Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:55, 11 февраля 2013

«Қазақмыс» жұмысшыларының құқығын қорғаған Берік Жағыпаров әлі қамауда отыр

9 ақпан күні Жезқазғанда «Қазақмыс» басшылығының заңсыз әрекеттеріне наразылығын білдірген журналист Берік Жағыпаров әлі қамауда. Кәсіподақ белсендісі Сәуле Сейдахметованың айтуынша, құқыққорғау органдары Жағыпаровты не себепті ұстағандарын айтпай отыр. Ал Жезқазған әкімі оны қамаудан шығаруға уәде берген.

Атап өту керек, 9 ақпан күні Жезқазған қаласында «Қазақмыс» кәсіпорынының кеңсесі алдында бір топ адам наразылық шарасын өткізген болатын. Жезқазғандық белсенділерге Астана мен Алматы қаласынан да белсенділер қатысты. Сонымен қатар, митингіге қалалық әкімдіктің, құқыққорғау органдары мен прокуратура өкілдері келген. Алайда, митингіден соң белсенділердің ешқайсысын ұстамаған.

Бірақ жексенбі күні митингіге шыққан «Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаровты ұстап әкеткен. Кәсіподақ белсендісі Сәуле Сейдахметованың айтуынша, полиция өкілдері журналистті не үшін ұстағандарын әлі айтпай отыр.

«Біз Берік Жағыпаровты ұстап әкетті дегенді естігемізде бірден полиция бөлімшесіне бардық. Алайда бізді кіргізбеді. Бірақ ұстап әкеткендерін айтты. Не үшін, қашан жіберетіні туралы сұрақтарымызға «білмейміз» деп қысқа жауап қайырып отырды. Біз тіпті соттың болған-болмағанын білмейміз», - дейді Сәуле Сейдахметова.

Осы мәселеге қатысты бүгін таңертең Жезқазған әкімінің қабылдауында болған белсенділер Берік Жағыпаровты босатуды талап еткен. Белсенділердің айтуынша, бұл жиынға әкім «Қазақмыс» басышылығын, қазіргі кәсіподақ жетекшісінің қызметін атқарушы Болатбеков келуі тиіс болатын. Бірақ, бұл тарап келмеген. Сәуле Сейдахметованың айтуынша, әкім жұмысшылар мәселесін қарап, тиісті қолдау білдіретінін мәлімдеген.

«Әкім мені жұмыстан шығарған кездегі «Қазақмыстың» заңсыздықтарып тапты. Бұл мәселені қарастыруға заңгерге тапсырма берді. Сонымен қатар, Берік Жағыпаровты босатуға көмек беретінін де айтты. Бірақ, әкімнің ешкімге де ықпалы жоқ, сөзі өтпейтінін байқап қалдық. Бірақ үлкен лауазымды тұлғаның сөзінде тұрып, тайқып кетпейді деп ойлаймын», - дейді белсенді.

Мұнымен бірге, жұмысшылар өздерінің қойған талабына байланысты «Қазақмыс» басшылығы әлі күнге дейін ешқандай жауап бермеген.

Ал кәсіподақ жетекшісінің қызметін атқарушысы Б.Болатбеков жұмысшыларға қатысты заңсыздықтардың бар екенін жоққа шығарып, оларға қатысты ешқандай қысымның көрсетіліп отырмағанын мәлімдеді.

Толығымен: http://janaozen.net/94-azamat/azamys-zhmysshylary-yyn-oraan-berk-zhayparov-l-amauda-otyr.html?lang=kz

 
0
386
0