«Рух пен тіл» жастары қазақ ұлтының дамуы мен өркендеуіне үлес қосып, ұлт тағдыры үшін күресіп жүрген азаматтармен кездесу ұйымдастыру дәстүрін жалғастырады.
16 ақпан күні, сағат 15:00-де жастар оппозициялық саясаткер, қазақ ұлтшылы Жасарал Қуанышәлинмен кездесу өткізеді. Жиында саясаткер ұлт, мемлекет, ұлтшылдық идеологиясы мәселелеріне, күрескерлік әдіс-тәсілдеріне қатысты сауалдарға жауап береді.
Даңқты күрескермен болатын кездесуді өткізіп алмаңыз!
Біздің мекенжай: Алматы қаласы, Қастеев көшесі, 41 А (Қабанбай батыр қиылысы).