Әскери өнерпаздар Кремль сахнасында

МО РК 2013 M02 22
451
0
0
0

Бүгін Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында ресейлік эстрада жұлдыздарымен бірге Қазақстан армиясының әскери қызметшілері өнер көрсететін болады. Олар Отан қорғаушылар күніне арналған...


Бүгін Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында ресейлік эстрада жұлдыздарымен бірге Қазақстан армиясының әскери қызметшілері өнер көрсететін болады. Олар Отан қорғаушылар күніне арналған концертке қатысты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблі  вокалдық тобының әншілері Мәскеуге Ресей Федерациясы Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың шақыруымен барды.

«Ансамбль әртістерінің концертке қатысуы біздің екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері арасындағы жауынгерлік ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеріне сенім білдіремін» делінген Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековке жолданған Сергей Шойгудың хатында.

Қазақстан атынан Ресейлік әріптестерін Кремль сарайының сахнасында Отан қорғаушылар күнімен құттықтаған лейтенант Қайырбек Бердібай «Смуглянка» әнімен, келісім-шарт қызметінің әскери қызметшілері Сая Үмбетова мен апалы-сіңілі Арай мен Алтынай Хабдесовалардың вокальдік триосы көпшіліктің көңілінен шықты.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше