место в рейтинге
  • 747415
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қайрат ЕРАЛИЕВ: Шетел бапкерлері қазақ боксын көтереді дегенге сенбеймін

 

Жеңісті дәстүрі бар қазақ боксына шетел бапкерлері өз үлесін қосады дегенге сену қиын. Мәселен, кубалық бапкердің ұстанған тактикасы мен жаттықтыру стилі өзгеше. Біздің боксшылар оған бейімделе алмауы мүмкін. Оның үстіне біздікі бұрыннан келе жатқан классикалық бокс үлгісі.

Өткен жылғы ел біріншілігінде жеңімпаз атанған Қайрат Ералиев көпшіліктің ықыласына бөленіп үлгерді. «Қанат Әбутәліповтің орнын басатындай-ақ жігіт екен» десті жұрт. Рас, көптен бері тасада жүрген боксшының былтыр бағы жанды. Қайратпен сұхбаттаса отырып, оның көкейінде жүрген ойларына, мақсат-мүддесіне қанықтық.

– ҚР Бокс федерациясының кубогы бәсекесінде алымдылау көріндің. Бірақ финалға дейін алқынбай жеткен жігіттер күмісті қанағат тұтты. Қолда тұрған мүмкіндікті жіберіп алғандарың қалай?

– Шыны керек, спорттық бапқа енуім үшін кубоктік бәсекелердің пайдасы көп тиді. Жарысқа қатысқан сайын шеберлік шыңдала түседі екен. Маңғыстаулықтарды ұтуға мүмкіндік бар еді. Алыптарымыз әлсіз шықты.  Бармақтай ғана бақ жетіспеді. Оның үстіне, қарсыластар құрамасында бүкіл батыс өңірінің сақа боксшылары жиналыпты.

– Қайрат, 2009 жылы Қостанайда өткен ел біріншілігінде қола алдың. Содан бері ұлттық құраманың тізімінен көре алмай жүрдік. Еленбеуіңнің сыры неде?

– Рас айтасыз, көптен бері жолым болмай жүр еді. Бірақ келешектен үмітімді үзбедім. Жеңілсем де жасыған емеспін. Жеңілістің ащы дәмін татсам да, жаттығудан қол үзгенім жоқ.  Қолды бір сілтеп, қиыншылықтан қашсам жігіттігім қане? Әрбір ондай сәттің артында кеңшілік бар емес пе? Оның үстіне жеке бапкерім Мырзағали аға да жігерімді қайрай білді.

Бүгінде ұлттық құраманы басқарып отырған Айтжановтың жаттықтыру әдісінде қандай ерекшеліктер бар?

– Жаттықтырушы ең әуелі психолог болу керек. Мырзағали ағада осындай қасиет бар. Жігіттердің қандай күйде тұрғанын бір қарағаннан біледі. Спортшының не ойлап тұрғанына дейін сезетін секілді. Жаттығуда да артық күш салмай, рет-ретімен, байыпты істетеді. Тынығуға да ерекше мән береді.

– Биылғы жыл да бәсекелерден кенде емес. Қара күзде Алатау баурайында әлем боксшыларының басы қосылады. Ел чемпионы ретінде әлем біріншілігіне қатысудың сәті түсіп тұрғандай ма…

– Бәсі биік додада бақ сынауды кім қош көрмейді дейсіз. Қазақтың намысын жыртудан менің де үмітім бар. Ұлттық құрамаға ілігуге бар-күш жігерімді сарқып, күндіз-түні тер төгіп жүрмін. Қалай десек те, тағдырымызды шешетін бапкерлер ғой. Сол себептен жыл бойы өтетін іріктеу турнирлерінде көзге түсуіміз керек. Биылғы жылдың алғашқы сыны Астанада өткен «Төрттіктің турнирінде» әлеуетімді сынап көрдім. Жасыратыны жоқ, 56 келіде  көптен бері өзгелерге есеміз кетіп жүр ғой. Екі Олимпиада ойындарына қатысқан Қ.Әбутәліпов үлкен спортпен қоштасты. Қарсыластарымның бәрі де Қанаттың орнын басуға жанталасып жүр. Жас дарындардан Қ.Көптілеуов, Р.Рустамовтың қарымы жақсы. Кезінде маңғыстаулық М.Амантаев  Әбутәліповті талай састырған. Мұхитпен бұған дейін бірнеше рет жұдырықтасып, есем кетіп жүр еді. Ал кешегі чемпионаттың жартылай финалында жолымыз қайта қиысып, басым шықтым. Көп күшімді финал сарқыды. Естеріңізде болса, алматылық Рустамов кубоктік бәсекеде жолымды қиған. Сол себепті, қателік жіберуге құқығым жоқ еді.

