Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
21:41, 25 февраля 2013

3-Conference Kazaly-2009 (M.K.Kursabaev)

Мектеп жасындағы оқушылардың мазасыздануы мен эмоционалды қалпының психологиялық ерекшеліктерін ескертуге арналған жұмыс түрлері

Сейітова Нұрсұлу, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,Қожабахы ауылы,

№ 25 мектептің психологы.Kz_sch_25@bk.ru

Мектеп жасындағы оқушылары арасында мектепте, сыныпта, өз ортасында немесе өз үйінде мазасыздануы, эмоционалды қалпының түрлі өзгерістерге ұшырауы жиі кездеседі. Бұл түрлі мақсаттар мен себептерден тууы мүмкін. Бұл заңды да. Бірақ, бұл жағдай оқушылардың келешек өміріне теріс ықпал етіп безіндірмеуге, психосоматикалық күйге түсуден өзін-өзі алып шығуға жан-жақты, түрлі жұмыстар жүргізілу арқылы жолға қойылуы керек.

Біздің елімізде психотерапия, мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде соңғы жылдары ғана дами бастады. Дамыған елдерде сияқты біздерде бүгінгі таңда екі психотерапевтикалық модель, яғни үлгілер дамып келеді. Бірінші үлгісі бойынша психотерапия дәрігерлік мамандық болып табылады.

Екінші үлгісі - дербес гуманитарлы кәсіп. Мұндай психотерапияның негізгі мақсаты – икемділікті, мінез-кұлықтың жаңа, тиімді стратегияларын табу шеберліктеріне тәрбиелеу. В.Е. Рожнов, Б.Д. Карвасарскийлер психотерапия жайлы былай дейді: "Психотерапия - психикаға психикалық әсер ету жүйесі(сөзбен, ым, ишаратпен, үндемеу, техника көмегімен т.б). Және осы жүйе арқылы адамның бүкіл ағзасына әсер ету, әрі дезадаптация қалпы мен ауру кезіндегі сауықтыру шаралары"[1].

Ал, біздерге В.В. Макаровтың берген анықтамасы жақынырақ. "Психотерапия – өткенді, болашақ, дәл осы уақыттағыны психологиялық реттеу процесі және үйлесімділікке жету". Мазасыздану тек қана ескерту белгісі ғана емес, әрі кикілжіңдерден қорғайтын белгі, себебі психологиялық қорғаныс механизмдерін қосып алады. Мазасыздану негізі болып ішкі кикілжіңдер болып табылады. "Физиологиялық тұрғыдан мазасыздану реактивті күй болып табылады. Бұл мазасыздану физиологиялық өзгерістерді тудырады. Мұндай кезде жүрек қағуы жиілейді, қан қысымы артады. Қан бұлшық еттерге жіберіледі, яғни адам ағзасы белсенді іс-әрекетке дайындалады"[2].

Сондықтан да, мазасыздануды жоюдың бірден-бір тәсілі денеге бағытталған терапия. Бұл бағыттың негізін калаушы Вильгельм Райх. Бағыттың негізгі тұжырымдамасы – барлық проблемалар жүзеге аспаған қалау-тілектерден туындайды. Өзіміздің жеке, моральдық, мәдени, әлеуметтік бағдарларымызға орай, біздер өзімізді, қалау-тілектерімізді сыртқа шығарудан қысамыз. Жүзеге аспаған тілек-қалауларымызды, мысалы, мазасыздану, қорқыныш, агрессия, тітіркену дегендер "бұлшықтық қабық" дегенді құрайды. Мұндай қысымдардан адамға бой жазу үшін және транс қалпына кіру үшін жаттығулар көмегімен шешуге болады. Кинестетикалық трансқа ендірудегі негізгі бір тәсіл – бұл сипап-сезу. "Сипап-сезу – бұлшық ет, нерв, махаббат тілінің бірі. Егер сені қолыңа көтерсе, бұл көмек беру, ал саған жақыңдаса, бұл - контакт". Нақ осы транс кезінде санадан тыс кезде адам психиканы қайта ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қайтадан транс қалпына кіру қабілетіне ие бола отырып, біздер терең өзгеруге және өмірге бейімделу үшін жеткілікті дәрежеде икемді бола түсеміз. Үлгі үшін бірнеше жаттығуларды ұсынамыз.

1-жаттығу. Адам кеңістікке біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде, көзін жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге дейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.

Мақсат: өз денесінің белгілі бір сипаттарын сезіну. Ұзақтығы - 10 минут.

Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші.

2-жаттығу. "Бейне". Топ жұпқа бөлінеді. Біреу жетекші, әр жұп бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көзбен байланыс жасайды. Жетекші жәйлап қолымен түрлі қозғалыстар жасайды. Оның жұптасы соның барлығын қайталайды. Кейін екі жұп бір-бірімен рөл ауыстырады. Зерттеулер көрсеткендей-ақ, мазасыздану ағзаның 3 деңгейінде пайда болады:

1. Невроэндокринді;

2. Психикалық;

3. Соматикалы немесе моторлы-висцералды.

а)дерматологиялық реакциялар (беттің ағарып-сұрлануы, терлеу);

б)жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы (яғни, тахикардия, систомия қысымының артуы);

в)вазамоторлы реакциялар (тер бөліну, қызару);

г)скелет бұлшық еттері реакциясы (бас ауруы, желке ауруы);

Сондықтан да соматикалық сипаттар көп  мазалайтындығын айтады. Кейде  мазасыздану белгілі-бір дене қимылдарымен  қатар көрінеді. Олар: үстелді саусақпен тықылдату, түймені бұрау, шамадан тыс ішімдік ішу және темекі шегу, кірпік қағу. Мұның барлығы кикiлжің өмірлік ситуациялардан туатын мазасыздану. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей-ақ, мазасыздану белгілі-бір әлеуметтік белсенділікті, топта лидер болуға ұмтылуға итермелейді. Немесе, ішкі рефлексия мен өзін-өзі танымды белсенді етеді.

Тағы бір мазасызданудың көрінуі — ол мезгілсіз, үздіксіз сөйлеу. Клиент осылайша өзінің мазасыздануын жасырғысы келеді. Клиенттің ұзақ сөйлеуі — оның өзін-өзі қорғау формасы. Келесі бір клиенттің мазасыздануды жою тәсілі — оның кеңес берушіні бөле беруі. Экзистенциалды бағыттың психологтары клиенттің барлық сөзді айтып болуына рұқсат етуді ұсынады, себебі мазасыз клиент ештеңе естімеуі мүмкін. Көптеген жаттығулар адам қалпын сезінуге бағытталған және олар гештальттерапияда қарастырылған.

3-жаттығу "Қайта туылу".

Жаттықтырушы немесе үнтаспа көмегімен орындалады. Кілемге отырыңыз, көзді жұмыңыз. Қалай бой жазасыз, соны сезінiңіз. Егер денеңіз алға құласа, солай істеңіз. Егер қолды столға қойғыңыз келсе, қойыңыз. Ана құрсағындағы нәресте болыңыз? Өз тынысыңызды тыңдаңыз. Жәй тыңдаңыз: ауа кіреді, шығады. Сездіңіз бе? Сіз кішкентай демек, екі бастау қосындысысыз, әкелік, аналық сізге небары 10 күн сіз жолыңызды бастай аласыз. Сіз біртұтассыз. Бір. Бір. Бір. Бір. Бір. Осы бірлікте сіз өмірдің туылуын сезінесіз. 3 апта өтеді. Бірте-бірте дене, ми, қан, тамырлар дамиды. Бір түтікше — ең маңызды. Ол күшке толады, әрі пульс пайда болады. Алдымен әлсіз, одан кейін сенімді, тағы сенімді. Бұл сіздін жүрегіңіз соғады. 5 апта өтті. Басыңыздың көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Ми дамиды. Денеңіз түзуленіп келеді. Бет, мойын қалыптасады: 1 минутта мың нейрон. Жас, сау мықты клеткалар 7-апта келеді. Сіз енді ішкі қозғалысыңызды сезінуге кабілеттісіз. 12-апта: ми жұлыны дамиды. Қан қалыптасады. Сіз қыз немесе ұл екеніңізді сезесіз. Сіз адамға ұқсайсыз. Сүйек, екі ми жартысы, жұту, сору рефлекстері бар. Біздің дамуымыздың 7-айы аяқталуда. Сіздің өкпеңіз ауа жұта алады, теріңіз жұмсақ, сіз салмақ жинап келесіз. 9-ай келеді. Сіз күшті, белсендісіз. Сіз өмірге дайынсыз. Сіз тез және жәй дамитын боласыз, Сізге жақсы әрі жаман болады. Сіз білесіз, мұның барлығы ұлы құпия. Сіздің болашағыңыз өз қолыңызда. Тағы ойланыңыз: өмірде не керек? Өмірлiк басты мақсаттарыңызды талдап көріңіз: олар қайырымды және маңызды болсын. Енді өзіңізден сұраңыз: "Менде барлығы бар ма осылардың жүзеге асуына?" Біздер жақсы бола аламыз? Өзгелерден биік емес, бірақ өзімізден биік. Терең дем алып, терең дем шығарыңыз, Көзіңізді ашыңыз, жаттығу аяқталды.

4-жаттығу "Сурет салу".

Мақсаты: Шығармашылықты дамыту, сезім, эмоцияны білдіру. Ұзақтығы – 30 минут.

Әрбір топ мүшесі қағаз алып, қарындашпен өз мазасыздану күйін білдіреді сурет ретінде.

5-жаттығу "Есімнің артында"

Мақсаты: Өзіне өзі баға беру және өзіне сенімділіктің артуы.

Ұзақтығы: 10 минут.

Әркім өз есімін жазып, оның тұсына сол әріптен басталатын анықтауышты жазады.

6-жаттығу. "Көз фиксациясы"

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмеңдету.

Ұзақтығы: 10-15 минут.

