағы қатерлі рак жасушасын құртуға жауапты лейкоцит, оны анықтап жоюға келген кезде, рак жасушасы «О біздің байқұс ағза! Ол қаншама қиыншылықты бастап кешті! Оны бәрі қорлайды! ...» деп зар еңірейді. Лейкоцит бұл рак жасушасынан өз ағзасына тиесілі белгіні көреді, кейін осы еңіреуді естіп, былай ойланады, «біздің қазақ, қазаққа жаны ашып жатқан секілді. Жоқ, оған тисуге болмайды, қайта оның өсіп дамуына мүмкіндік беру қажет». Нәтижесінде, рак жасушалары барлық ағзаға тарап, сау денені жояды.

Күнделікті өмірде жеңілгіштер тактикасын көруге болады. Мысалы, жұмысқа көтеріңкі көңіл-күймен келген адам өз әріптесін көріп, онымен амандасады. Содан бұл адамға осы әріптесі күнделікті келесі сөздерді айта береді: «сен қандай байқұс және бақытсыз едің, есіңде ме саған бастықтың қатты ашуланып, айқайлағаны бар еді ғой. Ал есіңде ме, сен әйеліңмен ұрысып қалған едің ғой? Бәрі тауға шығуға барып, тек сені шақырмаған кез бар ғой, сол сенің есіңде ме? Тағы да есіңде ме, балабақша кезінде құмның үстінде сенің ойыншық күрегіңді тартып алған еді? Сен қандай байқұс, бақытсыз едің! Сені бәрі қорлаған еді. Сені аяймын, бері келші, құшағыма алайын...».

Ешқандайда сау сана сезім мұндай қысымды ұзақ уақыт ұстап тұра алмайды. Көтеріңкі көңіл күй мен болашаққа деген сенімі бар адам осындай сыңсулардың нәтижесінде тұйық және бүкіл әлемге ызылы болып шыға келеді.

Негізінен біздің жеңілгіштер тарихымыздың ауыр сәттерін алдыңғы орынға қойып, оны өздерінің жұмыстарында пайдалануда. Алайда, ешкім біздің тарихымыздың ауыр кезеңдерін жоққа шығармайтынын атап өту қажет. Мәселе мұнда емес. Қайта тарихымыздан қандай нәтиже шығарған жөн және болашақта қандай жолды таңдау қажет деген сұрақтар маңызды болып келеді.

Мысалы, біздің тарихымызды жеңілгіштер қалай суреттеп, қалай баяндайтынын келтірсек. «Неліктен еліміз Ресей империясының құрамына кірді?»,-деген сұраққа жеңілгіштердің жауаптары мынандай: «себебі әділетсіз орыс патшалары мен басқа орыс шенеуніктері қазақтарды өздерінің арасында ұрыстырып, кейіннен байқұс қазаққа шабуыл жасап, олардың жерлерін тартып алып қойды». Немесе, «неліктен отырықшы өмір сүру үлгісіне өткен уақытта біз ұлтымыздың жартысына жуығынан айырылдық?». Жеңілгіштердің жауабы: «себебі арсыз большевиктер қазақтарды өздерінің арасында ұрыстырып, қазақ жерлерін тартып алып, зиялы қауымды атып және репрессияға ұшыратқан».

Алайда жеңілгіштер бір кездері қазақтар да, орыс князьдарын өзара жанжалдастырып, орыс жерлерін тартып алып, олардың қалаларын өртегенін ұмытып қалған секілді. Мәселен, соңғы рет қазақтар 1382 жылы Мәскеуді өртеген болатын.

Неліктен қазақтар өз елінен айырылып, Ресей империясының құрамына кірді деген сұрақтың дұрыс жауабы келесідей. Ғасыр бойы көшпелі дәстүрге негізделген қазақ елін жаңа келген өнеркәсіп дәуірі ығыстырды. Осыдан барып, өнеркәсіпті игере алмаған ұлт, ерте ме, кеш пе, өз елін жоғалтып және жойылып кететін еді. Бұл жағдайды Солтүстік-Американының үнділері, майя үнділері, инктер мен ацтектері жақсы суреттейді.

Сол уақытта қазақ элитасының арасында отырықшы өмір сүру үлгісіне көшіп, елдің өзін-өзі қажетті заттармен қамтамасыз ететін мықты ішкі өнеркәсібін құруға шақыратын көшбасшылардың саны жеткілікті болмаған. Сондықтан да, «еліміздің Ресей империясының құрамына кіруіне кім кінәлі?»,-деген сұраққа жауап: өзіміз кінәлі.

Біз сол тарихи кезеңде әлсіз болғандықтан, жеңіліске ұшырадық. Ал әлсіздерді әрқашанда басынған, басынады және басына беретін болады. Бірақ бұл біздің үнемі кінәмізді сезіну арқылы өмір сүруіміз керек дегенді білдірмейді. Біздің жіберген тарихи қателігімізден, қорытынды шығарып, алға қарай ұмтылу керек. Ал осыдан қандай қорытынды алуға болады? Қорытынды келесідей: «Бізге мықты ұлт болу қажет». Бұл дегеніміз өзіміздің дамыған өнеркәсібіміз бен ауыл шаруашылығымызды құру деген сөз.

