Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:15, 27 февраля 2013

Адам деген.....

Негізі адам баласы анадан алтау туса да бас басына жалғыз екен шынында. Қанша жерден бірге туған бауырым, ағайыным дегеніңмен де Алла алдында бәрі бір жалғыз есеп бересің, жалғыз барасың. Былайынша өмір сүріп жүрген кезде еш нәрсені уайымдамайсың. Проблема ма?

Оны сен іздемесең де өзі тауып алады. Оны ойламасаң да ойыңа түнеп алады. Онан қашқаныңмен ол паразит сияқты көбейіп, ақыр соңында қашар жерің қалмай, іннен інге тығыласың. Айналаңда болып жатқан проблемалар сені шаршатады. Адам негізі проблеманы қартайған шағында қатты сезінеді екен. Ол қандай проблема? Дүние? Жоқ. Өмір? Жоқ. Енді не? Әрине, бұл екеуінің тілге оралатынвнвң өз себебі бар. Өйткені, қазіргі адам санасын тұрмыс пен байлық билеп алған. Адамгершілік пен сабыр, иман екінші сатыда. Өйткені, адам рухани аштықтан гөрі тәндік аштықты бірінші сезінеді, соны қанағаттандыруды ойлайды. Өтірік пе? Неге онда адамдар ақша үшін жақынын да сатып жіберіп жатыр? Өтірік ары мен намысын беліне алжапқыш қылып байлап, оны сол ақша, қу құлқын үшін дүрелетіп сот алдына немесе "блатнойлардың" алдында тізе бүктіреді? Сол уақытта оның ауызында алласы, жүрегінде иманы, санасында аяушылық сезімінің жұрнағы да жоқ. Есіл-дерті қызыл ақша мен өркөкіректік тұр. Оның көзін көрсоқырлық пен дүниеқоңыздығы басты. Сол себепті ол сондай істерге барады. Сонан кейін айналасындағыларға "көрдіңдер ме, мен жақынымды да аяған жоқпын. Ол менің қаным емес, сондықтан мен оны кешірмеймін, аямаймын" дейді. Ал, бірақ, сол сәтте оған көктегі періштелер налып, алланың назарының аударылып тұрғанын білмеді. Онан кейін де ол байыған үстіне байи береді, билігі де үстем болады. Қасындағы қолшоқпарлары мен айда шаптарымен бірге бешбармақты қарпып асап, қанға боялған қолының саусақтарының арасынан майын ағызып бешбармақ жеп, арақ ішеді. Ал, ана бейшара түрмеде болмаса бостандықта нағыз бейшараға айналып шыға келеді. Сол сәтте ол алладан жалбарынып, иманын күшейтіп, сабырын ұзақ етуді сұрайды. Сол сәтте шын бейшара кім? Тәні аш бейшара ма? Жоқ әлде рухани аш әлгі байсымақ па? Оны таразылау әр адамның санасының еншісінде. Тіпті, кей сәтте жүрегің ауырып, немесе басқа да ауру мазалаған кезде дереу алланы аузыңа аласың. Бойыңды бұрын-соңды болмаған үрей билеп, алла жаныңды алатындай күйге енесің. Арашаға түсер ешкім жоқ. Желкеңнен, арқаңнан мұздай тер шығып, басың айналғандай, жалма жан телефоныңнан 03 немесе 103 ті тересің. Міне, нағыз бейшара осы кездесің. Мейлі бай бол, мейлі жарлы бол, мейлі патша бол, мейлі қарапайым етікші бол. Ал, жан алқымға тіерлгенде сатып алшы жинаған байлығың мен дүниеңе өмірді? Ә,ә. Ауға түскен байлықтай тыпырладың ба? Көмекке келер ешкім жоқ па? Сол кезде баяғы өзің ұры қылған, қылмыскер қылған адамың қасыңа келсе құшақтап "бауырымдап" сүйер едің, ә? Тіпті, бар жиған-тергеніңді соған бере салар едің,ә? О, тоба! Нағыз бейшара енді болдың! Ажал қасыңа келіп түстенгенде нағыз бейшара күйге енеді екенсің! Ал, қалған уақыттағы бейшаралық ол тек әншейін көлеңкесі ғана. Сондықтан, көз тоймас байлықтан гөрі рухани байлық жина, бауырым. Адамды тонынан қарап емес жанына қарап бағала. Оның бір кемшілігін көріп, теріс айналма! Өтйкені, сенің де халық алдында емес, алла алдында есеп берер күнің алыс емес екендігін ұмытпа. Мүмкін, ертең, мүмкін 50 жылдан кейін. Ол тек бір Аллаға ғана аян. Аман бол! Лә иллаһа иллаллаһ, Мухаммад расулаллаһ!
0
1220
0