место в рейтинге
  • 119173
  • 96
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жалқаулар

Қазақ әңгімелері

Үшінші әңгіме: Жалқаулар

Бұл әлемге деген біздің қазақи көзқарас пен оны қалыптастыратын адамдар туралы қызықты тақырып.

Мысалы, өздерін «ұлтшыл-патриот» деп санайтын адамдар этникалық қазақтардың «қара жұмыста» жүргендігі туралы өздерінің ашуы мен осы жағдайға келіспеушіліктерін бірнеше мәрте айтып келеді. Осы «ұлтшыл-патриот» адамдар еліміздегі даяшының, базарда арба сүйрейтіндердің, құрылысшының, жанар-жағармай орыны жұмысшысының жұмыстарын «қара жұмыс» деп тануда. Кейіннен Араб Әмірліктерін мысалға алып, осы мемлекеттің азаматтары-арабтар, іс-жүзінде ауыр жұмыспен емес, ал жеке және мемлекеттік мекеме кеңселерінде тек әкімшілік жұмыспен айналысатынын жариялайды. Араб Әмірліктері азаматтарының орнына және Араб Әмірліктері азаматтары үшін барлық ауыр жұмыстарды, кедей араб мемлекеттерінен келген мұсылман арабтары және Пәкістаннан келген мұсылмандар жасайды.

Бүкіл ұлт жұмыс істемей, тек кеңседегі қағаздарды бір үстелден екінші үстелге ауыстырып отыру біздің «ұлтшыл-патриоттарымызға» қатты ұнайды екен.

Қарапайым өмірде әрқашан басқа адамдардың көмегіне жүгінетін адамды біз қалай атаймыз? Өз қолымен ештеңе жасағысы келмейтін адамның аты кім? Басқа адамдардың осы адам үшін бәрін жасап бергендігін қалайтын адамның аты қандай? Оның аты – «жалқау». Бірақ қоғамдық өмірде біз «жалқау» деген дұрыс сөздің орнына жалқаулардың өздерінің өздеріне қойып алған «ұлтшыл-патриот» деген сөзін қолданамыз.

Шын мәнінде біздің «қазақтардың жұмыс істемеуінің құқықтарын қорғайтын» адамдар өздерін «ұлтшыл-патриот» емес, «Қазақстанның жалқауларының және сандалбайларының одағы» деп атауы қажет.

Сонымен қатар, біздің жалқаулар Араб Әмірліктерін мысалға ала отырып, бастарында логика негіздері мен мектеп деңгейіндегі математика білімінің жоқтығын көрсетуде. Жалпы Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы айырмашылық бір адамға шаққандағы мұнайдан түсетін кіріс негізінде анықталады.

БАӘ мұнай экспорты тәулігіне 2 500 000 баррельді немесе жылына 100 млрд. долларды құрайды. Ал азаматтарының саны 1 млн. адам. Сәйкесінше, бір адамға мұнайдан келетін табыс жылына 100 000 долларды құрайды.

Қазақстанның мұнай экпорты тәулігіне 1 300 000 баррельді немесе жылына  53 млрд. долларды құрайды. Азаматтарының саны 17 млн. адам. Сәйкесінше, бір адамға мұнайдан келетін табыс жылына 3 000 долларды құрап отыр.

Екі ел арасындағы мұнайдан түсетін кіріс айырмашылығы 33-ке тең.

Осыдан шығатын қорытынды, біріншіден, тек мұнайдан түскен табысқа біз өмір сүре алмаймыз. Сол себепті бізге қазақ инженерлері, металды дәнекерлеушілері, құрылысшылары, соның ішінде түрлі жұмыс атқаратын және арба сүйреушілер мен жанар- жағармай қызметкерлері керек. Екіншіден, қазақтардың даяшы болып және жанар- жағармайда жұмыс істеуі, бұл өте жақсы құбылыс. Себебі, біздің ұлт өзіне қажеттінің барлығын өз еңбектерімен жасай білуге үйренуі қажет. Осыдан барып, бүгінгі қазақ даяшылары мен жанар-жағармай жұмысшылары ертең ірі мейрамханалар мен жанар- жағармай компаниясының негізін қалаушыға айналады.

«Жалқаулар мен сандалбайлар одағының» ұстанымы біздің ұлт санасында еңбекке, еңбек ететін адамға деген жек көрушілік сезімін тудырады. Еңбек ету абыройлы саналмай, өміріне қажетті заттарды еңбекпен тауып, тырысып жүрген адам, осыдан барып, өзін өмірдегі сәтсіз жан деп санай бастайды. Ең қызығы, «жалқаулар мен сандалбайлар одағының», яғни «қазақтың қорғаушыларының» барлығы кезінде құрылыста, жүк тасымалдау саласында еңбек етіп, толықтай дұрыс ойдағы адам болып өскен еді.

Жалпы біздің қазақтілді баспасөзде ауылдан шыққан ұл мен қыздарымыздың өмірде жетістіктерге жеткені туралы іс-жүзінде ешқандай да мәлімет жоқтың қасы. Ауылдан шыққан қазақтілді жастарымыздың «қара жұмыстан» бастап, арба сүйреушісі, даяшы болып еңбек етіп, өмірлерінде қадам-қадаммен белгілі бір нәтижеге жетіп отырғандығы туралы үлгілі жазбалар да аз. Мәселен, осы жастар даяшы болып жұмыс істеу барысында мейрамхана бизнесінің құрылымын тануға, клиенттің қажеттіліктерін біліп, оларды орындау арқылы қарым-қатынас орнатуды үйренуге, кафе немесе мейрамхана тапсырысын жеткізушілер мен қонақтарының арасынан таныстар мен байланыстарды орнатуға зор мүмкіндік алады. Кейін, алған тәжірибе мен байланыстар оларға өздерінің жеке бизнестерін ашуға әсер етеді.

