• 68881
  • 172
  • 11
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Кітап оқығанға қай ридер ыңғайлы?

Заман өзгерді. Халық оқуды азайтып жатыр. Бірі уақыт жоқ, екіншісі керек емес деген сылтаулармен кітап оқудан бас тартып жатыр. Бірақ кітап оқу әрқашан керек болды және болашақта да керек болады. Оның себептерін қазір талқылап жазбаяқ қояйын. Ол өзі жеке үлкен тақырып және тақырыбымыз басқа бағытта болып тұр. Қазір далада 21 ғасыр, сол себепті кітапханамыз өзгерді. Қазір бәрі электронды түрге ауысып жатыр. Енді біз тақырыбымда: "қандай электронды кітап таңдаған дұрыс болар?" - деген сұрақты ашып талқылаймын. Және сатып алар кезде неге назар аударған дұрыс екенін қарастырамын.

Preview

I Экран

a) Экран қандай технологияда жасалғаны өте маңызды. Біздің таңдауымызға 2 түрі келіп тұр; а) Жидкокристалды (аудармасы қандай екенін тегі білмей қойдым;) ) және ә) Электронды қағаз.

Бізге әрине екіншісі қолайлы болар. Кітаптың беті қарапайым қағаздан ал электронды кітап болса - элетроннан жасалынған. Ал оның құрамын жазып бас қатыруды керек деп санамаймын, себебі бізге оқуымызға ешқандаай қатысы жоқ. Тек құрамы шыққан ұрпағына байланысты өзгерітінін және жақсы болатынын білсек жеткілікті.

Неге электронды қағаз жасап шығарды? Оның ең басты артықшылығы энергияны өте аз мөлшерде қолдануы. Электронды кітаптардың толық заряды 1 аптадан бастап 1 ай немесе одан да көп уақытқа жетіп жатады. Себебі ол энергияны тек бетті жаңарту үшін ғана қолданады, ал қалған уақытта қолданусыз ұзақ уақыт бойы тұра береді. Мен өзім Kindle 4 ұстаған кезде заряды 1 айға ойланбай жететін.

Және бір артықшылығы көзге зиянсыз болып келуі. Электронды кітаптырдың экраны жарық шығармайтынын байқаған шығарсыздар. Сол себепті көзге артық сәулелер түспей, көзге жүк салмақ түспейді. Әрине қараңғы кезде оқысаңыздар көзіңіз ауырады. Жай кітап та дәл сондай әсер береді.

Ал кемшілігіне келетін болсақ, ол әрине анимацияны оқымауы және түрлі түсті бояулырдың жоқшылығы. Бірақ бұл кемшілік сіздің сүйікті кітабыңызды оқуға еш кедергі болады деп ойламаймын. Және де анимация, түрлі түсті суреттер ол көбінесе жарнамама жағында қолданылатын секілді.

ә) Келесі электронды кітап ЖК-экранды ридерлер. Арзан бағамен сатылып жатқан осы типті ридерлер толып жытыр. Әрине арзан болғандықтан сапасы төмендеу. Және де батерея заряды ары кетсе 5-6 сағатқа ғана жетіп жатыр. Көзге зияны жағын айтпаяқ қояйын. Бірақ түрлі түсті суреттер мен тіпті видео қарауға болады, егер процессор жақсырақ болып жатса.

б) Тағы бір түрі ол микс, яғни ЖК және электронды сия (чернила) бір ридерде. Ол қалай жұмыс жасайды? Мәзір әдемі түрлі түсті бояулармен және арнайы эффекттер қолдану арқылы жақсы әсер қалдыратын болса, кітап оқитыгн кезде үнемді электронды сияға ауысып кетеді.

Ал енді таңдайтынымыз экран өлшемі. Ридерлердің түрлі түрлі өлшемдері бар, ал стандартқа енген түрі ол 6 дюмдық экраднар. Біріншіден, қолға ұстап, яғни өзіңізбен бірге ұстап жүргенге ыңғайлы. Екіншіден жеңіл және компактты. :) Басқа түрлердің бірі 9 дюмдық үлкен ридерлер. Олар қымбат және үлкен болып келеді. Үлкенінің артықшылығы PDF немесе DJVU форматындағы техникалық кітаптар оқығанға таптырмайтын зат.

 

II Басқару (Управление)

Қазір экрандар өте қарқынды дамып келе жатыр. Кез келген телефон компаниясы өс смартфондарын сенсорлы түрде шығарып жатыр. Осы толқыннан Ридерлерде қалыспайық деп шешкен секілді. Сенслорлы ридердің қандай артықшылығы бар? Жеке менің ойымша, тек қана кітап оқитын жігіт үшін, ешқандай артықшылығы жоқ секілді. Бетті ауыстыратын және мізірді ары бері қозғалтатын арнайы батырмалары болса жеткілікті деп ойлаймын. Бірақ Смарт жастарға ол жеткіліксіз болуы мүмкін. Мысал ретінде Сөздік қолданатын адамдар үшін немесе керек жерін бөліп алып белгілер (заметки) тізіміне қосып қою үшін қолайлы болатын шығар. Енді бұл таңдау өте қиын. Әркім өзіне не жақын соны таңдасын. :)

 

III Интернет

Интернет қай кезде керек болуы мүмкін? Ең бастысы кітаптарды ыңғайлы түрде жүкетеп алу үшін әрине. Бірақ USB арқылы жазу да қиын ға соқпайды. Амазонның Киндлын активация жасау үшін интернет міндетті түрде керек секілді болды. Ал басқа кезде не үшін керек екенін түсіне алмадым. Себебі Электронды Сиямен интренетте отыру үшін аса үлкен шыдамдылық және қатып қалған адам болу керексің!) Мен ерігіп отырып Вконтактеге кіріп көрдім, басында қызық болады, 15 мин. өткеннен кейін өшіріп тастадым.)

Ал интернеттің түрлерінен 3G қосылған немесе тек қана Wi-Fi арқылы жұмыс жасайтындар бар. Мен Wi-Fi сыз  жұмыс жасайтын Эл. Кітап әлі кездестірмедім. Ал 3G ға артық төлеу жөнсіз деп ойлаймын. Бір шетінен кітаптар дүкеніне кез келген жерден кіріп жүктеп немесе сатып алып отыру да ыңғайлы. 3G модуль көбінесе Амазонның Киндлдарында орнатылған, және бүкіл әлем бойынша Амазон дүкенінен кітаптарды шолуға мүмкіндік бар, бірақ көп кітап ағылшын тілінде екен.

 

IV Қосымша функциялары

Кейбір электронды кітаптарда аудио және радио тыңдау мүмкіндіктері орнатылған. Бұл жерде АйПад туралы айтпай-ақ қояйық.) Осы қосымша функциялар аудиокітап тыңдау үшін ғана керек шығар. Басқа артықшылығын тегі таба алмай қойдым.

Келесі қосымша бейне (видео) функциясы. Электронды ридерлер үшін бұл енді тіптім артық. Артық екенін біле тұра осы қосымшаны қосып жасап жатқандар бар. Егер видео көргіңіз келсе, мысалға жолда ұзақ жүргенде, планшеттік ридерді алуға кеңес берер едім.

V Планшеттер

Бұл енді қазіргі заманның алдында тұрған технология! Планшеттердің негізгі мақсаты кітап оқу болмаса да, оқыған бір ләззат алып келеді. Мысал ретінде Ipad-ты алайық.

1

Ipad-та Ibooks арқылы кітап оқитынын бәрі білетін болу керек. Міне осы бағдарлама арқылы кітаптың бетін ауыстыру немесе басқада қосымша функциялары арқылы миға жақсы сезім береді. Егер түн болса жарықтығын азайтып немесе "түн" режимін таңдасаңыздар болады. Дәл осы қосымша функциялар басқа да планшеттерде бар. Экран өлшемдерімен және бағаларымен ажыратылып жатады.

