Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
12:25, 06 февраля 2013

МАҒАН )))

6 ақпан. Сағат 02:07.

Санама сан түрлі ойлар енеді. Біреуін іліп әкете алар емеспін. Себебі, бір сезім тыныштық берер емес. Міне, бүгін тура жетінші күн. 155 ші сағат...9300 минут…Үйімді сағындым. Шынымды айтсам, дәл осылай ешқашан сағынған емеспін. Мұхит асып кетсем де дәл осылай сағынбайтын шығармын. Арамызда 242 шақырым ғана жер жатыр. Бірақ, үйім қол жетпес, барса келмес жерде тұрғандай. Қатты сағындым...Қалай сағынғанымды сөзбен жеткізе алмаймын. Сәтті теңеу де таба алмай-ақ қойдым. Бір нәрсе ғана анық. Сағыныштан ешнәрсеге зауқым соғар емес. Әр күнім әртүрлі оқиғалар мен қызықтарға толы өтіп жатса да, бәрі бірсарынды секілді. Ешнәрсе қызықтырар емес. Қызық....Үшінші курсқа, жасы жиырмаға жеткенде мұнысы несі деп күлерсіз...түсінбессіз...Бірақ, бұл балалықтан гөрі, «үйдің қонағы» екенін түйсігіне түйген бойжеткеннің  ойынан туған сағыныш қой деймін. Үй  табалдырығын аттап бара жатқанда, бір екі айдан соң қайта оралатынымды білсем де, тамағыма тірелген түйіннен құтыла алмадым. Анамның көзінше жасыма ерік бермеуге қанша тырыстым. Бірақ, «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады» дейді ғой
О.Бальзак... Жүрегі сезді ғой, білем. Далаға шыққан бетте ақ жылағанымды да  білетін шығар. Таң қалмас едім... Иә, мен анамды сағындым. Жатақхананың әрі бері өткенде міндетті түрде бір екі адамды орнынан қозғауға мәжбүр ететін тар бөлмесінде, бар бөлмеде тек өзіңе тиесілі екі шаршы метрді ғана құрайтын жатын орныңда отырғанда( егер төсектің екінші қабатында жатсаң, әрине), .  анамның жайдарлы жүзі мен жылы лебізі жетіспейді. Анам қасымда болса болды, тау қопаруға бармын! Телефонның тұтқасы деген не...оның барына мың алғыс, әрине. Бірақ, тұтқаны емес, қыстың ызғарында анамның қолын ұстағым келеді. Тура кішкентай кезімдегідей...Күшті!!!

Ойланып қарасам, бұл жолғы демалыста ерекше туындаған сағынышыма анамның өзі себепкер екен. Мен барғаннан күні - түні «ерекше» құрақ құрап еді. Маған)

 
1
1932
0