The Kazakh High Land (Steppe) – the native land of felt dwellings Nomad of the world

Mr_Kursabaev 2013 M01 29
8403
165
2
0

  Қадірлі ағайын! Әлі заман өзгерер, Өзгергенін көз көрер - Темір қанат құс болар, Темір арба ат болар - Ай, ай! Қой құндыз боларма? Жылқы жұлдыз болар ма? Ұлы Дала төсіне бақыт пен байлық құсы қонар...

 

Қадірлі ағайын!

Әлі заман өзгерер,

Өзгергенін көз көрер -

Темір қанат құс болар,

Темір арба ат болар -

Ай, ай! Қой құндыз боларма? Жылқы жұлдыз болар ма?

Ұлы Дала төсіне бақыт пен байлық құсы қонар ма? деп, абыз Сақ данышпаны Анақарыс  айтқандай, міне бүгін Ұлы Жаратушы, аса қайырымды бір Аллаһ тағаланың арқасында, киелі жеріміз бен қаһарман еліміздің бірлігін сақтауға мол үлес қосқан Нұрсұлтан Әбішұлы ағамыздың арқасында, аса жауапты һәм парасатты Ұлы Істі бастап та кеттік!

Мақсатымыз атамыздың қанымен, анамыздың сүтімен еміренген Киелі қара шаңырағымыз Киіз үйдің ХХІ ғасырдағы ұлылығы мен құндылығын қайта жаңғырту және Қазақ даласының бүкіл дүниежүзіндегі көшпенді-номадтардың Ордасы (Қара шаңырағы) екенін дәлелдеу, қорғау, ұрпақ игілігіне айналдыру.

Құрметпен идея авторы, профессор Мұхамедрахим Қыдырбайұлы Құрсабаев

   

А

Аталмыш фотосуреттер автордың жеке архиві мен Интернет ресурстардағы материалдардан алынды. Қол жеткізген олжаны мектеп, балабақша, арнаулы және жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ шетелдердегі қазақтар диаспоралары орталықтарында пайдалануға болады.

лМына жазулар латын қарпі бойынша терілді.

 

Ағылшын тілінде жазылған киіз үй туралы деректер әлемдік деңгейде өзінің объективті ғылыми бағасын алған жоқ.

 

Wikipedia ғылыми-электронды кітапханасы ғаламдық деңгейдегі техникалық-ақпараттық орталық миссиясын атқаруда.

 

Аталмыш ақпарат порталындағы "киіз үй" тақырыбына арналған тұжырымдармен келісу қиын әрі күрделі.

 

б"Киіз үй" термині орыстың "юрта" (юлить, юлла -айналдыру) ұғымы арқылы ағылшын тіліне "yurt" деп енген. Онымен келісу қиын. Біз конференцияда оған "номадтардың киіз үйі - войлочное жилище номадов" деген терминмен ауыстыру жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыруымыз керек.

Интернет ресурстарда "Kazinform" ақпараттық агенттігі "Киіз үйді" өз меншігіне алуды қолына алған сыңайлы. Киіз үй жөнінде талай сө таластырып, ой қоғап саналы ғұмырын арнаған Әлкей Марғұлан сынды (Казахская юрта и ее убранство, М:1970) ғалымдар еңбегі тұрғанда мұндай келеңсіз жайттар конференция жиынында талқыға түскені абзал.

 

Киіз үй - тек қазақ ұлты ғана емес сонымен қатар қырғыз, монғол, өзбек, түркімен, венгр, түрік, қалмақ, тува, якут, ительмен, эскимос, неміс (арийлер) т.б әлемдігі көшпенді номадтардың арғы ата бабаларынан бері жалғасып келе жатқан Ұлы Дала өркениетінің киелі мұрасы. Сондықтан оны меншіктеуден көрі, әлем номадтарының киіз үйі туралы мұражай ашып, ауқымды ғылыми-зерттеулер жүргізген абзал демекпіз.

   

Оцените пост

2

Комментарии

0
Ұсынылып отырған жоба тек жоғарғы оқу орындары ұстаздары мен студенттері ғана емес, сонымен бірге мектеп оқушылары үшін қажет. Мысалы Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы базасындағы жинақталған тәжірибелер арқылы, осы мәселеге жас зерттеушілердің белсенді араласуына мүмкіндік жасау қажет деп санаймыз.
Досмағамбетова Марал, Қойшыбаева Нұргүл, Айшуақова Күләш
0
Аталмыш жоба "Тұран-Астана" университеті базасында жасалғаны қуантарлық. Десек те, киіз үйдің халықаралық деңгейдегі қазақ және киіз үйді ата кәсібі қылған басқа көшпенді этностардың ортақ мұрасы ретінде заңдық тұрғыда қайта толықтырылып, өңделіп, ғылыми тұрғыда қайта жаңғырылуы керек.

Сәрсенбаев Азамат, Жандос Алтынбеков, Тәжіхан Феруза, Тәттібай Сәбит, Абдуалиева Айгерим
0
Біз "Тұран-Астана" университетінің магистранттары Ж.Рамазанова,Г.Жұмамұрат, А.Тлеугали, А.Пэк, А.Садыков аталмыш жобаны болашақта қайта зерделеп, отандық және шет елдік ғалымдарды тарта отыра ауқымды масштабта конференция өткізуге болады деп санаймыз.
Астана, 2 мамыр 2013oBwBjY50k2lx7YqH3v12K1up3WCP8u.jpg
Показать комментарии