Еліміз Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр

nazgulnaz 2013 M02 10
425
0
0
0

Астана. 11 ақпан. BAQ.KZ – Биыл Қазақстанда Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланатын болды. Айтулы датаны атап өтуге еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінен бастап өңірлердің...

Астана. 11 ақпан. BAQ.KZ – Биыл Қазақстанда Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланатын болды. Айтулы датаны атап өтуге еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінен бастап өңірлердің жергілікті атқарушы органдарына дейін жұмылдырылмақ.

Айта кетейік, тарихқа өшпес із қалдырған тұлғаның туылған жылы төңірегінде осыдан 2-3 жылдай уақыт бұрын дау туған еді. Кешеге дейін барлық кітаптарда Абылай хан 1711 жылы дүниеге келіп, 1781 жылы өмірден озған деп көрсетіліп келген. Алайда, кейбір зерттеушілер тұлғаны 1710 немесе 1713 жылы туылған деген болжамдарын өздерінше дәлелдеп жатты. Ақыры, ел үкіметі Абылай ханның мерейтойын 2013 жылы атап өтеміз деген шешімге тоқтаған болатын.
Биыл айтулы мерекеге орай бір ғана биліктің тарапынан Астана мен Алматыда және елдің өзге де аймақтарында отызға жуық ірі-ірі шаралар өткізіледі. Атап айтар болсақ, жылдың екінші тоқсанында Астана қаласында мерейтойға арналған салтанатты концерт, Көкшетауда және елдің өзге қалаларындағы ақындар айтысы, Ақмола облысында меретойлық іс-шаралардың салтанатты ашылу рәсімі, Петропавлскте «Абылай ханның ордасы» атты мұражай экспонатының ашылуы, республикалық ғылыми конференциялар, театрланған кештер және спорттық жарыстар. Сондай-ақ, биыл «Абылай хан» атты энциклопедия да жарыққа шығады деп күтілуде.
XVIII ғасырда Қазақ хандығын Абылай билеген тұста елдің гүлденгені белгілі. Ерекше батырлығымен, даналығымен тарихта аты қалған ірі тұлғаның нақты туған жылын анықтау тарихшы ғалымдардың иығына артылған жүк. Отандық ғалымдар бұл ақтаңдақтың ақиқатын табады деген үміттеміз.

 

Серғали Балажан

 

Оцените пост

0
Дальше