Бой жазып адам алдына тура қарау керек, үлкен емес затты таңдап алып немесе түсті дақты, зат бір орнында болу керек. Сол затқа назар аударып, оны зерттеу қажет. Тыныс алу ерекше, терең. Бөтен ойды алып тастау керек, ойлар, проблемаларды ұмыту, ішіңізден "Мен бой жаздым" деп айту керек. "жағымды бой жазу иық, арқаға, одан аяқтарыма түседі. Мен өзімді керемет сезінемін мазасыздық жайылуда".

7-жаттығу "Белгілі бір эмоционалды қалыпқа бұрылу".

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін төмендету.

Өтілу барысы: Ойша толқыған, мазасыз қалыпты бір әуенмен, түспен, пейзажбен, ал тыныш бой жазған қалыпты өзге көрсеткіштермен байланыстыру. Мазасыздану қалпы кезінде алдымен 1-қалыпты, кейін екінші, сосын 3-шісіне көшу, осыны бірнеше рет қайталау.

8-жаттығу "Иә".

Мақсаты: Мазасыздану деңгейін тыныштандыру және төмендету.

Ұзақтығы: 15 минут.

Мәтін: Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп ойлаңдар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын естіп және орман тыныштығын құстардың әнін тыңда. Осының барлығына: салқынға, тыныштықка, дыбысқа жаныңды аш, өзіңе ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын. "Иә" деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз). Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз "Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын".

9-жаттығу "Портрет".

Арттерапия техникасы.

Мақсаты: "Мен" бейнесінің өзгеруі және мазасыздануға қарым-қатынастың өзгеруі.

Барысы: Ақ қағазға бояумен немесе қарындашпен өздеріңді қалай көргілерің келсе, салыңдар. Енді бөлшектерді қосыңдар, шаш салыңдар. Оны түспен бояңдар. Әрі қарай көз салындар. Күшіңіздің мені көздерінде, сондықтан көзді айқын, ашық, жалындатып салыңдар. Портреттегі көздеріңіз куаныш пен бейғамдықты бейнелесін. Бетiңіз тыныш, жымиыста болсын. Бет-жүзіңіз махаббат, түсіністік, білдірсін. Портрет жасай отырып, ең жақсы қасиеттерді бейнелеңіз. Портретте өзіңізді қандай көргіңіз келсе, солай бейнелеңіз. Қолды салуды ұмытпаңыздар, олар күшті, әрі нәзік болсын. Портретті аяғына дейін салыңыз. Тағы да қарап, нені қосу, нені алу керек, ойланыңыз. Өз бейнеңізді жетілдіріңіз, портретті "Иә - бұл мен, жетілген, бақытты жанмын" деген сөздермен тірілтіңіз.

Релаксация техникасы. Тез, жылдам релаксация.

1. Арқамен ыңғайлы жатыңыз, қолдарыңыз денеңіз бойымен созылған, көздеріңіз жабық.

2. Жағымды нәрсе ойлаңыз. Көк шалғында бұлақ жағасында жатырсыз. Күн  әдемі. Бұлақ сылдырап  жатыр, шөп иісі аңқиды.

  1. Тыныштану сезімі бойыңызды жаулап барады.

4.            Әр демалған сайын денеңіз бой жазып келуі.

5.            Сеансты аяқтауға асықпаңыз. Денеңіздің өзі сізге ыңғайлы қорытынды айтады.

Тыныс алу релаксациясы:

1. Ыңғайланып отырып, көзді жұмыңыз.

2. Дем алуды бақылаңыз, әр дем шығарғанда бой жазғанды сезініңіз.

3. Дем алғанға мән беріңіз. Ең соңғы сәтте дем алуды ұстап қалып, 3-ке дейін санаңыз. Сосын тыныш тыныс шығарыңыз, тағы да 3 деп есептеп, дем алуды ұстап қалыңыз.

4. Осы процедураны 5-10 рет қайталаңыз.

5. Жата беріңіз, әзірге сізге жақсы.

6. Көзді жәйімен ашып, дене тұрқын ауыстырғыңыз келгенше күтіңіз.

10-жаттығу. "Бейне"

Мақсаты: Дене сапасын қолдау, шығармашылық қозғалыс, тұлғааралық эмпатия.

Барысы: Топ мүшелері жұпқа бөлінеді, бір-біріне бетпе-бет қарап, көздеріне қарайды. Жетекші қандай да бір қол, аяқ, баспен қимылдар көрсетеді. Ал "Бейне", яғни қарсылас айна сияқты қимылдарды қайталайды. 5 минуттан соң, рөлдермен ауысады.

11-жаттығу. "Жетекшіге еру".

Мақсаты: Жетекші болып, топтағылардың барлығын бақылау.

Ұзақтығы: 20 минут.

Барысы: Топ мүшелері шеңбер түзей тұрады. 1-ші мүшесі жетекші болады, денесін түрлі қозғалысқа келтіріп, шеңбер бойымен жүреді. Қалғандары қозғалысты қайталап, шеңберді сақтайды. Бiраз уақыттан соң, жетекші шеңбер соңына тұрып, соңғы балаға дейін қозғалысты қайталап күтеді.

12-жаттығу. "Сиқырлы сөз" ойыны

Мақсаты: Қатысушылар арасындағы қысымды шешу, өзін тану.

Ойын барлығы: ойын жүргізушісі қатысушыларға кейбір: рақмет, сіз өте қайырымдысыз, оқасы жоқ, сіз сондай жақсысыз деген секілді "сиқырлы сөздердің" маңызын естеріне түсіреді. Қатысушылар шеңбер бойымен бір-біріне естеріне түскен "сиқырлы сөзді" қолданып, қарсы алуы керек.

13-жаттығу. "Мәнді адамдар" ойыны

Мақсаты: Басқа адамның құндылығы жайлы түсінікті және өзінің эмоционалдық күйін көрсете білу қабілетін дамыту.

Ойын барысы: жүргізуші ойын қатысушыларына ең маңызды деген адамдар жайлы айтуды сұранады. Ол тек қана үнемі қарым-қатынаста жүретін адамдар болуы міндетті емес. Ол өмірде бар болуы да мүмкін, барлығынан да қымбат, басқалардан гөрі өзіне мәні жоғары адам болуы қажет. Жүргізуші өзіне маңызды адамдар жайлы айтады. Жүргізуші қатысушыларға келесі схема бойынша әңгіме құрауын сұрайды:

- Олар кімдер?

- Сіз үшін несімен мәнді, несімен қымбат?

- Егер ол өткен шақта болса, қазір де жақын ба?

- Дәл қазір мүмкіндігіңіз болса, оларға не айтар едіңіз (мысалы, айтылмаған алғыс сезімі сияқты).

Бұл жоғарыда аталған жаттығулардың барлығы қарым-қатынас және тұлғалық өсу тренингісі ретінде өткізіледі. Әрі ата-аналармен жұмыс істеуде, отбасылық терапия ретінде де өткізуге болады. Бұл жаттығуларды топ адамдарына, өздеріне, мазасыздануларын сезінуге көмектесу үшін жүргізсе болады. Мазасыздану біздің әрекетіміздің құрылымында маңызды қызмет атқарады және ең маңыздысы, осы сезімнен құтылу емес, оны сезіну, қабылдау да қажет. Осы қалыптың детерминанты болып табылатын себептерді іздеу, сезіну мен өзін немесе ситуацияны өзгертуге ұмтылу және де өз мазасыздануларының жағымды жақтарын көре білуге тырысуға қол жеткізіп, сол мақсатта тұлғаның өз ізденісін туғызу, ішкі сенімін орнықтыру – мектеп психологының басты парызы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Карвасарский Б.Д. Медицинская психология. -М, 1975.
  2. Ассаджиоли Р. Психосинтез. М, 1994.
  3. Дастанқызы Б. Психологиялық жаттығулар жинағы. Алматы. 2007. -196 б.
  4. Дарындылықтың психологиялық диагностикасы (әдістемелер жинағы). – Астана: «Дарын», 2007. – 216 б.

 

Эмоциональная устойчивость педагогов специализированных

домов-интернатов

 

Мурзатаева А.К., г.Павлодар, Казахстан

 

Актуальность проблемы  в исследовательских материалах последних лет все чаще высказывается мнение, что именно эмоциональная сфера личности становиться наиболее «патогенной» в современной культуре. Подтверждением этому в работах современных зарубежных авторов проводится феномен «эмоционального выгорания» как специфического вида хронической эмоциональной неустойчивости специалистов, работающих в структуре человек-человек [1, с.12].

Массовые психологические обследования О.С. Копиной, Е.А. Сусловой, Е.В. Заикина взрослого населения в нашей стране показывают, что резкие политические, экономические и социальные перемены, повышение темпа жизни и ее стоимости порождает у значительной части населения эмоциональную неустойчивость, проявляющееся в дискомфорте, фрустрации, тревоге и депрессии и т.п. [2, с.44].

Значительной части педагогов работающих в специализированных домах-нтернатах свойственны повышенный уровень тревожности, эмоциональной неустойчивости, хронической усталости, эмоционального напряжения, что может привести к развитию синдрома «эмоционального выгорания». При этом Н.В Ивановой, В.Г. Казанской, Р.В. Овчаровой отмечается, что эмоциональное неблагополучие повышает конфликтность во взаимоотношениях с окружающими, негативно сказывается на психическом здоровье.

Интенсивно ведется поиск путей преодоления и профилактики эмоциональной неустойчивости у  педагогов работающих в специализированных домах-интернатах, свидетельством чего являются программы по развитию и коррекции эмоциональной и поведенческой гибкости; социально-психологические тренинги по стабилизации эмоциональной сферы; осуществление психологической помощи педагогам по поддержке и улучшению их эмоционального самочувствия и психологического здоровья [3, с.57].

В работе с педагогами работающих в специализированных домах-интернатах в целях преодоления эмоционального напряжения предлагается преимущественно два направления:

­    обучение навыкам и приемам саморегуляции (В.Н. Борисов, О.Г.Ковалев, С.А.Лузин и др.)";

­    обучение способам преодоления эмоциональной неустойчивости [4, с.90].

