Украина құрамасының да боксшылары белгілі болды

Kazsport agent 2013 M02 12
213
0
0
0

Астанаға 10 салмақта барлығы 13 боксшы әкелдім. 60 және 69 келіде екі боксшы өнер көрсетеді. Негізінен, құрамамды жастар толықтырған. Ал мұнда төрт елдің бапкерлері өзара ақылдасып, турнирде шлемсіз...

Астанаға 10 салмақта барлығы 13 боксшы әкелдім. 60 және 69 келіде екі боксшы өнер көрсетеді. Негізінен, құрамамды жастар толықтырған. Ал мұнда төрт елдің бапкерлері өзара ақылдасып, турнирде шлемсіз айқасамыз деп уағдаластық.

Бокстан «Төрт елдің турниріне» қатысатын Украина ұлттық құрамасының да боксшылары анықталды. Аталмыш құраманың бас бапкері Дмитрий Сосновский журналистерге Астанаға келген жігіттерін таныстырды.

— Төрт елдің бапкерлері өзара ақылдасып, турнирде шлемсіз айқасамыз деп уағдаластық. Сондықтан дода көрермендер үшін өте қызықты болуы тиіс. Астанаға 10 салмақта барлығы 13 боксшы әкелдім. 60 және 69 келіде екі боксшы өнер көрсетеді. Негізінен, құрамамды жастар толықтырған. Өйткені, үздіктеріміз WSB додасында өнер көрсетуде. 69 келідегі Тарас Шелестюк АҚШ-та. Кәсіпқой бокс клубымен келісімшартқа отырған. Дегенмен, 75 келіде Евгений Хитров бар. Бұл боксшыны Лондон Олимпиадасында аяқтан шалған.

— Күзде Әлем біріншілігіне қатысу үшін Қазақстанға қайта келесіздер. Жалпы, дүниежүзілік додадан не күтесіз?

— Алматыдағы әлем чемпионатына тәжірибе жинау үшін келетін шығармыз. Медальға да таласамыз. Әлбетте, Бакудегідей атой сала алмайтын шығармыз. Дегенмен, бір-екі жүлдесіз қайтпаймыз.

«Төрт елдің турниріне» қатысатын Украина құрамасының боксшылары:

49 келі. Назар Курочин
52 келі. Александр Шепелюк
56 келі. Олег Пруткий
60 келі. Павел Ищенко, Дмитрий Черняк
64 келі. Олег Неклюдов
69 келі. Денис Лазарев, Богдан Шелестюк
75 келі. Евгений Хитров
81 келі. Александр Ганзуля
91 келі. Арсен Азизов
91+ келі. Владимир Кацук

 

Оцените пост

0
Дальше