Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
13:09, 06 февраля 2013

COFFENOVA (Астана)

Жақын құрбыңызбен "сыр сандығыңызды" ақтарып әңгімелескіңіз келсе,не болмаса жай ғана күнделік толтырып, уақытыңызды өзіңізге арнағыңыз келсе, сіз баратын жер - "COFFENOVA" кофеханасы. Кофехананың ыңғайлы атмосферасы сізге жайлы көңіл күй сыйлайды. Дизайны көңілге қонымды. Қоңырқай түстес үстел,орындықтар сізге жатырқай қарамайды, керісінше бауырына баулыйтындай әсер қалдырады. Балауыз шамның өшер өшпес жалыны жүрегіңіздің түбіне жылулық ұялатады. Мүмкін осыдан болар, бар сырыңызды ақтарып сала бергіңіз келеді. Кофехана қызметкерлерінің өзі тапсырыс алғаннан кейін, еш алаңдайтпайды. Жылы лебізбен қарсы алып, жылы лебізбен шығарып салады. Бұл жерде,шыныменен, демалып қалуға болады. Қойылатын әндердің өзі ерекше талғаммен таңдалғаны сезіледі...

Кофенің сан түрі бар!) Барғанда көресіздер...Кофе бетіндегі жүректер сізге әсер етпей қоймас)))

Айтпақшы, 11 ақпан күні кофеханаға 2 жыл толмақ. осы күні келсеңіздер, тіптен керемет болар)

P/s. Мен COFFENOVA-ның қонағы ғанамын))) Яғни, сіздердің біреуіңізбін.

1
569
0