Таким образом, значительный рост проявления эмоциональной  неустойчивости в процессе профессионального становления педагогов, работающих в специализированных домах-интернатах, и большая общественная значимость проблемы возводят ее изучение в одну из центральных проблем современной психологии.

Психологическое здоровье является необходимым условием гармоничного развития личности. В настоящее время особенно острым стоит вопрос психологического здоровья педагогов, работающих в специализированных домах-интернатах, поскольку профессия данных педагогов связана с большими нервно-психическими нагрузками и требует от них резервов самообладания и саморегуляции. Именно поэтому учительство как профессиональная группа отличается крайне низкими показателями физического и психологического здоровья.

Проблема эмоциональной устойчивости педагога тесно связана с высоким динамизмом развития его профессиональной деятельности; непрерывным повышением напряженности учебно-воспитательного процесса; изменением устоявшихся стереотипов поведения; быстроте и точности его поведений и операций; отсутствием должного уровня сформированности высших социальных эмоций [5, с.68].

Кризис профессиональной компетентности характеризуется состоянием психологического дискомфорта педагога в связи с необходимостью решения поставленных задач и преодолением возникающих трудностей, субъективное переживание которых может быть воспринято педагогом как непреодолимые. Отсюда и разнообразные отрицательные чувства: тревога, возмущение, агрессия, состояние фрустрации. Которые в свою очередь будут являться предпосылками возникновения различных психосоматических заболеваний [6, с.8].

Личностная ценность кризисных состояний для педагога, работающего в специализированном доме-интернате, остается под вопросом, так как зачастую самостоятельно решить возникшие проблемы он не в состоянии. Однако общественная ценность таких состояний не вызывает сомнений, так как они заставляют человека переосмыслить, перестроить прежде всего свою профессиональную деятельность, более осознаннее начать относиться к собственному психоэмоциональному состоянию, решая «не решаемые» задачи, развивая компенсаторные возможности организма [7, с.32].

Охране и восстановлению профессионального здоровья педагога в значительной степени способствует повышение уровня его эмоциональной устойчивости. В этих целях и рекомендуется использовать составленную нами развивающую программу «Эмоциональная устойчивость педагога».

Программа «Эмоциональная устойчивость педагога» опирается на теоретический материал и практический опыт работ Митиной Л.М., Самоукиной Н.В., Семёновой Е.М., Смирнова Н.К., Фопеля К.

Цель программы: создание условий для сохранения и укрепления психологического здоровья педагогов, работающих в специализированных домах-интернатах.

Задачи программы:

  1. Снять у педагогов состояние эмоционального дискомфорта.
  2. Сформировать у педагогов навыки конструктивного выражения негативных эмоций и чувств.
  3. Сформировать у педагогов навыки саморегуляции эмоциональных состояний.

Организационно-методические особенности проведения занятий:

Развивающая программа «Эмоциональная устойчивость педагога» предусматривает 7 занятий, частотой 1 занятие в неделю, продолжительностью 30-40 минут.

Структура занятия.

В плане каждого занятия предусмотрены такие части:

Вводная часть включает:

-         введение в проблему;

-         разминку, которая представлена упражнениями, позволяющими настроиться на основную работу.

Основная часть занимает большую часть времени и предназначена для рассмотрения в теоретическом и практическом плане вопросов основного материала.

Заключительная часть включает:

-         подведение итогов, рефлексия занятия;

-         снятие эмоционального напряжения посредством релаксации.

Тематический план занятий представлен в таблице 1.

 

Таблица 1 – Тематический план занятий

 

№ п/п

Тема занятия

Содержание

Кол-во часов

1

Психологичес-кое здоровье педагога

-         Понятие «психологическое здоровье»

-         «Руки»

«Открытость»
«Резервуар»
«Голова»

Саморасслабление

1

2

Эмоциональная культура педагога

1.Общее представление об эмоциональной культуре.

2.«Любящий взгляд»

«Передай эмоцию»

«Телефонный разговор»

«Слон»
«Угощение чаем»

«Неожиданный гость»

3. «Улыбка»

1

3

Негативные эмоции и управление ими

  1. Негативные эмоции в профессиональной деятельности
  2. «Настроение»

«Управляй эмоциями»

«Рубка дров»

«Пресс»

3. «Мусорное ведро»

1

4

Стресс

1)       «Незаконченные предложения»

2)       Система приёмов эмоциональной саморегуляции

«Падение»
«Пять радостей жизни»

3. «Объяснение в любви»

1

5-6

Саморегуляция

  1. Методы, направленные на развитие способности управлять своим эмоциональным состоянием.
  2. «Синдром Джелло»

«Напряжение – расслабление»

«Перекат напряжения»

«Огонь – лёд»

«Дыхание»
«Концентрация на дыхании»

«Растопить узоры на стекле»

«Перед сложным разговором»

«Снятие усталости и восстановление работоспособности»
«На работу»

«Визуализация моря»

«Убежище»

3. «Дождик»

2

7

Итоговое

  1. «Звуковая гимнастика»
  2. «Прощальный подарок»

«Дары учения»

3. «Незаконченные предложения»

1

 

Список литературы

  1. Митина Л. М. Учитель как личность и профессионал. – М.: «Дело», 1994. – 216 с.
  2. Психология здоровья: Учебник для вузов/ Под ред. Г.С. Никифорова. – СПб.: Питер, 2003. – 607 с.
  3. Рудестам К. Групповая психотерапия. – СПб.: Питер Ком, 1998. – 384 с.
  4. Самоукина Н. В. «Игры, в которые играют …». Психологический практикум. – Дубна, «Феникс+», 2000, – 128 с.
  5. Семёнова Е. М. Тренинг эмоциональной устойчивости педагога: Учебное пособие. – М.: Изд-во Института психотерапии, 2005. – 256 с.
  6. Смирнов Н. К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в работе учителя и школы. – М.: АРКТИ, 2003. – 272 с.
  7. Фопель К. Энергия паузы. Психологические игры и упражнения: Практическое пособие/ Пер. с нем. – М.: Генезис, 2001. – 240 с.
   

Адамның жандүниесі мен сезімдерін жетілдіруде музыканың ықпалы

Рахатдин Т.Ә, Қоңырбаева Сайраш, №123 көпсалалы мектеп-гимназияның музыка және өнер пәнінің мұғалімі, Алматы, Қазақстан

Адам баласына берілген құдіретті бес сезімнің ішіндегі елеулісі – есту қабілеті. Бұл қоршаған ортамен байланыс орнатып қана қоймайды, адамның жан-жақты дамуына негіз болар іргетас. Естудің өзіндік ерекшеліктері бар. Біздің тақырыбымыз адамның есту қабілеті арқылы саз өнерінің адам баласына ықпалды тәрбиелік құдіретін сезінуі, оның ішкі сезімдеріне, мінез-құлқына әсері туралы болмақ.

Біздің қоғамда зерттеушілердің айтуынша, музыка тыңдаудың оннан аса қызметі бар. Шындығында, музыка жаңаша білім береді, қажетті көңіл-күйге бөлейді, шығармашылық ісіне шабыт береді, күрестерге рух береді, сабасына түсіреді және жұбатады, көңілін аулайды және тәрбиелейді. Танымдық, тәрбиелік, жан қажеттілігі (гедоникалық), қарым-қатынастық, психотерапиялық қызметті мойнына алатын бұл өнер немесе ғылым саласы осындай жүйелі де маңызды міндетті атқарады.

Біздің халқымыздың музыка өнері және оның адам сезіміне әсері мен қуат-күші жайында айтылған тұжырымды ой мен татымды пікірлерінің бастауында Әбунасыр әл-Фараби тұрады. Оның музыка жайында жазған трактаттарында саз өнерінің адамды тәрбиелеу мен түзетуге деген мүмкіндіктері айтылған. Әл-Фараби бабамыздың бұл мұрасы педагогикалық жағынан да психологиялық жағынан да көптеген зерттеулерге негіз болатыны айқын. Жасынан бейім болған өнерлерінің бірі – музыка болғандықтан, әл Фараби саз өнерінің қыры-сыры туралы көп ізденеді. Музыканың адамды көзсіз еліктіретіндігі жөнінде де жанына жағымды әсер ететін тәрбиелік әлеуеті жайлы да көптеген пікірлері бар.

Қазақ жерінде Отырар қаласында кіндігі кесілген Әбунасыр әл-Фараби (870-950 жж.) араб-парсы елдерін аралап жүргенінде бейтаныс бір фараонның зәулім сарайына ат басын бұрып, ондағы жиналып отырған халыққа сәлемдесіп, фараоннан: “Қайда отыр дейсіз”, - деп сұрайды. Патша қалаған жеріңе отыр деген соң, патша тағына жақын жерден орын алады. Бұған аң-таң қалған фараон уәзірлерін шақырып өз тілінде “Мына мейман не біледі екен? Ештеңе білмесе, басын алыңдар” – деп бұйырады. Мұны түсініп қалған әл-Фараби: “Тақсыр, өлім жазасына кесілетіндей, не жазығым бар еді?” – дегенде, фараон: “Сен бұл елдің тілін қайдан білесің?” – деп сұрайды. Әл-Фараби өзінің жетпіс тіл білетіндігін айтады. Содан кейін фараон жаңа келген қонақтың құрметіне музыка ойнатады.

Әл-Фараби музыканттарға қай аспапты қалай, қайтіп ойнау жөнінде ақыл-кеңес беріп отырған. Сонан соң, ол өзінің тоғыз ішекті домбырасымен, нақышына келтіре бір сазды күй ойнағанда отырғандар ішек-сілесі қатқанша күледі, екінші бір әуенді тартқанда жұрт еңіреп жылайды. Үшінші жанға жайлы күйді күмбірлеткенде тыңдаушылар тегіс ұйықтап қалады. Осы кезде әл-Фараби орнынан тұрып, “Бұл жерде әл-Фараби отырды” деп жазып кетіпті. Бұл аңызды, мүмкін шындық та болар музыканың адамның психологиялық жай-күйіне тікелей әсері және нақты мысалы деп білуіміз қажет [1].

