место в рейтинге
  • 333181
  • 251
  • 44
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақ елінде 143 жыл бұрын түсірілген суреттер АҚШ Конгрессінің кітапханасында қайдан жүр? 140 жыл бұрынғы Оңтүстік Қазақстанның келбеті!

143 жыл бұрын еліміздің оңтүстік аумағында жаппай "фотосессия" ұйымдастырылды. Қалалар мен жергілікті халық тұрмысы, тарихи ескерткіштер мен көне ғимараттар фотограф назарынан тыс қалмады. Бұған арнайы тапсырма болған. Патшалық Ресейдің Ташкенттегі ресми өкілі, генерал-губернатор К.Кауфманның пысықтығы ма, әлде арнайы зерттеу науқаны ма, әзірше белгісіз. Бірақ сол әрекеттің  арқасында бізге 140 жыл бұрынғы өмірді көрсететін 1200 жуық сурет жетті. "Түркістан альбомы" атты төрт томдық жинақ 1870 жарық көрді. Бұл туындының толық нұсқасын АҚШ Конгрессінің кітапханасы жақында ғаламтор беттерінде жариялады.

Шымкент 1870 жыл. Бүгінгі қаланың келбетіне қарап, бұрын осындай болғанына шынымды айтсам алғашқы кезде сенбедім. Алайда нақты фактқа қарсы болу мүмкін емес )))

Осы көне суреттердегі бүгінгі қалаларды көріп, мектептегі тарих пәніне ерекше махаббатым есіме түседі. Мектепте тарих сабағында біздің сыныпта тыныштық орнайтын.Басқа пәндерде "мыналарың бізге не керегі бар" деп мұғалімдермен саудаласатын сыныптасым Денистің өзі екі көзін мұғалімнен алмайтын. Дениске де, бізге де қызық. Мұғаліміміз жас болса да, өзінің ақпаратымен бізді 45 минутқа жаулап алатын. Барлық назарымыз сол кісіде. Еліміздің тарихына ерекше қызығушылық та сол кезде оянған шығар. Әдісі керемет: еліміздің тарихына арналған сабағы, Қазақстанда орын алған тарихи оқиғалармен қатар әлемде сол уақытта не болғанын, қандай қызықты оқиғалар орын алғаны туралы аздаған мәліметтерді бізге жеткізді.Қазақстан тарихы пәнін еске алып мен мына қызықты ақпаратты, мұғалімнің тәсілімен сіздерге жеткізіп көрейін.

1870 жыл. Арыс өзені арқылы жолаушылар тек мына өткелмен өтті. Мұндай баржалардың бірі су жағасында әлі де шіріп жатыр. Шамамен 100 жылдан кейін осы Арыс өзені бойында Шәмші Қалдаяқов бір сұлумен танысты, ал мен осы өзен бойында балалық шағымды өткіздім, біздің кезде сұлулар өзен жағасына бармайтын, мұнда біз тек балық аулап, лай суға шомылдық :)))

1870 жыл. Әлемнің саяси картасы осы жылы үлкен өзгерістерге ұшырады.Жақсылық пен жамандық қатар жүрді. Дәл сол жылы Рим - Италия астанасы атанды, Парижді неміс королі Вильгельм I жаулап алды, ал Оңтүстік Америкада Бразилия, Парагвай мен Аргентина арасында ұзақ жылдарға созылған соғыс аяқталды. Мексика мен Венесуэлада көтеріліс, Португалияда революция, Қытайда - шетелдіктерге қарсы шабуылдар. В.И.Ленин туылған жылы әлем елдеріне оңай тимеген сыңайлы))) Патшалық Ресейде тұрақсыз жағдай тек жарты ғасырдан кейін орын алады.

1870 жыл. Әскери казармалар. Қызылорда қаласы.Көрші жерлердің отарлау саясаты қарқынды жалғасып жатыр, Ресей патшасы Александр II өз билігі мен амбициясын іргелес жерлерге белсенді түрде танытуда. Оларды іске асырған В.Кауфман Түркістан генерал-губернаторлығын басқарды. Уикипедияда Орталық Азияда отарлау саясатының белсендісі делінген екен. Қалай болғанда да, өзі басқарған жерлерді бастан аяқ суретке түсіріп шығуға тапсырма береді. Суретші болып екі әскери сарбаз Түркістан генерал-губернаторлығын аралап шығады.

