Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:49, 11 марта 2010

Жұбату

Жан дүниемнен шыққан жаңа өлеңімді yvision-дағы өнерсүйер қауымға ұсынамын.

 

Көміп тастап сезімді саған деген,

Бейітіне Сезімнің бара берем.

Айқайымды естімей қала керең,

Арманымды өлтірді ара-белең.

 

Сеніміңді құлатып биігінен,

Келбетіңе енді ме күйік-рең?!

Қол ұстасып шарлаған көшелерде,

Шалыс басып өзіңсіз жиі жүрем.

 

Адастырып жіберді ой қаласы,

Іздеп мені таппассың, тобалашы!

Менің үнім бар менен жоқ арасы,

Сенің мұңың өтпелі, оңаларсың.

 

Тұман орап жанарды кептіресің,

Тағдырыңмен не берер тек тіресу.

Көңіліңді қалдырған мені елемей,

Ерініңді өзгеге өптіресің.

 

Ишарамды үн-түнсіз құп аласың,

Дегенің бе "Өңімнен сыр аулашы!"?

Күдік емген кеудеңде жатыр ма әлі,

Қасіреттің құстары тырауласып.

Дертке дауа бар шығар жылауда шын...

Иә, рас, ұнағансың, ұнағансың...

0
368
4