Ең басты минустарының бірі әрине бағасы. Әдетте бұл типтегі ридерлер қымбатқа соғады. Тек кітап оқимын деушілерге өте тиімсіз. Және батареясы, электронты черниламен жасалған ридер мен салыстырғанда әлде қайда тез өшіп қалады. Келесі кемшілігі, көзді шаршататыны немесе көзге зияндығы. Экраннан жарық бөлінетін болғандықтан ұзақ оқу қиынға соғады.

 

VI Форматтары

Электронды кітаптардың форматтары толып жатыр. Бастапқыда әр өндіруші өз форматын таратқысы келді. Сосын уақыт өте келе стандарттар шыға бастады. Ең танымал форматтар EPUB, TXT, HTML, CHM, PDF, FB2, DOC, RTF. СНГ да кең танымал болған формат FB2 және EPUB. Ал кейбір кітаптар бұл форматтарды оқымауы мүмкін. Ол кезде интернттен коверторларды қолданып бұл мәселені де шешуге болады. Мысал ретінде Kindle .mobi форматын қолданады. Әрине басқа да форматтарды оқиды, PDF деген секілді. Сатып алар кезде құшаттардан қандай формат оқитынын мұқият қарағаныңыз дұрыс болады.

 

VII Кең танымал ридерлер

Ал енді кезек қай ридерді таңдаған дұрыс деген сұрақтың жауабын іздейік.

1) PocketBook 613 Basic New

2

Бюджетті вариант десе де болады. Қымбат емес, жазу жақсы көрінеді, артық функциялары толығымен жоқ. Керекті форматтардың көбісін оқиды.

2) Sony PRS-T1 и Sony PRS-T2

3

Сонидың ең алғашқы ридері. Экраны 6 дюймдық  E-Ink (Pearl), Корпусы өте жұқа, салмағы не бәрі 168г. Оқитын форматтары: ePub, TXT, PFD и FB2. Wi-Fi +.

Бір жыл өткен соң Sony жаңа PRS-T2 моделін шығарды. Айырмашылығы сыртқы келбетінде және жаңа нұсқасында белгілеген текстеріңізді бірден Facebook-қа шығарытын қосымшасы. Енді өздеріңізге лайықтысын таңдайсыздар.

4

 

3) Amazon Kindle 5, touch, paperwhite

5

Бірінші айтатыным Киндл 5. Бұл ридердің басқалардан ерекшелігі әрине сыртқы келбетінде. Экран 6 дюймдық E-Ink. Маған алдыңғы версияларына қарағанда жазу анығырақ және жарықтығы жоғары болып көрінді. Қолданулуға берілетін жады басқалармен бірдей десе де болады 1гб - тан астам. Және де басқа артықшылығы бағасында. Бағасы салыстырмалы түрде төмен. Бізде шамашмен 20000тг - алуға болады.

6

Келесі орында Amazon Kindle Touch Wi-Fi. Өлшемдері дәл Киндл 5 пен бірдей - ақ. Айырмашылығы сыртқы келбетінен байқауға болады. Артық батырмалардың жоқтығы және корпус сәл басқашалау жасалынған. Бағасы щамамен 25000тг. Бірақ менің жеке ойымша touch кекек емес секілді. Touch толық сезіну үшін Планшет алу керек деп ойлаймын.

7

Ал үшінші жаңадан шыққын Amazon kindle paperwhite. Айырмашылығы экранында әрине! Неліктен Paperwhite? Себебі бұл ридерді ортаның кез келген жарығында оқуға болады. Экран әрине патентталған және ерекше. Жазудың анықтылығы 62% дан астам жақсырақ. Күндіз де оқу өте ыңғайлы. Ешқандай жарық оқуыңыза кедергі жасай алмайды. Сіздер Paperwhite қосылып тұрған кезде батарея тез кетеді деп ойласаңыз, қателесесіз! Батарея заряды 8 аптаға дейін жетеді! Бірақ бағасы әрине салыстырмалы түрде қымбаттау: 32900 тг.

