• 105204
  • 6
  • 3
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Құсбегіліктің құпиясы

АСТАНА. 18 ақпан. BAQ.KZ – Сонау ықылым заманнан қолында қыран ойнатқан халқымыз оның қыр-сырына үңіліп, қызығына бата білгені анық. Тарихи деректерге сүйенсек құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған екен. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақсұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап, күтуге, арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы Құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады. Демек ұлтымыз қыран баптаудың құпиясын ертеден аша білген. Саятшылықтың сан қырын меңгере білген қытайлық қандастарымыз төл өнерімізді бұл күнде жаңаша жаңғыртып, фестивальдер өткізіп жүргенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бүркіт баптаудың қыры мен сырын қаламына тақырып еткен қытайлық қандасымыз, журналист Бағдәулет Батырбекұлының мақаласын оқырман назарына ұсынамыз.

Қазақ бағзы заманнан тау асып, тас басып, судың тұнығын, шөптің шүйгінін іздеп мал шаруашылығымен шұғылданып келгені тарихтан белгілі. Сол кезде төрт түлігін күйлі бағумен бірге жапан даладағы таңы жыртылған дала аңдарын қақпан және тұзақ құрып, тазымен аулады. Садақ тартып, мылтық атып мергендікті де кәсіп еткен бабаларымыз еті халал аңдарды азық ете білді. Кейбірінің терісінен киім тігіп кисе, кей түз жануарларын қолға үйретті. Соның ішінде зеңгір көкті шарлаған қыран құстың аң-құс аулайтын тегеурінді тұяғы мен қырағылығын байқағап, оларды амал-айламен ұстап, қолға қайыра білді. Түз тағысын баптап қана қоймай аңға салып қызығына шомды. Аулаған қасқыр, түлкі, елік, үкі сияқты хайуанаттарды игіліктеріне жаратты. Түлкі ішік, қасқыр ішік, түлкі тымақ, үкілі тақия сияқты ұлттық киімдерге терісі бағалы аңдарды пайдаланды. Бай ауылдың азаматтары сәнді киініп, қыран бүркіттерін қолға қондырып, тазыларын ертіп «Салбұрынға» шығатын болған. Алған түлкілерін бір-бірінің қанжығасына байлайтын қағиданы қалыптастырған. Жеті қазынаға кіретін қыран бүркіт, ұшқыр тазы, жүйрік ат, берен мылтықты жігіттің қырсығын алады, отбасына бақыт әкеледі деп санаған.
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға,- деп Абай атамыз жырлағанындай хлқымыз жаңа жауған қардың таңсәрідегі кезін «Қансонар» деп атаған. Бұл кезде үп еткен жел болмайды да түлкінің жаңа ізі оңай көзге шалынады. Саятшы ізді қуып, түлкі жасырынған жерді дәл тауып, қыран бүркіттің өткір тұяғына ілдіріп олжалы болып, қанжығасы майланып қайтады. Айтса айтқандай құстың барлық сырына қанық бола білген құсбегілер көктегі қыранды түрге бөлді. Қанат, құйрығына қарап жасын айырды. Мінез-құлқына, тегеурін, топшысына, тұяғына және өткір жанарына қарап алғырлығын, сезгірлігін, батылдығын сынады. Тіпті, қай таудың бүркіті екенін де дәп басып айыра алатын болды.


