Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:32, 25 января 2013

Бала — болашағымыз

Бүгінгі ұрпақ - ел тұтқасын ұстар азамат. Сондықтан балаға дұрыс тәрбие беру ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Дүние есігін ашқан сәттен бастап оған ұлттық тәрбие беру, қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан хабардар ету, оның бойына отаншылдық, патиоттық сезімін ұялату – әрбір адамның борышы десек те, қазіргі таңда елімізде бала тәрбиесінің ақсаңдап бара жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомадай ап-анық. Неге десеңіз, таңның атысы, күннің батысы жасөспірімдердің дені компьютерлік ойындарға қызығып, түнгі клубтан бір елі шықпайды. Ең сорақысы, атыс-шабыстан тұратын ойындар мен ішінде неше түрлі бәле бар «жұмбақ ғаламтор» жас жеткіншектеріміздің санасын қаптаған қара қытайдай жаулап алғанын қайтерсіз?! Күн санап қуыспақ, асық ату, жасырынбақ ойнап, ата-әжелерден ертегі, әңгіме, өлең-жыр тыңдап өсетін қазақтың қара домалақ балалары азайып бара жатқаны, есесіне өлтіру, зорлық-зомбылық, ұру-жығу секілді жан түршігерлік ойындармен сусындап, өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың санының артуы шымбайымызға батады.

Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің берген мәліметтері бойынша, қазір елімізде сағат 10.00. мен 24.00-дің аралығында жұмыс істейтін 698 компьюер клубы бар. Оның ішінде 51 клубтың қалайтындар үшін тәулік бойы есігі ашық екен. Күн сайын оларға 7500-ден астас бала барса, соның ішінде 2 мыңнан астамы 7-9 жастағы, ал қалғандары -12-18 жастағы балалар. Ал олар клубта не істейді? Әрине, екі қолына мылтық ұстап, өзгелерді аяусыз қыратын «батыр» атты құбыжықтың ойынымен әуестеніп, қызыққа батады. Жасөспірімдердің осындай атыс-шабыстардан тұратын,  қызығып, құмартып ойнайтын ойындарының бірі-қазіргі таңдағы әйгілісі әрі елімізде кең таралған шутер жанрындағы Counter-Strike ойыны. Ол 1999 жылы пайда болған екен. Ойынның мақсаты да айқын: тұтқындарды құрту, қарсы жақтың көзін жою, бомба жару, террористермен шайқас, тағы басқа өлтіру сынды тапсырмаларды орындайтын ойыншы шаш ал десе бас алатын баскесердің кейпінде болады. Осы сынды war craft,  matrox сияқты толып жатқан шетелдің жан түршігер ойындары жастайынан бала тәрбиесіне ықпал етіп, мейірімсіздік пен безбүйректікке тәрбиелейді. Мұндай ойындар бала психологиясына да кері әсерін тигізеді. Себебі ұтылып көрмеген бала ойын үстінде жеңіліске тап болса, өз-өзінен ашуы келіп, мазасызданып, жүйкесі жұқара бастайды. Осыдан кейін бала төзімсіз, ашушаң болып өседі.

Бүгінде виртуалды әлемнің жастарды баурап алғаны соншалық, 6-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер баратын компьютерлік клубтарда адам қарасы үзілмейді. Тіпті қалталары көтермей жатса да, бір амалын тауып, тесік тиыны қалғанша түнгі кезекке қалып ойнайтындар да артылады. Алайда тумысынан еліктеуші келетін балалардың психологиясына бұл ойындардың қалай әсер ететіні жайлы ешкім бас ауыртып, ойлана бермейді-ақ. Ату, ұру, өлтіру сынды аяушылығы жоқ, қатыгездік пен мейірімсіздікке толы ойындармен әуестеніп өскен жасөспірімдер келешекте елін сүйер азамат емес, баскесер бұзақы, террорист болуды көксемейтіндігіне кім кепіл бола алады?! Бүгінде жастар мен жасөспірімдердің арасында көбейіп келе жатқан қылмыстардың дені атышулы компьютерлік ойындардың кесірінен емес деп кім айта алады? Әрине, ешкім. Себебі шетелден келіп, балаларымыздың санасына аяңдап еніп жатқан, еш тәрбиелік мәні жоқ ойындардың бүгінде бала тәрбиесінің ақсаңдауының бірден-бір себебі осы екенін бәріміз де білеміз, білсек те білмегенсіп жүре береміз. Қазақтың қанын қарайтатын да біздің осы әдетіміз емес пе?!

Blog post image

 
0
2545
0