Сан ғылымға негіз боларлық ой қалдырған бабамыздың  саз өнері жөніндегі “Бұл ғылым (яғни музыка) өзінің байсалдылығынан айырылған адамдарды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды ылғи да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді” деген тұжырымы халқымыздың тәжірибесінде музыкалық терапияның болғанына ғылыми негіз болары хақ.

Қазақ халқының ән-күйі және оның психологиялық ықпалы жөнінде Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, А.Жұбанов, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, І.Жансүгіров т.б. шығармаларынан көптеген мысалдарды келтіруге болады.

Өзгеге көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың, - деген Абай өлеңіндегі негізгі “өлең айту” – яғни, ән айту. Бұл жөнінде бірнеше өлеңдерінде нақты ойлар кездеседі:

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

Немесе:

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

Келесі бір мысал:

...Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен,

Өмір сәуле көрсетер судай тұнық, - деген сынды нешеме мысалды келтіре беруге болады. Абай сынды өз заманынан алға озып ой айтқан, парасаттылық пен кемеңгерліктің,  данышпандықтың үлгісін көрсеткен тұлғаның ән-күйді тыңдаудағы өз пікірінің болуы заңды. Адам өміріндегі ерекшеліктерді бастан өткізген ақын ғашық болу және оның азабы, биліктің, зорлықшыл ортасының әсері мен наданшылықпен күрестің күйзелістеріне төтеп беруде өз шығармашылығын: өлеңдері мен ән-күйлерін жан дертіне дауа еткен болар. А.Құнанбаевтың ойлы әндері мен толқынды күйлерінің тыңдаған жанға айтар өзіндік сыры бар. Абайды өнер биігіне көтере білген оның шығармашылығын түсінген, қажет еткен, көкірегі ояу – қазақ халқы.

“Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі дауысымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жас моншақтап, бойлары балқығандай шартта-шұрт қол шапалақтасып тарқайды”, - деген С.Торайғыров әннің халық рухына сіңуіне, яғни психологиясына айналатындығына пікір қосады [2].

Сондай-ақ, халық ауыз әдебиеті мен халықтың аңыз күйлерінде де саз өнерінің құдіреті жайында үлгілік ойлар бар. Мысалы, халықтың аңыз-күйі “Ақсақ құланда” күйші Кербұқа домбырадан төгілген күйі арқылы ханға баласының өлімін естіртеді. “Балаң өлді, Жошы хан” деп күңіренген үнді бір ауыз адам сөзін қоспастан, аспаптан шығарады. Күйдің тілін түсінген хан шошынып, өз аузымен баласының өлгенін еріксіз айтып қалады. Осылайша, ханның “баламның өлігін естірткен адамның көмекейіне қорғасын құям” деген серті орындалмай, оның есесіне күйшіні Барсакелмес деген аралдағы айдаһар жыланның алдына апарып тастайды. Домбырасын өзімен бірге ала келген күйшінің жалғыз қаруы да, серігі де домбырасы еді. Адамды көріп жұтайын деп келген айдаһардың алдына отыра қалып, күйін төгеді. Домбырадан құйылған сиқырлы саз айдаһардың сезіміне ықпал етіп, еріксіз тыңдауға мәжбүрлейді. Үш басты айдаһар бір басын тауға сүйеп тыңдап жатса, екінші басы аузын ашып, қозғалмастан таңданыста тұрады, ал үшінші басы домбырамен қосыла жылайды. Себебі, домбырадан “көке, көке...” деген балаша жылаған аянышты үн шығып, сезімсіз де қайырымсыз болып көрінетін айдаһар жыланның да аяушылық сезімін тудырады. Күй аяқталған соң ініне кіріп, ат басындай алтынды домбырашының алдына домалатып әкеліп тастайды. Осылайша, домбырашы Кербұқа ханның қаһарынан да, айдаһардың аузынан да аман қалып, күйі аңызға айналып халық аузында қалады [3].

Қазақ халқының аңыз күйлерінің барлығына дерлік әуен-саздың адам мен хайуанның сезіміне тікелей әсер ететін құдіретін паш етеді. Адам аузы бармас өлімді естіртуге, малды иітуге, өлген жанды жоқтауға, құсты көлге қондыруға т.с.с. адам тілі жеткізе алмас тылсым сыр домбыра мен қобызда сондай-ақ, сыбызғыдағы күй тілімен әсерлі де ықпалды болғанын білеміз.

Музыка есту арқылы адамның көңіл-күйіне әсер етіп, тыныштандыру, тербеліске түсіру, еліктіру, шабыттандыру, т.с.с. күйге бөлейді. Музыка тыңдау арқылы адамның ішкі рухани күштерінің және мүмкіндіктерінің жинақталуы немесе реттелуі адамды серпілтеді, қалыпты жағдайдан өзгертеді, құлшыныс туғызады. Осыдан бірнеше жыл бұрын төсек тартып жатқан науқас адамның әнші М.Жүнісованың әндерін тыңдау арқылы сауыққанын яғни, аяғынан тұрғанын баспасөзден оқыдық. Шындығында, бұл әншінің басқаларға қарағандағы ерекшелігі дауысында нәзік діріл (вибрация), әдемі бояу (окраска), динамикалық (өспелі) иірім, сенімді серпін бар. Науқастың ішкі түйсігіне қозғау салып, бір күйден екінші күйге ауыстыру күшін туғызуы әбден мүмкін.Атақты композитор, пианист С.Рахманинов өмірінің соңғы жылдары өте науқас бола тұра өткізген керемет концертінен соң, оның жақын танысы О.Н.Конюс: “Концертке дейін орнынан қозғалуы үлкен күшке түсіп тұрған композитор концертте ұзақ бағдарламаны сондай жоғары деңгейде, зор шабытпен ғажап әсерде ойнап шығуы таң қаларлық” – дейді таңданысын жасырмай. С.Рахманинов сахнаға шыққанда көптен жанын қинап жүрген дерті мен денсаулығының төмендігін ұмытып кеткен еді. ХХ ғасырдағы көрнекті неміс дирижері Герберт фон Караян бірде концерт жүріп жатқанда, дирижерлеу үстінде бүйрегіндегі тасы түседі. “Әшейінде жан төзбейтін бұл аурудың өткенін мен концерттен соң білдім” – дейді ол өзінің сұхбатында. Есту, көру, сезім түйсігі, иіс сезімі, дәм сезуі сияқты адамның басты бес сезімін жетілдіру – түйсіну, қабылдау, ойлау, есте сақтау, елестету сияқты адам мүмкіндіктерін молайтады. Елімізде психология ғылымы қарқынды дамып келеді. Алайда, өнердің, оның ішінде музыканың тұлғаны әлеуметтендірер мүмкіндігін ұсынатын психологиялық бағдарлама немесе әдіс-тәсілдер жоқ деп айтуға болады. Бірақ, музыканың зор мүмкіндігін біз жас ұрпақ тәрбиесіне, оларды әлеуметтендіруде пайдалануымыз керек.

Қазіргі біздің өмірімізде жас ұрпақ тәрбиесінде көптеген тығырыққа тірелер мәселелер бар. Бұл көбінесе балалардың эмоциясын жеткізе алмауынан туындап жатады. Бұл проблемалар – алекситимия және аддикция деп аталады.

Алекситимия – бұл ішкі жан күйзелісін білдіре, жеткізе алмауы. Ішкі жан күйзелісі: ашу мен ыза, қайғы мен мұң, әлсіздік, қызғаныш, қорқыныш т.б. анықталмастан, яғни сыртқа шығара алмай іште қалуына байланысты жасөспірімдерді (тіпті үлкендерді де) ауруға ұшыратады. Жүрек, өкпе, бауыр, асқазан сияқты ішкі құрылыстарын зақымдайды. Дәрігерлердің айтуынша, бұлардың қатарына қолқаның асқынуы, асқазан жарасы, жүрек ауруы, нейродермит, буын аурулары, ішек жаралары, гипертиреоз, тіпті соңғы кезде жүрек тамырлары аурулары, қатерлі ісік дерті қосылды. Кейінгі уақытта жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) көбейіп келеді.

Аддикция немесе аддиктивті мінез-құлық адамдардың аталмыш проблемалардан шығар оңай жол іздеп тәуелділікке таңылуы. Бұлардың қатары бұрын темекі, насыбай, ішімдік болса, соңғы кезде наша немесе есірткі, компьютерге жіпсіз байлану сияқты болып көбейіп келеді. Өзін қабілетсіз де дәрменсіз болып көрінуден сақтана отырып, өз “эгосын” сақтап қалғысы келгендік. Ішкі жан дүниесіндегі үйлесімсіздік тек қана бір жағдайға қатысты болмайды. Ол бала кезден (тіпті іште жатқанда, тектен берілетін) күтімнің дұрыс болмауы, мейірімнің жетіспеуінен, т.б. туындайтын олқылық бала бойындағы мінез-құлықта, ішкі сезімдерінде толымсыздыққа негіз болады. Толымсыздықты білдірмеу мақсатында жасөспірімдер өзін басқаша көрсетудің жолын қарастыра бастайды да тәуелділікке ұрынады.Алекситимиялық та аддиктивті мінез-құлық та адамды тығырыққа әкеліп тірейді. Бұл тығырықтан шығар бір жол – өнерге үйрету, шығармашылыққа тарту, әдемілікке қызықтыру, сұлулыққа тәрбиелеу. Ішкі сезімдерге тікелей әсер етудің тікелей арнасы музыкадан бастау алары сөзсіз. Адамның өзінің жан қалауын білуіне, оны басқаға жеткізе білуіне, өзі туралы өзінің ойлауына, өзін өзі қамқорлауына, күш алып аяққа тұра білуіне, өзін-өзі дамытуына, шығармашылық ерік-жігерін туғызуына, тәуелділіктен құтылып, өзін өзі басқаруына музыка арқылы мүмкіндік табады. Әрине, бұған өнердің басқа да түрлерін немесе кіріктірмелі (интеграциялы) өнер шығармашылығын да алуға болады [4].