Қыранның түр-түсі:
Түсі біршама сарыға жақын құсты «Сары құс» немесе «Қара қоңыр құс», ал иығында ақ жүні барларын «Ақиық» деп атасқан. Ең мықты қыран бүркіт басынан қар-мұзы кетпейтін тауларда жасайды. Қазақ оларға «Мұзбалақ», «Қандыбалақ» деп ат қойған. Мұзбалақтың қайсар күші арланға, арқар, киіктерге емін-еркін жетеді. бұндай құстар тау басында қатты дауыл тұрғанда етектерге түседі. Шебер құсбегілер осы кезді пайдаланып топ құрып ұстап алып жатады.
Түз қырандарын ұстаудың тәсілі:
Тор құрып ұстау. Ені екі, ұзындығы төрт метрдей мөлшердегі иірілген жіпті кереге көз етіп тоқып шығады. Осы тоқылған торды таудың баурайындағы алаңқыға он шақты жіңішке талмен тітеп, дөңгелетіп құрады да ішіне өлексемен қоса тірі кезқұйрықты байлап қояды. Мұндағы себеп: кезқұйрық өлексені жеп жатыр екен деп түсінген аш қыран аспаннан ағылып келіп құлайды да, торға оралып қалады. Осы сәтті күзеткен саятшылар «көктен күткенін жерден» қағып алады. 
Қақпан құрып ұстау. Бұл қақпан бүркіт қақпаны деп аталып бір серперлі болып жасалады да қанды аузына құрым кигіз оралып жерге жирма санты мөлшерінде жасырылып, қақпан бетіне шоп – шалаң шашып сезіктенбейтіндей етіп қояды. Қасына малдың өлексесі тасталады. Ал қақпанның шынжыры да елу санты метір аралыққа жасырлып темір қазық мықтап қағылады. Өлексеге келген түз тағысы жасырлған қақпанға түсіп оңай ұсталып қалады.
Ұядан ұстау. Бүркіт ұясын көбінесе құзар шыңдардың ұшар басындағы жартастың қатпарына салады. Сондықтан да ұядан балапан алу оңайға түспейді. Бүркіт тұяғы өткір, ашушаң жыртқыш құстардың қатарына жататындықтан адамды зақымдап қоятындары да болады. Сондықтан да қыран тамағын іздеуге кеткен сәтті бақылап отырып икемді, батыр азаматтар тепе-теңдігін сақтап, тасқа соғылмауы үшін қайыс арқанмен арқасына керегенің бір бөлігін, ал кеуде жағына сырық байлап ұяға түседі. Кейде ұшуды үйреніп, қанаты қатайып қалған балапандар болса арқанға жалбырлайтын заттар байлап ұядағы балапанды үркітіп ұшырып жібереді. Алысқа ұзап ұша алмайтын жас балапан шаршап қалады да тау етегіне түсіп, қайта көтерілуге шамасы жетпей адамдарға қолды болады. 
Сондай-ақ, жазықтағы өлекселерге түсіп, тояттап ұша алмай қалған қыран құсты жүйрік атпен қуып та ұстайды. Қыранды ұстаудың тағы бір жолы – түнекте отырған құстың көзіне қол шаммның (фонарик) жарығын ұзақ түсіріп, жанарын жасыту арқылы құрық салып та ұстайды.

 


Қыранының қанат-құйрығы мен саусақтарының аталуы:
Бүркіттің қанатының шеткі ұзын қаурсындарын шалғысы, құйрығының ортасындағы екі қабат алды қауырсынын көбесі, қалғандарын жебесі деп атайды. Аяғы төрт саусақты болады. артқысын тегуіріні, ішкісін жембәсәр, ортанғысын сығымы, ал шеткісін шеңгелі дейді.
Қыранның жасына қарай аталуы:
Бүркіттің еркегін шәулі, ұрғашысын ұябасар деп атайды. Ал бүркітті жасына қарай балапан немесе сары ауыз, тірнек, тәстүлек, құмтұлек, көктүбіт, майтүбіт, ана, қана, балабаршын, шөгел дей келіп осыдан кейінгілерін жасамыс, кәрі бүркіт деп атайды. Бүркіттің аналықтары төрт жасқа, яғни, құмтүлегінен бастап жұмыртқалап, балапан шығарады.


