Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:33, 21 февраля 2013

Әнұран орындамайтындарды жазалаудың сербиялық үлгісі

Blog post image

Өкінішке қарай, бізде де Әнұран мәселесі сын көтермейді. Қаншама рет бүкіл елдің алдында масқара болдық. Біресе ескі Әнұран қойылып, біресе басқа әуен шырқалып, бетімізден отымыз шыққан.

     

Футболдан Сербия құрамасының бас бапкері Синиша Михайловичтің бірқылығына, бір шешіміне риза болып, аңтарылдық. «Біздің бапкерлер де осындай болса ғой, шіркін!» деген сүйсініспен қазақ спортына да қатысты осы жайлы қалам тартқымыз келіп отыр.

Синиша Михайлович кезінде теңбіл доптың майталманы болған. Айып соққысын орындаудың хас шебері тұғын. Италия чемпионатының жоғарғы тобында айып соққысын орындаудан 27 гол соғып, рекорд жасаған. Бір ойында үш рет айып соққысынан гол соғып, көпшілікті тәнті еткен.

Сол Синиша – өткен жылдың мамыр айынан бері Сербия құрамасының бас бапкері. Бір қызығы, оның әкесі – серб те, анасы – хорват қызы. Югославия ыдырағаннан кейін осы екеуінің қайсысын таңдаса да, сербтер де, хорваттар дақұшақ жая қарсы алушы еді.

Blog post image

Синиша текті жігіт екен, қазақтар сияқты әкесінің қанына тартып, Сербия футболының ыстығы мен суығына күйіп жүр.

Ол бас бапкер болысымен, Адем Ляич (кей жерде Льяич деп те жазылады) деген футболшыны құрама сапынан аластатты. Себебі былтыр мамыр айыныңаяғында Испания құрамасымен болған жолдастық кездесуде аталған жартылайқорғаушы өз елінің Әнұранын шырқамаған. Михайлович сол үшін оны Сербияқұрамасының сапынан қуды.

Шетелдік басылымдар таратқан ақпараттарға сенсек, Михайлович бас бапкерлік тізгінді қолына алысымен қарамағындағы футболшылардың «Тәртіп туралы келісімге» қол қоюларын талап еткен көрінеді.

Бұл талаптың бір бабына сәйкес құрама сапына шақыртылған футболшылардыңбәрі ұлттық Әнұрандарын қосыла орындауы тиіс екен. Ал Адем Ляич әлгі жолдастық кездесуде Әнұранға қосылмаған.

Ойын аяқталған соң Михайлович онымен жекелей сөйлеседі. Ляич жеке басының себептеріне байланысты Әнұранды орындамайтындығын айтады (Сол кезде шетелдік басылымдар мұны оның этникалық босния жігіті екендігімен байланыстырған).

Ал Михайлович осыдан кейін оны қандай талантты футболшы болса да, құрама сапынан аластатты. Ал Ляич – қазір «Фиорентина» (Италия) клубында ойнайтын, кезінде ағылшынның «Манчестер Юнайтеді» қызыққан талантты футболшы.

Жақында Синиша Михайлович өз райынан қайтпайтындығын сездірді. Әрі:

– Құрама «есігі» барлық футболшыға, тіпті Ляичке де ашық. Бірақ ережені ешкім де өзгерткен жоқ, ол жағынан ешкімге де жеңілдік жасалмайды. Адем барлық футболшылармен бірге Әнұранды орындауға уәде берсе ғана, құрама сапына шақырылады. Әнұранды, гербті және өз еліңді құрмет тұту –құрамадағы футболшыларға қойылатын міндетті шарт, – деп кесіп айтты.

Өкінішке қарай, бізде де Әнұран мәселесі сын көтермейді. Қаншама рет бүкіл елдің алдында масқара болдық. Біресе ескі Әнұран қойылып, біресе басқа әуен шырқалып, бетімізден отымыз шыққан.

