• 26215
  • 4
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алғашқы философия туралы толғаныс

Бірінші толғаныс

Күмән келтіруге болатын заттар туралы

Жас кезімде қаншама жалған нәрсені ақиқат көріп қабылдағанымды, осының салдарынан қаншама күмәнді түйіндер жасағанымды байқап, мен бұдан бірнеше жыл бұрын-ақ «егер ғылымда нық әрі тұрақты бірдеңе орнатқым келсе, күндердің күнінде бәрін – түп негізінен бастап бәрі қайта төңкеруім керек» деген қорытындыға келген едім. Алайда бұл маған тым ауыр еңбек болып көрінді, сондықтан мен ғылыми зерттеу жүргізе алатындай әбден өсіп-жетіліп, одан кейін кемелдіктің сатысы болмайтындай деңгейге жеткенше күтумен болдым. Міне сол себепті мен тым көп кешеуілдедім, іске кірісуіме қалған уақытты ойлануға жұмсадым, енді кінәмді сезініп отырмын. Осылайша мен қазір ақылымды өзге уайымның бәрінен тазарттым, тыныш әрі алаңсыз болудың қамына көштім де оңаша кеттім, ондағы ойым осы оңаша жалғыздығымды көзқарастарымды жалпылай жоққа шығаруға барынша байыппен, кеңінен арнау.

Дегенмен де ол көзқарастардың бәрінің жалғандығын дәлелдеу қажет емес (қажет санасам да қолымнан келмесі анық), бірақ ақылдың өзі көзімізді жеткізіп отырғанындай, толық айқындалмаған нәрселер мен күмәнсіз айқын нәрселер де анық жалған нәрселер сияқты мұқият сыналып, тексерілуі тиіс, яғни егерде мен әлдеқандай бір нәрсеге күмән келтіруге себеп тапсам, осының өзі барлығын қайта қарауға жеткілікті болуы тиіс. Көзқарастарды жеке-жеке қарап шығу да қажет емес – онда ол бітпейтін жұмыс болар еді. Алайда, іргесін үңгісе оның үстіне салынғанның бәрі өздігінен құлап түсетін болғандықтан, мен де бірден бір уақытта өзім сенген нәрселердің бәрі сүйенген принциптерге кіріспекпін.

Шынында, бір уақыттары күмәнсіз анық санаған нәрселердің барлығын мен сезімнен немесе сезім арқылы қабылдаған едім. Десек те олардың жалғандығын айтуға да себеп тапқан кездерім аз болған жоқ; өзімізді бір рет алдаған нәрсеге ешқашан толықтай сенбеуіміз керек.

Ұсақ немесе шалғай нәрселерде сезіміміз бізді жиі алдайды, дегенмен бізге дәл осы сезімнен берілетін, бірақ күмән келтіру еш мүмкін емес нәрселер де жеткілікті, мысалы, менің осы жерде, от жанында қыстық киім киіп отырғаным, қолымды осы қағазға тигізгенім. Қолымның, бүкіл денемнің менікі екенін қалай жоққа шығара алам? Онда мен қыңырлықтан миы шаршаған, кедейдің кедейі бола тұра өзін патша көретін немесе жалаңаш тұрып ең сәнді киім менің үстімде дейтін, я болмаса басым балшықтан жасалған, денем әйнектен үрленген деп өзеурейтін есуастарға ұқсауым керек. Бірақ олар есуас қой, ал мен оларға еріп есуас көрінгім келмейді.

Өте жақсы! Өз басым түнгі ұйқыға рахаттана беріліп, өзгелер өңінде сезетін нәрселерді ұйқыда жатып сезетін адам емеспін. Шынында да, кейде түнгі тыныштықта дамылдап жатқанда қыстық киіммен от жанында отырғандай боласың, ал расында шешініп көрпе астында жатасың. Бірақ мен қазір ұйықтап жатқаным жоқ, ояумын, бұл ап-анық, мына қағазға қарап отырмын, басымды шайқаймын, ол бастың іші алдамшы қиялдан таза. Міне, ақыл-есімнің анық орнында екенін біліп тұрып, алдын-ала дайындалып алып қолымды алға созайын – ешқашан түсімде мұндай айқындықты көрген емеспін. Алайда, бұрындары осылай ойланған кезімде мен ұйқының ойыншығы болмадым ба, соны есіме түсіре алмайтын сияқтымын, өйткені сол ойларды қайтадан зейін сала ойлансам, олардың ішінде өңді түстен ажыратуға болатын ешқандай белгі жоқ екеніне айқын көз жеткізіп отырмын. Мен қайран болғаннан мелшиіп қалғандаймын, және осы қалшиған күйімді түстің пайдасындағы дәлел деп санауға дайынмын.

