Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
17:23, 14 февраля 2013

Үнсіз диалог

Түнгі аспан

Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы, бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.

Сол кезде жан:

-Жүрек, дем алуға мұрша бер, сыр ашылмас асыққанға.

Төс:

-Тосамын өзіңді.

Қол:

-Алар едім құшаққа.

Ақыл:

-Асықпа жан..

Ғашықтар:

-Қайда біздің жұлдыз, қарап едік аспанға.

-Әне, жарқырайды жарық болып бәрінен!

Жарқ етті де жарық жұлдыз:

-Куә болам серттеріңе, берген сәулем астында, -деп көктен дауыстады.

Көтеріп едім иегімді, айналып келдің алдыма, естіп соққан жүректі.

-Абай бол,- деп алақанмен үстінен басып жұбатты.

 
2
1173
0