Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:17, 13 февраля 2013

Кикбокстан Алматы үздіктері анықталды

Кикбокстан Алматы үздіктері анықталды

Edit This Post

Blog post image

Соның бір куәсі – қала біріншілігі деген дардай аты бар жауапты сының үлкен спорт кешенінде емес, айналуға келмейтін аядай тар залда өтуі. Еліміздің ең ірі шаһарындағы жағдай осылай болса, шалғай аймақтардағы ахуалдың қандай екені айтпаса да түсінікті.

   

Алматыдағы  «Каравелла» спорт клубының бокс залында кикбокстан жастар мен ересектер арасында қала біріншілігі аяқталды. Үш күнге созылған тартысты жекпе-жектерқортындысында Әскери Орталық Спорт Клубының қос құрамы да бейресми жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Атақты  жекпе-жек шебері Сабыржан Махметов алғаш іргетасын қалаған отандық  кикбокстың қарқынды дамып,  дүрілдеген дәуірі – өткен ғасырдың  80 жылдарының  соңы, 90 жылдарының  басы болатын.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы аумалы-төкпелі қиын кезеңінде кикбоксинг федерациясының  тізгінін ұстаған Сабыржан Ғалымжанұлы талай таланттыжастарды тәрбиелеп, олардың  әлемдік аренаға шығуына жан-жақты жағдайжасады.

Асқар Коханов (марқұм), Асқар Можанов, Ержан Шегенов, Асылхан Бұсырманов, Абылай Құрмантаев,  Елмұрат Қайыпжанов, Ғани Досаев, Серік Айдарбеков сынды өзге де жаужүрек жігіттеріміз көптеген республикалық, халықаралықтурнирлерде топ жарып, жүлдеге ілікті.

Ал, Асқар Можановтың бес дүркін әлем чемпионы атанғанын қалың жанкүйер жақсы біледі. Тіпті сол кездері кейбір танымал боксшылардың  өзі кикбоксқа ауысуды жөн көрді. Өкінішке қарай, кикбокс Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмегендіктен үкіметтен қаржы мардымсыз бөлінетіні белгілі.

 

Blog post image

 

Сондықтан қазіргі таңда егемен еліміздің кикбоксы негізінен жеке демеушілердің  қаржылай қолдауымен және өз ісіне берілген фанаттардыңжанкештілігінің арқасында ептеп күн көріп жатқан жайы бар.

Бұл жайт алматылық  кикбоксшыларға да қатысты. Дүбірлетіп турнир өткізетін жан-жақты жабдықталған кешендерді айтпағанның өзінде, қарапайым жаттығу залдары жетіспейді.

Соның бір куәсі – қала біріншілігі деген дардай аты бар жауапты сының үлкен спорт кешенінде емес, айналуға келмейтін аядай  тар залда өтуі. Еліміздің ең ірі шаһарындағы жағдай осылай болса, шалғай аймақтардағы ахуалдың қандай екені айтпаса да түсінікті.

Жә, жарайды, енді чемпионат барысына тоқталсақ. Бұл біріншілікке Алматы аумағында орналасқан  9 клубтың  ұзын саны 100-ге тарта  өкілі  қатысып, өз салмақтарында бас жүлдені сарапқа салды.

Жастар  негізінен фул-контакт бойынша шеберлік сынасса, ересектер  К-1 ережесі бойынша бәсекеге түсті. Үш күнге созылған тартысты жекпе-жектер нәтижесінде жоғары шеберлік көрсеткен Әскери Орталық Спорт Клубының қосқұрамы да бейресми жалпыкомандалық есепте үздік шықты.

Чемпионаттың ересектер арасындағы  жеңімпаздары:

54 келі: Санат Мұсин (ЦСКА)

60 келі: Ерзат Сетербаев Сетербаев (ЦСКА)

63,5 келі: Алмас Әлиасқар (ЦСКА)

67 келі: Нұрдәулет Асанов («Титан»)

71 келі: Әлібек Мұқашев (ЦСКА)

81 келі: Анар Алиев («Салладин»)

86 келі: Шыңғыс Ысқақов («Ақжол»)

91 келі: Жақсыбек Шынықұлов (ЦСКА)

+ 91келі: Асқат Жантұрсын (ЦСКА)

Чемпионаттың жастар арасындағы жеңімпаздары:

46 келі: Бағдат Ербол (ЦСКА)

51 келі: Диас Нұрманов (ЦСКА)

54 келі: Эльдар Кайратұлы («Ақжол»)

57 келі: Ахмет Тавлиев («Салладин»)

60 келі: Алексей Кербут («Титан»)

63,5 келі: Асан Белдібай («Ақжол»)

71 келі: Асыл Белдібай («Ақжол»)

81 келі: Шыңғыс Жанұзақов (ЦСКА)

Енді, осы турнир қортындысында жасақталған Алматы қаласының жастар командасы  27 ақпанда Қостанайда жалауын көтеретін ел біріншілігінеқатысады.

Ал, ересектер құрамасы 27-31 наурыз аралығында  Шымкентте өтетін Қазақстан чемпионатына дайындықтарын пысықтайды.

 
0
625
0