Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:03, 14 февраля 2013

Қазақстан — Әзірбайжан 9:1!

Blog post image

«Төрт елдің турнирі» аясында Әзірбайжан құрамасымен кездескен Қазақстан боксшылары қарсыластарын оңай жеңді. Есеп — 9:1. Жерлестеріміздің сапынан тек 91 келідегі Антон Пинчук қана жеңіліп қалды. Бірақ қостанайлық боксшының қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес еді. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегерімен айқасқан Пинчук бір ғана ұпай айырмашылығымен жеңілді. Енді ертең күндіз Әзірбайжан құрамасы Өзбекстанмен айқасса, кешкісін Қазақстан құрамасының боксшылары өзбек ағайындарымызбен жұдырықтасады. Елорданың «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан жекпе-жек кешін тамашалау тегін.

Қазақстан — Әзірбайжан — 9:1

49 келі. Біржан Жақыпов — Мунасиб Мамедов — 16:9

52 келі. Ілияс Сүлейменов — Камран Меликов — RSCI R2 (1:33) /Сүлейменов/

56 келі. Қайрат Ералиев — Илкин Агаев — 16:12

60 келі. Берік Әбдірахманов —  Шабан Шахпалангов — 17:9

64 келі. Мерей Ақшалов — Гейбатулла Гаджиалиев — 21:13

69 келі. Данияр Елеусінов — Тамерлан Абдуллаев — 19:8

75 келі. Жәнібек Әлімханұлы — Эмиль Ахмедов — 17:7

81 келі. Әділбек Ниязымбетов — Рауф Рахимов — 12:5

91 келі. Антон Пинчук — Тимур Мамедов — 16:17

91+ келі. Иван Дычко — Камран Мехтиев  12:3

 
0
195
0