место в рейтинге
  • 27746
  • 50
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өлімге билет не, замаң талабы?!

Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық... Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.

- 1983 жыл. Алматы әуежайында «Аэрофлот» компаниясының ТУ-134 ұшағы дұрыс жерге қона алмай жанып, 90 адамды өзімен бірге өлім аузына әкетті.

- 1996 жыл.  «Charki Dadri» Дели қаласының әуежайына жақын жерде, әлемдегі аспандағы  ұшақтардың  соқтығысқан ең қайғылы оқиға орнады. Қазақстандық «Эйр Казахстан» компаниясының  «Ил-76 ТД» мен Араб Әмірлігінің  «Saudi Arabian Airlines» ұлттық компанияның «Боинг-747» ұшақтарының соқтығысуының салдарынан 349 адам көз жұмды. Қазақстан тарапынан ұшақта 37 адам болды.

- 2004 жыл. Ақтөбе облысы, Бозой елді мекені маңында «Araiavia» авиакомпаниясының Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

-  2006 жыл. Қазақстанда Orlan 2000 авиакомпаниясының ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

-  2007 жыл. Алматы әуежайында Jet Connection авиакомпаниясына тиесілі Challenger-CL604 ұшағы әуеге дұрыс бағытта көтеріле алмай, бетон қоршауға соқтығысып, өртеніп кеткен. Бір адам мерт болды.

- 2008 жыл. Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы құлап, апат салдарынан бес адам қайтыс болды. 13 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

- 2009 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операцияға ұшып бара жатқан ҰҚК шекара қызметінің Ми-8 тікұшағы құлап, он адам мерт болды. Үш адам жарақат алды.

- 2012 жыл. Астана аэродромында оқу-жаттығу жасауға ұшып шыққан қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

- 2012 жыл. Алматы облысының маңында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 8 адам бір мезетте дүниеден өтті.

- 2012 жыл. Шымкент қаласы. Ан-27 ұшағындағы құралдардың ақауы нәтижесінде, 27 адам о дүниеге өтті.

- 2013 жыл. Алматы облысында SCAT авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қона алмай апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты. Елде қаралы күн жарияланды.

Осы оқиғалардың барлығысы әр түрлі уақытта болса да, ең негізгі себептер ауа-райының қолайсыздығы, көлік қызметкерлерінің қатесіздігі немесе көліктің ақаулығы. Қазіргі таңда елімізде ең ірі әуе жолы арқылы жолаушыларды тасымалдаушы «Эйр Астана» және сол «SCAT» компаниясы. Оның құзырында ұшақ пен тікұшақтар саны аз, Қазақстан бойынша ғана тасымалдауды ұйымдастырғанымен, әуе кеңістігінің халыққа қызмет көрсету бойынша біраз орнын алып отыр. Одан басқа да ұсақ-түйек компаниялар баршылық.

Ал енді жалпы алғанда барлық компаниялардың және қорғаныстағы қолданыста бар әуе көліктерінің тозуы жайлы ойласам, көзіме жас келеді. Себебі, ертең не бүгін сынып қалып, құралдар немесе белгілі бір тетік ақау берсе, болғаны... тағы да қанша адам өмірінен айырылуымыз мүмкін. «Техниканың аты - техника», «Қатесіз – адам, ормансыз - бұлбұл» демекші дана халқымыз, бірақ өкінішке орай ешкім қауіпсіздік жайлы 100% кепілдік бере алмас.

Дегенмен біз де қол қусырып, келесі апат қашан болатының күтпей, белгілі бір іс-әрекеттерге баруымыз қажет деп санаймын. «Ауруды емдегенше, алдын алған жөн» демекші барлық әуе паркіне қатаң тексеріс жүргізіп, пайдалынысқа жарамсыз немесе сынып кету қаупі бар көліктерден бас тартуымыз қажет. Республика көлемінде әуежайларды да қатаң бақылауға алып, керек болса қателікті дұрыстамағанша жауып тастау керек деп есептеймін. Әуе жолдары және сол салаға байланысты барлық қызметкерлердің білім сапасын, біліктілігін тексеріп, керегінше қайта оқытып, даярлап бар күш жігерімізді салуымыз хақ. Сонда неше түрлі қазіргі таңда қажетті жоқ шараларды ұйымдастыра беріп, ақшаны ауаға шашқандай болғанша, адам қауіпсіздігі мен өмірі үшін құю дұрысырақ деп сенемін. Ол жағдай дұрысталып болғаннан кейін ғана, осындай іс-әрекеттерге баруымызға болады.

Аман болайық және аман болатынымызға сенейік!!! Тек жақсы жаңалықтарда жүздескенше!!!

 
31 января 2013, 18:24
755

Загрузка...
Loading...

Комментарии

иманды болсын.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 10189
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3353
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 2925
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2268
  • 23
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1998
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1859
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1537
  • 16
Королева пепла. Рекап 2 серии 7 сезона сериала «Игра престолов»

Королева пепла. Рекап 2 серии 7 сезона сериала «Игра престолов»

Всем привет! Продолжаем традиционную серию рекапов, посвящённых, пожалуй, главному сериалу современности - "Игре престолов". Спойлеры обязательны, иначе и быть не может!
Seattle
25 июля 2017 / 16:15
  • 1406
  • 17