С-295 ұшақтары жауынгерлік жаттығуларға кірісті

МО РК 2013 M02 15
296
0
0
0

Өткен қаңтар айында Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қабылданған еуропалық «Airbus» авиациялық концернінің С-295 ұшақтары  жауынгерлік дайындықтан өтуді бастады. Бүгін Алматы аспанында бұл ұшақтар...

C-295

Өткен қаңтар айында Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне қабылданған еуропалық «Airbus» авиациялық концернінің С-295 ұшақтары  жауынгерлік дайындықтан өтуді бастады. Бүгін Алматы аспанында бұл ұшақтар жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын жасады.

Әуе кемелеріне Рүстем Тілеумағамбетов, Дмитрий Гроц, Асхат Халитов және Бағлан Бейсебаев сынды Испанияда болып, арнайы ұшу дайындығынан өткен қазақстандық әскери ұшқыштар басшылық жасайды. Қазір қазақстандық әскери ұшқыштарға испандық әріптестері нұсқаушылық жасауда.

Бір жарым айдан соң шетелдік мамандар елдеріне оралады. Сол кезден бастап қазақстандық әскери ұшқыштар ұшақтарды өздері дербес игеретін болады.  С-295 ұшақтары Қазақстанның қатал ауа райын ескеріп арнайы жасалған.

Аталған ұшақтар Қазақстанға ағымдағы жылдың 17 қаңтарында келген болатын.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі




Оцените пост

0
Дальше