Музыканы сиқырлы сазға теңеп жатады. Бұл жай көркемдік үшін айтылмайды. Оның үнінде, әр дыбысында тылсым күш бар. Дыбыс пен үндегі энергетикалық күш әуен арқылы адам бойындағы биологиялық күшке тікелей ықпал етеді. Сондықтан да жүйкені реттеуші әуен-саздың сын кезеңдерде көмекке келетіні даусыз.

Мысалы, неміс композиторы Людвиг ван Бетховен 28 жасында құлағы тас керең боп бітеліп және сүйген қызының күйеуге шығуға қарсылық білдіруіне байланысты болған тағдырдың үлкен екі соққысына шыдай алмай, өмірден кетуге шешім қабылдайды. Бұған ағаларына жазған хаты дәлел. Әйтсе де оны құдіретті музыка құтқарып қалады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Музыка мен интеллектуалдық дамуды ағзаның гармонды дамуына қолдануға болады. Музыка қандағы гармонды көтеріп не азайтып, стрессті (күйзелісті) де баса алады. Мәселен, гостроэнтероскоптық ческ зерттеуін жүргізу науқастарда алаңдаушылық пен сенімсіздік тудырған. Стресс жағдайын клиникалық анализдер де анықтаған. Бұл науқастарға баяу музыка тыңдатылғанда, қандағы кортизол құрамы азайған, үрей сейілген. Музыкалық терапия жасалмаған келесі бір бақылау тобында керісінше жағдай байқалған. Мұндай тәжірибе операция алдында жасалған. Екі топқа да ертесі күні операцияға түсетіндіктері ескертілген. Ескертпеден кейін тәжірибе тобындағылар бір сағаттай музыка тыңдағанда, қандарындағы кортизол деңгейі 50 пайызға көтерілген[5].

Бір сағаттан кейін бақылау тобындағы көрсеткіш өте жоғары деңгейде қалып қойған, ал музыка тыңдаған кісілердің қандарындағы кортизол көрсеткіші нормаға дейін түскен. Бұл музыканың стресті басатындығын әрі оны науқастарды емдеуде қолдануға болатындығын көрсетуде.Қандай да бір өнер адамы қарапайым қатардағы адамға қарағанда ортаға қабылдануы ерекше. Ол өз ойын еркін білдіре алады, қоршаған ортасына ықпалды. Материалдық құндылықтарға емес, рухани құндылықтарға, рухани байлыққа құштар. Оның адамның жан-дүниесіне әсерін жоғары бағалайды. Біз қазіргі жаһандануға бет бұрған, нарықтың қаталдау экономикалық саясатын мойынсұнған қалпымызда тек технократтық ойдың жетегінде емес, рухани құндылықтарымызды да дәріптей, насихаттай білуіміз қажет. Оның ішінде музыканың адамды тәрбиелеушілік, жанын ләззаттандыратын, мінез-құлыққа ықпал етушілік әлеуетін пайдалануымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Тәжі Р. Музыка сабағында домбырамен ән үйренудің өзіндік сырлары. “Білім берудегі менеджмент”. 144-147 бб. № 1. 2006 ж.
  2. Ақылдың кені. Алматы: “Көшпенділер” баспасы. 2003, -244 б.
  3. Райымбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. Алматы. Өнер. 1990 ж. 82-93 бб.
  4. Петрушин В.И. Психология и педагогика художественного творчества: уч.пособие для вузов. – М.: Академический проект, Гаудеамус, 2006. –490 c.
  5. Бағашар Қ. Әдемі әуеннің әсері. Аңсар журналы. 9-10 бб. №10, 2007ж.

«Атамекен» бағдарламасы – ұлттық тәрбие негізі

 

Зейнегүл Жален- Қызылорда облысы, Қазалы Аудандық Оқушылар Үйінің үйірме жетекшісі, Қазақстан

 

«Атамекен» бағдармасы – Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие процестерінің өзіндік ұлттық айшық ерекшеліктерін айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім- тәрбиелік принциптеріне негізделген ғылыми педагогикалық және методикалық бағдарлама.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң өскелең жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат екені даусыз. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру саласында халықтық педагогиканы енгізе отырып, қазақ халқының салт - дәстүрін,  әдет- ғұрпын, өнерін, тарихын, мәдениетін меңгертуде оқушылардың бойына ұлттық мінез-құлық, имандылық, адамгершілік, сыпайылық, кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруда «Атамекен» бағдарламасының маңызы зор.

Ғасырлар бойы ата- бабаларымыз аңсаған тәуелсіздік таңы атып, төбеміз көкке екі елі жетпей, үлкен қуанышқа бөленген біздер, қазақ елінің тәуелсіздігін нақты іс-шараларымыз арқылы көрсете білуіміз керек. Ал мұндай қасиетті істер баршамыздан жан- жақты ізденімпаздықты, қажымас қайрат пен шыдамдылықты қажет етеді. Білім мен тәрбие егіз. Олайболса, бүгінгі өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу басты міндетіміз.

Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңында: «Қазақстан халқының мәдениеті мен өнерін, салт- дәстүрін оқытып үйрету үшін жағдайлар жасау – негізгі міндеттердің бірі» - делінген болатын. Олай болса, ұлттық тәрбиеге жан-жақты жағдай жасап, көңіл бөле бастағанымыздың өзі- болашақтың сәулесіне нұрын шашатын күн шуағы сияқты.

Халықтық педагогика- кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын-жыраулар мен сал- серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тербие құралы. Олардың  даналық болжамы,ғибрат аларлықсөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып жүрегімізден орын алуда.

Халықтық педагогика - халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін үлкен тәрбие кітабы. Ал тәрбие тамыры тереңде - халық қазынасында, оның қадір-қасиеті мен бітім болмысында екенін есімізден шығарып алмауымыз керек.

Ата-бабаларымыз жерімізге жау басып кірмесін деп - қайратт, күшті, епті болуға, ұлттық мәдениетіміз жойылып кетпесін деп - өнерге, ал халқымыз гүлденсін деп - еңбек етуге, білім алуға баулыды. Сондықтан да мұндай қасиеттерді дәріптеп, оны жас ұрпақтың бойына сіңіруді ата-бабаларымыздың "Аманаты" деп түсінуіміз қажет. Тілден, мәдениеттен, тарихымыздан айырылғанымыз - ұлтымыздың жойылғаны. Ұлттық тәлім-тәрбиесіз - ұлттық намыс та болмайды. Ал ұлттық намыссыз - ұлттық гүлдену де мүмкін емес. Олай болса, халық педагогикасының сан ғасырлық ілімдерін негізге ала отырып, қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа жаңаша ұлттық тәлім-тәрбие беруге күш салуымыз керек. Міне, осындай сан ғасырлық сыннан екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиені қамтыған "Атамекен" бағдарламасының бүгінгі таңдағы мағынасы, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі зор. Жалпы айтқанда, "Атамекен" бағдарламасы халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Оның ажырамас тұтас бір бөлігі. "Атамекен" сөзінің өзінде түсіне білген адамға қаншама терең сыр мен мағына жатыр десеңші.

"Атамекен" ол:

А - Ата

Т - Тәрбиесі

А - Ақылшымыз

М - Мақсатымыз

Е - Елдігіміз

К - Келешегіміз

Е - Егемендігіміз

Н - Намысымыз - деген ұғымды білдіреді. Қазақ халқының бала тәрбиесі жөніндегі атам заманна келе жатқан, жиып-терген мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-бабаларымыздың ұрпағының келешегін, болашағын ойлап ескеруінен туындаған. Олар осы салттарымыз, дәстүрлеріміз, ырымдар мен тыйымдары арқылы ұрпағының жақсы тәрбиелі болып өсуіне, жаман  әдеттен аулақ болуларына ықпал жасап отырған. Оларға жол сілтей білген. Олай болса, халықтың тілін, салт-дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ үшін халықтық педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алу - бүгінгі күннің талабы болмақ. "Атамекен" бағдарламасы осындай жарқын, ұлағаты мол тәрбиенің айғағы іспеттес.

Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі мұрасына көз жүгіртсек, отбасына байланысты тұнып тұрған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жоғары бағалаған.

Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақтарының адал жанды, әдепті, иманды, батыл да батыр, инабатты, ізетті болып өсуі үшін өсиет айтуды, өнеге көрсетуді, бата беруді, тілек айтуды әлеуметтік әдепке, ата-бабалық дәстүрге айналдырған. "Атадан өсиет, анадан қасиет" деп, халық атадан-балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді, келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеген.

Ата-бабаларымыз өмір тәжірибелерінен халықтық әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі-нұсқаларды өне бойы өнеге етіп, ұрпақтарына үйретіп отырған. Тілек тілеп, жастарды жақсы жолға бастаған. Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де, ақылымен де, парасатымен де үлгі-өнегесін қалдырған ата-бабаларымыздың әруағын ардақтап, мұрасын мақтан тұтуымыз керек. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жыр-термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары айналып келгенде тірелетіні тәрбиелік мәселе. Қазақ мақал-мәтелдері жай ғана ермек үшін айтылған ұйқас сөздер емес. Олардың бәрінің тәрбиелік мәні болған. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан мәтелдер мен мақалдары, нақыл сөздері үлгі етіп ұрпақ тәрбиесіне пайдалану дәстүрге айналған.

Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыл, батыр, ойшыл, еңбекқор, өнерпаз болып өсуі үшін, оған үлгі-өнеге етіп аңыз әңгімелерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келген. Аңыз әңгімелер келешек ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын арттырады.

Қазақтың ырым мен тиым рәсімдері де өте көп. Олар жас ұрпақты әдепті болуға, қарапайымдылық пен имандылыққа баулиды. Қазақ халқында жасөспірімді тәрбиелеу үшін талап ету, талап қою рәсімдері де өмірлік тұрмыстық ереже болып қалыптасқан. Мысалы: қыз балаға ізетті болу, таза жүру, әсем көріну, әке-шешесін сыйлау, өнерлі болу, іс тіге білу, әдеп сақтау, үлкеннің жолын кеспеу, өтірік айтпау, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, ал ер балаларға шаншыл, ержүрек, батыл, іскер, жігерлі болып өсуіне байланысты талаптар қойылған. Айта берсек, қазақ халқының болашақ ұрпақтарының жақсы азамат болып өсуі үшін, үлгі-өнеге аларлық тәрбиелері сан алуан. Міне оысндай баға жетпес ұшан теңіз тәрбиені бойына жинақтап қамтыған "Атамекен" бағдарламасының қазіргі тәуелсіздік таңы атып, еліміз егемендікке қол жеткізген уақытта алар орны ерекше.