1870 жыл тыныш болмағанымен, кейбір елдердің экономикасында оң өзгерістер көп болды: АҚШта бірінші долларлық миллиардер Джон Рокфеллердің Ohio Corporation (немесе StandartOil атымен танымал) компанияның негізі қаланды, елдер арасында түрлі экономикалық одақ пен алдағы жылдарда үлкен өзгерістерге негіз болатын келісімдерге қол қойылды. АҚШ Ата заңына 15 түзету енгізіліп, қара нәсілді азаматтар сайлауда дауыс беру құқығына ие болды. Ұлыбританияның 5 - 12 жас аралығындағы балалар заң жүзінде мектепте білім алу құқығына ие болды, ал АҚШтағы азаматтар ауа райын болжау орталығының бірінші болжамын тыңдады. Осының барлығына еліміздің оңтүстігінде жаппай фотосессияны да қоса салсаңыз болады!

1870 жыл. Пошта қызметі. 1870 - 1882 жылдары апта сайын шығатын алғашқы қазақ газеттерінің бірі "Түркістан уалаятының газеті" осы пошта қызметкерелері оқырманға жеткізсе керек. Алайда бұл қызметтің негізгі мақсаты жедел хаттар мен хабарламаларды жеткізү болса керек. Суреттер арасында қызықты ақпарат аз емес.

Бүгінде елге танымал қызмет - "доставка еды на дом", ал 1870 жылдары түсірілген мына бір суретте "ас жеткізу" қызметкерлері бейнеленген. Палауды сол жылдары азаматтардың жұмыс орындарына, сауда орындарына осылай жеткізілсе керек. Сервистің аты сервис )))

1870 жыл. Түркістан қаласы. Көше бойында орналасқан шаштаразы. Айта кететін бір жайт. Сол кездегі Түркістандағы халық саны 5000 мыңнан аспаса да, қала базары көлемі жағынан ең үлкен базарлардың бірі болды. Мұнда кез келген тауарды табуға болады. Тіпті Ташкенттегі ірі көпестердің осындағы базарда арнайы өкілдері бар, керек затты көп ұзатпай сатып алып, Ташкентке ұзатып жіберетін көрінеді.

1870 жыл. Түркістан базары. Джон Рокфеллер АҚШ мұнайын меншіктеп жатқанда біздегі мұнай осылай саудаланды сол уақытта. 19 ғасырдың мұнай магнаттары міне алдарыңызда отыр.

Ал мына суреттегі көрініс тағы бір қызмет түрі туралы.Күн шыжып тұрған көшеде жолаушының шөлін қандыратын қымыз осылай сатылып жүрді.

Бұл сол кездегі қазақ даласының тұрмысы мен тіршілігін суреттейтін көп суреттің бірең-сараңы ғана. АҚШ пысыққайларының арқасында, 143 жыл бұрыңғы қазақ даласының болмысы туралы ақпарат беретін, осы керемет суреттер бізге енді жетіп отыр.

ЖАЛҒАСЫ БАР...


 
15 февраля 2013, 18:10
13126

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Керемет жазылған! Мәке, жарайсыз! :)
Шынында да жақсы дүние екен.
Shpak
1
0
Соншама суреттің арасында бір қазақты табы`алмадым. Қазақ шопаны жоқ, айыр қалпақ жоқ, домбыра жоқ. Ылғи сарттар менен орыстар. Сонымен143 жыл бұрын қазақ ел`жұртында қазақ жоқ болды`ма?
Shpak, сіздің XIX ғасырда өмір сүрген қандастарымызды таба алмағаныңызға суреттерде бейнеленгендердің сол заманның талаптарына сай (қалың сақал, жүріс-тұрыстары және т.б.) көрініп тұрғандары сізге қиындық тудырған шығар ИМХО. 2156 жылы сіз бен бізді ұрпағымыз қазақ емес деп тапса, ғажап емес. Айыр қалпақтың қазақ халқының ұлттық бас киімі емес. Домбыраны келешекте жарияланатын посттарда көріп қалу мүмкіндігіне ие боламыз деп сенемін.
Mrojin
0
0
Құрметті Shpak, суреттердің авторы мен емес әрине. Ол жерде тұрып,"тек қазақтарды түсіріңіз, өтініш фотограф мырза" деп тұрып алатын Қазақ даласының "баспасөз хатшысы" бола алмаймын енді))). Ол жерде қазақ еместері де бар шығар. Әбден мүмкін. Менікі фактті жеткізу, суретте сол кездегі болмыс бейнеленген, оған күмәніңіз болмасын. Тексерілген ақпарат қой мынау. Айыр қалпағын сатып, сарттың киімін көрші Рахим деген сарт-тамырынан бір күн киіп тұруға алса да, қазақ болмай қала ма? Жағдайдың олай немесе басқаша болғанына ешкім жауап бере алмайды қазір. Дұрыс жазылды мындағы пікірде, айыр қалпақ қазақта болмаған. Сол кездегі қазақтардың да суреттері бар, есімдерімен бірге көрсетілген, саламыз оны да, сабыр. Тіптен шыдамыңыз болмаса, мінекей толық альбом сілттемесі де бар, www.loc.gov қарасаңыз болады, Shpeke, аяу деген жоқ. Менікі тек, отбасымнан, баламнан уақыт ұрлап, қызықты ақпаратпен бөлісу, өзім болған жерлермен салыстыру ғана. Кешіресіз енді.
))) намыстары жыбермеген шыгар суретке тусуге, ой койшы деп)))
Мәке рахмет! Қызықты тақырып. Красавчик =))
Пост Максим мырзаның Қазақстан тарихы пәні мұғалімінің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақстандық және әлемдік тарихи оқиғаларды салыстыру арқылы өте жақсы жазылған. Маған, әсіресе, 5 және 6-суреттер ұнады. 6-фотода оң жақтағы екі клиентке өз қызметтерін көрсетіп жатырған шаштаразшылар болса, сол жақта орын алған оқиғаның түйінін түсіне алмадым. Алғашқы суретте Шымкент қаласының шеткі жағы түсірілген ИМХО. Себебі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шахардың осындай кейіпке енуі мүмкін емес ИМХО. Тезірек қазақстандық ғалымдар осы суреттерді зерттеп, кейін Қазақстан тарихы пәні кітаптарының сәйкес тақырыптарына иллюстрация ретінде енгізсе нұр үстіне нұр болар еді.
PS: Максим, осы постыңыздың жалғасын күтеміз!
Ғаламторда бұл суреттер бар ма және болса кайдан жүктеуге болады?
Mrojin
0
0
Достар бұл кіріспе, алдағы уақытта, салыстырмалы суреттермен (бүрын мен бүгінгі жағдайды салыстырып) салуға тырысамын сілттеме бар loc.gov қарасаңыз болады. )))
Тауелсиз Казахстанда туылганыма Мында бир шукир
airika
0
0
жарайсын Максим! кутемиз...
Жақсы,тағы да суреттерді көрсекқой))
Өте қызықты шолу. Авторға рахмет.
қазақ даласындағы атадан қалған мұра:сый - сыйапат.
Shpak секілді ұлтшыл адамдар (өзбек ағайындыны сарт демей-ақ қойсаңыз болар еді) ХІХ ғасырдағы суреттердегі қазақтардың басындағысын және сақалын көріп өз көзіне сенбей отырған шығар. Ресми БАҚ-тың айтуына қарамастан Қазақстанның оңтүстігі исламға әрқашан берік болған; қазағы, өзбегі, қырғызы, ұйғыры болсын.
суреттердің көне екені рас, бұндай көне суреттердің бар екені қуантады,
бірақ бұл қазақ даласымен қазақтар екеніне көзжеткізу керек сияқты
Максим, сізді КВН-нен жақсы танимын, ол кездері қазақшаңыз аса жақсы емес-тін. Сосын бірнеше жылдан кейін телеарнадан қазақшаңыздың жақсарғанын көріп тәнті болдым! Бірақ осындай керемет мақала жаза алады деп ойламаппын. РЕСПЕКТ!
Mrojin
0
0
Рахмет, уақыт өткен сайын біз де өзгереміз! Аман болыңыз!
Өте қызызқты деректер, Максим, көптен рақмет!
PS Бір Алматыға жолың болса, хабарлас ;)
Mrojin
0
0
Рахмет Адеке амандық болсын! Кездесеміз. maksim.rojin@mail.ru
-Дегенмен сол кезде де отырықшы болғанына қараңыз!!? Бір де бір киіз уйді көрмейсің! Біріншіден,ал екіншіден, ол кезде де көп ұлты бар қазақ жері осы жерден, климаты жылы жерден басталғаны екен де деп , жүрекке жылулық сәулесін береді екен...Ал ең ақырғы төмендегі суретте әрине қазақи, ақыл -ой келбеті, бабалардың аурасы,өмірге деген шыдамдылығы мен сабырлылығы суреттелген, домбырасыз-ақ айтылып тұр,сол бір секунд мезетінде де!! Тамаша тірлік екен! Өткен өмірдің елесі мен ізін көру!!! Қазақ халқының қаншалықты өркендеген өмірінің жоғарылығының бір сәтін ,өткен өмір бір сәтімен салыстыра қарауға, және де саралауға керекті қымбатты көрнекті құрал екен қазіргі мектеп оқушыларына!!!! Рахмет сіздерге жастарға және авторға .Одан сайын өркендеп, бақыт жолына ,әрбір адам мәдениеттілік, эстетикалық жағынан, ғылымдылық та жағынан, рухани байлықпенен,еліңнің сүйсінерлік жарық жұлдызы бола беріңдер!!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Они сделали это! Kaspi Bank презентовал свое мобильное приложение