Бүркіттің мүліктері:
Аяқбау. Иі қанған қайыстан алты таспа етіп өріп, 50 см мөлшерінде бау жасайды да, оның басына үш елі жалпақ құрым тігеді. Құрымның сыртын оюлап, ортасына күмісорнатады да бүркітің жіліншігіне мықтам байлнады.
Шыжым. Аяқбауға тағылатын екі құлаш айналасындағы екі еліге жетпейтін қайысты шыжым деп атайды. Бұны қыранды тұғырға отырғызғанда жанама қағылған қазыққа мықтап байлайды. Ал ұшырған кезде шыжымын шешіп алып, аяқбаумен қоя беріледі.
Томаға. Бүркіттің басының үлкен-кішілігіне қарай тас ұлтаннан қиып тігіліп төбебәу жасайды, сәндік үшін әрбір жеріне күмістер орнатылаы. Қыранға томаға салудағы мақсат – айналасындағы жан-жануарға албаты ұмтылмауы үшін.
Биялай. Ертеде елік текесінің мойын терісін малмаға салып иін қандырып, бір басбармақ пен төрт саусақ қос-қостан сиятын етіп тігілетін қолғап. Мұндай мойын теріден жасалған биялай қолғаптан қыранның тұяғы тесіп өте алмайды да адам қолына зақым келмейді. Қыс күндері биялайдың ішінен кигіз қолғап қосып киіледі. 
Түтік. Қыран жем жегеннен кейін мөлшерлі, өлшем бойынша түтікпен су үрлеп кеңірдегіне құятын құрал. Бұл құрал ертеде құмайдың қанат топшысының жілігінен жасаладған. Бұл жілік құрғағаннан кейін өте майда, сылық болады. Қыранның кеңірдегін жараламайды.
Балдақ. Таудың қызыл талы, қайың сияқты ағаштан ашалап бір қол емін-еркін сиятындай етіп, қолдың білезігі келетін жерге құрым ұлтан алақан тартып жасайды да рең беріп бояп, күмістер тағып әшекейлейді. Ол ердің алдыңғы жағындағы яғыни қамшылар жағындағы қол қанжығаға бекемдеп байланады. Құсбегілер атқа мінгенде балдақты қолына қойып, биялайын киіп қыранды қолына қондырып алады. Балдақ-саятшы салбұрынға, ұзақ сапарға шыққанда қолдың талу, ұйуынан сақтайды.
Тұғыр. Қайың, қарағай, тал сияқты ағаштардың үш аша тамырынан жасалып, қыранды қондырып қоятын негізгі құрал.

Қыранды түлекке байлау:
Қыран түлекке сәуір айынан қазан айына дейін арқандалады. Бұл кезде қыран еркін түлеу үшін шыжым, аяқбау, томағалары түгел алынып жылқы қылынан ескен жіппен қыранның тегеуірінінен кесіп кетпейтіндей мықтылап байлап көл, бұлақ бойларындағы саздау жерге қазыққа айлансоқ төңге орнатып, арқандап қояды. Бұл кезде жемді қолдан жегізбейді, өлген малдың таза өлекселерін, сүріленген ет және мойын еттерді көк шымға тастап беріп азықтандырып отырады. Осылайша, қыранның еркін тарану, су ішу, азықтануына жақсы орта жаратып береді. Бұл кезде қыран жабағы жүндерін тастап, сынған қаурсындарын тарап жүнін жетілдіріп, денесін сергітіп түздегі күйіне келеді. Айтуларға қарағанда ертедегі мықты құсбегілер қыран құстарын өз қолымен отыз рет түлетіп, өмірлік серігі еткендері де бар екен.

 

 

