Қыздар ұлттың аналары

Yerzhan_Alash 2013 M03 1
2227
1
6
0

Қыздар ұлттың аналары Ежелден ата-бабамыз қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қыз бала-болашақ ана. Барлық тәлім-тәрбие, мінез-құлық, жан сұлулығы мен рухани байлықтың бәрі ана сүтімен беріледі. «Қыз...


Қыздар ұлттың аналары

Ежелден ата-бабамыз қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қыз бала-болашақ ана. Барлық тәлім-тәрбие, мінез-құлық, жан сұлулығы мен рухани байлықтың бәрі ана сүтімен беріледі. «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Анасына қарап қызын ал, ыдысына қарап асын іш», «Қызға қырық үйден тыю», «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» деген сияқты қазақ халқында қыз тәрбиесіне байланысты ақыл,нақыл сөздер артып жетіледі. Басты мақсат-өнегелі, иманды, сыпайы да биязы қыз, жар, болашақ ана тәрбиелеу.

« Қыз жат жұрттық...» деп әкесі қызына ерекше көңіл бөледі, ал шешесі жат үйдің табалдырығына барғанда сыпайы, көрегенді келін болғанын қалайды. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деп бекерден-бекер айтпаған.

Жаһанданған заманда сыртқы әсер, өзге ақпарат пен тәрбие көзі көбейгені сөзсіз. Батыс елден келген әсер ғаламтор арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралып отыр. Сарқырамадай сарқырап аққан ақпараттың бәрі пайдалы емес екендігін білеміз. Соның бәрін іс-жүзінде күнделікті өмірде көріп, куә болып отырмыз. Қазақылыққа қарсы кері тәрбие әдетке айналды десе де болады. Көшеден немесе басқа да қоғамдық орындардын жартылай жалаңаш, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан, темекі мен арақты серік қылған қыздарды кездестіру бұрындары жат көрінсе, қазіргі таңда қоғамның бір бөлігі іспеттес болып кетті. Ал сол темекінің түтіні мен ащы судың дәмін татқан қыздан туған баланың дені сау боларына кім кепіл? Қанымызда жоқ жаман қылықтың бәрі кенедей жабысып, ұлтымызды шетінен жалмап жатыр.

Ежелден халқымыз қыздың абыройын қызғыштай қорып, сақтаған. Негізінде қыздар- ана бақытына кенеліп, ұрпақ жалғастыру үшін жаралған. Алайда заман ағымына сай қыздарының да құндықтары басқа, ұлттық психология өзгеру үстінде. Бір тобының мақсаты ақша табу, мансапқа жету, жақсы көлік міну, үй-жайлы болу болса, ал екінші бөлігі жеңіл жүрісті өмірге үйреніп, ар-ұяттан жұрдай болып,тәнін сатады. Осы жерде айта кеткен жөн, көп қыздарымыз шетелдіктердің ақшасы үшін ғана олармен «жанұя» құрып, көпке ұзамай ажырасып жатады. Бұл жағдайларға себеп отбасындағы қазақы тәрбиенің жеткіліксіздігі. Осындай жағдайдарды болдырмау үшін ана тәриесінің іргетасы өте берік болуы тиіс. «Қызым үйде, қылығы түзде...» демекші, мектеп жасындағы қыздар мектепте де бақылау астында болуы артық етпейді. Мектеп- тек қана білім үйі ғана емес, сонымен қатар ең негізгі тәрбиені беретін екінші отбасы деп айтсақ, артық кетпесіміз анық. Қыз баланы үйден және мектептен екі жақты тәрбиелеу керек. Қыз бала - анасымен сырлас келеді, күн ұзақта болған нәрселерді немесе жеке басындағы жағдайларды бүкпейді, көбіне анасына ашық айтады. Міне осындай мінездерін пайдалана отырып, сырлас құрбы ретінде де кеңестер беріп, мінез-құлқын жақсарту, кішіпейілділік пен қарапайымдылыққа баулыған жөн.

Қыз-бүкіл ұлттың анасы. Сондықтан ұлттың анасы үлгі тұтарлықтай болуы керек. Қыз бала үмбет таратушы, отбасының шамын жағушысы, түтінін түтетушісі. Егер ер бұзылса-жанұя бұзылады, қыз бұзылса-бүкіл дүйім ұлт бұзылады. Қыздарымызды дүниеге келгеннен бастап қазақы тәрбиеге баулыған жөн болар.Ал құрбыларыма айтарым, адамның қалыптасуына екі күш әсер етеді:ол тегі мен ортасы. Кімнің тегі жоқ дейсің, жақсы ортада болуға тырысу керек.

Зухра Хамидуллина

Айқап.kz

 

Оцените пост

6

Комментарии

1
Ali esimde ,Kazakhstanga tungish kelgenimde ,"kiz"、"kizdar"degen sozderdi esitigende ,kulagima ote ersi bolatin 。Kishkentayimnan "kiz"dep aytpay ,bala 、boyjetken dep bizdi ataytin 。Kizdardi okitu kerek ,keyin jumis istep aksha tabu ushin emes ,sana ashu ushin 。Kizdin joli jinishke ,omirdegi mindeti ote auir ,osini bilgen son ,arbir otbasi sanali turde ,mumkindiktin barinsha kiz uldarin ar-namisti ,jauapkershiligi bar balalardi tarbielese ,ygi edi。
Показать комментарии