4) Ipad

8

Ipad немесе басқа да осы типтес планшеттермен де кітап оқу ыңғайлы. Және парақтарын ауытырып отырудың өзі бір қосымша сезім тудырады. Планшеттерге әрине өте көп кітап салуға болады. Мысалға 64Гб тық планшет алсаңыз ішін тек қана кітаппен толтыру оңай болмас. Артықшылықтары әрине өте көп. Сонымен қоса кемшіліктері де бар. Жоғарыда жазып кеткенімдей, ең басты кемшілігі заряды және бағасы. Ipad-тың жаңаларын 100000 тг ден бастап алуға болады. Тек кітап оқырманына керек емес деп ойлаймын.

 

Қорытынды:

Басқа да ридерлер немесе планшеттер толып жатыр. Оларды интернеттен қарап немесе дүкендерден қарасаңыздар болады. Ал менің таңдауым Amazon kindle 5. Неліктен? Себебі бағасы да жоғыры емес және менің талаптарыма толығымен жауап береді. Формат аз оқиды дейсіз бе? Жоқ, ол маселене онлайн конвертермен-ақ шешуге болады.

Негізі мен қазір ридер арқылы емес, кітаптың өзін сатып алып оқуды жөн көрдім. Бірақ заман басқа. Сол себепті әркімнің қалтасында, сөмкесінде немесе үйінде электронды кітап оқитын қондырғы болу керек деп ойлаймын. Таңдау сіздерден, ал менің мақсатым тек осындай жаңалықтар бар екенін сіздерге білдіру.

Пікірлеріңізді аямаңыздар және достарыңызбен бөлісіңіздер!

(с) Alisher Toiguliyev, SmartShow үшін

 
Alisher Toiguliyev toiguliyev
10 февраля 2013, 8:24
3889

Загрузка...
Loading...

Комментарии

я бы выбрал Paperwhite - подсветка и отличный экран.
ibaga
1
0
қазір смартфоннан оқимын. ол да жарайды негізі=)
Маған Amazon kindle paperwhite ұнады, бірақ бағасы қымбат екен. Бірәз арзандаса, көп адам сатып алар еді.
P.s. "Жидкокристаллдын" аудармасы Сұйықкристаллды болады. "Компакты" деген сөзді шағын, ықшам деп жазғаның дұрыс. Бұл шолуда орфографиялық қателер өте көп, негізі мақала жариялардын алдында мұқият тексеріп қарау керек. Болашақта мұндай қателер азайып, мүлдем болмағаны абзал. Cәттілік тілеймін!
ibaga
0
0
тағы бір-екі пост осылай дұрыстап отырсаңыз, бәрі тіпті тамаша болып кетеді екен=)
Рахмет! Мен қарапайым жазуға тырыстым. Барлығы түсінетіндей) Қателер үшін айып етпеңіз, барлығы дұрысталады
П.С. Постта ең бастысы ақпарат түсінікті болу деп ойлаймын.
Бір-екі әріп талай нәрсенің тас-талқанын шығарып жіберуі мүмкін,..
Ниетіңіз оң шығар, бірақ болашақта мұндай қателерді жеке хабарламамен айтқаныңыз абзал.
Маған Amazon kindle paperwhite ұнады, бірақ бағасы қымбат екен. Бірәз арзандаса, көп адам сатып алар еді.
P.s. "Жидкокристаллдын" аудармасы Сұйықкристаллды болады. "Компакты" деген сөзді шағын, ықшам деп жазғаның дұрыс. Бұл шолуда орфографиялық қателер өте көп, негізі мақала жариялардын алдында мұқият тексеріп қарау керек. Болашақта мұндай қателер азайып, мүлдем болмағаны абзал. Cәттілік тілеймін!
ns75
0
0
makalany sozyp jibergen joksynba?...
Енді, текст айтарлықтай көп емес қой ;)
Ғашықтар күніне өте жақсы сыйлық!) Пайдалы және ұзаққа шыдайды
Кушти пост болып шыкты. Менде автордын тандауы бойынша сол Киндл 5 алар едим, егер сол айткандай форматтармен кийындыктар болмаса. Одан баска алып алып баска форматтар сайкес келемесе ол электронды китап пайдасыз болып калар).

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8914
  • 83
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 6136
  • 24
О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2809
  • 31
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1689
  • 32