«Қазақстан» кемесіндегі кездесулер

МО РК February 18, 2013
302
0
0
0

Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз Күштерінде әскери-патриоттық тағылымы мол іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіліп келеді. Соның бірі 12 сәуір күні бірінші дәрежелі капитан Серік Бурамбаев...

«Қазақстан» кемесіндегі кездесулерҚазақстан Республикасының Әскери-теңіз Күштерінде әскери-патриоттық тағылымы мол іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіліп келеді. Соның бірі 12 сәуір күні бірінші дәрежелі капитан Серік Бурамбаев басқаратын әскери бөлімде жүзеге асырылды.

Мұнда әскери бөлім мен Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық интернационалист-жауынгерлер кеңесі бірлесіп, ауған соғысы ардагерлеріне лайықты сый-құрмет көрсетілді. Бұл кездесу өткен жылы сәуір айында суға түсірілген отандық тұңғыш шағын ракеталық-артиллериялық «Қазақстан» кемесінде өткізілді.

Шараны өткізуге әскер бөлім бастығының орынбасары – тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы подполковник Аслан Сәрсенбаев мұрындық болды. Ауған соғысының ардагерлері «Қазақстан» кемесі жеке құрамының тыныс тіршілігімен, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен жақынырақ танысты. Олар сарбаздарға ауған жерінде интернационалдық борыштарын өтеу кезінде бастан кешкендері туралы естеліктер айтып жауынгер достарын еске түсірді.

Кездесу соңында ардагерлер мен әскери теңізшілер қосылып патриоттық әндерді орындады.  Сол күні түс ауа кездесу Ақтау қалалық интернационалист жауынгерлер кеңесімен бірлесіп өткізілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0