Қорыта келгенде қай халық болсын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытуға тырысады, оны жаңа дәуір, жаңа заман  әкелген жаңалықтармен сабақтастыра отырып байыту - әрбір ұлағатты ұстаздың міндеті.

Халықтық педагогика - қанша уақыт өтсе де тат баспайтын, адалдығы айнадай ұлттық қазына. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмыстарына халықтық педагогикадан нәр алып, бойына ата-баба өсиеттері мен қасиеттерін сіңіріп, салт-дәстүрді біліп, халық қамын ойлайтын, тілін, дінін терең біліп, өз ұлтын сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.

Бүгінде өз алдымызға тәуелсіз ел болып тұрған шақта ұлтымыздың қасиетін дүние жүзіне таныта алатын бар мүмкіндігіміз - еңбек, білім және ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңғырту болмақ.

Халқымыздың тарихи, асыл мұралары, сырлары мен шерлері, қасиеттері қаншама.

Осы қазыналарды ең алдымен таныту үшін, оны танытуға негіз болатын баспалдақ - ұлттық тәлім-тәрбие болмақ. Осыған орай халқымыздың мыңдаған ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың сана сезіміне сіңіру, қоғамымыздың білімді, парасатты, иманды, қайратты, ұлтжанды тұлғаларын дайындау, сонымен бірге халқымыздың тарихын, мәдениетін, өнерін үйрете отырып, оларды тәуелсіз елімізге адал қызмет жасайтын "Азамат" етіп тәрбиелеу басты борышымыз дер едім.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Ел болашағы - үш тілді меңгерген білімді ұрпақ" - деп айтқандай, сол үш тілді меңгеретін білімді ұрпақтың бойына халықтың ұлттық тәрбиесін сіңірсек, елім деп елжіреп, жерім деп тебіренетін, елжанды ұрпақты тәрбиелесек "Бәсекеге қабілетті 50 елдің" қатарына еш кедергісіз енер едік деген сенімдемін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • ·"Бастауыш мектеп" журналдары
  • ·"Ұлан" газеттері
  • ·Құрсабаев М. "Атамекен" кітабы
 

Ұлттық тәрбие - оқу үрдісінде

Қызылғұл А,Қызылорда облысы, Қазалы Аудандық Оқушылар Үйінің үйірме жетекшісі, Қазақстан

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» жолдауында білім беру саласына қатысты қатысты нақты міндеттер қойды. Болашақтағы білікті мамандар - қазіргі оқушылар болғандықтан, оларға ұлттық негізде тәрбие беріліп, жаңа заманға, жаңа технологияға сай білім берілуі керек.

Оқыту әдісі - мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі. Ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың мұғаліммен белсенді, саналы педагогикалық ынтымақтастығына байланысты. Білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Еңбек сабақтарында пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды тәсілі.

Қазіргі таңда еңбекке баулу пәнінің мақсаты - оқушылардың көркемдік жағынан жетілуіне ұлттық өнерді кеңінен таныстыру арқылы дамыту, өнер арқылы өз халқының мұрасына, салт-дәстүріне тәрбиелеу болып табылады. Еңбекке баулу сабақтарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, оқушының еңбектегі іс-әрекетін дұрыс бағыттап, психологиялық дайындықтан өткізу керек. Қазіргі таңда егеменді еліміздің болашағына білімді, өнерлі азаматтарды дайындау үшін ұстаздар қауымы білім беруде тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сабақты түрлендіріп отырса, оқушылардың білімі де сапалы болмақ.

Еліміздің білім жүйесінде қолданылып жүрген көптеген технологиялары бар. Кез-келген технологияның нәтижесі - оқушының сапалы білім алу, шығармашылық деңгейінің жоғарғы сатыға жетуі. Қандай технология болсын, ол біздің ұлттық ділімізден алшақ болмауы қажет. Қандай халық болса да өзінің ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, ізгі қасиеті, ұлттық болмысы арқылы ұрпағының болашағын қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, өмір сынынан ерекшеленіп өткен, бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге сүйенеді. Халық үйретудің қарапайым іс еместігін, оның үйретушіден үйренушіге білімнің жеткізілуімен ғана шектелмейтіндігін түсінген. Халықтық педагогикадағы үйретудің принциптері мен әдістерін ешкім де ойынан шығарған жоқ. Олар халық практикасындағы қарым-қатынастар мен типтік объективті заңдылықтар негізінде эмприкалық долмен пайда болады.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі терең өзгерістер жасауды, ең алдымен, адам санасын шыңдауды, жаңаша ойлар қалыптастыруды, халқының өткен тарихи-мәдени мұраларын игере отырып шығармашылықпен нңбек етуді талап етеді. Қазақстанның ХХІ ғасырда өркениетті әлемнен орын алып, дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден-бір құдірет - білім және білімді ұрпақ. Қазіргі кезде көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған ұлы міндет, біріншіден, біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден, халықтық педагогиканы оқыту үрдісіне пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту - тарихи қажеттілік.

Халық педагогикасының мақсаты - оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халық педагогикасы - халықтың ең берекелі, ең парасатты тәжірибесі. Ол ғасырлар бойы жинақталған сан-алуан іс-тәжірибелер мен ой-пікірлер негізінде қалыптасты. Халқымыздың ұлттық педагогикасының ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: жас жеткіншекті есті, адал, еңбекқор, парасатты болсын деген үмітпен ата-баба тәлім-тәрбиесін әрқашан мұра тұтып келген және оны талап етіп отырған. Ұрпағын жаман әдеттерден жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. Қазақ этнопедагогикасын теориялық-әдіснамалық, тарихи тұрғыдан зерделеп, негіздеген ғалымдар еңбектерінде ұлттық педагогикадағы тәрбие әдістерін жан-жақты ашып көрсеткен. Оқу үрдісіндегі ұлттық құндылық бағдар халқымыздың үлгі тұтатын қағидаларын ұсынып отыру арқылы іске асады. Оқушының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін ескере отырып, сабақтардың мазмұнын ұлттық құндылықтарға бағыттап отырудың маңызы зор. Осындай ізденудің нәтижесінде оқушылар өз білімдерін жастайынан бастап ұлтының тарихи мәдениетін игеріп, ол туралы теориялық түсінігі қалыптасып, тәрбиеленеді. Сондықтан оқушылардың жас ерекшелігіне қарай еңбек сабақтарында ұлттық игіліктер мен мәдени құндылықтар сабақтастығын сақтай отырып, халықтық педагогика құралдарын қолдану керек. Еңбекке баулуда ұлттық салт-дәстүр арқылы адамгершілік, мінез-құлық, білімге деген көзқарас қалыптасады. Нәтижесінде халықтың ізгі қасиеттеріне, рухани біліміне, мәдениетіне, жалпы білімге деген өзінің тұлғалық көзқарасы қалыптасқан оқушы тәрбиеленеді. Сонымен қатар, оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімделуге, тілінің дамуына, денсаулығын сақтау, салауатты өмір сүруі, қол еңбегіне үйренуі, өз бетінше ізденіп, оқуға, еңбек етуге, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына, алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуіне баулиды.

Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруде "Атамекен" бағдарлармасының барлық бағыттарының маңызы зор. Дана халқымыз "баланы жастан" деп көргенді ұл, өнегелі қыз өсіруді, сегіз қырлы, бір сырлы азамат тәрбиелеуді мақсат еткен. Үлкендердің қабағынан, бір ауыз сөзінен, мысал, жұмбақ, жорамалынан өмірдің сырын, істің мән-жайын түсінетін сезімталдыққа, аңғарымпаздыққа баулыған.

Қорытындалай келе, болашақ ұрпақты ұлттық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиелеп, халық даналығын насихаттап, ұстаздарды ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың тамаша адам қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін шәкірттерінің бойына қалыптастыра отырып, елін-жерін ойлайтын саналы азамат тәрбиелесе деймін. Ұлттық тәуелсіздігімізді нығайтуда, бірлік татулығымызды арттырып, салауатты қоғам құруда жас ұрпақтың тәрбиесі аса маңызды іс болып табылады. Олай болса, ұлттық тәлім-тәрбие беріп, Отанын сүюге, халқымыздың әдет-ғұрпын сақтап, салт-дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиесіне мән беруіміз қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • ·"Бастауыш мектеп" журналы
  • ·"Қазақстан мектебі" журналы
  • ·Пошаев Д.Қ. "Педагогика, педагог және заман талабы" // оқу құралы. - Шымкент, 2007.
  • ·Грибовская А.А. "Халық өнері және балалар шығармашылығы"// әдістемелік құралы. - Алматы, 2007.

Жалпы білім беретін мектептегі кәсіптік оқыту жағдайындағы оқушылардың зерттеушілік құзіреттілігін дамыту

Аблесенова С.Ғ.Алматы облыстық мамандар қәсібін дамыту институтының әдіскері, Қазақстан

Қазіргі кездегі білім берудің реформалануы мәдени әлеуеттің шығу мәселесін приоритетті шешудің қажеттілігімен, ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығы мен экономиканың тұрақты дамуы, технологиялардың жылдам өзгеруіне байланысты өзінің кәсіби іс-әрекетіне дайын болуына байланысты. Қазіргі уақытта мектептен тыс табысты білім берудің сапасына үлкен мән беруде: білім мен біліктілікті қолдана білу қабілеті, нақты жағдайлардағы кез-келген қызмет түрін іске асыруға дайын болу. Өмірлік және кәсіби мәселелерді шешу қабілеті көбіне жеке тұлға қасиетіне байланысты, олардың жиынтығы оқушылардың хабардар болуын дамытуды қамтамасыз етеді. Орта мектептің білім беру практикасына құзіреттілік түсінігін енгізу білім алушылар меңгеруі қажет және ол білім берудің мазмұны мен әдісін өзгертуді талап етеді.