Бұған мысал ретінде 1982 жылы Маңғыстау облысы Шетпе кентiнде туып-өскен, «Каспий Строй Консалтинг» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестi­гiнiң (ЖШС) директоры Жасұлан Шахтыбайұлының өмір жолын жанар-жағармай бекетінен бастап, кейіннен жеке компаниясын ашқанын келтіруге болады. http://www.zhasalash.kz/eleumet/7798.html

Мұндай мысалдар жастар арасында жиі кездеседі және біздің ұлтымыздың ойлауы мен әрекет етуіне дұрыс бағыт беріп, оларға үміт ұялатады. Неғұрлым біздің қазақтілді баспасөз осындай деректерді, яғни табысқа жеткен жеке адамдардың тәжірибесін көптеп жарияласа, соғұрлым біздің ұлттың көкірегі ояу, көзі ашық болады.

Ауылдан қалаға келген ұлдарымыз бен қыздарымыз даяшы, жүк тасушы және түрлі «қара жұмыста» еңбек ете отырып, кезінде олар секілді түрлі салаларда жұмыс істеп, өмірде жетістікке жеткен замандастарының тәжірибесін білетін болады. Біздің ұлттың жас буыны жүк тасушы оның өмірінің алғашқы баспалдағы екенін және алға қойған мақсатқа жету үшін табандылық пен қайсарлықтың, сондай-ақ, еңбектің керек екенін білетін болады, нәтижесінде олар ерте ме, кеш пе өз замандастары сияқты жеке компаниясын құрады.

«Жалқаулар мен сандалбайлар одағының» біздің ұлт атынан сөйлеуіне жол бермеу қажет. Және басында мектеп деңгейіндегі математика білімі жоқ адамды елді басқаруға жібермеу керек. Себебі қарапайым кәсіпкер, мұғалім, жұмысшы немесе шенеунік ақымақ нәрселерді айтса, көп дегенде өзіне зиян етеді. Ал егер ақымақтық айтатын адам ел жетекшісіне айналса, онда ол бүкіл ұлтқа зиянын тигізеді.

Негізінде «Жалқаулар мен сандалбайлар одағының» ұрандары, «30 корпоративтік көшбасшы», «50 бәсекеге қабілетті ел» ұрандарынан өзгешеленбейді. Себебі халықты ертегіге тойдыратын бір мылжыңның орнына басқа мылжыңның келуі, ел үшін еш айырмашылығы жоқ.

Қазақ ұлты кез келген ауыр еңбек саласында, тіпті ол даяшы, жанар-жағармай мен «қара жұмыс» орынында қызмет ететін адамның еңбегін бағалайтын және құрметтейтін, инженерлер мен ғалымдардың, өндірісті ұлтына айналуы тиіс.

     
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
1 марта 2013, 19:16
1140

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Біздің қоғамда, ұлтымызда басқа ұлт идеясына деген еліктеу қатты келген. Тіліміз, салт-дәстүріміз дамымаған. Батыс елдерінің мәдениетті, ақша деген қызығушылғы, осындай ойларға жастар арасында келтіреді.
Және ең бастысы ол сыбайлас жем қорлық.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 21657
  • 5
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 4236
  • 20
«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

«Казпочта» отжигает. Редкий шанс вспомнить агрессивные советские очереди

Люди старшего и среднего поколений помнят шумные, недобрые, грубо ругающиеся очереди советских лет. Увидеть, как это было, можно теперь разве что в каком-нибудь фильме. Хотя не только.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 16:14
  • 2929
  • 33
Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент велел делиться. Почему бы казахстанским миллиардерам не послушаться?

Президент Назарбаев призвал крупных бизнесменов делиться с народом, следуя примеру своих коллег из развитых стран. В Казахстане, действительно, сегодня много богатых людей.
openqazaqstan
27 апр. 2017 / 14:09
  • 2473
  • 26
Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Юный алматинец покорил Первый канал на шоу Максима Галкина

Житель Алматы по имени Марк Усачев недавно оказался на телепрограмме "Лучше всех", с успехом идущей на Первом канале России. 9-летний алматинец покорил публику своими недюжинными знаниями.
Seattle
24 апр. 2017 / 16:59
  • 2540
  • 2
Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Любовница. «Мне часто доставались мужчины, поломанные браком»

Мне часто доставались мужчины, поломанные браком. Таких почти сразу видно – у них маска состоявшегося мужчины по швам трещит. И каждый из них реагирует по-своему. Поясню на паре примеров.
Jamiklisa
28 апр. 2017 / 14:21
Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Преподаватели и ЭКСПО: «Пока газеты пишут одно, нас заставляют покупать билеты на выставку»

Чтобы вы знали, чем занимаются в сфере образования - педагоги являются основой массовок. Какое отношение к учителям со стороны государства, такого же уровня и качество образования.
SaukovV
26 апр. 2017 / 16:05
  • 2373
  • 16
Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Инстаграм – это «рынок девушек» и он круче любой базы данных

Для меня Инстаграм – это рынок. Почему? Ничего не изменилось, девушки все так же бьются в попытках наиболее выгодно себя продать, посредством привлечения внимания.
Annette_Scherer
24 апр. 2017 / 22:35
  • 2399
  • 5
Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Жуткие истории о рабстве – такие вещи творятся в стране, принимающей «ЭКСПО»

Мы живём, возможно, уже совсем в другом обществе, а не в том, к которому привыкли. Не первый год Казахстан периодически потрясают жуткие истории о рабстве.
openqazaqstan
26 апр. 2017 / 9:39
  • 2169
  • 22