Міндет — жемқорлықпен ымырасыз күресу

МО РК February 23, 2013
352
0
0
0

Бүгін Қорғаныс министрлігінде биыл бірінші рет Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі Комиссияның отырысы болып өтті. Оған Комиссияның төрағасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев басшылық жасады.

– Біздің міндетіміз құқық бұзушылықтың алдын алу, жемқорлықты болдырмау,  жүйелік алдын алу жұмыстарын түзету, – деді ол.
Соңғы үш жылда әскерлерде жемқорлықпен күрес жанданып, қылмыстардың төмендеу динамикасы байқалды. Өткен жылы алдағы жылдармен салыстырғанда олардың саны 43 пайызға кеміді. Бірақ, бұған тоқмейілсуге себеп жоқ, деп атап өтті өз баяндамасында Қарулы Күштер Бас әскери полициясының бастығы полковник Тимур Дәндібаев. – Жұмысты жалғастырып, жемқорлық құбылыстарды Қарулы Күштер қатарынан түбірімен аластату қажет.
Комиссия отырысына жемқорлық құқық бұзушылық жасаған және оған жол берген бөлімше командирлері шақырылды. Комиссия мүшелері олардың түсініктемесін тыңдады. Күрделі мәселені түпкілікті шешу үшін  жемқорлыққа қарсы комиссияның мүшелері кінәлі командирлерді қатаң жазалау туралы ұсыныс түсірді.
– Қарулы Күштерде жемқорлық көріністерге төзе алмайтын ахуал қалыптастыру, құқықтық сананы көтеру, жасалған қылмысқа міндетті түрде жаза қолданылатындығын көрсету біздің комиссия жұмысының нәтижесі болмақ,- деп қорытындылады Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі Комиссияның төрағасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеев.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0