Жеке тұлғалық бағыттағы кәсіби білім беру жеке білім беру бағдарламасы арқылы оқушылардың ынтасын, бейімділігін және қабілетін толық ескеруге мүмкіндік туғызады. Кәсіби білім беру жүйесіндегі өз бетінше ғылыми біліктілікке ие болуға бағытталған және шығармашылық қолдану оқу-зерттеу іс-әрекеті ерекше мәнге ие. Бұл жалпы білім беретін мектептегі, кәсіби білім беру жағдайындағы оқушылардың оқу-зерттеу іс-әрекетінің ұйымдастыруына құзіреттілік тәсілін қолданудың көкекесті мәселесі болып табылады.

Қазіргі замандағы зерттеулерінде мәселені көрсететін әр түрлі аспектілер қарастырылады сонымен қатар, білім берудің құзіретті тәсілі, оның түрлерінің сипаты, құзіреттіліктің мазмұны мен дамуы, кәсиби білім беру мен оқу-зерттегіштік іс-әрекетті ұйымдастыру туралы көптеген ғылыми жұмыстардың санына қарамастан, жалпы білім беретін мектептегі кәсіби білім беру жағдайындағы оқушылардың зерттегіштік құзіретінің даму мәселесі олардың бірде-біреуінде қарастырылмаған. Зерттегіштік құзіреттілік толық зерттелмеген мәселе болып отыр, көптеген тәсілдер бола тұра, оның мәні мен даму үдерісінің бірегей түсінігі жоқтың қасы. Оқушылардың зерттеушілік біліктілікті игерудегі жетістігіне қарамастан, оқу-зерттегіштікті ұйымдастыру практикасында  қысқаша берілген, кәсіби сыныптағы оқушылар зерттеу жүргізу мен нәтижелерін безендіруде қиындыққа тап келеді; оқу-зерттегіштік іс-әрекет тек зерттегіштік біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға  бағытталған.

Оқу-зерттеу іс-әрекетінің мақсаты қандай дегенге келсек, ол оқушылардың өмір шындығын жан-жақты танып-білуге негізделген зерттеу дағдысына ие болу, ақыл-ой арқылы зерттеу қабілетін дамыту, жеке дара жаңа білімді игеру негізінде оқушылардың оқу үдерісіндегі өзіндік көзқарасын өріситету болып табылады. Сонымен «зерттеу арқылы оқып-үйрену», «оқушылардың оқып-білу, зерттеу іс-әрекеті» ұғымдарын пайдалану тиімді екені айдан анық. Қазіргі заманға ілім-білім мазмұнын жаңартып, жақсарту үшін, оған терең білім қажет. Ол, өз кезегінде, ілім-білімді өмірде пайдалануға жетелеуі тиіс. Оқу процессі алған білімді күнделікті өмірде кәдеге асырып, жемісін көруге негізделген. Адам қысылтаяң жағдай туа қалса, өз бетінше қандай әрекет жасайды, өз білім-біліктілігін қалай кәдеге асырады, оның алған білімінің қаншалықты екендігі осы тұста байқалады. Бүгінгі таңда педагогикада қолданылып жүрген «Компетентность» (құзіреттілік) деген термин ғылыми сөз сайыстарын туғызып отыр. Бұл ұғым жөнінде әркім әрқалай пікір білдіреді. Сол пікірлерді талдап, жинақтай келгенде, төмендегідей ой түюге болады. Компетентность (құзіреттілік) дегеніміз оқушының өмірде алған көрген-білген тәжірибесіне негізделген (өмірлік ұстанған бағыт-бағдар, білім-біліктілігі, әдет-дағдысы, қабілет-қарымы) жеке басы қасиетінің жиынтығы. Біз оқушылардың оқу-зерттеу іс-әрекетін оның қай іске қаншалықты терең бойлап кірісе алатындығына орай бағалау керек деген тоқтамға келіп отырмыз.

Кәсіптік білім беру жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ізденгіштік, зерттегіштік құзіреттілігін дамытып, өрістердің жаңа көкжиектерін ашады. Кәсіптік білім беруге көшу оқушылардың өз бетінше білім алу дағдысын дамытып, ғылыми эксперимент жасауға және талдауға, қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерін шығармашылықпен қабылдауға жағдай жасайды. Сонымен кәсіптік білім беру жағдайында оқушылардың зерттеушілік құзіреттілігін  дамыту мәселесіне талдау жасағанда төмендегідей басты-басты тұжырымдамалар жасауға тура келеді: Жалпы білім беру ісінің мән мен мазмұнын өзгерту керек. Мұның ішінде кәсіптік  білім беру – бәрінен бұрын олқушылардың жеке дара өзіндік қабілетін дамытуға күш салуы тиіс. Құзіреттілік (компетентность) – жалпы білім беру үдерісінде жеке адамды дамытудың нәтижесі ретінде қарастырылады. Кәсіптік білім беру жүйесінде оқушылардың зерттегіштік құзіреттілігін дамыту мәселесі бірінші орында, басты назарда, болуы қажет.

Оқушылардың зерттегіштік құзіреттілігін дамыту қажеттілігіне орай, қолда бар мәліметтерге сүйеніп, біз зерттеу жүргіздік. Нәтижесі төмендегіше болды:

-         Сұрау қойылған: Алматы облысы  мектептері мұғалімдерінен (60 адам) оқушылардың зерттегіштік қабілетіне 95 % -і – оң, 5 % -і қарама-қайшы – жауап берелді;

-         Осы мәселе бойынша: сауал қойылған оқушылардың (150 адам) 96% -і – оң, 4% -і қарама-қойшы жауап берді;

-         анкета мәліметтеріне қарағанда, оқушылардың оқу зерттегіштік қабілетін ұйымдастырып, жолға қоюға педагогтар бірқатар қиындықтарға тап болды екен; мәселен, зерттеу тақырыптарын іріктеп, итаңдауда (сұрау қойылғандардың 53,3% -і),

- зерттеу әдіс-тәсілдерін анықтауда (52%-і), зерттеу әдіс-тәсілдерін іріктеуде (53,3% -і) алынған мәліметтерді реттеп жинақтауда (46,7% -і), жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелерін рефлексиялауда (45,3% -і);

- оқушылардың оқу-зерттеу жұмыстарында да көп қиындықтар бар, олар: белгілі ой-тұжырымдарды талдап түсіндіруде (сұрақ қойылғандардың 72% -і),  жүргізілген зерттеу жұмыс қорытындыларын айқындауда (68% -і), зерттеу эксперименттері нәтижесін түсіндіріп, зерттеудің басты бөлігін өткізіп, жоспарын жасауда (68% -і), зерттеу жұмысы нәтижелерін рефлексиялауда (45,3% -і).

Бүгінгі таңда қабілетіне негіз болатын оқушылардың терең зерттегіштік құзіреттілігінің мән-мазмұны бір, ортақ бір ұғым жоқ. Оқушылардың зерттегіштік құзіреттілігін қарастыра отырып, біз оның мотивациялық мән-мазмұндық, когнитивтік, нәтижелік функцияларын анықтадық. Оқушылардың зерттегіштік құзіреті құрылымында когнитивтік және қайраткерлік компоненттері оқушылардың зерттегіштік құзіреттілігінің даму процесін айқындайтын негізгі нәрсе болып табылады. Өйткені білім дегеніміз – іс-әрекеттің, негізгі қозғаушы күші.

Зерттегіштік құзіреттің мән-мазмұнында оның төмендегідей қызметі ерекешеленеді:

- алға белгілі бір мақсат қойып, жетістікке жету, өз мақсатыңды айқын білу;

- өз зерттегіштік қабілетіңді талдап, талғап, жоспар құру;

- белгілі бір фактілерге сын көзімен қарап, құбылыстың себеп-салдарын іздеу;

- әр түрлі мәліметтермен жұмыс жасау дағдысына ие болу, мәліметтерді зерттей отырып бір шешімге келу, өз бетінше талдау жасап ізденіп, жүйелі білу, мәліметтер тасқынында тура жолдан таймау, олардың ішінен ең бастысын анықтай алу;

- танымдық мақсат қоя білу және өз ой-пікіріңді ұсыну; іс тәжірибеңді немесе байқап-білгендеріңді іріктей білу; қажетті құрал-жабдықтарыңды және приборларыңды  іріктей білу; танып-білуге дағдыланып, инструкциялармен жұмыс жасай алу; танып-білу әдістеріңді пайдаға асыру; мәліметтерді егжей-тегжейлі баяндап, қорытынды шығара білу.

- компьютерді және технологияны (текст және графика редакторы, презентация) пайдалана отырып, өз зерттеулерінің нәтижесін жазбаша немесе ауызша айтып беру.

Кісіптік сынып оқушыларының зерттегіштік құзіретінің даму процесінің аяқталғанын, белгілі бір мәжеге жеткендігі туралы нәтижесі болып есептеледі.

Технологиялық компонент (зерттегіштік құзіретті қалай дамыту керек?) оқушылардың зерттегіштік құзіретін дамытуға бағытталған оқыту үдерсінде түрлі-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, оқытуды ұйымдастырудың  сан қилы жолдары, түрлі технологияны пайдалану; ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдану. Кәсіптік білім беру жағдайындағы оқушылардың зерттегіштік құзіретін дамытудың өрістеу-өрістемеуі бастауыш мектепте (1-4 сыныптар) қалай білім бергенге байланысты, мұнымен қоса оқушылардың негізгі мектепте (5-9 сыныптар) қаншалықты білім игергеніне де тәуелді. Сабаққа және сабақтан тыс жұмыстарға талдау жасай отырып, төмендегідей технология, әдіс-тәсілдер қолданылады. Бұл – оқушы зерттеуінің танымдық көзқарасын дамытуға негізделген: оқытудың зерттеу әдісі, оқу, оқыту эксперименті, зерттеу сипатындағы үйге тапсырмалар, ғылыми-практикалық конференциялар, танымдық экспедициялар, зерттеу практикасы, оқытудың жобалау-зерттеу технологиясы.