Жарайды, біз ұйқыдамыз, қиялға берілгенбіз дейік, мейлі, ашулы көзіміз, бұрулы басымыз, созулы қолымыз шынайы болмасын, мейлі тіпті мұндай қол да, ешқандай дене де жоқ дейік. Бірақ біз мынаны мойындауға тиіспіз: біздің ұйқыда жатып көретіндеріміз әлдебір шынайы үлгіге қарап салынған суреттерге ұқсас. Сондықтан да көз, бас, қол, дене - бұлардың бәрі жалпылай алғанда елес емес, рас, шынайы нәрселер. Өйткені, шынына келсек, суретшілер де Сиреналар мен Сатирларды барынша әдеттегіден өзгеше етіп бейнелеуге тырысқан және оларға сондайлық бір жаңа қасиеттер бергісі келген кездің өзінде негізінен әртүрлі аңдардың дене мүшелерін араластыра салады, мейлі тіпті ешкім бұрын-соңды көрмеген жаңа, соншалық жасанды, шынайылықтан соншалық алыс нәрсе туғызды дегеннің өзінде олар бәрібір шынайы бояуларды қолданады, шынайы бояулардан жасайды. Міне дәл осы себепті, көз, бас, қол және басқалар – бар болғаны елес деген күннің өзінде мынаны мойындауымыз керек: бәрінен де қарапайым және универсалды бір нәрсенің бары ақиқат, және сол нәрседен нақ суретшінің бояуынан туғандай, біздің санамызда заттар туралы ақиқат, я болмаса жалған түсініктер туады.

Осы сияқты ең қарапайым шындықтарға сірә дене табиғаты жалпылай және оның жазықтығы жатады, дәл солайынша жазық заттардың формасы, одан соң саны немесе көлемі, дәл солайынша олар тұрған орын мен уақыт, және сол сияқтылар жатады.

Осы себепті біз құрамдас заттарды қарастыруға негізделген Физика, Астрономия, Медицина тағы басқа да ілімдер күмәнді, ал аса қарапайым және барынша жалпылама заттарды ғана түсіндіретін, олардың жаратылысына қатысты сұрақтарды зерттемейтін Арифметика, Геометрия сияқты ілімдерде даусыз және күмәнсіз нәрсе бар десек, мүмкін мұнымыз соншалық жаман түйін болмайтын шығар. Мен ұйықтап жатырмын ба, жоқ па – екіге үшті қосса бес шығады, ал шаршыда төрттен артық қабырға болмайды. Қарасаңыз, осындай айқын шындықтарда жалғандық бар деп күдік келтіру еш мүмкін емес тәрізді.

Алайда, бәрінен бұрын менің ақылыма «Барлығы – Құдайдың билігінде, Ол мені қалай бармын, солай жаратты» деген көне ұғым сіңген. Ендеше Ол бәрін келістіріп, ешқандай да жер, ешқандай да аспан, ешқандай да жазық зат, ешқандай да форма, ешқандай да көлем, ешқандай да орын жоқ, тек мұның бәрін маған дәл осы түрлерінде бар сияқты көрінетін етіп қоймағанын мен қалай біле алам? Мұны айтпағанда, зат туралы абсолютті білімге жетуге болады деген адамдар да меніңше қателескен болуы мүмкін. Яғни, мен де екіге үшті қосқанда немесе шаршының қабырғаларының санын айтқанда, яки өзім ойлағаннан да қарапайым болуы мүмкін басқа да бір нәрсе туралы пікір айтқан кезде қателескен шығармын. Бірақ Құдай менің бұлай адасқанымды қаламаған болуы керек, - ол бекерге Аса қайырымды аталмайды ғой. Алайда, егер Оның қайырымдылығына бір нәрсе – мені ылғи адасумен жүретін етіп жарату қайшы келетін болса, онда әрине басқа нәрсе де – мені кей кездері ғана қателесетін етіп жарату да қайшы болар еді, ал нақ осы соңғысы рас емес.