– Шыныңды айтшы, Лондонға барсам деген ойың болды ма?

– Ересектер сапында жүлдегер атануым үміттің қоламтасын үрлегендей еді. Әлем біріншілігіне дайындалып жүргенімде жолдама мәселесі шешіліп қалды. Бүкіләлемдік бокс сериясында Қанаттың  бағы жанып кетті.

– Әріптесіңнің Олимпиададағы айқасын көрген боларсың. Біздің ұлға не жетіспеді деп ойлайсың?

– Лондон төріндегі бокс бәсекелерін күні-түні тамашаладық қой. Өз салмағымдағы жекпе-жектерді мұқият қарауға мүмкіндік туды. Қанат тәп-тәуір бастап еді, соңына қарай көсіле алмады. Оны орта жолда сүріндірген ирландиялық Джон Невин ширақ қимылдайды екен. Техникасы сүйсінтерлік. Аяқпен жұмыс істеуге көп көңіл бөлетіндей. Қанат «Астана арландарының» сапында жүріп, кәсіпқой боксқа бейімделіп қалғандай әсер қалдырды. Онымен шаршы алаңда жолымыз түйісіп көрген емес. Тек жаттығу барысында ғана жұдырық сілтестік. Ал Олимпиада жүлдесіне іліккен кубалық Лазаро Алвареспен айқасқаным бар. Жастар арасындағы бәсекеде оның алдын орап кеткенмін. Осы додада ерекше әсер қалдырған боксшы моңғол Тугсогт Нямбаяр. Барлық жекпе-жегін жоғары қарқынмен өткізді. Өзіміздің боксшылардың арасында, әрине, Серік Сәпиевтің орны бөлек.

–  Үлкен спортта төрешілердің кесірі тиіп жатады.  Ондай жағдай басыңнан өтті ме?

– Ондай жағдайлар болды. Әсіресе, жастар сапында жүргенде жиі кездесті. Бұл қызығы мен шыжығы мол спорт қой. Кімге ренжисің? Бар шеберлігімізді көрсете алмаған өзіміз кінәлі деп қоятыным бар.

– Басқа басқа, қазақ боксқа шетелден бапкер шақыртуды қош көрмейді. Таяуда ғана Жамбыл облысының құрамасын жаттықтыруға кубалық маман келді.

– Қазақ бапкерлері ешкімнен кем емес. Нұрғали Сафиуллин ағамыз Қытайдың боксын қандай дәрежеге көтерді? Дамир Буданбеков те Иракта тындырымды тірлік атқарып жүр. Бирмада Берікбол Қасымханов ағамыз бар. Мұның өзі қазақ боксының беделі емес пе? Жеңісті дәстүрі бар қазақ боксына шетел бапкерлері өз үлесін қосады дегенге сену қиын. Мәселен, кубалық бапкердің ұстанған тактикасы мен жаттықтыру стилі өзгеше. Біздің боксшылар оған бейімделе алмауы мүмкін. Оның үстіне біздікі бұрыннан келе жатқан классикалық бокс үлгісі. Сонымен қоса, Тараз өңірінен үш алтын жүлдегер шығарамын дегені тіпті күмәнді. Өйткені Лондон ойындарында әйгілі Кубаның өзі екі алтынды қанағат тұтты.

–  Чемпионның бос уақыты әдетте қалай өтеді?

– Қолым қалт етсе, әке-шешемнің жанында болуға тырысамын. Боксқа келмей тұрып, аяқдопқа деген әуестігім басым еді.

– Алдағы жоспарларың қандай?

– Қазақ боксында өз ізімді қалдырсам деймін. Алла нәсіп етсе, биылғы әлем чемпионатына қатысып, халқымды қуантқым келеді. Түптің түбінде Олимпиада чемпионы атансам, өмірдегі бар арманымның орындалғаны!

Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
5 марта 2013, 11:40
229

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8934
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3225
  • 15
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3408
  • 56
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3360
  • 37
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3158
  • 31
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2967
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2553
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2259
  • 18