Қыранды қайырып баптау әдісі:
Қыранды әдетте күйлі құс, күйсіз құс деп екіге бөледі. Күйсіз құсты қолға үйретіп қайырып болғаннан кейін аң-құсқа сала береді. Бұл құсты қыранның ішіндегі ең алғыры, алымдысы деп біледі. Ал күйлі құсты қайыру біршама ұзаққа созылады. Қыранды қайыру қараша айынан басталады. Қыранды қолға үйретіп, денесін қатырып, адамға үйірлестіріп, бабына келтріп қлт еткенді қия жібермейтіндей алғырлығына әкелу басқышын қайырып баптау әдісі дейміз. Бұл кезде қыранға алдымен ақ жем жегізеді. Малдың етін суға шылап майын, сөлін кетіріп ақ жем қып береді. Мұны құстың семіз-арықтығына қарай 10-15 күн шамасында жегізіп, қыранның салмағын кемейтіп, етін қатырады. Жарай бастағанда қыран құсқа қоя салынады. Мұны салудағы мақсат бүркіттің жаздайғы жеген азығының қалдығын түгелімен тазалау. Қоя – қамыс қоя, қамыстың үлпілдек басын суға шылап, жіппен буып домалақтап азынаулақ жеммен қосып жұтқызып жібереді. Жүн қоя – күзем жүннен жасалады. Шөп қоя қатарлы қоялар салынады. Етіне келмей қойған кейбір жаңа ұсталған асау, күйшіл құстарға қыл қоя салынады. Аттың, жабағы тайдың жалын сумен жұмсатып жұтқызатын бұл қоя қояның ең мықтысы. Құс қояны жұтқаннан кейін семіз, етіне келмеген құстар екі күнде, ал бабына жақындаған құстар бір тәулікте қайта құсып тастайды. Сол кезде қоямен бірге құстың асқазанындағы жалын, жалқая, қорытылмаған сүйек-саяқ бірге жабысып түсіп қалады да бүркіттің денсаулығы қалпына келіп, тәбеті артады. Жемтікке тез ұмтылатын болады. Бұдан өзге саятшы күнделікті қыранның қанат-құйрығын, басын, мойнын, санын сылап-сипап денесіндегі қытықтарын әбден кетіріп, адамға үйірсек етіп көндіреді. Жаңа ұсталған шуасау құстарды ырғаққа отырғызу, ұйқысын алу, шаршату әдістерін қолданып әбден жуасытады да атқа алып жүруге көндіреді. Ат үстінде, жерде жемтікке шақыруға тәрбиелеп, құсбегінің дауысын естігенде қолдағы қызылға ұшып келетіндей етіп мықтылап қайырп баптайды. Бұл кезде қыран иесін танитын үйрсек болып саятшымен достасып кетеді. Соңында қыранның бабына келген, келмегендігін байқау үшін шырғаға түсіріп көреді. Бұл кезде саятшының шәкірті үш жүз, без жүз тіпті мың метр аралықтан түлкі, қасқыр терісін атпен сүйретеді. 
Тіпті, қыранды мықтап шыңдау үшін түлкіні іннен ыс салу, қақпан құрып ұстау арқылы тірі түлкіні өрелеп, аузын тұмылдырықтап қоя беріп те алғырлығын сынайды. Бұл кезде саятшы дөң басынан қыранның томағасын тартады, жарап бабына келген құс болса ұзақпының тасындай атылып, шырғаға түседі. Ал бабына келмеген құстар томағасын тартсаң да тіленіп ұшқысы келмейді. Мұндай бүркіттерді саятшы қайта бабына келгенше жаратып әуіреге түседі. 
Қыранды аң-құсқа салу барысы да әр түрлі. Мәселен, жон-жоталы, таулы өңірлерде биіктен келіп шаншыла түседі. Ал жазық, жадағай жерлерде сыпыра түседі. Қия беттерде, жар қабақтарынан іліп түседі. Ал енді қыранды ақпанның 15-інен кейін аң-құсқа салуды тоқтатады. Мұндағы себеп – жабайы аң осы мезгілде үйекке түседі, құстар шағылыса бастайды да ұрпақ өрбіту мезгілінің бірінші басқышына өтеді.
Жалпы алғандай, бүркіт салып «Салбурынға» шығу бағзы заманнан жалғасып келе жатқан, атадан балаға мұрегерлік бойынша жалғасатын дала мәдениетіндегі орнын өгейсітуге болмайтын ерекше өнеріміздің бір түрі.

Автор: Бағдәулет Батырбекұлы

Суреттерді түсірген автор.

 
nazgulnaz
18 февраля 2013, 15:25
1412

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 9060
  • 17
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4147
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2842
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2815
  • 91
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2272
  • 35
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2848
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 2244
  • 33
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 2004
  • 13