Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:01, 21 февраля 2013

Ағымдағы жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының бірінші орынбасары А.Лукин «Нұр Отан» ХДП-да азаматтарды жеке қабылдауды өткізді.

Бұл кездесуге әр түрлі облыстардан келген тұрғындар өздерінің сұрақтарын тікелей Қаржы полициясы агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары А.Лукинге қойып, толыққанды жауап алды. Қабылдауда  азаматтардан түскен арыздарды А.Лукин тез арада қарау және орындау бойынша нұсқаулар берді. Барлығы 7 арыз қаралды. Кездесуге келген азаматтардың кейбір сұрақтары әрі қарай тексеріс жүргізу үшін қадағалауға алынды. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге, қаржы полициясы органдарының қызметіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.

http://www.finpol.kz/kaz/info/new/

0
141
0