Изучив ошибки предшественников и собрав воедино новейшие идеи онлайн-банкинга, Kaspi Bank наконец выпустил... свое мобильное приложение!
niyazov
20 июня 2017 / 15:05
  • 7924
  • 4
Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Отмечаю юбилей! 5 лет назад покорил Монблан – главное украшение в Короне Европы

Сегодня настоящий юбилей! У меня и Юрия Суханова из Смоленска! Ровно 5 лет назад 16 июня мы стояли на вершине Монблана (4809м), вершине с которой начинался альпинизм!
Almazoff
16 июня 2017 / 13:39
  • 6861
  • 25
Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Кайрат Келимбетов об азербайджанской инвестиции: «Вернется и «тело», и проценты»!

Мы записали уникальное интервью с Кайратом Келимбетовым. Предлагаю вам посмотреть первую часть, где мы постарались по возможности поставить все точки на «I» именно по Азербайджанскому вопросу.
Zhumanova
19 июня 2017 / 12:00
  • 5745
  • 7
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 5299
  • 53
«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«За красный диплом доплата будет?» Записки карьериста о потерянном поколении

«Вы пригласили, вот я и пришел» - именно с таким выражением лица сидят на собеседовании молодые люди. Создается впечатление, что человек без опыта работы дает шанс заполучить такого «ценного» кадра как он.
ArenMir
16 июня 2017 / 15:58
  • 4088
  • 44
Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Долговое рабство: почему казахстанцы берут кредиты под 1330%

Эти кабальные займы никакой пользы для экономики не несут, при этом ухудшают финансовые возможности населения, пополняют ряды новых неплательщиков, тем самым создавая социальную напряженность в...
Armanjan
18 июня 2017 / 15:43
  • 3738
  • 28
Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Инфантильный миф о «молодом народе Казахстана» опасен. В 21-м веке ни у кого нет форы

Терпеть не могу миф о том, что мы "молодой народ, окруженный старыми нациями" и у нас еще есть время на развитие. Это чушь! Мы что - на миллион лет позже эволюционировали из обезьян?
Aks_Ras
18 июня 2017 / 10:16
  • 2989
  • 18
В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

В Казахстане заблокировали сайт, раскритиковавший EXPO в «захолустной» Астане

Все помнят Медузу и ЖЖ. Теперь в этот "особенный" список попал сайт Foreign policy. Предполагается, что причиной блокировки стала нелицеприятная заметка Джеймса Палмера об EXPO в Астане.
Seattle
19 июня 2017 / 15:40
5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

5 фильмов, за которые Голливуду должно быть стыдно

Однажды Джоэл Шумахер попросил прощение за свою несуразную работу в том самом фильме про Бэтмена. Его примеру должны последовать многие режиссёры, которые умудрились испортить свои картины.
Seattle
16 июня 2017 / 15:53
  • 2378
  • 18