Рас нәрсе жоқ дегенге сенгенше, құдыреті күшті Құдайды жоққа шығаратын адамдар бар шығар. Бірақ біз олармен дауласпаймыз, Құдай туралы айтылғанның бәрі ойдан шығарылған дегенге қарсы шықпаймыз. Мейлі, мен солар ойлағандай, бүгінгі жағдайыма тағдырдың арқасында, сәттіліктердің кездейсоқ тоқайласуы себепті немесе басқа да бір жолмен жеткен болайын, - бәрібір адасу, қателесу деген ол – бір жетілмегендік, сондықтан олар мені жаратқан күштің құдыретін неғұрлым кемітсе, сәт сайын қателесетін мешеу болу да мен үшін соғұрлым мүмкін. Мәнісіне келсек, ондай дәйектерге айтар жауабым да жоқ, сондықтан да мынаны мойындауға мәжбүрмін: мен бір уақыттарда дұрыс деп санаған нәрселердің ішінде қазір күмән келтіруге болмайтын ешнәрсе жоқ, бірақ мұным ағаттықтан немесе жеңілтектіктен емес, негізді және байыпты себептерден. Осылайша, егер мен рас бір нәрсені таппақ болсам, онда бұл пікірлерді де жалғандығы айқын пікірлер сияқты қатаң сыннан өткізуім керек.

Алайда, осылай екенін айтып қана қою мен үшін жеткіліксіз; есте сақтау қабілетін күшейтіп алмай оның көмескіленуіне жол бермеу қажет. Өйткені, жалпылай қабылданған әдепкі көзқарастар маған ескі танысым сияқты қайта-қайта айналып келіп отырады, тіпті еркіме қоймай аңғал ақылды билеп ала қояды. Мен олардың шын қалпын, нақтылай айтсақ жаңа ғана айтылғандай біршама күмәнді, бірақ сонымен қатар теріске шығарудан гөрі, растау ақылдылық болатын дәрежеде шындық сияқты көріп тұрғанымда олармен келісіп, оларға сүйенуден ешқашан арыла алмайтын шығармын. Сол себепті өз еркімді кері бағытқа бұрсам, біраз уақыт өзімді әдейілеп адастырып, бұл пікірлерді жалған әрі елес санасам, онда да екі жақтың алғышарттары теңескенге дейін солай етсем жаман болмас еді, сонда ешқандай жаман әдет заттарды дұрыс түсінуіме кедергі жасай алмайды. Сосын мен жақсы білем, бұдан туатын ешқандай қауіп-қатер немесе қателік жоқ, мен ештеңеге сенбесем, оның да шексіз болмайтыны анық. Және де мен заттарды тәжірибеде қолданумен емес, тек теориялық тұрғыдан қарастырумен айналысып отырмын.

Сонымен, былай екен дейік: ақиқаттың бастауы – Аса қайырымды Құдай емес, әлдебір аса құдіретті де айлакер жын, ол мені алдауды өзінің басты мақсаты етіпті; сондықтан аспан, ауа, жер, түстер, формалар, дыбыстар және басқа жалпы сыртқы заттардың бәрі – көріп жатқан түс сияқты нәрсе, жын менің аңғал ақылымды осылай ақымақ қылып отыр. Менің өзімде қол да, көз де, ет пен сүйек те, қан да жоқ, мұның бәрі тек маған бар сияқты болып көрінеді деп есептейік. Мен осы ойымнан әдейі айнымай тұрып алмақпын, сөйтіп, әлдебір ақиқатты тани алмаған күннің өзінде, тым құрығанда шамамның жеткенінше өзімді әлдебір өтірікке келісуден сенімді қорғайтын болам, сонда қандай құдыретті, қандай айлакер болса да әлгі алдамшы маған еш ықпал ете алмайтын болады. Бірақ бұл ойымды іске асыру орасан еңбекті талап етеді, содан да біртүрлі босаңдық мені баяғы қалпыма қайта әкеліп отырады. Тұтқындағы адам егер түсінде еркіндікті рахаттана көріп жатып, кенет оянатынын сезе бастаса, тұрғызып алады-ау деп қорқатын еді де жалған қиялдан босағысы келмегендіктен көзін қасарыса жұматын еді. Мен өз-өзімнен кейін қарай ескі көзқарастарға сырғып кетем де, дәл жаңағы тұтқын сияқты оянып кетуден, оянған кезде жайлы да тәтті тыныштықтың орнына мазасыз қарауылдық келгенін көруден қорқам, өйткені бұл міндетті жым-жырт қараңғыда шырақсыз, жаңа бас көтере бастаған асу бермес қиындықтар жағдайында атқаруыма тура келеді.

Жалғасы бар..

Аударған Ержан Әбдіраман

 
nurmura
24 января 2013, 17:20
356

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 8674
  • 6
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3208
  • 12
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2115
  • 19
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
вчера / 13:50
  • 2311
  • 27
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2031
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1950
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1782
  • 34
Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Лечиться нельзя умереть. Страшно, когда запятая поставлена якобы «законом бога»

Стало известно о смерти четырехлетней Виктории Сусаевой. Отец девочки намерен подать на бывшую супругу в суд, так как уверен, что в смерти дочери виноваты ее религиозные воззрения.
lyalusha
21 июля 2017 / 14:35
  • 1482
  • 16