Жеңілгіштер дерті және оны тарататын жеңілгіштердің өздері әйел іздеген мысық секілді айқайлап, әрбір қақпаға барып «байқұс, бақытсыз қазағым-ай!» деп жатыр. Ал бізге қоғам, ұлт, ел ретінде осы дертті құрту қажет.

Мысалы, біз екінші Дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған немістердің өздерін байқұс және бақытсыз деп атағандарын ешқашан естіген емеспіз. Екінші Дүниежүзілік соғыста өздерінің көптеген азаматтарынан айырылған еврейлер, еврей ұлты байқұс және бақытсыз деген сөз қозғамайды. Ядерлік бомбалауды бастан кешкен жапондықтар, ешқаншан жапон ұлты байқұс және бақытсыз деп айтқан емес. Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңіліп, зиялы қауымының көбісін жойған революциядан ұтылған орыстар өз мемлекеттерін қайтадан аяғынан түрғызып, ғарышқа адамдарын жібере бастады.

Әлемде жеңілген, құлаған ұлттар жеңімпаздардың сана сезіміндегі адамдарға сүйену арқылы, қайтадан көтеріліп, өрлей бастады. Ал әлемде жеңілген, құлаған ұлттар жеңілгіштердің сана сезіміндегі адамдарды тыңдағандықтан, оларға сүйенгендіктен, әлі де нашар күйде.

Сол себептен, бізге осы жеңілгіштердің аяушылығы мен еңіреулері керек емес. Осы адамдардың біздің ұлт атынан сөйлеуіне жол бермеу қажет, себебі олардың шынайы аттары – жеңілгіштер.

 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
4 марта 2013, 18:25
525

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Коооойш, деп айткым келеди саган!)) Сен билесинбе арбир адам баскаладрдын козгарасын ози гана жасайды!)) Ешкимнен естиген жокпым казактар женилгиштер халык деп, баскаша казак халыкта батырлык жане жумыскер халык деп естидим, ал балдарымызды Женис деп коямыз кобинесе, Бай, Султан, Батыр, Темир, Бай, Бек ондай аттардан женилгиштер шыгады ма?)) Ай кайдагыны айтаберсендер ай!))
Комментарий удалён автором поста.
"Коооойш, деп айткым келеди саган!)) " деген пікір білдірген RobinHood азаматқа беретін біздің жауабымыз:

Біріншіден, - сыпайы түрде пікір айтқаныңыз үшін рахмет.

Екіншіден, - RobinHood азамат, біз сіздің кіммен пікірталас жүргізіп жатқаныңызды түсінбедік.

Біздің әңгіменің қай жерінен сіз төмендегідей сөздерді көріп отырсыз:
"Ешкимнен естиген жокпым казактар женилгиштер халык деп, баскаша казак халыкта батырлык жане жумыскер халык деп естидим, ал балдарымызды Женис деп коямыз кобинесе, Бай, Султан, Батыр, Темир, Бай, Бек ондай аттардан женилгиштер шыгады ма?))". RobinHood азамат.

Бізге өзіңіздің жеке ақымақтығыңызбен жала жабудың, кейін онымен күресудің қажеті жоқ. Біз осындай нәрселерді айтан жоқпыз. Ал келесі нәрселерді айттық.

Біз адамдардың мынандай екі түрі бар, бірі жеңімпаздардың сана сезіміндегі адамдар, ал екіншісі жеңілгіштердің сана сезіміндегі адамдар деп айтып отырмыз.

Жеңілгіштердің сана сезіміндегі адамдар үнемі өзін және айналасындағыларды аяп, әрқашанда шағымданып, кінәліні іздеумен жүреді.

Ал жеңімпаздардың сана сезіміндегі адамдар өз өмірінің жеңісі мен жеңілісіне өзі ғана жауап беретінін түсінеді.
Әрине, жеңімпаздардың сана сезіміндегі адамдар ешқашанда жеңіліске ұшырамайды дегенді білдірмейді, қайта олар жеңіліске ұшырағаннан кейін өздерінің жіберген қателіктерін түзеп, алға қойған мақсатына әрі қарай әрекет ететін көрсетеді.

Ұлт идеологиясын қалыптастыратын адамдардың осы екі топтың қайсысына жататындығына байланысты, ұлт не жеңімпаздардың ұлтына, не жеңілгіштердің ұлтына айналады.

Сәттілік!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
вчера / 15:48
  • 3040
  • 10
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2536
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2470
  • 83
Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
сегодня / 16:26
  • 1935
  • 4
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1992
  • 34
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2507
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2314
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1862
  • 30
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1604
  • 13