• 89467
  • 158
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Линкольн және төртеу

Апта сайын әлемдік киноөндіріс ошақтары әкеліп қазақстандық прокат нарығына құятын жаңа фильмдердің топтамасына да кезек жетті. Бұл жолы біз әдеттегідей аудиторияның қызығушылығын қанағаттандыра алады-ау деген премьераларға шолу жасаймыз. Жиыны бес туынды.

Тақырыпты «Линкольн және төртеу» деп алуымызға да себеп бар: осы аптаның ең үлкен фильмы АҚШ-тың атақты президенті туралы туынды болмақ. Арысы «Оскардан» дәметіп, берісі әлемдік біраз байқауда қанжығасы майланған Стивен Спилбергтың «Линкольнын» біз бүгіннен бастап көре аламыз.

Линкольн

Аптаның, айдың емес жылдың ең салмақты, бірегей туындысы деп саналып отырылған «Линкольн» АҚШ-тың он алтыншы президенті, азаматтық соғыс кезінде Солтүстіктің жеңуіне үлкен үлес қосқан Авраам Линкольнның өмірін суреттейді.

Стивен Спилберг осы фильмді түсірер алдында 12 жыл дайындалған екен: Линкольн резиденциясын қайта қалпына келтірген, сол кездегідей тұсқағаздар жапсырып, кітаптарын орнын-орнына қайта қойған. Тіпті фильмдегі бас кейіпкер сағатының шықылдаған дауысы да Линкольнның шын сағатынан жазылынып алыныпты.

Спилбергтың «сен түспесең, мен фильмді қолға алмаймын» деп табандағанының арқасында талантты актер Дэниэл Дэй-Льюис басты рөлге ие болады. Дэниэлмен қатар біз туындыдан Томми Ли Джонс, Джозеф Гордон-Левитт секілді таныс актерларды кездестіреміз.

Попкорндық дүниеден жалыққан киномандарға берер кеңесіміз: осы фильмнен қалмаңыз.

Билет на Vegas

Ресейлік қызық оқиғалы комедия. Фильмге сән беріп тұрған танымал актер Михаил Галустян мен қанды қырғынның ортасында көбірек көз шалатын Дэнни Трехо дейді сыншылар.

Не болғанда да сюжеті мынау: Макс пен Лиза есімді жұп жүлдесі бес миллион доллар болатын лотореяны жеңіп алады. Бірақ ақшаны Лас Вегаста өтетін салтанатты шараға барып қана алуға болады екен.

Алайда, бұл ақшаға тағы біреулер көз салып, бас кейіпкерлердің басына шай қайнатады. АҚШ-қа келген жастар Элвис Преслиге ұқсап киініп алған Гарик есімді қауіпті алаяқтың қармағына ілінеді.

«Джек-потқа кім ие болады?» дейді фильмнің слоганы.

Үлкен үміт / Большие надежды

Фильмде ата-анасынан ерте айырылып, есалаңдау әпкесінің қолында өскен Пип есімді жігіт туралы баяндалады. Пип бірде мола ішінен түрмеден қашқан адамды көріп, оған кісеннен босауға көмектеседі. Осыдан кейін Пиптің сұрықсыз өмірі күрт өзгереді.

«Үлкен үмітке» Рэйф Файнс, Хелена Бонем Картер түскен. Фэнтези түріндегі драма деп жанрымен-ақ ерекшелініп тұрған фильмді жіберіп алмауға тырысу керек.

Гангстерлер тобы / Охотники на гангстеров

Актерлар құрамы мен түсірілу сапасы жөнінен осы аптаның премьералары арасында «Линкольнға» жетеқабыл туынды «Ганстерлер тобы» болып тұр. Джованни Рибизи, Эмма Стоун, Джош Бролин, Райан Гослингмер, Ник Нолти, Майкл Пенья, Роберт Патрик, Шон Пенн – қалай, ә? Есімдерін білмесеңізде, бәріміз көрген фильмдер арқылы бет-бейнесін әбден танисыздар деп сеніммен айта аламыз.

Лос-Анджелес, 1946 жыл. Бруклиннен шыққан Микки Коэн – есірткі, қару-жарақ және жезөкшелер саудасымен айналысып, қаланы өз бақылауында ұстап отырған қандықол банда басшысы. Оны баскесерлер ғана емес, сатқын полицейлер мен саясаткерлер де қолдайды. Коэннің көшедегі кез-келген полицейге әмірі жүреді. Бірақ оған қарсы тұра алатын сақшылар да жоқ емес. Лос-Анджелес полиция депатаментінде сержант Джон О’Мара мен Джерри Вутерс бастаған қызметкерлердің жасырын тобы Коэннің қылмыс әлемін жою үшін күш біріктіреді.

Теңізге оралу / Храбрый плавник

Канада мен Қытайдың қосарланып жүріп түсірген анимациялық туындысы. Демалыста «Мульфильм» көремін «қырып бара жатқан» кішкентайларды апарып кіргізіп жіберуге болады.

Нью-Йорктың жағалауға жақын суында Кевин есімді кішкентай ұшар балық өмір сүреді. Күн сайын Кевин достарымен бірге ойнап жүріп ұшар балықтардың патшалығы — Барбадос аралына баруды армандайды. Бірақ ата-анасы бұған рұқсат етпейді.

Бірде ата-баба жәдігері саналатын үлкен інжуге қол жеткізіп, мақтану үшін ол су астындағы Даңқ жартасына аттанады. Сол жерде балықшылардың торына түседі. Сөйтіп Кевин балық тағамдарына арналған мейрамханаға тап болады. Бұл жерде оның ерте ме, кеш пе тамаққа айналары сөзсіз. Акваруимдағы өзге тіршілік иелері жоғалған балық адамға айналады деген сенімде, сондықтан олар өздерін қашан алып кетеді деп тағатсыздана күтіп жүреді. Жаңа достарын өлімнен құтқарып, үйге жету үшін Кевин батыл қадамдарға баруы тиіс.

Құрметті киносүйерлер!
Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.
Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды. Туындыларға қатысты өз ой-пікіріңізді сайттағы фильмнің жеке бетінде қалдыра аласыз.
Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Дінмұхамед Зиядин

Dinmukhamed Ziyadin aliziyadin
24 января 2013, 18:01
742

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 3325
  • 11
Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
вчера / 16:26
  • 2802
  • 5
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2584
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2525
  • 84
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2035
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2552
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2349
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1918
  • 31
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1662
  • 13