Сыни-бағалау компоненті (зерттеу қабілетінің дәрежесін қаншалықты екенін қалай бағалауға болады?) дегеніміз - оқушылардың зерттегіштік құзіретінің қаншалықты қалыптасқандығының нәтижелерін, білім дәрежесін білу; әрбір көрсеткіштің (бағалау өлшемі) әдіс-тәсілін пайдалана білу, қол жеткен жетістіктерді талдай алуы. Кәсіптік сынып оқушыларының зерттегіштік қабілетінің қаншалықты қалыптасқан-қалыптаспағандығын анықтау үшін, біз біршама болжам  жасадық. Оның ішіне сауалнама алу, тестілеу, зерттегіштік құзіретке ие балаларды анықтау, өзін-өзі зерттегіштік қабілетіне сраптама жасау және т.б.

Бұдан арғы зерттеу перспективалары оқушылардың зерттегіштік құзіреттілігін тиімді дамыту мақсатында ұйымдастыру формалары мен технологияларын іздестіріп табуға келіп тіреледі; оқушылардың зерттегіштік құзіреттілігінің қалыптасып-қалыптаспағандығының көрсеткіштері мен деңгейін бағалау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетілдіре түсу керек; сондай-ақ кәсіптік білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының зерттегіштік құзіреттілігін дамыту үшін болашақ педагогтарды дайындау мәселелерін зерттеп айқындау қажет.

   

Айналмалы жаттығу – дене шынықтыру сабағының тиімділігін арттыру тәсілі

Кусмиденов М.Е., Абдраев Д,                                                                               Әділхан Ж.,  ПГПИ, Павлодар, Қазақстан

Жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесінің негізгі түрі, дене шынықтыру сабақтары болып саналады. Дене шынықтыру сабақтарында негізгі және өзара байланысты үш мақсаттар шешіледі: сауықтыру, білім беру және тәрбиелеу.

Жаңа қозғалыс әрекеттерін тиімді үйрету, денсаулықты сақтау және нығайту, өсіп келе жатқан ұрпақтарды алдағы әскери кызметке, еңбекке  немесе оқуға дайындау – осы барлық міндеттерді әлсіз дене дайындық негізінде шешуге мүмкін емес. Сонымен қатар, қозғалыс дағдылары мен ептіліктердің және арнайы білімнің қорының  жеткілікті болмауы, дене сапаларды тәрбиелеу мақсатын шешуге кедергі болып табылады.

Маңыздылығы. Дене шынықтыру сабақтарының тиімділігін арттыру үшін сабақтардың басты бағыттылығын анықтауына, дене тәрбиесінің әр бір бөлігіне бөлінетін уақыттың реттеуіне және сабақ өткізу кезінде пайдаланатын ұйымдастыру-әдістемелік түрлерін таңдауына ерекше назар аударуды талап етеді.

Зерттеу, жоғарыда  айтылғанына сүйене отырып, қазіргі кезде дене шынықтыру сабақтарының басты бағыттылығын және оларды өткізу кезінде пайдаланатын ұйымдастыру-әдістемелік түрлерін анықтау мақсатында өткізілді.

Зерттеу мақсатына жету үшін келесі міндеттер шешілді:

  1. Осы мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
  2. Бұл бағыттағы мұғалімдердің практикалық тәжірибесін зерттеу;
  3. Практикалық ұсыныстарды өндіру және дәлелдеу.

Зерттеу барысында келесі әдістер қолданды:

1. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді және оқу құжаттарын талдау;

2. Педагогикалық байқаулар;

3. Сауалнама әдістері.

Әдеби қайнар көздерін талдау негізінде, дене шынықтыру сабақтарының айрықша бағыттылығы туралы ғалымдар пікірлерінің әр түрлі екенін айта кеткен жөн. Олардың біреулері оқушылардың тіршілікке маңызды дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыру және олармен байланысты білім беруді бірінші орынға қояды. Авторлардың ұсынған бағдарламаларында оқушыларды денемәдени-сауқтыру әрекетшілігінің негіздеріне үйрету идеясы жатыр [1,2].

Басқалардың пікілері бойынша, дене шынықтыру сабақтары мектептегі оқу кестесінен тыс болу керек және оқушылардың дайындық деңгейіне, денсаулығына және қызығушылығына байланысты үш түрлі міндеттерді шешу қажет: спорттық дайындық, жалпы дене дайындық және сауқтыру сабақтары[3].

В.П. Рябинцев өз авторлық бағдарламасында жетінші сыныпқа дейін негізгі назарды, басты қозғалыс дағдылар мен ептіліктерді үйретуге, ал содан кейін алдында үйренген жаттығулардың техникасын жетілдіру мен дене сапаларын дамытуға  аударуды ұсынады [4].

Е.В.Бронский дене шынықтыру сабақтарының сауықтыру тиімділігін арттыру үшін олардың мазмұнына «моторлық» амалдар мен әдістер еңгізу және оқушылардың дене тәрбиесіне жеке тұлғаға бағыттылығы мәнін беру туралы айтады [5].

Оқу құжаттарын, сонын ішінде жылдық пен тоқсандық жоспарларын және жеке сабақтардың конспект-жоспарларын зерттеу,  оларда формалдік барлық үш міндеттердің қарастырылғанын көрсетеді. Бірақ, өткізілген педагогикалық байқаулар мен сауалнама бойынша дене шынықтыру мұғалімдерінің көбі сабақта қозғалыс дағдыларды қалыптастыруға көп көніл бөліп, дене сапаларын тәрбиелеуіне сонша назар аудармайтындары анықталды. Бұл қорытындыны,  ғалымдардың дене дайындығының деңгейін анықтауына арналған зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне [6,7] сүйеніп тұжырымдауға болады.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, біз жеке тұлғаға бағытты, біліктілік, іскерлік, денсаулық сақтау әдістерін негізге ала отырып, сабақты өткізудің ұйымдастыру-әдістемелік түрлерінің жаңаларын іздестіріп  немесе бұрыннан белгілі түрлерін қолдана отырып оқыту үрдісін тиімді етуге болатынын ұсынамыз [8].

Біздін ойымызша, осындай тиімді ұйымдастыру-әдістемелік түрлерінің бірі «айналмалы жаттығу» әдісі.  Осыны әртүрлі ғалымдардың көптеген зерттеулері де растайды [9,10]

Айналмалы жаттығу әдісінінің ұйымдастыру негізінде белгілі бір сызбаға сәйкес таңдалған және бірізділі ауысу тәртібімен орындалатын жатығулар жиынтығын циклдіқ түрінде қолданылуы жатады.

Әдістемелік жағынан айналмалы жаттығу – қатал регламентталған жаттығу, яғни жүктеме мен демалу нақты мөлшерленеді және жүктеме анықталған қатаң түрде өзгертіледі.

Айналмалы жаттығудың ыңғайлылығы:

1.Аз уақыттың ішінде бағытты және жүйелі түрде оқушылардың дене дайындығын арттыру.

2.Оқушылардың жекеленген ерекшіліктерін есепке алып, жүктемені және демалуды қатал мөлшерлеу.

3.Жүелі есеп пен бақылау жүргізу, оқушылардың нәтижелерін объективті бағалау.

4.Айналмалы жаттығу өткізу ерекшіліктеріне байланысты оқушыларда  дербестік, жауаптылық, оқыту үрдісіне қатыстылығы сезімдерін дарыту.

Қорытынды:

  1. Дене шынықтыру сабақтардың  айрықша бағыттылығы туралы ғалымдардың арасында бірдей пікір жоқ.
  2. Дене шынықтыру мұғалімдері өз жұмысында жаңа қозғалыс әрекеттерін үйретуге көп уақыт бөліпі, дене сапаларын тәрбиелеуді екінші орынға жылжытады.
  3. Сабақ міндеттерін толық түрінде шешу үшін, сабақ өткізудің тиімді ұйымдастыру-әдістемелік түрлерінің бірі айналмалы жаттығу әдісін ұсыныға болады .
 

Әдебиеттер:

1. Лях В.И. Ориентиры перестройки физического воспитания в общеобразовательной школе //Теор.и практ.физ.культ.–1990, №9.–С.10-14.

  1. Бойко А.Ф. Все не так просто//Теор.и практ.физ.культ.-1990, №9.–С.3-9.

3)             Бальсевич В.К. Физическая подготовка в системе воспитания культуры здорового образа жизни человека (методологический, экологический и организационный аспекты).//Теор. и практ. физ. культ.,1990, №1–С.22-26

4)             Рябинцев В.П. Работаю по своей программе//Физ. культ. в школе.– 1990, №2.– С.30-34.

5)             Бронский Е.В. Повышение образовательной эффективности уроков физической культуры учащихся 5,7,9 классов II Международная научно-практическая конференция «Взаимовлияние народов России и Казахстана».- Т.3. - Павлодар, 2004. - С. 34-36.

6)             Бронский Е.В. Повышение оздоровительной эффективности уроков физической культуры школьников посредством их личностно-ориентированной образовательной направленности. Автореферат канд. диссертации. - Алматы, 2008. – С. 1-29

7)             Караков А.К., Ажибаева С.Д., Горбунова Т.Ю., Кондратенко С.А. Оценка физической подготовленности студентов первого курса КазНАУ// Международная научно-практическая конференция «Теория и практика физической культуры и спорта».- Алматы, 2006,- С.434-436.

8)             Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Среднее общее образование. Основные положения. Астана, 2006.- 76с.

9)          Киселев В.П., Лобанов А.Г., Червяков А.П. О повышении эффективности круговой тренировки в школьном уроке физической культуры.-М: Физкультура и спорт, 1980. - 296 с.

10)          Ордабаев Н.О., Марчибаева У.С., Куланова К.К. Структура и содержание учебных занятий по комплексно-круговой форме//Вестник физической культуры — 2006, №1.,№2. С.26-29.

0
1306
0