Рас, былтыр ҚР спорт және дене тәрбиесі агентігі Лондон Олимпиадасықарсаңында бұл мәселеге айрықша ден қойып, спортшыларды Әнұранды жаттап алуға міндетеді.

Нәтижесі жаман болған жоқ. Өз елімізде жаттығып, чемпион болған саңлақтарымыздың бәрі жеңіс тұғырында Әнұранға беріле қосылды. Ауыздарын жыбырлатса да, «Менің Қазақстаным» әнінің қайырмасын анық айтып тұрды. Бұған төрткүл дүние халқы қайран қалып, қызыға қарады.

Қазір турасын айтар болсақ, бізде жекелей спорт түріндегі қыз-жігіттеріміздіңкөбісі Әнұранды біледі. Құлақтары үйренген. Өкінішке қарай, командалық спорт түрлерінде бұл мәселе әлі ақсаулы сияқты.

Blog post image

Мысалы, биыл жыл басында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында футболдан жастар арасында халықаралық «Достастық кубогы» додасы өтті. СондаҚазақстан және Ресей жастары арасындағы матчтың алдында Тимур Қалижанов деген ойыншы екі қолын артына салып, қасқайып тұр.

Әнұранды шырқамақ тұрмақ, оң қолын кеудесіне қоймады. Өзі осы доданыңалдында ғана Қазақстан U-21 құрмасының сапына қосылған. Ресейде туған. Әкесіқазақ деп бауырымызға тартып, қамшының сабындай қысқа уақыт ішінде жастар құрамасының сапына қосып едік…

Бірақ басқа ойындардың алдында ел қатарлы қолын кеудесіне қойып тұрды да, Ресей құрамасымен өткен ойынның алдында істегені анау…

Өздеріңіз білесіздер, жақында шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ригада жалауын көтерген Сочи Олимпиадасының електік додасында бақсынады.

Сонда біздің елдің намысын Канада қорғаушысы Кевин Даллмэн де қорғады.Әнұранды білмесе де, оң қолын кеудесіне қойып, көк байрағымызға тесіле қарап тұрды. Сонысына да риза болдық.

Қазір спорт әлемінде халықаралық лигалар көбейіп келеді. Шайбалы хоккейдіңөзінде осындай лигаларда үш командамыз өнер көрсетіп жүр. Мәселен, «Барыс» клубының сапында легионерлер баршылық.

Әр ойынның алдында Қазақстан гимні шырқалғанда олар негізінен бас киімдерін шешіп қана тұрады. Оларға «неге Әнұранымызды қосыла шырқамайсыздар?» деп айта алмаймыз. Өйткені олар – басқа елдің азаматтары.

Біз тек өз азаматтарымыз, өз спортшыларымыз Әнұранымыз бен көк байрағымызды, жалпы мемлекеттік рәміздерімізді құрметтесе дейміз. Өйткені бізде әлі Әнұран тыңдау ережесін білмейтіндер көп.

Негізі, 2006 жылдың 7 қаңтарында, «Менің Қазақстаным» әні еліміздің Әнұраны болып ауыстырылғанда, Гимн тыңдаудың жаңа ережесі де бекітілген. Яғни салтанатты шаралардаҚазақстанның Әнұраны орындалғанда бәрі орындарынан тұрып, оңқолдарының алақандарын кеуделерінің оң жағына қоюлары керек.

Сөзімізді алыстағы Сербияның бапкерінен бастап едік. Синиша Михайловичтіңөз отанына деген сый-құрметі мен ықыласына сүйсініп едік. Ондағы ой-арманымыз «біздегі бапкер де осындай болса ғой» деген пендешілік қой.

Тек ҚР спорт және дене тәрбиесі агентігі ғана талап ете бермей, бапкерлер де осындай кесімді шешімдерімен Әнұранды орындағысы келмейтін спортшыларды тәртіпке шақырып отырса, өзгелерге сабақ болар ма еді?!

 
0
394
0