Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:23, 22 февраля 2013

Қаржы полициясы агенттігі ұзақ уақыт бойы ақшаны заңсыз қолма-қол ақшаға ауыстырып отырған адамдар тобының қызметін әшкереледі

Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде коммерциялық ұйымдарға жалған кәсіпорындардың есеп-шоттары арқылы ұзақ уақыт бойы ақшалай қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға ауыстыру бойынша қызмет көрсетіп келген адамдар тобының қызметін әшкереледі.
Ағымдағы жылғы 14 ақпанда Астана қаласының мейрамханаларының бірінде кәсіпорынның жойылу процедурасын тездету және жалған мәмілелер жасағаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға көмектесу үшін салық органдарының қызметкерлеріне беремін деген желеумен кәсіпкерден 7 млн. 420 мың теңге және 7 мың АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай қаражатты алу үстінде Б.Баймағамбетов пен А.Сқақов ұсталды.
Олардың кеңсесін тінту барысында 12 жалған кәсіпорынның құрылтай құжаттары мен мөрлері алынды.
15 ақпанда Баймағамбетов пен Сқақовқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
19 ақпанда оларға қатысты пара беруге айдап салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
17 ақпанда Баймағамбетов пен Сқақов сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық істер тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

1
263
0