Мұқағали Мақатаев туған күніне арналады

Алия 2013 M02 8
8982
11
17
0

Бүгін — 9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны, мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Ақынның лирикаға толы әсерлі өлеңдері поэзия сүйер жастардың бірнеше буынын қамтып келе

Бүгін — 9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны, мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Ақынның лирикаға толы әсерлі өлеңдері поэзия сүйер жастардың бірнеше буынын қамтып келе жатыр. Қазақ поэзиясында өшірмес із қалдырған Мұқағали өлеңдері әлі де үнін жоғалтпасы анық.

Заман талғамайтын лирик ақынның поэзиясы жастар жүрегіне үнемі жақын болып келеді, соның ішінде махаббатты жырлайтын өлеңдерінің бірін «Екпін» журналы видео нұсқа арқылы поэзия сүйер барша қауымға арнайды.

Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектескен достарымызға видео түсірген Ерлан Аменов пен өлеңді мәнерлеп оқыған Дастан Сапашовқа алғысымызды білдіреміз.
Бүгін тек қана сүйікті ақынымыздың туған күні емес, қазақ поэзиясының мейрамы десек әбден болады, сондықтан бүгінгі күнмен сіздерді құттықтай отырып, Мұқағали поэзиясының нәзік лирикасынан ләззат алуларыңызға тілектеспіз!

видеодағы музыка Yurima - Kiss the Rain

HD сапасында тамашалауға болады

Достарыңызбен бөлісе отырыңыздар!

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе зынданыңа салып сақта
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен мына тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің ешкім де оны басынбасын,
Сен мені өз басыңмен бірге қорға
Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын.
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай... Қиылғасын!

© Екпін

Оцените пост

17

Комментарии

0
осындай видеолар коптеу болса екен
0
Bugin ar qazaq "tek menin kuyimdi jirlagan" dep qabildaitin Muqagali aqinnin tugan kuni. Tugan kunimiz qutti bolsin endewe!..
1
Біз оның жалғасымыз жолдасымыз
Әлемге бақыт іздеген
Қолдасыңыз, келіңіз, қолдасыңыз!
Барамыз Ильич салған ізбенен.
Caп бұзба
Секілденіп көкек байғыз,байқаңыз
Өсек. жала, орныңа тұр.
Жер шарын тілімдеген айғыз-айғыз
Данышпан Лениннің жолы жатыр.
Біз білеміз болғанын ақшыл солшыл бәрі былшыл
Бәрін де таптағанбыз.
Иә, біз жауынгер топ.
Сол - шын!
Сол үшін ғасырлардан аттағанбыз.
Бұл шақта коммунизм емес елес
Қаусаған Европаны кезіп жүрген,
Ол - бүгінім, ертеңім белес-белес,
Дос емес, жауымды да сезіндірген.
Айтпа маған жаттанды ертегіңді
Ер көңілді ешкім де бола алмайды.
Қаша алмайды.
Ұстаймын ертеңімді.
Ертеңіңді қоя тұр, Асан Қайғы.
Бір кезде Европаны кезген елес
Сөзбен емес,
Орнауда еңбекпенен.
Сен деп келем, КПСС, өзге емес,
Өз қолымен өмірді өрнектеген.
Коммунизм, мінеки, санамызда,
Даламызда,
Егін caп, малын баққан,
Дауылдатқан заводта, қаламызда,
Шахтада, мартендерде жалындатқан.
Коммунизм көш емес,
Көзін сатқан,
Жүгін артқан өгізге,
Қара пілге,
Коммунизм - космонавт
Езу тартқан
Құдіретті космостық корабльде.
Екі дүние:
Екеуі екі дара.
Көзге қара.
Ей, жолдас, жаңылмағын,
Болашақ бағыты айқын,
Жолы сары,
Бері қара!
Ленин жағында кім?!
1
Мұқағали ғасырда бір туатын, үлкен қанаты бар, адамның көзі талатын биікте ғана самғайтын алып құсқа теңеуге болады. Мұндай алып құстар жерге әр қонған сайын, қанатының бір қауырсынын оңдырмай сындырыпалып күйзеледі. Бірақ тынышталудың орнына сол аспанда ала алмаған өші бардай, бүкіл күш-қуатын жинап, келесі жолы да, одан да биікке ұшады.
Мен сені сүйгем
Жаныммен сүйгем, Жарық Күн!
Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың
Ақ сәулең сенің аймалап мені,
Жарық Күн,
Тұрғанда болар үстінде мынау табыттың.
Көрдіңіз бе, өліп жатса да қыран ақынның рухы биікке ұмтылып, аспандағы Күнді аңсап, жаны тынышталар емес. Құдай қанат берген Мұқағалиға осынау ұлы аспанда самғауда аздық етті. Өйткені, Мұқағалидың өз ішінде өмір сүрген ұлы аспаны – дүниенің аспанынан биік еді.
0
Ерте келіп,ерте өліп,
Шарамды таусып,төңкеріп,
Кетем бе деп қорқамын,
Өз отыма өртеніп.
Показать комментарии