Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
21:48, 26 февраля 2013

Келісіп пішкен тон келте болмас

Blog post imageАлдағы болатын әскерге шақыру науқанына байланысты Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштер психологтарының оқу-әдістемелік жиыны өтті Жиын жұмысына Бас штаб бастығының орынбасары  генерал-майор Мұқан Дүйсекеев қатысты.

Шараны ұйымдастырушы – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті алда болатын әскерге шақыру науқаны кезінде әскери психологтардың іс-қимылдарын жүйелі әрі үйлесімді ұйымдастыруды жиынның негізгі міндеті ретінде қарастырды.

Қорғаныс министрі бекіткен азаматтарды мерзімді қызметке шақыру шаралары жөніндегі Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі – әскерге шақырылған азаматтарды кәсіби іріктеуден бастап әскер қатарында болып бейімделуден өткенге дейін дұрыс ұйымдастырылған, кезең-кезеңімен жоспарланған психологиялық жұмыс шараларын жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстанның барлық әлеуетті құрылымдары қатысқан жиын барысында мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасты, психодиагностика, психопрофилактика, түзету жұмыстары мен әртүрлі даулы жағдайлар  бойынша жұмыстың ерекшеліктерін талқылады.

– Бүгін бізге ата-аналары, қоғам мен Отанымыз сеніп тапсырған жас азаматтардың денсаулығы мен өмірі, болашақ тағдыры сіздердің әрқайсыларыңызға қатысты екенін білулеріңіз керек. Демек, армияның  ұрысқа қабілеттілігі, жауынгер-азаматтың Отанды қорғауға әзірлігі, олардың  моральді-психологиялық төзімділігі де сіздердің жұмыстарыңызға қатысты деп атап өтті,- Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы  полковник  Аркен Ташубаев.

Жиын барысында әскери психологтар бүгінгі күннің басты міндеті – бұл норманы орындау үшін санға құмарту емес, керісінше  шақырылып отырған контингенттің сапасына демек, мықты денсаулығына, біліміне және  моральді-психологиялық төзімділігіне назар аудару деген қорытындыға келді.

Бүгінгі таңда психологиялық жұмыстың маңызы артып отыр. Сол себепті психологтар ертеңгі болатын әскерге шақыру науқанына баса назар аударып, талқыға салды. Келісіп пішкен тон келте болмас деген сө бекер айтылмаған ғой.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
565
0